Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Экономика және өндіріс саласы

* * * * * *

Э к о н о м и к а ұ ғ ы м ы

Көп ғасырлар бойы экономия сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру, жүргізу ережелерін қамтыған. «Экономия» терминін алғаш Ксенофонт ұсынды, терминнің мағынасы – үй шаруашылығы деген ұғымды білдірді. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. Жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет еткен кезде «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болды. Ол сөз «саяси экономияға» айналды. Грек тілінде «полис» – мемлекет дегенді, ал «ойкос» – үй шаруашылығы, «номос» – заң дегенді білдіреді. Саяси экономия ұғымын ғылымға енгізген А.Манкретьян болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті өкілі, ағылшын экономисті Ульям Петтидің «Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның атасы» деген әйгілі қағидасы мәлім.

Қазіргі экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (ХҮІ ғасырдың аяғы – ХVІІ ғасырдың басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндіріске емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналым саласына әрекет еткен. Сондықтан да бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантилизм (итальян тілінде – саудагер) ілімі қалыптасты. Меркантилизм екі кезеңнен тұрады. Монетарист «ақша балансы» теориясын ұсынды, олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды. Соңғы меркантилистер ақшаны емес, тауар айырбастау саласын зерттеуге көшті, осылайша сауда балансы теориясын жасады. Олардың алғашқылардан айырмашылығы: ақшаны шетке шығаруға тыйым салды, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, шетелдік тауарларға жоғары кеден салығын салып, ұлттық экономиканы қорғау (протекционизм) саясатын жүзеге асыруды ұсынды.

Еуропа аграрлы ел болғандықтан, көптеген экономистер өндірісті ауыл шаруашылығымен теңестірді. Олар физиократтар мектебінің (грек тілінен аударғанда – табиғат, билік) өкілдері деп аталады. Бұл мектеп Францияда ХҮІІІ ғасырдың ортасында қалыптасты. Ол классикалық саяси экономиканың француздық нұсқасы болып табылады. Оның негізін салушы ХҮ Людовиктік дәрігері Франсуа Кэне болды. Классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдеріне Адам Смитт және Дэвид Рикардо жатады. А.Смитт 1777 ж «Халық байлығының табиғаты мен себептері» деген зерттеу кітабын жазған.

Экономика ғылымының әрі қарай дамуы күрделі жолдардан өтті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында саяси экономия терең дағдарысты басынан кешірді. Ол марксизм және маржинализм деген екі тармаққа бөлініп кетті. Марксизм – қосымша құн теориясы, қоғамның барлық экономикалық құбылыстары талдауының классикалық тәсілдемесін ұсынды. Маржинализм экономикалық категорияларды зерттеу үшін шекті шаманы пайдалануды, микроэкономикалық әдісті ұсынды. Одан кейін пайда болған институтционалды-әлеуметтік бағыттың теориясына сәйкес экономикалық даму сипаты – тек нарықтың өзі ғана емес, нарық тек бір бөлігі болып табылатын тұтас экономикалық институттардың бөлігі болып табылады.

Сөздік:

шаруашылық – хозяйство дағдарыс – кризис

нарық – рынок қағида – принцип

қосымша құн – прибавочная стоимость

176-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Бастапқы экономикалық ілім ретінде қай ілімді атайсыз? 2. Марксизм ұсынған теория қалай аталады? 3. Маржинализм өкілдері қандай теорияны ұсынды? 4. «Экономия» терминін алғаш ұсынған кім? 5. Экономика туралы алғашқы түсініктер кімдердің еңбектерінде берілген? 6. Экономикалық ғылым дағдарысы нелерге байланысты болады? 7. Экономика деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

177-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, меншік туралы берілген мәліметтермен танысып, мағынасын меңгеріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]