Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Ақпарат

222-тапсырма. Төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

тұрақты, туынды, басқарушы, мәлімет беруші, тірі табиғат, сезу мүшесі, толқын, кеңістік , ақпарат беру , өңдеу, ұрпақ , бекіту , сұрыптау, ишарат, қабылдау , белгі , санау , ақпаратты тасушы , сақтау, құрал , деңгей , ұрпақ , тұқым қуалау.

223-тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Бағалы информация – информация бағалылығы оның көмегімен қандай мәселелер шешуге болатындығына байланысты анықталады.

Архив – сығылған күйде сақталатын мәліметтер немесе программалар жиынтығы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мағлұмат, есептеу техникасында ЭЕМ-ге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын мәліметтер.

Интернет – (ағыл.Internet-желі арасындағы) бүкіл элементтердің он мыңдаған желілерін біріктіруші бүкіләлемдік орасан зор компьютерлік желі. Оның қызметі кез-келген талап етушінің кез-келген ақпаратқа кіруін қамтамасыз ету.

Климент – (басқаша айтқанда, жұмыс істеп тұрған станция) – сервер қызметіне кіру мүмкіндігі бар кез келген компьютер.

Кодтау – 1. Мәліметтерді олардың кодтық комбинацияларымен бейнелеу. Немесе мәліметтердің элементтері мен символдар жиынының кодтық комбинацияларымен сәйкес келуі. 2. Нақты сипаттамаларды программада түрлендіру.

Төлем шлюзі – транзакциялық қызметтер көрсету төлемдерін жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

«Электрондық үкімет» веб-порталы – «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің біріңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе.

Ақпараттық процестер адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – компьютер жадының бумаларында (каталогтардағы) сақталған әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру технологиясы.

Телеконференция – интернетте атау беріліп, түрлі компьютерден таратылатын жаңалықтар тобы.

224-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сезу мүшесі, ақпаратты өңдеу, сұрыптау үшін, таңба түрінде, ақпарат тасушы, тұқым қуалау, ақпарат беру, қорғану үшін, мәлімет беру.

225-тапсырма. Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

226-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударып, есте

сақтаңыздар.

Қоршаған әлем, зат, ақпарат, қоғам, мәлімет, сақтау, ақпарат тасушы, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, қабылдаушы, байланыс арнасы,барлық салаларда, таңбалар, бейнелеу.

227-тапсырма. Мәтіннен ілік, барыс, шығыс септіктеріндегі

сөздерді теріп жазып: а) олардың әрқайсысымен бірнеше сөз тіркестерін жасаңыздар; ә) үлгіде көрсетілгендей олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і : ақпараттың – ақпарат + тың; (-тың ) – ілік септігінің жалғауы, сөздің түбірі қатаң т дыбысына аяқталғандықтан, -тың жалғауы жалғанады.

228-тапсырма. Суреттің мазмұнының негізінде мәтін құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпарат ұғымы қолданылатын барлық салалар жөнінде және алғашқы есептеуіш техникалардың даму тарихы туралы қосымша материалдармен танысып, меңгеру, олардың терминологиялық сөздігін жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні не?

2. Ақпарат ұғымы қандай салаларда кездеседі?

3. Ақпарат ұғымын қалай пайымдауға болады?

4. Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы не?

5. Алғашқы есептеуіш техникаларының даму жолы туралы не білесіздер?

С а б а қ қ а қ о с ы м ш а

229-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

Ақпаратты сақтау

Ақпарат тасуыштарда әртүрлі ұсыну (көрсету) тәсілдері қолданылады.

Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:

  1. Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таста, ағашта, матада, кілт бедерінде;

  2. Электрмагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада және т.б.

  3. Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.

Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:

Сигналдар түрінде ақпарат – техникалық құрылымдар, адамдардың қарым-қатынасы, телекоммуникациялар, қоғам өміріндегі әрекеттер, тірі жәндіктер арқылы беріледі. Ал, адамдар қарым-қатынасында, техникалық құрылғыларда ақпарат механикалық жолмен беріледі. Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейне кассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері (радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер т.б).

ЭЕМ – көптеген техникалық құралдарының

арасында ақпаратты сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады. ЭЕМ – бұл ақ электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.

Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы керек. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.

Сөздік:

сақтау – хранить

әрекеттер – действия

тәсіл – прием, способ

қарым-қатынас – коммуникация

бедер – рельеф

өңдеу – обработка

әмбебап – универсальный

бейнекассета – видеокассета

желі – линия

құрылғы – устройство

елеулі – значительный

аспап – инструмент

230-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

231-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ақпаратты сақтау. 2. Компьютерлік желі. 3. Ақпаратты өңдеу. 4. Әртүрлі тәсіл. 5. Техникалық құралдар. 6. Сигналдар қолдану. 7. Морзе әліппесі. 8. Таңбалар түрінде. 9. Ақпаратты кодтау. 10. Ақпаратты беру.

232-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне қарсы мағыналы сөздерді жазыңыздар.

1. Ұсыну – ...............................................................

2. Ақпарат өңдеу – .................................................

3. Тірі жәндік – ........................................................

4. Сақтайтын аспап – .............................................

5. Кодталған ақпарат – ............................................

6. Ақпарат алу – ......................................................

233-тапсырма. Ақпаратты кодтау үшін қандай символ мен алфавитті білу керек? Тақырып төңірегінде әңгімелесіңіздер.

234-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і : Сақта+у; Құжатты сақта+у.

235-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып

жазыңыздар.

1. Ақпарат ... түрде болуы керек. 2. Ақпаратты өңдейтін және ... аспаптар болған. 3. ЭЕМ – бұл ... өңдейтін әмбебап есептеуіш машина. 4. Техникалық ... дербес компьютерлер мен компьютерлік ... жатады.

Тиісті сөздер: сақтайтын, ақпаратты, құрылғыларына, желілер, кодталған.

236-тапсырма. Берілген сөйлемдерге иә, жоқ деп жауап беріңіздер.

1. Ақпарат тасуыштарда әртүрлі тәсілдер қолданылмайды.___

2. Ақпарат беру техникалық құрылғыларда жүргізіледі.___

3. Ақпараттарды электромагниттік сигналдар түрінде сақтауға

болмайды.___

4. ЭЕМ – бұл электр сигналдарын қолданбайтын есептеуіш машина.___

5. Компьютерлер шықпай тұрып ақпаратты беретін, өңдейтін, сақтайтын

аспаптар болмаған.___

6. Ақпарат кодталған түрде болмауы керек.___

237-тапсырма. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды? Жоғарыда берілген мәліметтерді өз тараптарыңыздан толықтырып, жазбаша пікір жазыңыздар.

10-апта. 19-тәжірибелік сабақ

238-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, жаңа замандағы ғаламтор желісі төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырып, өзара пікір алмасыңыздар.

Ғаламтор желісі Дүниежүзілік Желі

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған – 70-ші жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығы және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен, сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатындығы анықталды.

INTERNET (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі.

Дегенмен, INTERNET тек қана желі ғана емес, ол желілердің желісі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайды. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, мұражайларды, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысасыз. Оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

Интернет (Interconnected Networks) – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілері арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.

2010 жылдың 22 қаңтарынан бастап Интернетке Бүкілхалықтық космостық станциялар қосыла алатын болды. Интернеттегі ақпараттық қорларды пайдалану бостандығы мемлекеттік шекаралармен немесе ұлттық домендермен шектелмейді, бірақ тілдік шекаралар сақталады. Интернетте басым қолданылатын тіл – ағылшын тілі. Екінші орында қытай тілі, ал үшінші – испан тілі.

Ғаламторда адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, мұның бәрін істейтін арнайы қоғам – Ғаламтор провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Ғаламтор провайдері болып Ғаламтор трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.

Сөздік:

өркениет – цивилизация желі линия; сеть

қамтамасыз ету – обеспечивать ауқымды объемный

ұйым – организация жылдам – быстро

тағайындау – назначать; устанавливать

239-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған қандай компьютерлік жүйе, онда не анықталды? 2. INTERNET қандай желі және оның желілік нүктелері қайда орналасқан? 3. Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып қандай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады? 4. Қазіргі кезде интернет пен компьютерден басқа тағы қандай желілер арқылы байланысуға болады? 5. Интернеттегі ақпараттық қорларды пайдалануда қандай шекаралар сақталады? 6. Ғаламторда адресті кім тағайындайды? 7. Компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі? 8. Компьютер телефонмен қалай қосылады?

240-тапсырма. Сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Көбейтілу. 2. Көшіру. 3. Пайдаланушы. 4. Жұғу. 5. Зақымдау. 6. Білдіру. 7. Бәсеке. 8. Қорғану. 9. Жоғалу. 10. Деректер. 11. Дискжетек. 12. Жад. 13. Құрылғы.

241-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, есте сақтаңыздар.

есептеу машинасы

функционалдық мүмкіндіктер

үлкен ЭЕМ

мини ЭЕМ

микро ЭЕМ

дербес компьютер

операциялық жүйе

қуатты компьютерлер

есептеу орталықтары

өлшемдері шағын

өнімділігі төмен

деректер дайындау

программамен қамтамасыз ету

арнайы программа

242-тапсырма. «Компьютерлік вирустардан қалай қорғануға болады» деген тақырыпта шағын әңгіме дайыңдаңыздар.

243-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді басшылыққа алып, «INTERNET – өркениеттің желісі» атты тақырыпқа шығарма жазыңыздар.

INTERNET тек қана желі ғана емес, ол желілердің желісі және оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайтындығы жөнінде білесіздер. Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлестеріңізді қосып, өзіңізді дүниенің кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

244-тапсырма. Мәтіннен тура және жанама толықтауыштарды теріп

жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Компьютер+ді (-ді – табыс септігінің жалғауы).

Оқытушының рұқсатынсыз компьютер+ді іске қосуға болмайды.

245-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

246-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, оларды орыс тіліне аударыңыздар.

Мүмкіндігіне қарай, өте қуатты, орталық құрылды, өлшемдері шағын, деректер дайындау, көпшілік арасында, көлемі шағын, операциялық жүйе.

247-тапсырма. Сөйлемдерден тұрлаусыз мүшелерді тауып, олардың

астын сызыңыздар.

1. Үлкен ЭЕМ-дар ірі мекемелерде, кәсіпорындарда қолданылады.

2. Дербес компьютермен жұмыс істеу өте қолайлы.

3. Мини ЭЕМ-дар үлкен ЭЕМ-дардан шағын және өнімділігі төмен.

4. Дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады.

5. Жедел жадты электрмен коректендіріп отыру керек.

6. Пернатақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

248-тапсырма. Төменде суреттерге қарап, компьютер құрылғыларының атауларын табыңыздар.

Жү

Жүйелік блок Жүйелік блок

Дисплей

Пернетақта

Тінтіру

Принтер

Сканер

249-тапсырма. Сөз тіркестерімен жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Компьютерлік вирус, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру, бәсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жадын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.

250-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

Жұғу, қаскөй мамандар, антивирустық программалар, күресу үшін, қорғану, диск, тарайтын қабілеті,компьютерлік вирус, зақымдалған дискета, ақпаратты бүлдіру, бәсекелес фирмалар, вирустар табиғаты, ДК жадын зақымдау, жадты кішірейту, қауіпті программа.

251-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңыздар.

Дербес компьютер..., барлық құрылғы...ының, есептеу машина...ы, қуатты компьютер..., ірі кәсіпорын...ға, барлық сала...ында, көптеген қызметкер...і, есептеу орталық...ы, бірнеше міндет...ді, өлшем...і шағын, ғылыми мекеме...де, дерек... дайындау, көмекші операция...ды, өнімділік...і жоғары, функционалдық мүмкіндік...

252-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

а) Ақпарат жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің ......... бөлігі.

ә) Олар ........ ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қажет.

б) Сыртқы ......... кез келген программа, мәлімет сақтала береді.

в) ДЭЕМ-дерге ақпаратты жинақтауыш ролін магниттік дискілердегі .......

атқарады.

г) Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар ақпаратты ......... сақтауға

арналған.

ғ) Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы ........ форматтайды.

Тиісті сөздер: Сақтауға, тәсілмен, жадта, көлемді, қажетті, жинақтауыштар.

Әдістемелік ұсыныс: Дербес компьютерлердің соңғы жетілдірілген түрлері жайында және компьютерлік вирустардың түрлері туралы мәліметтерді қосымша материалдардан іздеу, оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Адам ағзасына компьютерден келетін зияндық жайында материалдарды толықтыру, жоба жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Дербес компьютерлер туралы не білесіздер?

2. Вирустар қайдан пайда болады және оларды не үшін жазады?

3. Компьютердің адам ағзасына зияндығы қаншалықты?

4. Көбіне қандай компьютерлер қауіпті?

С а б а қ қ а қ о с ы м ш а

253-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, дербес компьютерлерді сабақ барысында талқылаңыздар.

Д е р б е с к о м п ь ю т е р л е р

Есептеу машиналары (ЭЕМ-дер) өздерінің арналуы және функциональдық мүмкіндіктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: суперЭЕМ, орташаЭЕМ, миниЭЕМ, микроЭЕМ және дербес ЭЕМ.

1. СуперЭЕМ-дердің жұмыс істеу шапшаңдығы өте зор болып келеді. Олар секундына бірнеше жүз миллионнан миллиардқа дейінгі арифметикалық амалдарды орындайды. СуперЭЕМ-нің процессоры қатар істейтін бірнеше ЭЕМ-дерден құрылған. Бұлардың процессорларына жүздеген пернелер тақтасы, магниттік таспалар, дискілер, дисплейлер қосылған. Әрбір суперЭЕМ-де бір мезетте жүздеген адамдар жұмыс істей алады. Мұндай ЭЕМ-дер мемлекеттік маңызы бар мәліметтерді есептеуге, әскери мақсатта және жер серігінің, ғарыш кемелерінің ұшу тракторияларын реттеп, олардан алынған мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылады. Супер ЭЕМ өте қымбат тұрады, сондықтан өте аз шығарылады.

2. Орташа ЭЕМ-дер бірнеше миллионнан ондаған миллионға дейінгі амалдарды орындайды. Мұндай ЭЕМ-дер үлкен министрліктердің, көлемді зауыт, фабрикалардың ақпараттарын өңдейді.

3. МиниЭЕМ – қарапайым, онша қымбат емес компьютерлер тобына жатады. Сонымен қатар мұндай ЭЕМ-дер бірнеше дисплейлермен, пернелермен, көптеген дискілермен байланыса алады. Олар кішігірім фабрикаларда, зауыттарда, шаруашылықтарда пайдаланыла береді.

4. МикроЭЕМ-дер өте кішкене машиналар, олар әртүрлі аппараттардың, машиналардың құрамына кіреді. Мысалы, автомобильдерді, роботтарды, станоктарды басқару бір процессордан тұратын микроЭЕМ-дерге жүктелуі мүмкін. Олар аз ғана амал орындайды, бірақ болашақта кеңінен қолданылатын мәлімет өңдеу құралдарының рөлін атқаруы тиіс. Үстіміздегі ғасырдың аяғында 10 миллиард шамасында микроЭЕМ-дер болады деп күтілуде.

Қазіргі ең көп тараған жеке пайданылатын дербес ЭЕМ-дер (ДЭЕМ) 1975 жылдардан бері кең шығарыла бастады. Олар: 1. мамандандырылған; 2. оқып-үйрену үшін; 3. тұрмыс қажетін өтейтін болып үш топқа бөлінеді.

Мамандандырылған ДЭЕМ-дер белгілі бір жұмыс саласында пайдалануға арналған, олар өздері бейімделген мамандыққа қажет кәделі программалар кестесімен қамтамасыз етілген, үйренуге жеңіл, онда жұмыс істеуді өте жылдам меңгеріп алуға болады.

Оқытуға арналаған ДЭЕМ-дер мектептерде, жоғары оқу орындарында әр түрлі пәндерді (физика, машинатану, экономика т.б.) оқу ісінде кеңінен қолданылып келеді.

Тұрмыс қажетін өтейтін ДЭЕМ-дер үй шаруасында, әр түрлі компьютерлік ойындар ойнау үшін қолданылады.

Есептеу техникасының бүгінгі таңдағы дамуының басты тенденциясы ЭЕМ-нің қолданылатын аясын одан ары кеңейту болып табылады. Келешегі зор дербес ЭЕМ негізінде жасалған, аймақтарға бөлінген көп машиналы есептеуіш жүйелері – информацияны тек есептік өңдеуден өткізуге ғана бағдарланып қоймай, электрондық пошта, телеконференциялар жүйесі және информациялық-анықтама жүйелері қызметтеріне жүгінеді.

Бүгіндері ғаламдық (глобальный) есептеуіш желілерін құрайтын Интернетті пайдаланушылар ақпаратты сақтайтын осы желідегі құпия емес информациялардың кез-келгенін таба алатын мүмкіндікке ие. Мысалы, файл түрінде ресімделген Ватикан кітапханасынан табылатын жүздеген әр түрлі діни кітаптарды, қолжазбаларды немесе картинкаларды тамашалап көруге болады. Карнеги Холлдың әуендерін тыңдап, Лувр галереясына немесе АҚШ президентінің Ақ үйдегі кабинетіне «үңіліп қарауға» болады. Бұл супер желіні пайдаланушылар өздеріне қажетті мақаланы алып оқи алады. Өзінің жаңа еңбегін желіде «жариялап», оған қызығушылық танытқан басқа оқырмандармен ой бөлісіп, бірге талқылау мүмкіндігіне де ие.

Сөздік:

жергілікті желі − местная сеть нобайы − эскиз

құрылғы − устойство ізкескіш − сканер

өңдеу құралдары − приборы обработки

магниттік таспа − магнитная лента

есептеуіш жүйелері − вычислительные системы

арифметикалық амалдар − арифметическое действие

электрондық кесте − электронное расписание

мәліметтермен алмасу құрылғылары − устойства обмена данных

мәліметті сақтау құрылғылары − устойства по сохранению данных

мәліметті енгізу құрылғылары − устойства ввода данных

графикалық кескін − графическое изображение

есте сақтау − сохранить в памяти

254-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Есептеу машиналары қанша топтарға бөлінеді? 2. Супер ЭЕМ-дер туралы не білесіздер және олардың процессорларына не қосылған? 3. Супер ЭЕМ-дерде бір мезгілде қанша адам жұмыс істей алады? 4. Олар не үшін пайдаланылады? 5. Орташа ЭЕМ-дер не істейді, олар қанша амалды орындайды? 6. Мини ЭЕМ-дар қайда пайдаланылады, олар нелермен байланыса алады? 7. Микро ЭЕМ-дар ненің құрамына кіреді? 8. Олар амалдарды қаншалықты орындай алады? 9. Мамандандырылған және оқытуға арналған ДЭЕМ-дар туралы не білесіздер? 11. Тұрмыс қажетін өтейтін ДЭЕМ-дер ше? 12. Бүгінгі ғаламдық есептеуіш желілерін құрайтын Интернетті пайдаланушылар қандай мүмкіндікке ие?

255-тапсырма. ЭЕМ-нің құрамымен мұқият танысып, меңгеріп, есте сақтаңыздар.

1 – Монитор. 2 – Аналық тақша. 3 – Орталық процессор. 4 – Жедел жад. 5 – Кеңейтілім картасы. 6 – Қоректендіру блогы. 7 – Оптикалық привод. 8 – Қатқыл диск. 9 – Тышқан. 10 – Пернетақта.

256-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын бір-біріңізбен ой бөлісу арқылы толықтырыңыздар.

Компьютерлік вирус

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымданған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

257-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Компьютерлік вирус деген не? 2. Ішінде вирусы бар программа қалай аталады? 3. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар ма? 4. Вирус компьютерді қалай зақымдайды? 5. Вирустар қайдан пайда болады? 6. Вирустарды кім және не үшін жазады? 7. Есептеу машиналары өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай қандай компьютер түрлеріне бөлінеді? 8. Үлкен ЭЕМ-дардың жұмыс істеу ерекшеліктері қандай? 9. Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда айырмашылығы неде және Мини ЭЕМ-дар қайда қолданылады? 10. Микро ЭЕМ-дардың мүмкіндіктері қандай? 11. Дербес компьютерде жұмыс істеу дегеніміз не?

258-тапсырма. Анықтамаларды мағынасы бойынша орналастырыңыздар.

а) Бұл компьютер бір-ақ адам жұмыс істеу үшін арналған.

ә) Бұл компьютерлер кәсіпорындарда, халық шаруашылық салаларында

қолданылады.

б) Басқа ЭЕМ-ға қарағанда, құны мен өнімділігі төмен, өлшемі де шағын.

в) Келесі ЭЕМ-ның жұмысы көмекші операцияларды орындау.

а) ------------------------------------------- Дербес компьютерлер

ә) ------------------------------------------- Микро ЭЕМ

б) ------------------------------------------- Үлкен ЭЕМ

в) ------------------------------------------- Мини ЭЕМ

259-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіннің мазмұнына сүйеніп, төмендегі кестені толтырыңыздар.

Үлкен ЭЕМ

Мини ЭЕМ

Микро ЭЕМ

Дербес компьютер

Көлемі

Өнімділігі

Қолдану саласы


260-тапсырма. Суретке тақырып қойып, шағын әңгіме жазыңыздар.

261-тапсырма. ЭЕМ-ның тағы қандай түрлерін білесіздер? Сұхбат құрастырыңыздар.

262-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Вирус ... пайдаланушының рұқсатынсыз зақымдалған файлмен түседі.

2. Вирус басқа ... тауып, оларды зақымдайды. 3. ... дискідегі файлды бұзады.

4. Компьютерде сақталған ... бүлдіреді. 5. Вирус... жадты ластайды. 6. ...программаларды ақша табу үшін жазады. 7. Қазіргі кезде 50 ... астам вирус белгілі. 8. Компьютер ... вирустар табиғатын және олардан қорғануды білуі керек. 9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін және антивирустық программалар жазатын ... бар. 10. Вирус компьютерлік ... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.

10-апта. 20-тәжірибелік сабақ

263-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, өз ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, сабақ барысында тақырыпты талқылаңыздар.

Компьютер қаншалықты зиянды?

Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде:

Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам азғасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал, соңғы маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «ақ», «сары» және «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.

Біз әдетте, мониторды зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Компьютердің зиянын барынша азайту үшін мына қеңестерге құлақ түргеніңіз жөн:

1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 см қашықтықта тұрғаны дұрыс.

2. Сіз жұмыс жасайтын жерде бір емес, бірнеше компьютер тұрса, бір-бірінен ара қашықтығы 1 м болуы тиіс.

3. Компьютердің арты мүмкіндігінше қабырғаға қарап тұрғаны жөн.

4. Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.

Ауаны тазалап тұрыңыз. Мүмкін болса, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қойып қою керек.

Жас балалар компьютер алдында тапжылмай отыра бермей, әр 20 минут сайын 15 минут демалуы тиіс. Ал ересек адамдар 2 сағатта бір 10-15 минутқа тынығуы қажет. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.

264-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Компьютер неліктен «ғасыр ойыншығы» деп аталады? 2. Неліктен соңғы шыққан компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққан компьютерлер қауіптірек деп саналады? 3. Соңғы маркідегі компьютерлер құрылысына қарай неше түрге бөлінеді және олардың өзара айырмашылықтары қандай? 4. Пернетақта адам ағзасына қандай зиян келтіреді? 5. Компьютердің зиянын барынша азайту үшін қандай амалдарды орындаған дұрыс?

265-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Компьютер арқылы, қауіп төндіру, соңғы маркідегі, құрылысына қарай, өте сапалы, шеберлер құрастырды, пернетақта, саусақ арқылы, жүйке ауруы, компьютер алдында, кеңес.

266-тапсырма. Кестені толықтырыңыздар.

Зияны

Ауру түрлері

Қалай сақтану керек?

Кеңес.

Электромагниттік сәуле

Жүйке ауруы

267-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Неліктен дербес компьютер деп аталады? 2. Бұқаралық дербес компьютер қайда қолданылады? 3. Компьютерлер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді? 4. Үйде компьютердің қандай түрімен жұмыс істеген қолайлы? 5. Дербес компьютердің құрылысына не жатады?

268-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

  1. Компьютерден шығатын ........ сәуле адам ағзасына зиян.

қауіп

  1. ........ одан да қауіптірек көрінеді.

қүйке

  1. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты ......... төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

шыққандары

  1. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кездегі ....... қауіптірек.

құрылысына

  1. Соңғы маркідегі компьютерлердің өзі ....... қарай үш түрге бөлінеді.

өзіміздің

  1. «Қызыл» құрылысты компьютерлерді .......... шеберлер құрастырады.

пернетақта

  1. Компьютер алдында көп отырғандықтан, ........ ауруы пайда болады.

электромагниттік

269-тапсырма. Терминдердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

BBS (Bulleten Board System) – электрондық хабарландыру тақтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы компьютерде сақталатын мәліметтермен байланысуға болады, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады.

Domain – домен. Бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары тобы.

HTTP (Hyper-Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW-да клиент пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.

Броузер – көрсеткі. Ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалар (кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator).

TCP/IP – Интернет желісіне қосылатын компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйелер тобы.

URL адрестері – бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол – желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі.

WWW (World Wide Web) – Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.

Провайдер (Internet Service Provaider) – Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

270-тапсырма. «Компьютердің зияны қаншалықты?» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңыздар.

271-тапсырма. «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына пікірсайыс ұймдастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екені туралы мәліметтерді қосымша материалдардан оқып, одан сақтанудың жолдарын қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Ғасыр ойыншығы» туралы ой-толғау.

  2. Қазіргі қолданыстағы компьютер мен ескі маркалы компьютердің

айырмашылығы неде?

3. Пернетақта адам ағзасына қандай зиян келтіреді?

С а б а қ қ а қ о с ы м ш а

272-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]