Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер

Ең басты мәселенің бірі – жер шарындағы халық санының артуы. Жер шарындағы халықты азық-түлікпен, жылу энергиясымен, киім-кешекпен, т.б. материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін қаншама табиғат ресурстары қажет. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде.

Әлемдік экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптілерінің бірі - биосфераның ластануы. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады. Апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе-теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызуда. Мысалы, адам Қарабұғазкөлді Каспий теңізінен топырақ қамалы арқылы бөліп, теңіз деңгейінің төмендеуін тоқтатқысы келді. Кейіннен, 25-30 жыл өткен соң Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі шығанақпен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына тәуелді екені айқындалды.

Қазақстанда соңғы жылдары Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі және Арал теңізі мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі жалпы ауа райына, фауна мен флораның қалыпты тіршілігіне зиян келтіруде.

1970 жылы Балқаш көліне құятын Іле өзенінің орта ағысы тұсынан Қапшағай су электр станциясының салынуы Іле-Балқаш су алабының экологиялық жағдайын шиеленістіріп жіберді. Қапшағай су қоймасы өзінің ауқымын кеңейтіп, мыңдаған гектар табиғи жайылымдар мен тоғайлар су астында. «Қызыл кітапқа» енген ағаштар жойылып, көптеген аңдар мен әнші құстар саны азайып кетті.

Қазақстанның экологиялық жағдайы табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

382-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жер шарындағы адам санының артуының экологияға қатысы қандай? 2. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған ортаға қандай зиян келтіреді? 3. Экологиялық мәселелердің ішіндегі ең қауіптісі не? 4. Адамның табиғатты өзгертуі нені тудыратын деңгейге жақындады? 5. Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі қандай зияндық әкелді? 6. Қапшағай су электр станциясының салынуы қандай қиындықтар туғызды?

Әдістемелік ұсыныс: «Атмосфераның ластануы – бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблема» тақырыбына жоспар құрып, жоспар бойынша жұмыс жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық проблемалардың жіктелуі.

2. Экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігі.

3. Атмосфераның химиялық ластануы.

МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫ

* * * * * *

Машина жасау технологиясы негіздернiң даму тарихы

Кеңес өкiметi құрылуының алғашқы күндерiнен бастап машина жасау мәселесi халық шаруашылығын дамытудағы ең бiр күрделi сала деп есептелiндi. Өйткенi елiмiз экономикасының негiзгi өзегi – машина жасау. 1926 жылы бiрiншi дүниежүзiлiк және азамат соғыстарында қирап қалған металл өндеу өнеркәсiбi қалпына келтiрiлдi. Осының арқасында елiмiзде ауыр индустрия, оның басты негiзi машина жасау саласы дами бастады.

Өдiрiстiң жаңа салалары, әсіресе автомобиль жасау, трактор және ауыл шаруашылық машиналары, энергетикалық машиналар, кемелер, паравоз, вагон

жасау салалары дами бастады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында машина жасау күштi қарқынмен дамыды. Соғысқа керектi техникалар көптеп шығарылды.

Соғыстан кейiнгi жылдары елімiздiң халық шаруашылығына қажет салалары – ауыр энергетикалық машина жасау, химия машиналарын, турбина, приборлар жасау, ауыл шаруашылығына керектi машиналар т.б. болып табылады. Одан кейiнгi IХ-Х бесжылдықтарда халық шаруашылығы партияның ХХIV-ХХV съездерiнiң нұсқаулары бойынша дамыды. Өнеркәсiп өнiмi өте баяу қарқынмен дамыды.

1970 жылдан осы уақытқа дейiн технологиялық процестердi жобалауда iргелi ғылымдардың жетiстiктерiн кеңiнен пайдалану мәселелерi қолға алына бастады.

Қазіргі ғылыми-техникалық революцияның едәуір жетістіктерінің бірі – өндірісте икемді автоматтандырылған өндіріс жүйелерінің пайда болуы екені көпшілікке аян. Бұлар өндірістің сапасын арттырып, оны кешенді түрде автоматтандыруға ұластырып және сол арқылы еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінгі автоматтандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогрестің маңызды түйіні. Оның даму бағыттары өндірісті тегімен айқындалады. Машина жасау технологиясы курсында өндірістің адамдарсыз қызмет істеуін – «адамдарсыз жүретін технология» деп атап жүр.

Технологияның даму жолдары шартты төрт кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең – 1930 жылға дейін. Бұл кезеңде шетелдегі және еліміздегі машина жасау саласында едәуір тәжірибелер жинақталып, ең алғашқы нұсқаушы және нормативтік материалдар реттеле бастады.

Екінші кезең – 1941 жылға дейін. Бұл арада технологиялық процестерді құрудағы жалпы ғылыми принциптер зерттелді. Осы уақыттың ішінде машина жасау технологиясы бойынша көрнекті кеңес ғалымдарының (А.П.Соколовский, А.И.Каширин, В.М.Кован) еңбектері жарық көрді.

Технология ғылымының қорына технологиялық процестерді типтеу, базалар теориясы, технологиялық жүйелердің серіппелі қаттылығын бағалау сияқты мәселелер қосыла берді.

Үшінші кезең – 1941-1970 жылдар. Бұл кезеңде машина жасау технологиясының негізгі ғылыми ұғымдары қалыптасты. Операцияларды жіктеу және тасқынды өндірістің түрлері, өңдеудің жаңа тәсілдері пайда болды. Осы кезеңде технологиялық тұрғыда дәлдік теориясы қалыптасты.

Төртінші кезең – 1970 жылдан осы уақытқа дейін. Технологиялық процестерді жобалауда іргелі ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалану мәселелері қолға алына бастады.

Сөздік:

металл өңдеу – обработка метала жабдықтар – оборудование

дәлдік теориясы – теория точности серіппелі – пружинная

ауыл шаруашылығы – сельское хозяиство ауысым – смена

бейімделу – адаптация жобалау – проектировать

әдіп – припуск (под обработку) жүйе – система

387-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Кеңес өкiметi тұсында машина жасау қандай сала деп есептелiндi? 2. Машина жасау өндірісінің ел экономикасындағы орны қандай? 3. 1926 жылы қандай өнеркәсiп қалпына келтiрiлдi? 4. Ненің арқасында машина жасау саласы дами бастады? 5. Машина жасау өндірісінің алғаш дамыған салаларын атаңыздар. 6. Машина жасау саласы күштi қарқынмен дамыған жылдарды атаңыздар. 7. Соғыстан кейінгі жылдары қандай машиналар шығарыла бастады? 8. Еңбек ресурстарын үнемдеуге не мүмкіндік берді? 9. Автоматтандыру дегеніміз не? 10. «Адамдарсыз жүретін технология» деп нені атайды?

388-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіздер.

1. металл а) техникалар

2. керекті ә) индустрия

3. ауыр б) өңдеу

4. ғалымдардың в) шаруашылығы

5. ауыл г) жасау

6. аспап ғ) өнім

7. өнеркәсіп д) жетістіктер

389-тапсырма. Етіс категориясының жұрнақтары жалғанып тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: есептел+ін+ді

Есеп – зат есім; те – зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ; л – ырықсыз етіс жұрнағы; ін – өздік етіс жұрнағы; ді – бұрынғы өткен шақтың жұрнағы.

390-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

.........жаңа салалары, әсіресе автомобиль жасау, трактор және ........машиналары, энергетикалық ........., кемелер, паравоз және вагон жасау салалары дами бастады. Соғысқа керекті ......... көптеп шығарылды. Соғыстан кейінгі ......... осы уақытқа дейін техникалық процестерді жобалауда іргелі ............ жетістіктерін кеңінен пайдалану .......... қолға алына бастады.

Тірек сөздер: Ауылшаруашылық, техникалар, өндірістің, машиналар, ғылымдардың, мәселелері, жылдардан.

391-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұхбат құрастырыңыздар.

392-тапсырма. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендіріңіздер.

1. ауыр а) соңғы

2. алғашқы ә) ескі

3. баяу б) жеңіл

4. жаңа в) керексіз

5. күшті г) кемшіліктері

6. күрделі ғ) әлсіз

7. жетістіктері д) оңай

8. керекті е) жылдам

393-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырыңыздар.

  1. бүгінгі

  2. күш салуды

  3. қуатты экономикаға

  4. ауыр индустрияны

  5. машина жасау

  6. тұтыну заттарын

  7. есептеу

  8. заңдылықтарды

  9. өнімнің сапасын

  10. энергияның жұмсалуын

а) қажет етеді

ә) заман талабы

б) саласы

в) дамыту

г) айналдыру

ғ) техникасы

д) игеру

е) өндіру

ж) кеміту

з) арттыру

394-тапсырма. Сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

Алғашқы, күрделі, еліміз, қалпына, керекті, жетістіктері, баяу.

395-тапсырма. Сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Машина, тарих, кеме, ғылым, ауыл, уақыт, еліміз.

396-тапсырма. Берілген сөзжұмбақты шешіңіздер. Шешімінде техникалық институттың аты шығады.

1. «Специалист» сөзінің аудармасы.

2. Таудың аты

3. Сан есімнің сұрағы

4. «Тұтынушы» сөзінің

аудармасы

5.«Промышленность»

сөзінің аудармасы

6. Етістіктің райлары

7. Мамандық аты

8. «Қ» дыбысы қандай дыбыс?

9. Тілсіз жау

10. Есімшенің жұрнағы.

11. Тұйық етістіктің жұрнағы

397-тапсырма. Мамандыққа қатысты берілген термин сөздердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді ауызша айтып беріңіздер.

Мөлшер (мера)берілген өлшеммен физикалық шаманы жаңарту үшін эталон ретінде қолданылатын өлшеу құралы.

Өндіріс түрі (вид производства)бұйымды жасаудағы қолданылатын тәсілдер бойынша анықталатын өндірістің жіктелу категориясы.

Қысыммен құятын машина (машина для литья давлением) – суық және ыстық камералы баспалау машиналары болып бөлінеді. Бұл машиналарда сұйық металл автоматты дәл мөлшерлегіш жәрдемімен престеу камерасына құйылып, гидравликалық плунжермен баспақалыпта басылып тапталады.

Доңғалақ (колесо) – көптеген жұмыс және көлік машиналарының бөлшегі; пішіні диск шабақты тоғын тәрізді; айналмалы қозғалысты өзгертетін негізгі жабдық.

Бөлшектер – машиналардың жекелеген құрамдас бөліктері, жабдықтар негізі.

Сығымдалған бөлшек – соғып өңдеп жасалған бөлшек.

Терең бұрғылау – арнайы бұрғымен ұзындық мөлшерінің диаметрі 10 миллиметрден астам саңылауды бұрғылау.

Машина жасау технологиясы – зерттеу объектісімен машина жасау үрдісі болып табылатын, ал зерттеу мақсаты – осы үрдісте әрекет ететін байланыстар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым саласы.

Әдістемелік ұсыныс: Машина жасау саласының тарихынан, технологиясының даму жолдарының кезеңдерінен, міндеттері мен бүгінгі күнгі автоматтандыру мәселесінен мәлімет алу, меңгеру. Алматы ауыр машина жасау зауыты туралы материалды презентациялау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Соғыстан кейін халық шаруашылығының қандай салалары қарқынды дамыды?

  2. Технологиялық процестердi жобалауда ғылыми жетiстiктер қай жылдардан бастап кеңiнен пайдаланыла бастады?

  3. Елімізде энергетикалық машиналар жасау саласы қай уақыттан бастап дамыды?

ГЛОССАРИЙ

Геодезия – топография және картография арқылы жердің физикалық бетін түпкілікті үйреніп координатты жобалық және биіктікті құрудағы және жердің пішіні мен мөлшерін зерттейтін ғылым.

Жер қатынастары – жерді өндіріс құралы ретінде басқару, емдеу, пайдалану қатынастары.

Жарылыс (взрыв) – өте қысқа уақытта шектелген көлем ішінде аса үлкен қуаттың бөліну процесі.

Сәулет объектісі – сәулет жобасы негізінде құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені, олардың бейнесі (көрінісі), жайластырушылық, көрініс не бақпарк өнерінің объектілері.

Тас қалау – белгілі тәртіппен құрылыс ерітіндісіне төселген тастардан тұратын құрылым. Қалау түрі құрылымның атқаратын міндетіне және оның пайдалану жағдайларына, салынып жатқан ғимараттың мықтылығына және материалдарды пайдаланудың экономика жағынан сәйкестігіне байланысты болады.

Күрделі құрылыс – өндірістік және өндірістік емес міндетке жүктелген негізгі қор құрайтын материалдық өндірістің тарауы.

Қаптау (обделка) – жер асты ғимараттарының орнын бекітетін және олардың ішкі беттерін құрайтын тұрақты құрылым.

Бұрғылау – оқпанының ұзындығы оның диаметріне қарағанда әлдеқайда артық болып келетін жер қыртысындағы дөңгелек қималы қазынды.

Газбен тоғыту ұңғымасы – қойнауқатты газбен тоғытуды жүзеге асыруға қажетті мұнай немесе газ жатындарын бұрғылау ұңғымасы.

Терең бұрғылау – қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, тереңдігі 4500-6000м аралығында болатын бұрғылау ұңғымаларын жасақтау.

Қолданбалы геология – геологиялық ғылымның өндірістік салаларын топтастыратын бірлестік атауы. Бір бірлестікке өндіріс геологиясы, кеніштік геология, мұнайкәсіптік геология, т.с.с. өндірістік маңызы зор геологиялық ғылым салалары кіреді.

Мұнай көзі – жер бетінен немесе су түбінен мұнай тамшыларының көрініс беру орны.

Мұнайлы-газды кеніш – газдың жиынтық қоры мұнайдың геологиялық қорынан артығырақ болып келетін кеніш.

Ұңғыма бұрғылау – бұрғылау ұңғымасы оқпанын жасақтау үшін жүргізілетін күрделі технологиялық процесс.

Жүйе – арнайы функцияларды орындау мақсатында, өзара әсер ететін, объектілердің тобын атайды.

Өндірістік процесс дегеніміз – полиграфиялық басылымдардың шығуын қамтамасыз ететін әртүрлі технологиялық процестер.

Технологиялық процесс – жартылай фабрикатты немесе дайын өнімді жасап шығару қатарынан орындалатын механикалық, физикалық, химиялық өңдеу операциялары.

Түптеу – кітаптың блок салынған екі жақ қаптамасы. Қалың құрылысы жағынан түптеме тұтас және құрамды, қатты, жұмсақ, кесімді болып бөлінеді. Сыртқы материалы картоннан, қатырма қабаты бар баспа қағазынан, техникалық немесе кәдімгі кездемеден, былғарыдан болады.

Концентрация – қоспада, құймада, ертінді көлемінде немесе салмақта бірлікті құрайтын заттың мөлшері.

Электролиз – элоктролиттер ертінділері мен балқымаларында, сондай –ақ қатты элоктроллиттерде электродтардағы электр тоғының әсерінен жүретін химиялық реакциялар.

Шахта – тік үңгімелер, кен орынды тереңдікте барлау үшін қолданылады.

Өнеркәсіптік пеш – материалдарды жылулық өңдеуге арналған құрылғы.

Домна пеші – құрамында темірі бар материалдан жасалған шойынды балқытуға арналға н шахта пеші.

Мартен пеші – шойын мен болат сынықтарынан болат балқытуға арналған жалынды регенеративтік пеш.

Катализатор – реакцияның жылдамдығын өзгертетін, бірақ өзі реакция

нәтижесінде өзгермей қалатын зат.

Металдар – жылу және электр өтікізгіштік қасиеттері жоғары созып-жаншып өндеуге икемді,жылтыр қарапайым заттар.

Аутэкология – жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Адам экологиясы – ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқығын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттейді.

Биогенді затжердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органоминералдық заттар (көмір, мұнай, әк тас, шым тезек).

Тірі зат – бұл химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы.

Тірі организмдер – ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады.

Тіршілік ортасы – ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.

Экологиялық құқық – бұл қоғам мен табиғаттың өзара әрекет ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Файл – сыртқы жад құрылғыларында орналасатын және жеткізу мен өңдеу кезінде бөлінбейтін, бір тұтас қарастырылатын жазбалар тізбегі;белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі компьютердегі мәліметтерді сақтау мен жеткізудің негізгі бір бірлігі болып табылады.

Ақпарат (информация) – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мағлұмат, есептеу техникасында ЭЕМ-ге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын мәліметтер.

Программа 1. белгілі бір алгоритімді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2. орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны.

Есептеу техникасы (вычислительная техника) – адамзат іс-әрекетінің әртүрлі саласындағы күрделі ақпараттың үлкен ағындарымен массивтерін автоматтандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сақтауға арналған техникалық құралдар мен программалық жасақтама жинағы.

Жүйелік блок (системный блок) – дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғыларымен қоректену блогы орналасқан блок.

Ақша айналымы – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалып келуі.

Банк қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдың жасайтын, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.

Бәсекелестікөнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалақ жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке.

Жалақы әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп,олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі бөлігі.

Инвестицияпайыз түрінде табыс алу, капиталдын құнын көбейту арқылы немесе басқа да тәсілмен капиталды көбейту мақсатымен субьект иеленетін актив.

Менеджмент – нарық экономикасының жағдайына және қажеттілігіне жоғары дәрежеде сәйкес келетін басқару үлгісі.

Несиеақша сияқты тарихи-экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз «қарыз» , «несие» деген «kredo» сенемін деген мағына беретін латынның «kreditum» сөзінен шығыды.

Өзіндік құн өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын теңгемен алғандағы шығын мөлшері.

Шөктіру – металды қысыммен өңдеудің пішін өзгерту операциясында дайындаманың бір бөлігін шөгеруге қолданатын пішін қалыптау амалы.

Бөлшектер – машиналардың жекелеген құрамдас бөліктері.

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]