Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Геология ғылымы және оның зерттелуі

* * * * * *

Геология туралы ұғым

Геология – Жер туралы ғылым (грекше ге – Жер, логос – ілім). Бұл қысқа анықтаманың мәні өте үлкен, мазмұнды және жан-жақты. Геология қазіргі кезде жаратылыстанудың ең маңызды бағыты болып саналады және ғылымдар жиынтығы болып табылады. Бұл жиынтықтың әр бөлімі геология салалары арасында өзіндік ғылыми пән ретінде танылады.

Жалпы геология Жердің ғаламда орналасуынан бастап, әртүрлі геологиялық процестерге дейінгі жалпы мәліметтерді қарастырады. Бұл процестер Жер бетінде де, оның терең қойнауларында да орын алып, минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, бедер пішіндері мен құрылымдарының жаралуына әкеледі.

Геология – жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Ол жердің құрылысын, құрамын, жаралу тегін және дамуын, сол сияқты жер қыртысының, оны құрайтын минералдардың, тау жыныстарының, рудалардың, Жердегі тіршілік атаулының пайда болу және даму тарихын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын анықтайды.

Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия және т.б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар жерді әртүрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.

Астрономия – жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырып, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Физикалық географияжердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.

Геофизика – жерді құрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін қарастырады.

Геохимия – жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді.

1875 жылы геологтардың халықаралық ұйымы – Геологиялық конгресс ұйымдастырылды. Жеке елдерде де ұлттық геологиялық ұйымдар құрыла бастады. Ресейде геологиялық комитет 1882 жылы құрылып, алғашқы геологиялық картаға түсіру жұмыстары жүргізіле бастады. Нәтижесінде көптеген жаңа кенорындары ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижесінде жеке аудандар мен аймақтарды, тіпті бүкіл континентті қамтитын геологиялық ірі тұжырымдар мен қорытындылар жасауға мүмкіндік туа бастайды.

Геология айтарлықтай жетістіктерге XX ғасырда жетті. Геологияның қазіргі даму сатысының басы 1950-ші жылдар болып саналады.

Сөздік

ғалам – вселенная игеру – освоение

терең қойнау – глубокие недра құрылым – строение

жобалаушы – проектировщик жаһандық – оповещенность

танымдық – познаваемость қола – бронза

жержылнама – геохронология шикізат – сырье; сырое веществ

қойнау – ложбина, лощина бедер салу – чеканка

жарақ – снаряжение, оружение бедер – шерховатый; шершавый

кен – месторождение; недра; полезные ископаемые

өндірістің артуы – нагрузка производства

жер қыртысы – твердый слой земли, кора земли

39-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Геология не туралы ғылым және ненің жиынтығы болып саналады? 2. Жалпы геология нені қарастырады? 3. Жерді геологиядан басқа тағы да қандай ғылымның салалары зерттейді? 4. Геология нені зерттейді? 5. Адамдар жер қыртысының құрылысын, оның ерекшелкітерін не үшін зерттеген? 6. Қандай, қашан халықаралық ұйым ұйымдастырылды? 7. Ненің нәтижесінде жаңа кен орындары ашыла бастады? 8. Неге байланысты және қандай тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер туа бастады?

40-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Геология Жер қыртысының тарихы мен дамуы жөніндегі ғылым және ғылымдар жиынтығы. Бұл циклді құрайтын ғылымдар өзара біте қайнасқан және тығыз байланысты. Олар Жердің дамуы мен қалыптасу процесінің әртүрлі жақтары мен нәтижелерін зерттейді. Ол әртүрлі мақсатты көздейді және әртүрлі әдістерді пайдаланады. Жер қойнауын, орман және су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар арнайы заңдармен реттеледі.

41-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Терең қойнау, барлау, жер асты, ғылым ретінде, сапалы, кен орындары, жобалаушы, сейсмолог, жаһандық, шаруашылық, бұрғылаушы, игеру, қауіпсіз, жаратылыстану, таужыныстары.

42-тапсырма. Өлеңнің мазмұнына берілген сұрақтарға өзара пікір алмасу тұрғысынан жауап беріңіздер. Өлеңнің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Жер қыртысы, істің жемісін көру, сапар шегу, тылсым сыр деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. ә) Өлеңде қандай кендер аталған? б) Геолог мамандығы қалай сипатталған?

Г е о л о г

Жапан түзде жүреді Тылсым сырын зерттейді,

Байлық іздеп елі үшін, Кен табу – бар арманы.

Күндей болып күледі Жігерді ат қып ерттейді,

Көрсе істің жемісін. Ол қай тұсқа бармады?

Күзде, қыста, көктемде Елсіз шөлден өтеді,

Мейлі ыстық жазды күн. Адастырмас мақсаты.

Алыс сапар шеккенде, Жапан дала мекені,

Жер қыртысын қазды мың Баспанасы – ақ шатыр.

Алтын, қола, темірді, Қажымайды, талмайды,

Қорғасынды, жақұтты. Жұмсап жігер, Ай-күнін.

Тапқан және көмірді, Табуға тек арнайды,

Геолог шын бақытты. Туған жердің байлығын.

(Ж.Рахымов)

43-тапсырма. Геология ғылымын танып-білу үшін пайдаланатын тарихи актуализм және эксперимент, яғни тәжірибе әдістерінің мәніне назар аударып, мазмұндаңыздар.

Геология ғылымының дамуына, оны танып-білуде салыстырмалы

тарихи актуализм әдісінің мәні зор. Бұл әдістің мәнісі – қазіргі болып жатқан геологиялық процестер мен оның нәтижелерін бұрынғы замандардың геологиялық процесс нәтижелерімен салыстыру.

Табиғат тану ғылымдарының басты зерттеу әдісі - эксперимент, яғни тәжірибе екені белгілі. Бірақ, геология саласында зерттеу жұмыстары бақылау, көру, іздестіру арқылы жүзеге асырылады. Демек, геологияның негізгі әдісі – Жер бетін шарлау арқылы фактілер жинау, ірі қилы карталарға түсіру, кейін оларды лабораториялық зерттеу барысында жіктеу, талдау, одан соң құрастыру, кейін олардан ойша болжам (гипотеза) жасау болып табылады. Ал ол үшін, жиналған геологиялық фактілер петрография, палеонтология, петрохимия, геохимия, геофизика, бұрғылау, сол сияқты басқа да геология салалары арқылы толық дәлелденуі тиіс. Ақырында жасалған болжам нақтылы теорияға көшеді.

44-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Таушайырлану – битуминизация. Жер қойнауындағы органикалық заттар қалдықтарының арнаулы жағдайлар әсерінен жаппай таушайырларға айнала бастау процесі.

Биосфера – биосфера. Өзінің құрамына гидросфераны түгелімен және литосфера мен трофосфераның организмдер тіршілігін ұдайы немесе мезгіл-мезгіл қамтамасыз етуге қабілетті қабаттарын ғана біріктіретін Жер планетасының күрделі де маңызды қабығы.

Бұрғылау – бурение. Өзінің жүзеге асырылу нәтижесінде оқпанының ұзындығы оның диаметріне қарағанда әлдеқайда артық болып келетін жер қыртысындағы дөңгелек қималы қазынды. Байырғы ұңғыма қалыптастыратын әрекеттер жиынтығын немесе бұрғылау ұңғымасын жасақтау процесін де Б. деп атауға болады. Б.-дың жиі қолданылатын түрлері құбырлы, соқпалы, шарқашаулы, шанақты, дірілді және термикалық бұрғылаулар.

Барлаулық бұрғылау – бурение разведочное. Ашылған мұнай және газ кенорындарын барлау және оларды игеруге дайындау мақсатында, сол сияқты нашар зерттелген аудандарда геологиялық қималарды жіті саралау мақсатында жүргізілетін бұрғылау. Соңғы мақсатты жүзеге асыру үшін жүргізілетін бұрғылау түрлері тіректік бұрғылау, параметрлік бұрғылау, іздеу бұрғылауы.

Роторлық бұрғылау – бурение роторное. Бұрғылау жабдығының өз өсінен айналуы ротор көмегімен жүзеге асырылатын айналмалы бұрғылау түрі.

Газ шығымы – выход газа. Табиғи газдың грунт бетінен немесе газды сулар құрамынан кәдуілгі көпіршіктер түрінде бөліну процесі.

45-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына берілген тірек сөздерді қойып жазыңыздар.

Геологиялық байқаулар кезінде жиналған ---------------ғылыми болжамның негізі болып қалыптасады. Жердің Ғарыш әлемінде ---------------- және оның басқа планеталармен -------------- жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден бастап-ақ қалыптасты. Коперниктің ------------ ---------- адамдардың дүниеге деген көзқарастарында үлкен төңкеріс жасап, астрономия ғылымының ---------- ---------- дамып жетілуіне көп әсерін тигізді. Жер - шексіз әлем --------- толып жатқан сансыз көп ғарыштық денелердің бірі ғана. Жерді планета ретінде ---------- ғылымы зерттейді.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөздер: ашқан жаңалығы, байланысты, кеңістігінде, астрономия, жаңа бағытта, алғашқы деректер, алатын орны.

46-тапсырма. Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми

пәндер – минералогия, петрография, литология туралы берілген түсініктемені оқып, меңгеріп, ауызша айтып беріңіздер.

Минералогия (ескі латын тілінде «минера» - руда) – минералдардың

(химиялық табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисін), құрамы мен құрылысын және физика-химиялық қасиеттерін зерттейді.

Петрография немесе петрология (грекше «петрос» - жартас) – тау жыныстарының құрамы мен құрылысын және олардың пайда болу (генезис) жолдарын анықтайды.

Литология (грекше «литос» - тас) - шөгінді тау жыныстарының

құралу және өзгерту заңдылықтарын зерттейді.

47-тапсырма. Көп нүктелердің орнына ауыспалы өткен шақ, ауыспалы келер шақтардың және бұрынғы, жедел өткен шақтардың (-е, -ған, -ді, -етін) жұрнақтарын тиісті орындарына қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия, математика) көбірек сүйен...ді. Олардың зерттеу әдістерін пайдалан... .

Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары ерекше дамып кел...ді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы қашанда астрономия және космология ғылымдарына сүйен... . Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып кел...ді.

Әдістемелік ұсыныс: Геология туралы жалпы ұғымды меңгеру. Геологияның тарихы және оның даму сатысымен танысып, есте сақтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Геология сөзі қайдан шыққан, жалпы геологияның маңызды бағыты

қандай, жер туралы білім қашан пайда болған?

2. Геологиялық процестер қандай өзгерістер әкеледі және тас, қола, көмір

ғасырында не өндірген?

3. Жалпы геология қандай мамандар даярлайды, қазіргі геологияның

дамуы қай кезден басталады?

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

48-тапсырма. Мәтінмен танысып, геологияның және жердің даму тарихын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]