Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Экологиялық факторлардың әр түрлі классификациялары

Экологиялық факторлар

Абиотикалық

Биотикалық

Жарық, температура, ылғал, жел, қысым, күннің ұзақтығы т.б.

Топырақтың механикалық құрамы, ылғал сыйымдылығы, өткізгіштігі.

Судағы немесе топырақтағы қоректік элементтер, газды құрамы, судың ащылығы.

Өсімдіктердің биоценоздың басқа мүшелеріне әсері.

Жануарлардың биоценоздың басқа мүшелеріне әсері.

Адам әрекеті нәтижесінде пайда болатын антропогендік факторлар.

Әсер ету уақыты

Қайталануы

Кезегі

бойынша

Эволюциялық

Тарихи

бойынша

Ретті

Ретсіз

бойынша

Алғашқы

Соңғы

Шығу тегі бойынша

Пайда болу ортасы бойынша

Космостық

Абиотикалық

Биогенді

Биотикалық

Табиғи антропогендік

Антропогендік (техногендік)

Атмосфералық Биоценоздық

Экожүйелік Популяциялық

Биосфералық Генетикалық

Ылғалдық Физиологиялық

367-тапсырма. Көп нүктелердің орнына қатыстық сын есімнің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Баға... заттардың қандай минералдар түрінде кездесуіне байланысты кендер күкірт..., тотық... және аралас кендер деп аталады. Олардың кейбірінің құрамында баға... элементтер болса, көпшілігі тау жынысына жатады. Табиғи минералдарды заттардан техниканың қазіргі даму сатысында баға... заттарды бөліп, халық шаруашылығында өнімді пайдалануға болса, онда оларда пайда... қазбалар деп атайды. Олардың құрамына бір немесе бірнеше баға... минералдар мен көптеген тау жыныс минералдары кіреді.

368-тапсырма. Экологиялық терминдерге берілген түсініктемелердің

мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Экологиялық қажеттіліктер – организмнің, популяцияның табиғи тіршілік ортасына байланысты талаптарының жиынтығы.

Экологиялық ережелер – экожүйе популяциялары қызметін айқындайтын табиғи заңдылықтардың жиынтығы; организмнің қоршаған табиғи ортадағы тұрақты өзгерістерге реакциясы.

Экологиялық факторлар – организмдердің тіршілік жағдайын анықтайтын сыртқы орта элементтері.

Экологиялық дүмпу – аймақта кездейсоқ әкелінген түрдің табиғи жауы жоқ жағдайда жаппай көбеюі.

Экологиялық дағдарыс, табиғи орта дағдарысы – адамның тіршілігіне қауіп төндіретін және өндірістің даму қарқыны бойынша биосфераның ресурстық –экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуін білдіретін биосфераның дағдарыстағы жағдайы.

Биотехнология – процесс барысында микроағзалардың оқшауланған жасушалардың немесе олардың құрам бөліктерінің биохимиялық әрекетін пайдалана отырып, халық шаруашылығына және адамзат тіршілігінің әртүрлі салаларына бағытталған бағалы өнімдерді алу.

Ферменттер – катализдік қасиеттерге ие жасушадан бөлінетін ақуыздық заттар, жасуша компоненттері.

Аэробты процесс –биохимиялық процесте зат алмасудың ауада оттегінің қатысымен жүруі.

369-тапсырма. Экологиялық факторлардың жіктелуіне мән беріп, кестедегі мәліметтерден түсінгендеріңізді сабақ барысында талқылаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Экология ғылымын – адамзат, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін сала ретінде қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Экология ғылымының зерттелуі.

2. «Экология» терминіне түсініктеме.

3. Экология ғылымының маңызды салалары.

14-апта. 28-тәжірибелік сабақ

370-тапсырма. Қазақстандағы радиациялық ластану мәселесінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қазақстандағы радиациялық ластану

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.

Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен ионданушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек, лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың әсері, радиоактивті материалдарды пайдаланған өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылығы мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық жарылыстары, табиғи радиоактивті қалдықтар.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.

Жер шары бойынша адам баласы бірнеше тарихи радиациялық апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауының салдарынан күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар сәулелік аурулардың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынады.

Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсоған, Азғыр, Нарын жерлерінде бес жүзге тарта ядролық сынақтың жасалғанын айтып кеттік. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем болмады.

Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластануларға ауыру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар жатады.

371-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі кезеңдегі өзекті мәселеге не жатады? 2. Радиоактивті заттар адам ағзасына қандай жолмен түседі? 3. Қазақстанда қашан, қанша және қайда ядролық сынақтар жасалды? 4. Ол сынақтардың нәтижесі неге әкеліп соқты? 5. Радиацияға байланысты адамдар негізінен қандай ауыруларға ұшырады? 6. Радиациялық ластану себептеріне нелер жатады? 7. Химиялық ластану қандай көлемдегі экологиялық мәселелерге жатады? 8. Жер шарындағы адамзат қай радиациялық апаттардың куәсі болды? 9. ҚР-да қаншама уақыт бойы ядролық сынақтар жасалды?

372-тапсырма. “Жер ана” тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.

373-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын және қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Экология ғылымының қазіргі жаңа бағыттары. Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдердітіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды −аутэкология,популяцияларды−демэкология, табиғи бірлестіктерді −синэкология, ал биосфераны −ғаламдық экологияғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

374-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, берілген үлгі бойынша талдау жасаңыздар.

Етістік

Мағынасына қарай:

Тұлғасына қарай:

Құрамына қарай:

болады

салт

негізгі

дара

375-тапсырма. Берілген етістіктермен нақ осы шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бастау, шаршау, анықтау, лақтыру, жүгір, жақындау, әзірлеу, көңілдену, бейімделу.

376-тапсырма. Ұсынылған тақырыптардың біреуіне әңгіме құрастырыңыздар.

1. Атмосфера – тіршілік тынысы. 2. Төтенше жағдайларды білу − міндетіміз. 3. Қоршаған ортаның ластануы адам баласының салауатты өмір сүруіне зиянды әсерін тигізеді. 4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар. 5. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат».

377-тапсырма. «Қоршаған ортаның сапасы». «Ластану көздері». «Зиянды қалдықтар» тақырыптары бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар.

378-тапсырма. Мәтіннен 2-3 есімдікті теріп жазып, оларды септеңіздер.

Ү л г і:

Атау септік – ол Жатыс септік – онда

Ілік септік – оның Шығыс септік – одан

Барыс септік – оған Көмектес септік – онымен

Табыс септік – оны

379-тапсырма. Төмендегі тақырыптардың негізінде мәтін құрастырыңыздар.

1. Жаңа қазақ деген кімдер? 3. Қазіргі Қазақстандағы жағдай.

2. Қазіргі экологиялық жағдай. 4. Ғылым мен техника жаңалықтары.

380-тапсырма. Экология саласындағы терминдердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Теориялық экология — тірі организмдердің әр түрлі құрылымдық деңгейлерінің жалпы зандылықтарын зерттейді. 

Іргелі экология — биосферадағы тірі организмдер мен сыртқы орта жағдайларының адамның іс-әрекеттері арқылы бүлінуін, оларды болдырмау және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану жолдарын зерттейді.

Әлеуметтік экология — табиғатпенқоғамарасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын"табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.

Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегіжәнебиосфералықдеңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді.

Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардыңтірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.

Экожүйе құрылымыбір-бірімен қарым-қатыгнастағы екі негізгі құрауыштан – экотоптан және биоценоздан тұрады.

Экологиялық ақпаратөсімдіктерде жиналған энергияның экологиялық ақпарат ретінде экожүйелерге таралып отыруы.

Экологиялық демография – демографиялық процестердің қоршаған табиғи орта жағдайымен өзара байланысын зерттейтін демографияның бір саласы.

381-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұнын өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]