Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Географиялық-ақпараттық жүйенің (гаж) даму тарихы

ГАЖ (географиялық-ақпараттық жүйе) 1960 жылдардың соңында дами бастады, бірақ соңғы 10-11 жылдарда бұл технология қарқынды дамыды. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі, әрине, есептеу техникасының дамуы болып табылады. ГАЖ-да пайдаланылатын үлкен көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – едәуір машина ресурстарын талап етеді.

Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат тұратын және оны тек ірі қалалардың мэрлері жұмыс істейтін мекемелер ғана сатып алатын.

1990 жылдары кішкене ГАЖ-ды алуға 1 млн. шартты бірлік қажет болды. Ал, қазір есептеу техникасының бағасы төмендеп, сатып алуға қол жететін болды. Күннен-күнге ГАЖ-ды пайдаланушылардың саны көбейіп, жинақталған ақпараттармен алмасудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Соңғы 10-15 жылдарда шетел және отандық тәжірибе ГАЖ-дың басымы ақпараттық жүйелер екенін көрсетті.

Ол мынандай міндеттемелерді шешудің ақпараттық негізі болып қызмет етеді:

– басқару деңгейінің шешімін қабылдау;

– қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;

– аумақтық экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық

жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;

– қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар)

есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;

– табиғи ресурстарын, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған

ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу; тау-кен

геологиялық мәліметтерді жинау және т.б.

311-тапсырма. Қатыстық сын есім формасында тұрған сөз тіркестерінің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Шөпті жер – шөп мол шығатын жер, түнгі жел – түнде соғып тұратын жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс – жазда болатын демалыс күні, таулы алқап – тауы көп жер, тұзды тамақ – тұзы көп салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы көп адам, түскі ас – түс кезінде ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.

312-тапсырма. Өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Өмір деген кен екен

Өмір деген кен екен, Арман деген құс екен,

Алтыны бар, мысы бар. Төмені бар, өрі бар;

Дүние деген кең екен, Жастығың көрген түс екен,

Неше түрлі кісі бар. Басып кеткен мөрі бар.

Өткен-кеткен көп екен,

Әрқайсысының парқы бар.

Адамгершілік дегеннің,

Салмағы бар, нарқы бар.

(М.Нұрпейісова)

313-тапсырма. Төмендегі етістіктерді болымсыз формаға қойыңыздар.

Өндіру, қопару, бұрғылау, байыту, қалыптастыру, анықтау, пайдалану.

314-тапсырма. Тоннель салудың тарихынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар. Ондағы терминдерді есте сақтаңыздар.

Тау-кен әдісімен тоннель салудың қысқаша тарихы. Тоннель салу жұмыстарының тарихы тереңге кетеді. Египет, Вавилон, Греция және Римде тоннельдер біздің қазіргі дәуірге дейін салынған. Оларды негізінен бекем таужыныстары сілемінде салған. Олардың көлденең қимасының пішіні күмбезді бекітпесіз тұратын болған. Таужыныстары сілемін бұзу үшін қарапайым құралдар қолданылған.

Тоннель салудың теориясы мен тәжірибесі Австрия, Бельгия, Швейцария сияқты Батыс Еуропа елдерінде тарихи жағдайда қалыптасты.

Сондықтан да қазіргі орыс тіліндегі инженерлік-техникалық әдебиеттерде қолданылатын терминдер шетел тілдерінен енген. Қазақ тілінде тоннель құрылымы туралы сөздер жоқтың қасы, себебі біздің елде күрделі тоннель құрылыстары жүргізілмеген. Мысалы, тоннель күмбезінің астыңғы бөлігікалотта; ал оны кеңіту – калоттаны ашу; тоннельдердің қабырғасының маңайындағы тау-кен сілемі – штросса және оларды кеңіту – штроссаны ашу деп аталады. Көмекші кішірек қазбаны – штольня деп атайды.

315-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті етістіктерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар ...... . Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш ....... . Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда ...... . Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда ........ . Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс ........ . Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай ...... .

Тірек сөздер: істеді, шығарылды, дамыды, болды, салды, аударды.

316-тапсырма. Тау-кен саласындағы терминдердің мағынасын түсініп, меңгеріңіздер.

Магнитті байытумагнитное обогащение. Бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болса ғана қолданылады. Мұндай кендерге негізінде темір кендері жатады.

Кеннің байытылуыобогатимость руды. Кеннің байытылуы оның құрамындағы минералдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарының мөлшеріне қарай өзгереді. Кеннің байытылуына үлкен әсер ететін кен қасиеті – сепкілдік. Бағалы минералдардың сепкілдігі неғұрлым ірі болса, оны солғұрлым оңай бөлуге болады.

Тотықты кенруда окисленная. Бағалы минералдар кен ішінде тотықты минералдар түрінде болса, онда кен тотықты болып саналады.

Жинақталу дәрежесістепень концентрации. Кеннен алынған концентраттың ішіндегі бағалы заттың проценттік үлесінің кендегі проценттік үлеске қатынасы.

Кеннің қаттылығытвердость руды. Ұсату және ұнтақтау процестеріне үлкен әсер ететін кеннің физикалық қасиеті.

Ұсақ сепкілді кен – тонковкрапленная руда. Кенде бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлері 0,1-0,074 мм-ден төмен болса, онда олар ұсақ сепкілдікке жатады да, мұндай кендер тек флотациялау әдісімен байытылады.

Вал вал. Барлық машиналардың басты бөлшегінің бірі. Ол электро – қозғалтқыштан не басқа бір энергия көзінен айналымға келіп, басқа бөлшектерді қозғалысқа келтіреді.

Бұрандавинт. Әртүрлі бөлшектерді бір-біріне бекіту үшін қолданылады.

Тұтқыр ортавязка среда. Тұтқырлық барлық сұйық заттарға тән қасиет. Олардың құрамдарына қарай тұтқырлықтары кең шекте өзгереді.

Малта тас, ұсақ тасгалька (в обогащении). Ұнтақтау процесінде кей жағдайда шарлардың орнына қолданылатын кеннен бөлінген белгілі ірілік класы.

Әдістемелік ұсыныс: Көрнекті энциклопедист ғалым Бирунидың зерттеу жұмыстарында бірінші болып нені анықтағанына, кен өндіру істерінің дамуына тигізген әсеріне және нені шешкендігіне назар аудару, танысу, конспект әзірлеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібі дамыған аймақтар.

2. Кен өндіру өнеркәсібі – өлкенің өнеркәсіп өндірісінің маңызды саласы.

3. Тау-кен ісінің ғұлама ғалымдары.

13-апта. 25-тәжірибелік сабақ

326-тапсырма. Маркшейдерлік істің даму тарихынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]