Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Қазақстан – түсті металдар қоймасы

Республикамыздың байтақ даласы әр алуан кендерге, сирек кездесетін металдарға өте бай. Қазақстан мыс, қорғасын, мырыш запастары жөнінде Совет Одағында бірінші орын алады.

Шығыста – Алтай алабы, оңтүстікте – Қаратау қойнауы, Орталық Қазақстанның рудалы жотасы, батыста Манғыстау түбегі – міне, осылардың бәрі түсті металлургияның сарқылмас көзі, СССР-дың түсті металл қоймасы. Қазақстан кендерінің бір қасиеті – мыс шыққан жерден алтын да, күмісте те, қорғасын да, тағы басқа сирек кездесетін металдар да шығады.

Орталық Қазақстанның кен байлықтары да Алтайдан асып түспесе, кем соқпайды. Мұнда әсіресе Жезқазған маңы кенге өте бай.

Жезқазған маңында салынған кәсіпорындар бұрын шетел капиталистерінің қолдарында болды. Олар бұл жерді ірі өндіріс кәсібіне айналдыруды көздемеді, тек қымбат рудаларын кустарлық әдістермен қазып алып, Жезқазған жерінің байлығымен сауда жасады.

303-тапсырма. Сөз тіркестерімен қысқаша мәтін құрастырыңыздар.

Қ.И.Сәтбаев – қоғам қайраткері, Қазақ политехникалық институты, тау-кен металлургия институты, қопару жұмыстары, Қазақстанның кен байлықтары, кен өндіру технологиясы, рудалы кендер, мен студентпін, сен тау-кен инженерісің.

Әдістемелік ұсыныс: Тау-кен ісінің даму тарихын толық меңгеру үшін, осы саладағы әдбиеттерді, ғылыми еңбектерді оқып, меңгерулері қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Қалайы заманына дейінгі, дүниежүзіндегі, Ресейдегі тау-кен ісінің даму

тарихы.

2. Қолданылған құралдардың түрлері, сол кездегі қолданылған техника

мен технология.

3. Басқа дәуірлердегі тау-кен ісінің даму тарихы.

4. Ұлы Отан соғысына дейінгі, кейінгі және бүгінгі Ресейдегі тау-кен

ісінің даму тарихы.

12-апта. 24-тәжірибелік сабақ

306-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша өзара пікір алмасыңыздар.

Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары

Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі техникалық және өндіріс технологиясының тез өркендеуіне және еңбек өнімділігінің артуына жағдай туғызды.

Совет мемлекетінің ең алғашқы күндерінде, яғни 1918 ж. В.И.Ленин «Совет өкіметінің кезекті міндеттері» атты жұмысында біздің отанымыздың жер байлығының орасан зор екендігін айта келіп «Жер байлығына қатысты барлық элементтер Қазақстанда бар. Қазіргі жаңарған техника күшімен пайдалану өндіргіш күштердің бұрын соңды болып көрмеген қарқынды өсуінің негізі», – деп атап көрсеткен. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Совет Одағында көмір өндірудің жаңа техника мен технологиясын жасады, сонымен қатар іс жүзінде пайдалану жұмыстары да жүргізіліп жатты.

Көрнекті ғалым энциклопедист Бируни өзінің зерттеу жұмыстарында ұдайы математикалық талдау әдісін – физика жетістіктерін, тарихи жаратылыс тәсілін, табиғаттың құбылыстарын зерттеуде қолданған. Ол ең бірінші болып минералдың, кендердің және қоспалардың салыстырмалы салмақтарын анықтады. Бирунидің маңызды шығармаларының бірі «Асыл тастарды тану мағлұматтары жинағы» кен өндіру істерінің дамуына ерекше әсерін тигізді. ХІ ғасырда темір кенінің көптеген өндірісінен оны байыту күрделі мәселеге айналды. Бируни осы мәселені шешті: оның магнитті сепараторлар арқылы темір кенін байыту тәсілі қазіргі заманның өзінде алға басу әдістерінің бірі болып есептелінеді.

ХІХ ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, күші мол болды.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда болды. Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс істеді. Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 ж.ж. мұнай мен кен орындары ағылшын капиталистерінің қолында болды.

Жұмысшылардың, әсіресе жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем болды.

Сөздік:

өндіргіш күштер – производительные силы мырыш – цинк

жаратылыс – натура; природа; создание

тәсіл – прием; способ; уловка; тактика; средство

байыту – обогощать; обогащение

байыту комбинаты – обогатительный комбинат

барлау жұмыстары – разведочные работы

өнімділік – продуктивность; производительность; урожайность

307-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Көрнекті энциклопедист ғалым Бируни өзінің зерттеу жұмысын неге арнаған? 2. Ол ең бірінші болып нені анықтады? 3. Оның қай еңбегі кен өндіру істерінің дамуына әсерін тигізді? 4. Бируни өзінің зерттеулерінде не мәселені шешті? 5. Ресей капиталистері Қазақстанға не себепті өздерінің қаржыларын әкеле бастады? 6. Патшалы Ресей Қазақстанда неге байланысты тау-кен өнеркәсібін дамытуға күш салды? 7. Жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы қандай болды?

308-тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді. Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге баратынбыз. Кешке шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу өткіздік. Лекция сағат екілерде аяқталған. Университетке кеше барғанмын.

309-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,

Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.

Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

(Абай)

310-тапсырма. Тау-кен ісіндегі ақпараттық жүйе туралы не білесіздер? Мәлімет алып, тақырыпты талқылаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]