Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Металлургия деген не?

Металлургия (грек metllurgeo) – руда өндіремін, метал өңдеймін (metallon-рудник, ergon-жұмыс), яғни қысқаша мағынасы – кеннен металды жасанды балқыту. Ғылыми техниканың және өндірістің рудадан және басқа да әртүрлі металдардан материалдарды өндіру. Металл қорытпаларының химиялық құрамы мен құрылымын, қасиеттерін өзгерту мәселелерімен шұғылданатын сала. Сонымен қатар металлургия – металдарды бөліп алу мен тазарту туралы ғылым.

Металлургия ерте заманда пайда болған. Б.э.д. бірінші мыңжылдықта алтын, күміс, мыс, қорғасын секілді металдар алынған. Адамзаттың дамуының тарихы үш негізгі дәуірге бөлінеді: а) тас дәуірі, ә) қола дәуірі, б) темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі 8000 жылға созылды. Адам өзінің тіршілігінде метал мен мысты теңдей шамада қолданған кезең – хальколитикалық ( халькос – мыс, лотос – тас) деп аталады. Яғни өркениеттіліктің дамуында алтын мен күмістің адамға белгілі екеніне қарамастан, мыс бағалы болып табылады. Мыстан жасалған бұйымдар құралдар жасауға, ал алтын – әшекейлер ретінде қолданылды. Мысты алудың жапы әдісі, балқыту процесіне қажетті температураны жасауға мүмкіндік болды. Мыс пен қалайыны арластырып, қола деп аталатын қорытпа алды. Осылай қола дәуірі басталды. Дегенмен қола дәуірі көпке жалғасқан жоқ, қоланы жаңа металл – темір ығыстырғанда аяқталды.

17-тапсырма. Төмендегі хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

Әйтеке би үш жүздің ішінде озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр шешендігімен, әділ билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып, алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен дейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билердің орны ерекше.

Сөздік:

озық – опережающий; передовой; прогрессивный; авангардный

алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

тапқыр – предприимчивый; догадливый

шежіреші – летописец

шешен – красноречивый; оратор

18-тапсырма. Металтану нені зерттейтін ғылым, оның міндеті не? Сұрақтар төңірегінде өзара ой бөлісіңіздер.

Металтану – металдық материалдардың құрамы, құрылысы, қасиеттері арасындағы өзара байланысты зерттейтін ғылым саласы. Металтану дербес ғылыми пән ретінде IX ғасырдың алғашқы жартысынан кейін дами бастады. Металтану ғылымы химия, математика және физика пәндерімен тығыз байланысты. Металтанудың негізгі міндеті – техникада қолданылатын металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеп, оларды жасанды жолмен өзгерту. Сөйтіп, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылатын сапасы жоғары жасанды материалдар алу.

19-тапсырма. Сөйлемдерді мұқият оқып, олардың түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) ажыратыңыздар?

Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешіп келген.

Алға, достар! Еңбекте де, оқуда да табыс тілеймін! Оқуға түсуіңізбен! Ол қандай кемеңгер адам! Әр халықтың өз ана тілі болады. Алматыға келген қонақтар қайда орналасады? Не деген байлық! Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын оқыдың ба? Қ. И. Сәтбаев – металлогенияның атасы.

20-тапсырма. «Казцинк» компаниясы туралы берілген қысқаша мәтіннен мәлімет алып, оның қызметін толықтырып, мазмұндаңыздар.

АҚ «Казцинк» біріккен ірі мырыш өндіруші, ол – мыстың, асыл металдардың және қорғасынның ілесті шығарылуына үлкен үлес қосып отыр. Компанияның барлық кәсіпорындары Қазақстан республикасы аумағында орналасқан бес қалада 21 мыңға жуық адам тау-кен байыту, металлургиялық салаларда және электр энергиясын өндіру мен машина жасау өндірісінде жұмыс істейді.

Компанияның іргетасы 1997 жылы Шығыс Қазақстанның түсті металдардың үш негізгі өндірушілерінің активтерінің бірігуі жолымен қаланды: «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты», «Лениногор полиметалл комбинаты» және «Зырян қорғасын комбинаты». Барлық үш компания да Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігінде.

АҚ «Казцинк» 131 бөлімшеден тұрады, оның ішінде он бірі еншілес кәсіпорындар. Қызметінің негізгі профилі: геологиялық барлау және геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізу; түсті, сирек және асыл металдарды қазып алу және өңдеу; түсті металдар концентраттарын өндіру, оның ішінде асыл металл құрамды өнімдерді; түсті, сирек және асыл металдар мен олардың қорытпаларын өндіру.

21-тапсырма. Алтын туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, есте сақтаңыздар. Білімдеріңізді тереңдетіңіздер.

* Жылтырағанның бәрі алтын емес * Аз сөз – алтын, көп сөз – қола.

* Түйедей алтының болғанша, * Сабыр түбі – сары алтын,

Түймедей ақылың болсын. Сарғайған жетер мұратқа.

* Алтын алма, ақыл ал. * Алтынның қолда барда қадірі жоқ.

* Ата мекен – алтын бесік. * Ел іші – алтын бесік

* Алтын – күміс жауған жерден де * Арпа, бидай – ас екен,

туып-өскен ел артық Алтын, күміс – тас екен.

22-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, қазақ тілінде сұраңыздар.

Что делается в ведущем техническом вузе страны в этом плане? Будущее нации связано с развитием университетского образования и науки? В каком году исполнился 70 лет Казахскому национально-техническому университету имени К. И. Сатпаева? Для качественной организации научно-образовательного процесса что необходимо? Как выпускники университета устраиваются на работу?

23-тапсырма. Мамандыққа қатысты берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

Металлургия цветных металлов, металлургических процессов, полезных ископаемых, радиоактивные металлы, химический состав, железный сплав, благородных металлов, литейный сплав.

24-тапсырма. Сөйлемдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ойпырмай, мынау бір керемет қой Сен кеткелі жатырсың ба Сабаққа қашан барасың Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз Бұлбұлсыз бау-бақша мен саяжайлардың сәні бола ма Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры кім болды Жетеді, доғар Тезірек кет Халықтар достығы жасасын Мен өмірімде Д. Қонаевты екі рет көрдім Қап, кешігіп қалғаным-ай Тапсырманы міндетті түрде орында Бөлмені сыпыр Тез жинал Мерекеңмен ҚазҰТУ-дың кітапханасы 1990 жылы бірінші категориялы кітапхана қатарына қосылды Оқырмандар интернеттің әлемдік желісі қызметтерін пайдалансын

25-тапсырма. Төмендегі берілген сұрақтарға өз тараптарыңыздан дайындалып, мәтін құрастырыңыздар.

1. Металлургия немен шұғылданады? 2. Қазақстанда металлургия өнеркәсібі қай ғасырдан басталады? 3. Металлургия неше салаға бөлінеді? 4. Металлургия саласы адамзатқа қай уақыттан белгілі болған?

26-тапсырма. Бұйрықты сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Слушайте команду! Встаньте в строй! Не выходите из рядов! Равняйтесь налево! Спойте! Выполняйте приказ! Готовьтесь к экзаменам! Пишите! Выйдите из дома!

27-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, өзара пікір алмасыңыздар.

Көне дәуірде пайдаланылған металдар

Өте ерте кезде адамзатқа белгілі болған металдар: алтын, күміс, қалайы, қорғасын, темір және сынақ. Бұл металдарды тарихқа дейінгі деп айтуға болады. Өйткені жазуды ойлап тапқанға дейін ол металдарды пайдаланған болатын. Адамның өміріне металл және оның құймалары кіргенде, олардың сағатын, уақытын тез есептей бастады.

Ең ежелгі темір заттардың 3,5 мыңжылдық жасы бар, бірақ адамзат металлургиялық пештерде темірдің балқуы 154 градусқа көтерілген кезден бастап, қола ғасыры темір ғасырына ауысты. Темірдің алғашқы бұйымдары төмен механикалық төзімділікте болды. Ежелгі металлургия темірге қарағанда мықтырақ – шойын мен болаттың құймасын ойлап тапқанда, бұл металл құймаларының кең таралуы басталды. Б.ғ.д.VII-XI ғасырларында темір ғасыры басталғанда, бұл металл алтыннан да қымбат бағаланды. Ежелде адамдар таза металға қарағанда, олардың құймаларының қасиеттерінің пайдалы екенін байқаған. Қоғам дамыған сайын адам құрам бөліктерін өзгерту арқылы әртүрлі құймалар алуға болатынын түсінген.

Сөздік:

ежелгі – давний; древний; исконный шойын – чугун

қола ғасыр – бронзовый век құйма – литье; сплав; отливка

балқу – расплавиться темір ғасыр – железный век

28-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ежелгі заманда адамзатқа қандай металдар белгілі болған? 2. Қола ғасыры темір ғасырына неге байланысты ауысты? 3. Темірден жасалған алғашқы бұйымдардың төзімділігі қандай болды? 4. Металл құймалары неге байланысты кең тарады? 5. VII-XI ғасырларда темір қалай бағаланды?

29-тапсырма. Металдар туралы төмендегі мақал-мәтелдерге 10 шақты мақал-мәтел қосып жазып, оның мағынасын түсіндіріңіздер.

1.Темірді қызған кезде соқ. 2. Сабыр түбі – сары алтын. 3. Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. 4. Ойын түбі – от, ой түбі – алтын. 5. Ел іші – өнер кеніші.

30-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Металлургия ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің кеннен немесе басқа материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Өнімдер металлургиялық өнімдер – металлургиялық әдістермен алынатын заттардың, металдың соңғы (нәтижесі) өнімдері.

Өңдеу шикізаттардан немесе қолданыста боған заттардан ақырғы өнім алу үшін қолданылатын процестер жиынтығы.

Таза металдарқоспалар мөлшері аз металдар, не қорытпалар.

Қорытпаларекі немесе бірнеше құрам бөліктерден тұратын балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.

Күйдіру өңделетін шикізаттың минералогиялық және химиялық құрамын өзгерту мақсатында жоғары температуралар кезінде жүргізілетін металлургиялық процесс.

Электролиттер – көбіне иондық өткізгіштігі бар қатты және сұйық түріндегі химиялық заттар. Электролиттік ертінділерін көбінесе Э деп атайды.

Әдістемелік ұсыныс: Миллиондаған жылдар бұрын адамдардың неден пайда болғандығына, еңбек құралдарын неден жасағандығына нақты материалдар дайындап талқылау, тақырып төңірегіндегі негізгі ойды ашу.

Бақылау сүрақтары:

1. Металдан жасалынған қандай еңбек құралдары қолданылған?

2. Сақ заманындағы кен ісі мен руданы алғашқы өңдеу техникасы.

3. Қорытпалар қалай алынады? Таза металдар қандай болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]