Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Билл Гейтс және оның компаниясы

Билл Гейтс – әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады.

Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» – деді.

Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстың программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады.

Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.

273-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Б.Гейтстің жеке байлығы қанша долларды құрайды? 2. Оның ата-анасы кім болған? 3. Б.Гейтс қандай мектепте оқыған? 4. MITS фирмасы не шығарды? 5. Б.Гейтс қандай университетте оқыды? 6. Б.Гейтс қандай жүйе жасау жөнінен жетекші рөлге ие болды? 7. Гейтстің жетістіктерінің сыры неде?

274-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жекеменшік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

275-тапсырма. Мәтіннен кейінді ықпалға әсер ететін сөздерді көшіріп жазыңыздар.

276-тапсырма. Суретке қарап, өзара әңгімелесіңіздер.

277-тапсырма. Мәтіннің мазмұнының негізінде сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Осында компьютерге деген .......... артады. 2. Гейтстің ........ сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. 3. Арада ........ жыл өтеді. 4. Кейіннен бұл ........ алғашқы жеке компьютерлер болып саналады. 5. MITS фирмасы шағын......... шығарды. 6. Осының бәрі Гейтстің мектептегі ........ еді. 7. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен......... . 8. Б.Гейтс қолдануға ....... жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет екенін бағалай білді.

278-тапсырма. Елімізде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысып, мәтінге тақырып қойып, өзара пікір алмасыңыздар.

Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!!! Ой қосыңыздар!!!

«Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама» қабылданды. Бағдарлама еліміздің ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті ұлттық секторын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Аталған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін, бағдарламаны жүзеге асырудың нақты көрсеткіштері белгіленген. 2014 жылға таман ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 3,8 пайызға жеткізу көзделуде. Осылардың негізінде «Электронды үкімет» қызметі одан әрі дамытылмақ. 2014 жылға таман әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50 пайызы электронды тасымалдағыштарға көшірілетін болады.

Азаматтар мен бизнес қоғамдастықтар үшін, қол­жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, «Электронды үкімет» веб-порталында «Мемлекеттік қызметтердің электронды тізілімі» іске асырылды. Сондай-ақ, барлық екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне енгізу нәтижесінде, «Электронды үкіметтің» төлем шлюзі дамытылды.

Лицензиялардың 100-ге тарта түрі автоматты үдерістерге көшіріліп, олардың 80 пайызын электронды түрде беру қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, бірте-бірте қағазсыз технологияға өту ісі жүзеге асып, құжат айналымының 80 пайызы электронды түрге көшіріледі.

Қазіргі күні еліміздің ақпараттық-коммуникациялық саласы қарқынды даму үстінде. Қазақстандағы осы үдеріске шетелдік білікті сарапшылар да жоғары баға беруде және қазақстандық бұл саланың халықаралық компаниялар үшін тартымды рыноктардың біріне айнала бастағандығы да атап көрсетілуде.

11-апта. 21-тәжірибелік сабақ

279-тапсырма. Мәтінді бірнеше студент 4-5 бөлікке бөліп орындаулары керек. Әр студент өзіне берілген бөлігін толық меңгеріп, толықтырып, түсінгенін ауызша айтып беруге тиіс, өзара пікір талас ұйымдастырыңыздар.

Электрондық есептеуіш машинасы

* * * * * *

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]