Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Есептеу техникасының даму тарихы

Адамдар есеп шығару жолдарын жеңілдетуді ертеден арман еткен. Сол себепті есептеу техникасы тарихында көптеген сандарды қосып-алуға арналған аспаптар жеткілікті болды. Ең ерте заманғы және бәріне белгілі есептеу құралыесепшот болып табылады. Есепшот Ресейде ХVI-XVII ғасырларда пайда болған.

XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын ғалымы Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.

Ең алғашқы есептеу құралы абака Қытайда б.э.д. 1600 жылдары қолданылған. Абака тәріздес құралдар Египетте өте ертеде қолданылғаны белгілі. Абака құрамында қазіргі есепшоттың тастары секілді жылжымалы сүйек тізілген жіптерді пайдаланған. Әр жіпте бес сүйектен болған. Сүйектерді жылжыту арқылы есептеу жолы жүргізілген. Кейіннен (б.э.д 1200) санаудың арабтар жасаған жүйесі дүниеге келгеннен кейін есепшот пайда болған.

1630 жылдары логарифм сызғыштары да кеңінен қолданылған. Оның құрылысы сол кездердегі есептеу құралы – Непер пластинкаларына негізделіп жасалынды. Шотланд математигі Джон Непер жылдам көбейту (1615) жолын ойлап тауып, соған негізделген есептеу құралын жасап шығарған. Сол құралды дамыта отырып, ағылшын математигі Вильям Оутред (1630) логарифмдік сызғышты жасап шығарған. ХVІІ ғасырдың 40-жылдарында француз математигі Блез Паскаль (1613-1662) 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі болған жетектер мен дөңгелектерден тұратын, сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты.

1694 жылы атақты неміс математигі В.Лейбниц Б.Паскальдың идеясын дамытып, сандарды қоса және көбейте алатын өзінің механикалық есептеу машинасы құрылғысын − арифмометрді құрастырып жасап шығарды. Мұнда дөңгелектің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Қазіргі әр адамның қолында жүрген калькулятор − арифмометрдің негізінде салынған.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам − алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан оны көптеген адамдар қазіргі компьютердің атасы деп атайды. ХХ ғасырдың 30-жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізінде бірсыпыра машиналар дайындалды.

Электроника негізінде жұмыс істейтін тұңғыш ЭЕМ 1946 жылы Пенсильвания университетінде қолданысқа енгізілді.

Бұрынғы Кеңес Одағында алғашқы ЭЕМ-МЭСМ (малая электронно-вычислительная машина) 1952 жылы Киевте іске қосылды.

Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығы есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйесінің негізгі құрылысы компьютер болып табылады.

ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинасын құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды.

Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеу үшін пайдаланылды. Өз машинасының көмегімен көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді Холлерит үш жылда орындап шықты. Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүниежүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды. Біздің ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды.

1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде

бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырды.

Сөздік:

есептеу – вычисление перне – клавиша

мәлімет – сведения пернетақта – клавитура

мәліметтерді өңдеу – оброботка сведения

жұмыс істеу шапшаңдығы – скорость по работе

есептеуіш жүйе – вычислительная система

есептеуіш желілер – вычислительные сети

информациялық-анықтама жүйелер – информационно-справочные сети

интернетті пайдаланушылар – пользователей интернета

есептеуіш техника – вычислительная техника

280-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ең ерте замандағы барлығына белгілі болған есептеу құралын атаңыздар. 2. Ол қайда, қашан пайда болған? 3. Логарифмді кім, қашан енгізді? 4. Жүгіртпесі бар логарифм сызғышын қай жылы, кім жасады? 5. Бұл құралды жасаудың идеясын кім ұсынды? 6. Ең алғашқы есептеу құралы абака қай елде, қай жылдары қолданылған? 7. ХVІІ ғасырдың 40-жылдарында сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапқан кім? 8. В.Лейбниц қандай құрылғы жасап шығарды? 9. Ең алғашқы есептеуіш автоматтың авторы кім? 10. Электроника негізінде жұмыс істейтін тұңғыш машина жайлы айтыңыздар? 11. ЭЕМ-дер неше топқа бөлінеді? 12. Есептеу техникасы деп нені атайды?

281-тапсырма. Логарифмдік сызғыш туралы өзара ой бөлісіп, меңгеріп, материалды толықтырыңыздар.

XIX ғасырдың 30-жылдары Дөңгелек Логарифмдік сызғыш шықты. 1850ж. Логарифмдік сызғышқа тиек (жүгіртпе) қосылды. Қазіргі Логарифмдік сызғыштар – қарапайым және ыңғайлы есептеуіш құрал, инжектор және т.б. есептеулерде қолданылады.

Дөңгелек логарифмдік сызғыш

282-тапсырма. Төмендегі тест тапсырмаларын орындау арқылы компьютер терминдерін меңгеріп, есте сақтаңыздар.

  1. Меңзер

а) дөрекі сөйлейтін адам, Ә) жыпылықтап тұратын перне, Б) пернетақта

  1. Информатика ғылымы

а) оқу процесінде компьютерді пайдалану Ә) ақпарат, оны сақтау және

мәліметтерді таңдау, Б) телекоммуникациялық технологиялар

  1. Монитор

а) ақпаратты сақтайтын құрылғы, Ә) компьютер жанындағы өсімдік

б) компьютерге енгізілген ақпаратты көретін құрылғы

  1. Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті құрылғылар

а) жүйелік блок, монитор, пернетақта, Ә) жүйелік блок, пернетақта, принтер, Б)

принтер, винчестер, монитор, тышқан

  1. Вирус

а) инфекция, Ә) енгізу құрылғысы, Б) операциялық жүйе

  1. Ақпарат

а) математикалық формулалар, Ә) қоршаған орта мен болып жатқан әр түрлі

құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы, Б) кітаптар мен оқулықтар

  1. Сканер

а) компьютердің «миы», Ә) компьютерге енгізу, Б) құжат іздеу

  1. Модем

а) сандық қор, Ә) пернетақта, Б) қосу құрылғысы

  1. Принтер

а) ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы, Ә) ақпаратты енгізуге

арналған құрылғы, Б) компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын

негізгі кең арна

  1. Браузер

а) бағдарламамен қамтамасыз ету, Ә) факс жіберу, Б) интернетті қолдану

283-тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, аудармасын есте сақтаңыздар.

  • есептеу құралы дөңгелектер сұрыптау

  • есепшот сандарды бөлу халық санағы

  • Жетілдіру көбейту өңдеу

  • Жүгіртпе бағдарлама түбірін табу

  • Сызғыш ауыстырып қосқыш ажырату

  • қосу машинасы құрылғы релелік автоматика

  • Жетектер сандық ақпараттар

284-тапсырма. «Біз ақпаратты қайдан аламыз?» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңыздар.

12-апта. 23-тәжірибелік сабақ

298-тапсырма. Дүниежүзіндегі және Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихынан алған мәліметтеріңізбен өзара ой бөлісіп, пікірталас ұйымдастырыңыздар.

Т А У-К Е Н І С І С А Л А С Ы

* * * * * *

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]