Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Дүниежүзі бойынша және Ресей мемлекетіндегі

тау-кен ісінің даму тарихы

Дүниежүзі бойынша адам баласының даму тарихы тау-кен ісімен байланысты: күрек пен қайла, балға – бірінші тау-кен ісінің құралдары осы уақытқа дейін тау-кен жұмыстарында қолданылады.

Жердің бетінен барлау жұмыстары жер қыртысына тереңдеген сайын әр жерлерде жаңа технологиялық және техникалық әдістер қолданыла бастады.

Таужыныстарын қопару үшін бірінші атылғыш зат ретінде XIV ғасырда Қытайда оқ дәрі жасалды. Басында оқ дәріні соғыста қолданды, кейін тау-кен саласында қопару жұмыстарында қолдана бастады.

XV ғасырда Европа елдері тау-кен ісінде, Ресейде профессор Зимин жасаған – динамит деген дәріні қолданды.

Оның патентін Нобель сатып алып 50 жыл бойы Европа елдеріне зауытта жасап сатып отырды.

XVIII ғасырда Америкада тау-кен ісі дами бастады.

XIX ғасырда Европа елдерінің қол астындағы Африка, Азия және Австралия мемлекеттерінде тау-кен өндірісі дами бастады.

Қазіргі заманның талабына сай жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруде табиғатты қорғау және жер бетін ежелгі қалпына келтіру мәселелері адамзат тіршілігі саласынан орасан зор орын алатындығы белгілі. Сондықтан, жер қойнауындағы әртүрлі пайдалы қазындыларды өндіру және байыту барысында олардың ысырапқа ұшырамауы көзделуге тиіс. Сонымен қатар, су көздерінің сарқылып қалмауы және олардың әр уақытта таза болуы да табиғат қорғау мәселесінен тиісті орын алулары қажет.

Ресей мемлекетіндегі 1890 жылдан 1900 жылға дейін тас көмірдің қазылуы 3,4 есе өсті. Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері, Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады.

Қара металлургия толық, тас көмір өндірісі және түсті металлургия кен байлықтары шет ел инвесторларының қолында болды. Олар капиталға шабуыл жасап отырды: өйткені мұнда ең арзан жұмыскерлер еңбегі болып барлық байлықты өздері алып отырды. Мұндай табысты бұлар өз елінде таба алмаған!

Петербург өндірістері және Ресей солтүстік-батыс райондары ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып алып тұрды, ал Ресейдің көмір орындары қазылмай жатты (өйткені, олар шет елден келгендерге керегі жоқ болды!).

Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында шет елдердің қол астында болды, олар кенді шет елдерге таси бастады.

1913 жылдың аяғында Донецк бассейнінде тек қана 68 үңгірлеу машиналары қолданылды, көмірді көбінесе қайла мен кетпен арқылы қазуға тура келді, қазу жұмыстары күрекпен істелді, тасымалдау жұмыстары – жылқы көлігімен тасылды.

Жұмыс уақыты 11 сағатқа жетті, ал еңбек ақы өте төмен, ал жұмыскерлердің тұратын жері өте нашар болды: жылынбайтын барактар мен сарайларда (мал қораларына ұқсас) жерлерде тұрды.

Сөздік:

дүниежүзілік – всемирный шойын – чугун

қыртыс – залежь қайла – кирка

даму – развитие әдістер – методы

тау-кен ісі – горное дело кетпен – мотыга; кетмень

балға – молоток күрек – лопата

қопару – подрывка; выворачивать тығыз байланысты – тесно связано

атылғыш зат – вещество взрывчатое

оқ-дәрі – боеприпасы; заряд; порох

тасымалдау – перевозка; транспортировка; перевозить

ұлғайту – расширить; увеличить; преувеличить

барлау жұмыстары– разведочные работы

299-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тау-кен ісінде ең алғаш қандай құралдар қолданылды? 2. Жердің бетінен барлау жұмыстары тереңдеген сайын қандай әдістерді қолдана бастады? 3. Тау жыныстарын қопару үшін атылғыш зат ретінде не жасалды? 4. Европа елдерінде тау-кен өндірісі қай кезеңнен бастап дамыды? 5. Пайдалы қазбаларды өндіруде не мәселе көзделуде? 6. Ұлы Октябрь революциясына дейін Ресей-Қазақстанда ғылым қалай дамыған? 7. XIX ғасырдың аяғында қандай кен орындары қазыла бастады? 8. Қара металлургия, тас көмір өндірісі, түсті металлургия кен байлықтары кімдердің қолдарында болды? 9. Жергілікті кен байлықтарын кімдер билеп тұрды? 10. Марганец кен байлықтары кімдердің қол астында болды? 11. XX ғасырдың басында көмірді немен қазып алып отырған?

300-тапсырма. Үлкен Жезқазғаннның құрылысынан қысқаша мәлімет алып, мәтіндегі есімше тұлғалы сөздердің астын сызыңыздар.

Үкен Жезқазған құрылысын бастауға, оны ұлғайтуға қарсы болған ұйымдардың бірі – түсті металдар Бас басқармасы (Главцветмет) болатын. Басты себеп ретінде Жезқазғанды Одақтың көлеміндегі магистральмен байланыстыратын темір жолдың жоқтығын алға тартқан. 1931 жылы бұл мәселе бойынша техникалық-экономикалық дайындық жұмыстарын жүргізіп, Үлкен Жезқазған құрылысы үшін ең тиімді жобаны салынып жатқан Қарағанды-Балқаш темір жолына қосу деп шешкен болатын. Темір жол құрылысы 1936 жылдан қалмай басталып, 1938 жылы алғашқы жұмыстары басталатын болған.

301-тапсырма. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Егер сөздер дауысты және үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса, онда: -лар, -лер жалғаулары жалғанады. Мысалы: қазба+лар, қазынды+лар, үй+лер.

302-тапсырма. Қазақстанда қандай түсті металдар шығарылады? Берілген қысқаша мәтінді басшылыққа алып, өз тараптарыңыздан толықтырып, пікір алмасыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]