Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Геологияның және жердің даму тарихы

Геология ерте кезден-ақ белгілі болды. Адамдар біздің эрамызға дейін де металл қорытып, минералдық суларды пайдалана білген. Табиғи құбылыстардың кейбір сырлары туралы сол кездің өзінде-ақ дұрыс тұжырымдар жасалынған. Тас ғасырында − адамдар Жер қойнауында тастардың белгілі бір сорттарын, қола ғасырында – мыс пен қалайыны, көмір ғасырында – темірді өндірген. Осы аталған материалдарды өндіру үшін адамдар жер қыртысының құрылысын, оның ерекшеліктерін мұқият зерттегені көрінеді.

Орта ғасырларда Шығыс ғалымдарының арасында прогрессивтік бағыттағы көзқарас қалыптаса бастайды, сол кездің өзінде-ақ, жер – уақыт өткен сайын өзгеріп, дамып отырады деп түсінген. Авицена «Ауырудан айықтыру» кітабында: «Қазіргі құрлық бір кездерде теңіз түбі болған, ал теңіз түбі бұрын құрлық болған, олардың дәлелі ретінде шөгінді тау жыныстарын мысалға келтіруге болады» – деп жазған. Аль-Бирунидің «Асыл тастарды анықтаушы мәліметтер жинағы» атты кітабында 100-ден аса минералдардың физикалық қасиеттері сипатталады. Бұл еңбек орта ғасырларда «минералогиялық сөздік ретінде» пайдаланылады.

Қайта өрлеу заманында геология жылдам қарқынмен дами бастайды. Бірақ, алғашқы ірі ғылыми тұжырымдар ХVIII ғасырдың екінші жартысында ғана жасалынды. Сондықтан болар, геологияның ғылым ретінде қалыптасуы ХVIII ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді.

Россияда геологиялық білімнің негізін қалаған – М.В.Ломоносов (1711-1765), ал Батыс Европада – Д.Геттон (1726-1729) мен Вернер (1750-1817) болды.

Қазіргі таңда жердің даму тарихы геологиялық кезеңге дейінгі, яғни планетааралық немесе ғарыштық және геологиялық даму сатысы болып екіге ажыратылады.

Геологиялық кезеңге дейінгі уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап Жер қыртыстарының құралуына дейінгі аралықты қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқылы зерттеп, білу мүмкін емес. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік – Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі көзқарастар негізінде қалыптасады.

Геологиялық даму сатысы – Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының қазіргі таңдағы күрделі құрамы, бедер пішіндері өзінің даму тарихында орасан көп геологиялық процестерге ұшырағанының айғағы екені сөзсіз. Сонымен, геологиялық уақытты анықтау дегеніміз – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, болмаса түзілген уақытын анықтау. Геологиялық уақытты анықтағанда, салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу (геохронология) әдістері пайдаланылады.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасы – олардың табиғи жағдайдағы бір-бірімен қарым-қатынасына, белгілі бір ортада алатын орнына қарай анықталады. Салыстырмалы жыл санау әдістеріне палеонтологиялық, сратиграфиялық, петрографиялық және тектоникалық жолдары жатады.

Сөздік:

қорыту – переваривание (пищи); плавка; расплавить

табиғат құбылыстары – явления природы

құрлық – суша; сухопутный

шөгінді – осадок; отложение

өрлеу – возвышаться; подниматься вверх; прогрессировать

қарқын – разбег; темп; размах; мощь; сила; энергия

тұжырым – заключение; резюме; формулировка; решение; вывод

кезең – время; пора; период; стадия; этап; момент

жер қыртысы – пласт почвы; земная кора; слой земли

бедер – шероховатый; шершавый

пішін – черты лица; фигура

ұшырау – встретиться; повстречать; натолкнуться; застать

айғақ – доказательство; свидетель; улика

құрау – скомбинировать; собрать; соединять

49-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Геология тарихы қай кезден бастау алады және оған қандай дәлелдемелер келтіруге болады? 2. Орта ғасырларда Шығыс ғалымдары жер туралы қандай пікірде болды? 3. Авиценаның «Аурудан айықтыру» кітабында жер туралы не деп жазылған? 4. Аль-Бирунидің қай еңбегінде минералдардың физикалық қасиеттері сипатталады? 5. Бұл еңбек орта ғасырларда не ретінде пайдаланылды? 6. Геологиялық алғашқы ірі ғылыми тұжырымдар қай кезде жасалынды? 7. Геологияның ғылым ретінде қалыптасуы қай уақыттан деп есептелінеді? 8. Ресейдегі және Батыс Европадағы геологиялық білімнің негізін қалаушылар деп кімдерді атай аласыздар?

50-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін үш жақта жекеше және көпше түрде тәуелдеңіздер.

Жұмыс, өмір, қызмет, еңбек, балалық шақ, ғарышкер, техника саласының маманы, ақ халатты абзал жан, еңбек ардегері.

51-тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып, сұраулы сөйлемдердің неше жолмен жасалатынын түсіндіріңіздер.

Жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, оқулық курсы болып саналады. Жалпы геология курсының негізі – динамикалық геология болғанымен, бұл курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары мен түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер қыртысы жөніндегі ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастырылады. Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан бастап қалыптасады.

52-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестеріне меншіктік форма тудыратын жұрнақтарды қосып жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. Тәуелдік жалғаулар мен тәуелдену ұғымын тудыратын жұрнақтардың қызметін түсіндіріңіздер.

Геологтар, зерттеуші ғалымдар, мемлекет, мектеп оқушылары, шахтерлар, университет кітапханасы, біздің еліміз, Қазақстан халқы, құрылысшылар, студенттер.

53-тапсырма. Геолог мамандығын неге таңдадыңыздар? Шағын мәтін құрастырыңыздар.

54-тапсырма. Геологиялық барлаудың даму жолдарымен танысып, сабақ барысында өзара пікір алмасыңыздар.

3-апта. 5-тәжірибелік сабақ

66-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ САЛАСЫ

* * * * * *

Мұнай мен газ көздерінің пайда болуы

Мұнай – грек халқының “Нафта” деген сөзінен шыққан. “Нафта” жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ көздерінің терең орналасқан қабаттарымен байланысты екені белгілі. Бірақ бұл жағдай алғашқы кездерде адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарда жер қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын “қара май” немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда “құдірет күші” деп танылды.

Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалана білген.

Плутарх “Александрдың өмірі туралы” шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірелеп жазған.

Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендірді (пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.

Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулап алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі-дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағаш пен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.

Түстік Америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталған.

Сондай-ақ, мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай зор күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікменстан, Қазақстан, Шығыс Мексика, Қытай, т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.

67-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, пысықтаңыздар.

1. Мұнай сөзі қалай пайда болған? 2. Алғашқы кездерде адам баласы жұмбақ құбылыстарды қалай ашқан? 3. Жаратылыс құбылыстарын халық қалай қабылдады? 4. Плутарх не туралы жазды? 5. Ерте дәуірлерде мұнайды, газды қалай және не үшін пайдаланған? 6. Кендірден не істеген? 7. Жауға қарсы қолданған әрекеттерін қалай атаған? 8. Француздар мұнайды не үшін пайдаланған? 9. Тағы қай жерлерде мұнай мен газдың көптеген көздері анықталған? 10. Мұнай мен газ бұлақтары қай жерлерден табылған, ол бізге не арқылы мәлім?

68-тапсырма. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған қара май, құдірет күші, көгілдір отын тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

*** Білгенге маржан!!! Біліп алыңыздар!

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы № 7 ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадан өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Бір ғасырлық тамаша тарих, міне, осыдан бастау алады.

69-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ерте дәуірде, жер қойнауы, құбылыс, құдықтардың мұнайы, құдірет күші, жаратылыс, терең орналасқан, мұнай және газ көздері, қалдық, тау жыныстары, көгілдір жалын.

70-тапсырма. Көп нүктелердің орнына мақсатты келер шақтың тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жезқазған комбинатының құрылысы да тез қарқынмен салынып жатыр, оның бірінші кезегі бір-екі жылдан кейін-ақ пайдалануға беріл... . Өзінің көлемі мен қуаты жөнінен бұл комбинат Одақта бірінші орын ал... . Қияқты көмір кені Қазақстанның Қарағандыдан кейінгі екінші көмір бассейніне айнал... . Жезқазған Қазақстанның, бүкіл Совет Одағының өте ірі индустриялы орталығына айнал... .

71-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңіздер.

Кім болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар Ұлағатты атанған

Кенші болғым келеді. Ұстаз болғым келеді.

Достық сәлем апарар Алар озып бәйгені

Елші болғым келеді. Малшы болғым келеді.

Темір жонар екпінді, Жеткен жыры ғаламға

Токарь болғым келеді. Ақын болғым келеді.

Жолда өткізер көр күнді Ғарышқа ұшқан ағамдай

Шофер болғым келеді. Көкке жеткім келеді.

Елім үшін аянбай

Еңбек еткім келеді.

( М. Құрманалин)

72-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын әртүрлі мысалдармен бір-біріңізге түсіндіріңіздер.

Кен орындары, мұнай алаңдары, барлау жұмыстары, игеру жобалары, кешенді ұйымдастыру, мұнай-газ кеніштері, негізгі қор.

73-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліндегі баламасымен салыстырып, олардың сөздігін жасаңыздар.

Игерулік барлау кенді ұқсату кезінде жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының сатысы. Иірімдердің құрылысы, таралу мөлшері, ішкі құрылысы, мұнайдың, газдың құрамы, физика-химиялық қасиеттері жөнінде нақты барлау кезінде алынған деректерді дәлелдейді.

Эксплуатационная разведка стадия геолого-разведочных работ, проводимых в процессе разработки месторождения. Уточняет полученные при детальной разведке данные о строении, контурах распространения, внутреннем строении залежей, состава, физико-химических свойсвах нефти, газа.

74-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын әртүрлі мысалдармен түсіндіріңіздер.

Халық шаруашылығы, шикізат қоры, экономикалық тиімділігі, геологиялық ұйымдар, кенорындары, геологиялық карта, жер қойнауы, жоғарғы қабат, қамтамасыз ету.

Әдістемелік ұсыныс: Мұнай мен газ кендерінің өндірістік маңызын анықтау, оны үнемді пайдалану, кеннің ашылу мерзімінен бастап игеру үрдістерімен танысу және олардың түсіндірме сөздігін жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. «Нафта» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

2. Ерте дәуірлерде адам баласы мұнайды қалай пайдаланған?

3. «Грек оты» қай елде, не үшін қолданылды?

4-апта. 7-тәжірибелік сабақ

93-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]