Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Экология ғылымы және оның құрылымы

Экология – адамзат пен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін пәнаралық ғылымға айналды. Ғылыми техникалық прогрестің дамуына орай айналадағы қоршаған орта үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Мұның өзі барлық тіршілік иелеріне әсер ететін қолайсыз факторлар мен ортаның ластануымен және табиғи ресурстардың сарқыла бастауымен тікелей байланысты.

Қоршаған ортаның ластануы адамзат өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бүкіл табиғат ресурстарына елеулі нұқсан келтіріп отыр. Экологиялық білім беру күн сайын өзекті мәселеге айналып отыр.

Экология – тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, организмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым.

Экология – биология ғылымының бір саласы. Негізінде экологиялық зерттеулер XIX ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Э. Геккель енгізді (1966). Экология дегеніміз – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым.

Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір адамзат – қоғам – табиғат арасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі әлемдік өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін жиынтық ғылымға айналды. Табиғат ресурстарының сарқылуы шикізат, азық-түлік проблемасын туғызды. Алып техникалар, ірі өнеркәсіптердің іске қосылуы, ғарышты игеру, соғыс техникаларының көбейе түсуі табиғатқа бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді. Ең бастысы – экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістерді, құбылыстарды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейді.

Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

I кезең. XVII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың соңында биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы.

II кезең. XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарында экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы.

III кезең. Экология ғылымының өрлеуі. Қазіргі заманғы экология әлеуметтік, экономикалық жағдайлар мен мәселелерді қамтитын деңгейге жетіп отыр.

Сөздік

елеулі – особый өнеркәсіп – промышленность

пәнаралық – межпредметный шикізат – сырье

өзгеріс – изменение әлемдік – мировой

ғарыш – космос сала – отрасль

өзекті – актуальный адамзат – человечество

359-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Экология ғылымы нені зерттейді? 2. Экологияның басқа ғылымдармен қандай байланысы бар? 3. Экология терминін ғылымға алғаш рет қай елдің ғалымы енгізді? 4. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері туралы не білесіздер?5. Экология ғылымының қандай салалары бар?

360-тапсырма. Мәтінді оқығаннан кейін экология туралы қандай мәліметтер алдыңыздар, баяндап беріңіздер.

361-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Экология туралы не білеміз?

Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология – гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді.

Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде (1866 ж.) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді. Э.Геккельдің экология ғылымына қосқан үлесінен кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері қарастырылған. Ежелден тек тірі ағзаларға қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кеңейте отырып, биосфера ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кеменді ғылымға айналды. Экология ғылымдары жоғары деңгейге көтеріле түсті.

362-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. экология 5. қазіргі жағдайы

2. биологияға қатысы 6. жаңалықтар

3. ашқан ғалым 7. жазылған еңбектер

4. зерттеу объектісі 8.мемлекет

363-тапсырма. «Қоршаған ортаның жағдайы, адамның тұрмыс-салты мен денсаулығы» атты тақырыпта эссе жазыңыздар.

364-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бар ғаламда, табиғи су, шикізат алу, тірі табиғат, экология әдістері, суды ластау, улы қалдық, мұнай өндіру, ауаны ластау, маңызды құрал, зиянды зат, өндірістік қалдық.

365-тапсырма. Тұратын жерлеріңіздегі үлкен және кіші өзендер мен көлдердің қалай ағатыны, суының тазалығы мен сапасы туралы ой бөлісіңіздер.

366-тапсырма. «Экологияның адам өмірінде алатын орны» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]