Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Түсті металдардың техникалық классификациясы:

1. Ауыр металдар. 2. Жеңіл металдар. 3. Шашыранды металдар. 4. Баяу балқитын металдар. 5. Сирек жер металдары. 6. Радиоактивті металдар. 7. Асыл металдар.

9-тапсырма. Түсті металдардың топтастырылуын меңгеріп, есте сақтаңыздар. Олар туралы өздеріңіз білетін мәліметтерді қосып, мазмұндаңыздар.

Сирек кездесетін шашыранды металдардың (германий, галлий, индий, таллий, селен, теллур) басқа металдарға қарағанда ерекшелігі – олардың табиғатта шашыранды түрінде кездесетіндігі және кен орындарының жоқтығы. Сондықтан оларды өндіру күрделі жұмыс. Яғни бұл металдарды шикізаттардан алдын ала байыту керек. Сондықтан олар полиметалдық концентраттарды өңдегенде, ерітіндіде, қалдықта және шаңда жиналады.

Ал сирек кездесетін баяу балқитын металдардың (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, цирконий) табиғатта өздерінің минералдары мен кен орындары бар. Олардың рудаларын байыту арқылы концентраттарын алып, содан соң металдарды өндіреді.

Сөздік:

шашыранды – брызги байыту – обогащать; обогащение өңдеу – обработка; обрабатывать ерітінді – раствор

қалдық – остаток; излишек; отход өндіру – производить; вырабатывать

10-тапсырма. Пирометаллургия, гидрометаллургия процестері туралы берілген түсініктемені оқып, меңгеріп, ауызша айтып беріңіздер.

Материалдарды қыздыру мен балқыту аса жоғары температуралық пештерде жүргізілетін процестерді пирометаллургиялық (көне грек сөзі «пир» – от деген мағынаны білдіреді); ал су ерітінділеріндегі процестерді гидрометаллургиялық («гидро» – су деген мағынада) деп атайды.

Гидрометаллургиялық процестер суда, ерітінділерде, қышқылды, сілтілі немесе тұзды орталарда 1000 температурадан төмен жағдайда жүзеге асырылады. Қазіргі кезде аппараттарда жоғары температура мен қысымның күшімен жүргізілетін гидрометаллургиялық процестер кең өріс алып отыр. Оны - автоклавтық әдіс деп атайды.

Түсті металлургияда металдарды алу пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестер комбинациясынан тұратын аса күрделі технологиялық схемалар арқылы жүзеге асырылады.

Сөздік:

балқыту – литье; расплавить сілті – щелочь

қысым – давление; напор; натиск қыздыру – нагревать; греть

жүзеге асыру – осуществить; претворить в жизнь

11-тапсырма. Төле би атынан айтылған толғаудағы шартты райда тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Т о л ғ а у

Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Балаң жақсы болса,

Басшысы болмаса, ел жетім. Жан мен тәннің шырағы.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім ... Әйелің жақсы болса,

Атың жақсы болса, Бірінші – иманың,

Ер жігіттің пырағы. Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы ...

(Төле би)

12-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен қалау рай формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тыңдау, сауатын ашу, шешен болу, көзге түсу, шақыру, кеңесші болу, көріну, тығыз байланысу, сақталу, суреттеу, білімді болу.

13-тапсырма. Металдардың қасиеттерінен мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

Металдың ортақ қасиеттері: олардың атом қауыздарының электрондық металдарды өңдеген кезде, олардың физикалық-химиялық қасиеттері анықталады. Металдардың физикалық қасиеттеріне – жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, металдың тығыздығы, қаттылығы, жылтырлығы жатады. Олардың ең қаттысы – хром, онымен әйнек кеседі. Ең жұмсағы – калий, рубидий, цезий. Серпімділік, қаттылық, балқу температурасы, металдық байланыстың мықтылығына байланысты.

Металдардың химиялық қасиеттеріне – олардың қоршаған орта есебінен (қышқыл, сілті, су, ылғал, ауа, газ, жоғары температура т.б.), қарсыласу қабілеті жатады. Металдар әртүрлі орта әсеріне бірдей төзімділік көрсетпейді.

Мысалы, ауадағы оттегі мен ылғалдың әсерінен коррозияға ұшырайды; болат пен шойын тоттанады, қоланың бетін жасыл түсті мыстың тотығы басады. Болатты ашық отта қыздырса, оның бетінде қақ пайда болады, ал күкірт қышқылына салса, ол ериді. Алтын, күміс, платина суда жоғары төзімділік көрсетеді.

Әдістемелік ұсыныс: Қазіргі кезде металлургия өнеркәсібіндегі металдар мен құймалардың өндіру тәсілдерін басшылыққа алып, интернет материалдарын пайдаланып, презентация дайындау, өткізу.

Бақылау сұрақтары:

1. Металлургия адамзатқа қай уақыттан бері белгілі болған?

2. Металлургия ғылымының бүгінгі жетістіктері қандай?

3. Д.И.Менделеевтің ашқан жаңалықтары және металлургия ғылымына

қосқан үлесі.

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

14-тапсырма. Қазақстандағы металлургияның даму тарихын ғылыми әдебиеттердің негізінде толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазақстандағы металлургияның дамуы

Қазақстан жерінде миллиондаған жылдар бұрын адамдардың пайда болғанына археологиялық қазбалардан табылған, көптеген палеолиттік құралдар дәлел болады. Мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салған суреттері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.

Жетісудан 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырақай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған. Қабырғадағы суреттердің мұражайында бірнеше тарихи кезең бейнеленген. Ертедегі түркі дәуірінің қола ғасырына жататын 4000-ға жуық суреттер табылған, мысалы: күнбасты құдайлар бейнесі, аңшылықтың көріністері, діни құрбандыққа шалу көріністері, адам және жануарлар салынған композициялар.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, найза мен жебелер, білезік, моншақ, басқада әшекей бұйымдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданған.

Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру мен өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді.

Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл және қоңыр темір, тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын рудаларды жақсы білген. Бұл Қарқаралы қаласына жақын Суық бұлақ қоныс жұртын қазу кезінде табылған, оны темір рудасының үйіндісіне қарап білуге болады.

Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен ісі мен руданы алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері әсіресе, қола құю ісінде елеулі табыстарға жеткен.

1969 жылы Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерінің барлық киімдері алтынмен қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін төрт мың алтын алқа қадалған. Мұны «Алтын адам» деп атайды. Ол сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы, мәдениеті қандай болғанын көрсетеді.

Сөздік:

құралдар – орудие; инструменты тұрмыста – бытие; бытовые

мекендер – местонахождение орда – центр; очаг

молалар – могила; кладбище балта – топор

темірді құю – литье железы қапталған – покрытий

діни құрбандыққа шалу – зарезать в качстве жертвы

15-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстанда миллиондаған жылдар бұрын адамдардың өмір сүргеніне не дәлел болады? 2. Қола дәуірінде тасқа салынған суреттер бүгінгі күні сақталған ба? 3. Тамғалы жерінен не табылған? 4. Қабырға суреттері мұражайындағы тарихи кезең қанша уақытты бейнелейді? 5. Андронов дәуіріндегі адамдар нені жақсы білген? 6. Б.э.д. I мың жылдықтың орта шенінде не болған? 7. Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары нені жақсы білген? 8. Ежелгі Қазақстанда нені өндіру басым болған? «Алтын адам» туралы не білесіздер?

16-тапсырма. Металлургия деген не, ол қашан пайда болды, одан не алынады? деген сұрақтарды топ болып сабақ барысында талқылаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]