Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Экономиканың түрлері

Экономиканың екі түрі бар: біріншісі – позитивтік (оң) экономика. Ол объективтік немесе ғылыми жолдарды іздейді. Позитивтік экономиканың талас мәселелері аз деуге болады. Мысалы, экономистердің көбі мынаған келіседі – егер үкімет кейбір тауарларға салық салатын болса, оның бағасы өседі; ақша қоры жылдам және тұрақты өсетін болса, ол тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне әкеледі. Екіншісі – нормативті экономика. Ол субъективтік, жеке (дербес) баға беру жұмысымен байланысты. Экономиканың біріншісі – бар немесе болуы мүмкін принципі мен байланыста болса, екіншісі – болу керек деген бағалаумен байланысты.

Әміршілік экономика. Экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұндағы материалдық ресурстар – мемлекеттік ресурстарды құрайды, ал экономикалық қызметін бағыттау мен үйлестіру – орталық жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Әмірлік экономикада өндіру мен тұтыну, «не», «қалай» және «кім үшін» өндіру жайлы барлық шешімдерді мемлекет қабылдайды.

Ашық нарықтық экономика. Осы экономикалық жүйеде, елдің тауарлар мен қызметтер экспорты мен импорты жүзеге асырылады. Сондай-ақ, басқа елдермен де қаржы мәселесі арқылы байланысады. Ашық нарықтық экономикада кәсіпорындар мен үй шаруашылығын жүргізушілер ресурс туралы барлық шешімдерді мемлекет кіріспейтін өзара әрекеттестік процесінде қабылдайды. Нарықтық экономикада ресурстарды пайдалану туралы шешімдерді нарық қабылдайды. Осындай экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Ашық, еркін нарықтық экономикада баға тек қана «не» және «қалай» өндірілетін деген мәселелерді анықтамай, оған қоса «кім үшін» деген шешімді де ашады.

Аралас экономика. Аралас экономика жүйесінде мемлекет те, жекеменшік сектор да тұтас қоғам алдында қойылған «не» , «қалай» және «кім үшін» сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйелері аралас болып саналады, бірақ бір елде экономика жүйелері аралас болып саналады, бірақ екінші бір елде экономика әміршілік жағына, ал кейбір елдерде нарықтық жағына сүйенеді. Қандай экономиканы алмасақ та, мемлекет макроэкономикалық мәселелерді шешуге тиіс.

184-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өзгеру, даму, қолдау, қызмет ету, орындау, өсу, күрделену.

185-тапсырма. Мамандыққа байланысты берілген термин сөздердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Экономика – 1. Қоғамның белгілі бір дәуіріндегі өндіргіш күштерге сай келетін өндірістік қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі. Қоғамның экономикалық құрылысы. 2. Шаруашылықтың белгілі бір саласының ұйымдастырылуы, құрылымы, жағдайы. 3. Өндірістің, шаруашылықтың белгілі бір саласын зерттейтін ғылым.

Экономикалық интеграция – елдердің экономикасын сапалы, жоспарлы түрдек жақындастыру процесі және халық шаруашылығының заманауи талаптарына сай келетін, тиімділігі жоғары құрылымдарды қалыптастыру, экономикалық даму дәрежесін теңестіру, экономиканың, ғылымның, техниканың негізгі салаларында терең әрі тұрақты байланыс жасау, сондай-ақ бұл елдердің халықаралық рыногін ұлғайту, тауар-ақша қатынастарын жетілдіру, жоспарлы түрде іске асыру.

Нарықтық экономика – нарықпен қатар, тауарлар мен қызметтерді өндіру өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын біріктіретін экономика.

Өндіріс – тұтынуға қажетті материалдың игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.

Өнім – белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, шаруашылық саласында, кәсіпорында, жеке қызметттер өндірген өнімдердің бүкіл көлемі

Өндіруші – пайда алу мақсатымен тауар дайындайтын немесе қызмет ұсынатын кәсіпорын.

Негізгі қорлар – кәсіпорындардың өндіріс құралы мен еңбек құрал-жабдықтары.

Акционер – акцияның меншiк иесi болып табылатын адам.

Акционерлiк қоғам – өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.

Әдістемелік ұсыныс: Экономика саласы бойынша берілген материалды және өндіріс пен оның ерекше формаларын, меншікті иемдену заңдарын, экономиканың түрлерін, салалық терминдерді меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Бастапқы экономикалық ілім ретінде қай ілімді атайсыздар?

2. Экономика қандай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады?

3. Маржинализм өкілдері қандай теорияны ұсынды?

4. «Экономия» терминін алғаш ұсынған кім және экономиканың қандай

түрлері бар?

П О Л И Г Р А Ф И Я Ө Н Д І Р І С І

* * * * * *

Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қолөнер үлгісіндегі бірнеше баспа бөліктері пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Орда, Семей қалаларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен жүргізілетін «Американка», «Аугс-бург» сияқты ескі машиналар пайдаланылды.

Мәскеу полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полиграфиялық жабдықтар жібере бастады. Бұлар Қазақ АССР-ның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласының баспаханаларына орналастырылды. Оларың қуаты 6 млн. басылым беттен аспады.

1924-1932 жылдар аралығында республиканың полиграфиялық базасы едәуір ұлғайды. Оның қуаты жылына 8 млн. басылым бет болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 10-12 млн-ға жетті.

Республика полиграфиясының техникалық базасы соғыстан кейінгі кезеңде одан әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа сол жылдары Алматыда полиграфия комбинаты құрылды. Оның жалпы қуаты 160 млн. басылым бет еді.

1967 жылы ҚазССР Министрлер Советінің «Республикада полиграфия өнеркәсібі мен кітап басу ісінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары туралы» Қаулысының маңызы зор болды.

1973 жылдың аяғында Алматыда кітап фабрикасы пайдалануға берілді. Республи-калық полиграфия кәсіпорындары базасында Алматыда «Кітап» өндірістік бірлестігі құрылды. Оған кітап фабрикасы, Алматы полиграфиялық комбинаты, билет-бланк және оперативті баспахана, дәптер баспаханалары кірді.

1977 жылы арнайы мамандырылған Алматы полиграфиялық училищесі тұңғыш рет оқушылар қабылдады.

Бұл кәсіпорында полиграфист Социолистік Еңбек Ері С. Умиров, Ленин ордені әріп теру цехының аға шебері И.С. Молчанов, офистік цехтың фотографы г.г. Шемонаев, баспагер С.И. Губкин т.б. өндіріс жаңашылдарын атап айту керек.

Полиграфия кәсіпорындарында 70-жылдардың аяқ кезінде 7000-нан астам қызметкерлер мен қызметшілер еңбек етті.

195-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

баспахана – типография орналастырылды – установлены

өлеңдер жинақтары – сборники песен кітап басу ісі – печатное дело

басылып шықты – отпечатано, выпущено қуат – сила, мощь

үйрету – учить құрылды организован

зерттеулер – исследования тұңғыш рет – впервые

қолөнері – прикладное искусство қабылдады – приняли

баспа – издательство баспагер – издатель

196-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ХХ ғасырдың бас кезінде қандай үлгідегі баспа бөліктері пайда бола

бастады? 2. Қазақ ел індегі қай қалаларда шағын баспаханалар ұйымдастырылды? 3. Ол баспаханаларда қандай машиналар пайдаланылды?

4. Мәскеу полиграфистері қандай көмек көрсетті? 5. Республиканың полиграфиялық базасының едәуір ұлғайуы деп қай жылдарды атауға болады? 6. Алматы полиграфия комбинаты қай жылдары құрылды? 7. 1967 жылы ҚазССР Министрлер Советі қандай қаулы шығарды.? 8. Алматыдағы кітап фабрикасы пайдалануға қай жылы берілді? 9. Алматыдағы Республикалық полиграфия кәсіпорындары базасында қандай бірлестік құрылды? Оған қандай фабрика, комбинат, баспаханалар, кірді? 10. Арнайы мамандырылған полиграфиялық училищесі қайда, қашан ашылды? 11. Ол кәсіпорында қандай адамдар еңбек етті?

197-тапсырма. Төмендегі сөздерді септеңіздер.

Полиграфия, баспа, жабдық, кәсіпорын, өндіріс, қызметкер.

198-тапсырма. Мамандыққа қатысты сөз тіркестерінің мағынасын меңгеріп, аудармасын есте сақтаңыздар.

басылым бет – печатный лист, печатная страница

полиграфиялық өнеркәсіп – полиграфические предприятия

полиграфиялық комбинат – полиграфический комбинат

полиграфиялық кәсіпорындары – полиграфические производства

полиграфиялық жабдықтар – полиграфические оборудования

нығайту шаралары – мероприятия по укреплению

қаулысының маңызы – значение постановления

пайдалануға берілді – сдан для использования (для эксплуатации)

өндірістік бірлестік – производственное объединение

полиграфиялық училище – полиграфическое училище

199-тапсырма. Полиграфия туралы мәліметпен танысып, сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Қазақ тіліне тән дыбыстардың сауатты оқылуын қадағалаңыздар.

Полиграфия деген сөздің төркіні гректің poIygraphia (poIys – көп, grfpho) – жазамын) дегенде жатыр Бұл сөз орыс тіліне ХУШ ғасырда Франциядан келіп кірген.

Баспахана ісінің тарихы көптеген ғасырларға созылады. Алғашқы қолөнер полиграфия кәсіпорындары ІХ ғасырда пайда болды. Ол кезде алғаш тақтайға ойып салған формалардан қағазға басатын. Кейіннен балшықтан, көрікте күйдірілген қоладан, ең ақырында, әр түрлі металдардың қосындысынан жасалған литерлер пайда болды.

«Гутенбергтің заманында шрифтерді сақтау үшін жәшіктер және ағаштан жасалған қарапайым баспа станоктары қолданылды. Мұндай станоктардан сағатына 100 басылым көшірме алуға болатын еді.

Ресейде «Печатный двор» деп аталатын алғашқы баспахана Москвада 1563 жылы ашылды. Оны орыстың алғашқы баспагері Иван Федоров басқарды.

Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысының басталар алдында 5000-ға жуық әр түрлі полиграфия кәсіпорындары бар болатын.

200-тапсырма. Төмендегі берілген қысқаша мәтіннен қандай мәлімет алдыңыздар, оған не қосасыздар? Өзара ой бөлісіп, талқылаңыздар.

Соңғы он жылдықта мәтінді компьютерде теру барынша даму үстінде және компьютердің мүмкіндіктері мен тамаша жетістіктері молая түсуде. Компьютердің көмегі арқылы текстік диапозитивтерді тек шығыңқы және ойыңқы басу әдістерінде ғана емес, сондай-ақ бірсыпыра жағдайда да қолдануға алып келіп отыр.

Фототеру автоматтарында мәтіндер мен суреттердің фотоформалары шығарылады. Егерде пленка мөлдір емес негізді (маселен, фото қағазда) жасалынса, оны позитив деп атайды. Ал, мөлдір негіздіде (фотопленкада) жасалынса – диапозитив делінеді.

Түсті репродукцияның ең қарапайым түрі – екі бояулы репродукция –

д у п л е к с деп аталады.

201-тапсырма. Мамандыққа байланысты берілген терминдердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Авантитулкітаптың титулының алдыңғы беті. Онда мәтін немесе сурет болады.

Қағаз табақшасының бөлшегі – қағаз табақшасының көлемін белгілі бір санға (әдетте 8, 16, 32, 64) бөлу. Баспа табақтағы беттің саны қағаз табақшасының бөлшегіне тең келеді. Мұның өзі әр басылымның форматы қандай екеніне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Колонтитул – шығарманың негізгі атын немесе оның бір бөлімінің, тарауының атын, сондай-ақ беттің кезекті нөмірін көрсететін жазулар жиынтығы. Әдетте кітап бетінің жоғарғы жағынан беріледі.

Конгрев – қағазға, картонға түптеме кездемелерге ешқандай бояудың көмегінсіз-ақ, қысымның күшімен бедерлі бейне түсіретін басылым.

Полиграфиядағы өлшем жүйесі – баспаханалық материалдарды, шрифтерді, мәтін, бағаналарының енін, терілімнің форматын тағы басқаларын өлшеу үшін қолданылатын ерекше өлшем бірлігі. Ондай өлшем бірлігін баспаханалых өлшем жүйесі немесе типометриялық жүйе деп атайды.

Шрифтердің индексациясы – шрифтің кегілінің, жуандығының, көлбеулігінің, қаралығының тағы басқа сипаттарының шартты түрде қысқаша белгіленуі.

Ин-фолио – баспа табақтың, жартысы ½ мөлшеріндеге кітап форматы.

Интерлиньяж – терілім жолдарының арасындағы қашықтық.

Каптал – кітаптың мұқабасының немесе блоктың үстіңгі жағының түсіне ұқсас жібек немесе мақта-мата кездемесінен жасалған жіңішке лента. Ол мұқабаның түптеуі мен блоктың үстіндегі бетінің екі арсына бекітіледі. Кез келген кітаптың жалпы безендірілуінің қосымша бір түрі болып табылады.

Басылым көшірмесі – гранкадан, беттен, клишеден байқап көру үшін алынған із таңба.

202-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрастырыңыздар.

Полиграфиялық бысылым, басылымдардың түп нұсқалары, редакциялық дайындық, полиграфиялық құрал, мәтіндік түпнұсқа, позитив, диапозитив, боямалылығы, техникалық орындалуы, репродукциялау тәсілі, аралас, фототеру автоматтары, техникалық ережелер, қолжазбалар, суреттік түпнұсқалар, сарапталады, штрихты түпнұсқалар, реңді түпнұсқалар, мөлдір материал, компьютерде теру.

203-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын есте сақтаңыздар. Баспагер туралы өз ойларыңызбен бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

Баспагер болғың келе ме?

Оқу, жазу, сызу бар жерде баспа саласы да бола бермек. Ал баспагер мамандығы ұқыптылықты, тиянақтылықты қажет етеді. Қазіргі кезде мұнай өндіру саласы әлемде бірінші орында болса, ал баспа саласы үшінші орында. Сол себепті баспагер мамандығы – әрдайым алдыңғы қатарда тұратын мамандық. Өйткені бұл қажеттілік адам өмір сүрген бар уақытта оны қанағаттандыруды талап етеді. Саналы ағза бар жерде міндетті түрде кітаптар оқылады да, жазылады да. Ал оқу мен жазуға сұраныс бар жерде баспа саласының да тоқтамайтыны ақиқат.

204-тапсырма. Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқаларынан мәлімет алып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары. Редакциялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және полиграфиялық құралдармен өндірілуге жататын түпнұсқалардың бәрі баспалық деп аталады. Олар мазмұндары, көлемдері, боямалылығы және техникалық орындалуы жағынан әр түрлі болып келеді. Бұлардың

репродукциялау тәсілін таңдап алуда (экономикалық сипатты факторларды есептемегенде) шешуші маңызы бар.

Түпнұсқалар ең алдымен мәтіндік, суреттік және аралас болып бөлінеді.

Мәтіндік түпнұсқа көбінесе техникалық ережелері (стандартты мөлшерлі қағаз парағының бір жағына екі сырғылтпалы етіп басу, мәтіндік жолда белгілі таңбалар санын сақтау, сондай-ақ жан-жағының тиесілі ашық орын қалдыру, т.т.) сақталып, компьютерде басылған қолжазбалар болып келеді.

Суреттік көркемдеу түпнұсқалары – барынша түрлі-түрлі топты болып келеді және әр түрлі белгілерімен сарапталады.

Олар кескіндерінің сипатына қарай штрихты және реңді түпнұсқалар болып бөлінеді. Штрихтыларға кескіндері сызықтрмен (штрих), берілетін түрлі-түсті суреттер бірдей түсті болып келетін (мысалы: чертеждер, қаламұшпен салынған суреттер т.т.) түпнұсқалар жатады. Реңді (тоновые) – кескіндерінің элементтері бірдей ақтан қоңырға қарай біртіндеп ауысып (фотография, акварель, бояу қарындашпен салған сурет т.т.) отыратын түпнұсқалар. Әлгі екуінің элементтері де аралас түпнұсқаларда кездеседі.

Штрихты түпнұсқалар да, реңді түпнұсқалар да бір немесе бірнеше түсті болуы ықтимал.

Түпнұсқаларды өңдеу технологиясы мен таралымды басу тәсілін таңдап алуды қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі – түпнұсқаның орындалу техникасы мен оның материалы болып табылады. Оның негізі мөлдір (калька, балауыз т.т.) материал болуы ықтимал.

Сөздік

түпнұсқа – оригинал түрлі белгілер – разные знаки

дайындық – подготовка аралас – смешанный

кескін – изображение түс – цвет

мәтін – текст өңдеу – обработка

көркемдеу – иллюстрация таңба, белгі – знак

205-тапсырма. Түпнұсқалардың үш тобына берілген терминдердің мағынасын түсініп, ауызша айтып беріңіздер.

Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:

1. Авторлық түпнұсқа – автордың дайындап баспаға өткізген нұсқасы баспалық түпнұсқа – баспа-редакциялық өңдеуден өткен, баспаның жауапты қызметкерлерінің қолы қойылып, теруге жіберілген түпнұсқа;

2. Түпнұсқа макеті – бұл әрбір беті болашақ басылымның әр бетіне сәйкес келетін баспалық табақ. Түпнұсқа макетіне қол қойып теруге және басуға баспаханаға жібереді;

3. Репродукцияланатын түпнұсқа макеті – фотоформаларды немесе басу формасын фотомеханикалық әдіспен не сканерлеп дайындауға арналған түпнұсқа.

Түпнұсқаларды классификациялау:

1. жартылай тонды немесе штрихты түпнұсқалар;

2. мөлдір немесе мөлдір емес;

3. ақ-қара немесе түрлі түсті түпнұсқа.

Әдістемелік ұсыныс: Полиграфияның даму тарихын толық меңгеру үшін, осы саладағы әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді оқып, меңгеру. Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқаларын, полиграфия мамандығына байланысты терминдерді меңгеріп, жазбаша тіл дағдысын қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы.

2. Баспахана ісінің даму тарихы.

3. Салалық терминдермен жұмыс.

С а б а қ қ а қ о с ы м ш а

206-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, Қазақстанның баспалары туралы түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы

Қазақстанда кітап шығару ісі 1918 жылдан басталады. 1918 жылдың қазан айында Орда қаласында баспа бөлімі құрылып, онда қазақ және орыс тілдерінде газеттер, қазақша журнал, парақшалар, кітапшалар, үндеулер басылып тұрған.

Қазақ АССР-інің Орталық Атқару Комитеті 1920 жылдың 3-қарашасында «Қазақтың мемлекеттік баспасын құру туралы Декрет» қабылдады. 1922 жылдары Қазақстанда 29 баспахана жұмыс істеді.

1931 жылы Қазақстандағы баспа ісін қайта құру туралы қаулы қабылданды. Бұл қаулы бойынша Қазақтың мемлекеттік баспасы (ҚазГосиздат) құрылды. Ол елдегі қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтып саяси әдебиеттер шығарған орталық баспаға айналып, жергілікті жерлерде өзінінің бөлімдерін құрды. Бұл баспаның аты кейіннен «Қазақстан» болып өзгерді. «Қазақстан» баспасы 1991 жылы өзінің 60 жылдық торқалы тойын атап өтті.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылымдар Академиясының баспасы құрылды. Бұл – қазіргі ғылымның түрлі саласындағы зерттеу еңбектерін шығарып жүрген «Ғылым» баспасының түп негізі.

1971 жылы Қазақтың оқу-педагогикалық баспасы (ҚазОГИЗ) құрылды. Кейіннен бұл баспаның аты көп жылдар «Мектеп» болып тұрды да, 1990 жылдан бастап «Рауан» болып өзгерді. Бұл баспа еліміздің мектептерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіп келеді. Қазір қайта «Мектеп» деп аталады.

1950 жылдан бері Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы (Қазмемкөркемәдеббас) поэзиялық, прозалық, әдеби сын, драматургиялық, сатиралық, фантастикалық кітаптарды жарыққа шығара бастады. Кейінірек оның аты «Жазушы» болып өзгерді.

1968 жылы Қазақ Кеңес энциклопедиясы Бас редакциясының баспасы құрылды. Оның Бас редакторы болып әр жылдары академик М.Қ, Қаратаев, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Р.Н. Нұрғалиев қызмет атқарды.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы 1974 жылы құрылған. Кейіннен аты – «Дәуір» баспасы болып өзгерді.

1976 жылы Творчестволық жастармен жұмысты жақсарту туралы қаулы шыққаннан кейін, «Жалын» баспасы құрылды. «Жалын» жасөспірімдер мен жастарға арналған әдебиеттерді шығарып келеді.

«Өнер» баспасы – өнердің түрлі салаларын қамтитын әдебиеттерді шығарып келеді. Жаңадан құрылған «Білім» баспасы жоғары оқу орындарына, колледждер мен училищелерге қоғамдық және жаратылыстану ғылым салалары бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығарады.

Сөздік:

үндеу – обращение мемлекеттік баспа – государст.

қаулы – постановление издательство

баспа ісі – издательское дело қоғадық ғылымдар –

баспа бөлімі – отдел издательства общественные науки

қоғамдық өмір – обшественная жизнь жаратылыстану ғылымдары –

саяси әдебиет – политическая литература естественные науки

«Өнер» баспасы – изд-во «Искусство» көркем әдебиет баспасы –

«Білім»баспасы – издательство «Наука» издательство художест. лит.

207-тапсырма. «Ана тілі» баспасына арналған сөйлемдерден мамандыққа байланысты терминдерді теріп жазып, анықтамасын беріңіздер. Өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

Арнайы тоқталатын баспалардың бірі – 1991 жылы құрылған «Ана тілі». Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру саясатын жүргізу мақсатында құрылған.

Гуманитарлық бағыт ұстанған «Санат» баспасының шығарған өнімдері жоғары деңгейде орныдалып жүр. «Санат» баспасы тарихтағы ақтаңдақтар ақиқатын ашып берген тамаша зерттеулер мен оқу құралдарын, монографияларды шығаруды да дәстүрге айналдырды.

Қазақстандағы жекеменшік, тәуелсіз баспалардың бірі – «Атамұра» баспасы 1992 жылы наурыз айында құрылған. Баспаның ісі жыл сайын оңға басып, ірі баспа корпорациясына айналды. Бұған қоса «Алматы полиграфиялық комбинаты» Атамұра иелігіне көшті.

208-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Автоматтандырылған оқулық кешендері – автоматизированные учебные комплексы; электронды оқулық – электронные учебники; өңделіп жатыр – обрабатывается; дайындық жүргізу – вести подготовку; оқу-әдістемелік әдебиеттер – учебно-методическая литература; жетекші фирма – ведущая фирма; жабдықтармен қамту – оснощать оборудованием; әлемдік тармаққа шығу – выйти на мировую сеть; анықтау – определять; іздеу жүйесі – система поиска; техникалық пәндер – технические дисциплины; оқулықтар – учебники; оқу құралдары – учебные пособия; ғылыми еңбектер – научные труды.

209-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Компьютердің мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіздер? 2. Мәтіндер мен суреттердің фотоформалрын қайда шығарады? 3. Позитив деп нені атайды? 4. Диапозитивті ше?

210-тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Қағаздың тегістігі – басылымның ең маңызды қасиеттерінің бірі. Тегістік қағаз бетінің микрогеометриясына тығыз байланысты.

Қағаз бетінің микрогеометриясы дегеніміз өсімдік талшықтары мен толықтырғыш бөлшектері арасындағы төбешіктер мен шұңқырлардан тұратын бедер (рельеф). Қағаздың микрогеометриясын профилограф, микроинтерферометр көмегімен анықтайды. Олар қағаз бетінің профилограммасын сызады. Қағаздың жылтырлығы немесе күліңгірттігі оның микрогеометриясына да байланысты. Аса тегіс қағаз − жылтыр, ал кедір-бұдырлы қағаз − күңгірт болып келеді.

Полиграфиялық бояу – пигмент пен байланыстырғыштан тұратын коллоидты жүйе. Пигмент басуға қажетті түс береді. Байланыстырғыш қағаз бетінде пигментті кептіреді де, бояуға басу қасиеттерін береді. Түрлі-түсті бояулар құрамында пигмент түсін қанық түсіру үшін және басу қасиетін жақсарту мен бояу құнын арзандату мақсатында толықтырғыштар (барий сульфиті, алюминий гидроксиді) қосады. Қара бояуларға пигментпен бірге қанықтылығын арттыру үшін, түс келтіргіштер қосады.

Пигменттер – суда және органикалық еріткіштерде ерімейтін, ақ немесе қара жоғары дисперсті кристалды құрылымы бар ұнтақтар.

Милори – химиялық құрамы күрделі, қанық көк, жарыққа төзімді, майда түйірлі, жасанды бейорганикалық пигмент. Суда, майда, лакта ерімейді. Милориден алынған бояудың басылым қасиеттері қанағаттанарлық: жұқа қабаттарындағы бояу мөлдір болады. Қышқылдар милориге әсер етпейді. Ал сілтілер оны темір гидроксидіне дейін ыдыратады. Сондықтан милориден жасалған бояуларды сілті немесе оның қосылыстарымен, мысалы, сабын орамында, сілтілік желімдермен жапсыратын баспа-таңбаларда басуға болмайды. Милори бояулары жақсы кебеді.

Күйе (жаңа технология бойынша техникалық көміртегі) – аса майда түйіршікті, қаныққан қара, жарыққа аса берік пигмент. Іс-тәжірибеде органикалық шикізатты термиялық ыдырату жолымен күйе алынады. Белгілі мөлшерде ауа беріліп, көмірсутектер жануы кезінде күйе бөлініп шығады. Полиграфиялық бояу жасау өндірісінде күйе алудың екі жолы бар, олар: канал және пеште жағу арқылы.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы туралы мәліметтермен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы.

2. Қазақстандағы баспалар туралы.

3. Қазақстанда кітап шығару ісінің даму тарихы.

8-апта. 16-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 17-тәжірибелік сабақ

211-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріңіздер. Жаңа көзқарас пен пікірлеріңізді ортаға салып, ақпараттану ғылымының даму жолдарын талқылаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]