Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Меншік – экономикалық категория

Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке пайдаланбаса , меншік туралы сұрақ та тумайды. Меншік субъектінің осы затты пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әртүрлі дәрежесі, мемлекет, халық құрайды.

Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік – материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.

Меншік – экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған.

Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Меншік өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихта меншіктің екі формасы мәлім: жалпы және жеке меншік.

178-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Меншік сөзін қалай түсінесіздер? 2. Меншік пен зат түсініктері туралы айтып беріңіздер. 3. Затты жеке пайдаланасыз, меншік туралы сұрақ туындай ма? 4. Меншік нені сипаттайды? 5. Меншіктің субъектін кімдер немесе нелер құрайды? 6. Менші қалай және қай уақыттан қалыптаса бастаған? 7. Меншік қандай құбылыс? 8. Меншіктің неше формасы болады?

179-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.

1. Меншік экономикалық (отношение). 2. Меншік – өте күрделі және (многосторонний) құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» (явление). 3. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: (общее) және жеке меншік. 4. Жекешелендіру дегеніміз меншіктің алмасуы, ауысуы, (оборот) емес, ол (народное владение) жеке меншік етіп қайта құру болады. 5. Национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің қоғамға (превращение) айналуы, форманың ауысуы болып табылады.

Даналық сөздердің мағынасын меңгеріңіздер

«Егер әрбір адам экономиканы білсе, сол мемлекет күшті».

(Аристотель)

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінездеген нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық» (Абай).

7-апта. 14-тәжірибелік сабақ

180-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Өндіріс және оның ерекше формалары

Тарихи дамудың барлық сатысында адамзат қоғамында материалдық игіліктер болады. Олар – адамның өмір сүру үшін қажетті тамақ, киім, тұрғын үй және басқалар. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс – бұл қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер істеу мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістер, икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дейін ұзақ мерзімді қамтиды. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.

Өндіріс процесінде экономикалық өсудің бастапқы негізі қалыптасады. Бұл жалпыұлттық масштабтағы дамуда басты экономикалық көрсеткіштердің біреуіне айналады. Сонымен, коғамның қандайында болмасын өндіріс түбінде қажеттіктерді қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Қажеттіктер бұл жеке адамның, әлеуметтік топтардың немесе тұтас қоғамның тіршілік іс-әрекеттерін қолдауға және орындау үшін керек.

Бастапқыда, алғашқы қауымдық қоғамда, адамдардың тіршілік әрекеттерінің барлығы материалдық өндірісті дамытуға жұмсалған. Адамзат қоғамының және өндірістің келесі сатыларында интеллектуалдық қажеттіктер пайда болды, тұтыну көлемі өсті, оның кұрылымы күрделене түсті, адамдардың тұрмыс деңгейі жоғарылады. Жетілген, жоғары дамыған индустриалдық өндіріс жағдайында, адамзат қалыптасқан қажеттіктерінің: материалдық, рухани және әлеуметтік, барлық түрлерінің елеулі дәрежесін қанағаттандыруға мүмкіндік алды. Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі қоғам прогресін көрсетеді.

Сөздік:

өндіріс – производство икемді – гибкий

тұрғын үй – жилье өзгеру – измениться

қызмет – услуга қызмет ету – служить

өзгеріс – изменение қажеттіктер – необходимости

ұжымдық әрекет – коллективная деятельность

материалдық игіліктер – материальные ценности

өндіріс процесі – производственный процесс

экономикалық өсу – экономический рост

181-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Өндіріс дегеніміз қандай процесс? 2. Өндіріс процесінде не қалыптасады және қандай көрсеткіштерге айналады? 3. Қажеттіктер не үшін қажет? 4. Адамзат қоғамы және өндірістің сатыларында қандай қажеттіктер пайда болды? 5. Қоғамдық ұжымдық әрекеттегі әлеуметтік қажеттіктердің өсуі нені көрсетеді?

182-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Материалдық игіліктер, өндіріс, қызмет көрсету, тұрғын үй, тамақ, қызмет, даму, мақсат, күрделі, жүйе, өзгеріс, икемді кешен, жабайы өнімдер, тәсіл, түр, өсу, жалпыұлттық, көрсеткіш, қажеттілік, қанағаттандыру, жеке адам, әлеуметтік топ, тұтас қоғам, адамзат қоғамы, саты, тұтыну, көлем, рухани, әлеуметтік, адамның тұрмыс деңгейі, мүмкіндік, ұжымдық әрекет, дәреже.

183-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, экономиканың түрлеріне жоспар құрып, әр түрін жоспар бойынша мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]