Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Маркшейдерлік істің даму тарихы

«Маркшейдерлік іс» неміс сөзінен құралған «die Marksheidenkunst» die Markeшекара, белгі, sheiden белгілеу және die Kunstөнер.

Қазіргі кезде «Маркшейдер» маманының аты Германияда, Ресейде және шетел мемлекеттерінде сақталған. Басқа мемлекеттерде оларды көбінесе тау-кен геодезистері деп атайды.

Қазіргі кезде маркшейдерлік іс тау-кен ғылымы және техника саласы болып саналады. Маркшейдерлік қызмет пайдалы қазбалар кен орнын игерудің барлық сатыларына қатысады, мысалы: барлау, жобалау, құрылыс салу, пайдалану, тау-кен өндірістерін жою және тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіруге дейін.

Пайдалы қазбалар кен орнын барлау кезінде маркшейдер барлау учаскенің топографиялық түсіру және геологиялық жұмыстардың бекітілген жоба негізінде барлау өнімділігінің орнын белгілеп (ұңғыма, шурф, арық және т.б.), кейін түсіру жасап, олардың орналасу жоспарын құрастырады. Геологпен бірге жер қойнауында пайдалы қазбаның жату жағдайларын сипаттайтын графикалық құжаттарды құрастырады. Құрастырылған жоба және қима бойынша маркшейдер және геолог барлау учаскесінде пайдалы қазбаның қорын есептейді.

Маркшейдерлік істің көптеген сұрақтарын шешу үшін, математикалық барлық бағыттарды қолданады.

Жүргізілетін өлшеулерді бағалау үшін, маркшейдерлік қателіктер теориясын және ең аз шаршы әдістерін кең қолданады. Меркшейдерлік іспен «Геометрия недр» пәні тығыз байланысты және де бұл пәнді құраушы бөлімі болады. Қазіргі кезде «Геометрия недр» жеке ғылыми пән ретінде қалыптасқан. Маркшейдер үшін геология және тау-кен ісінің терең білімі қажет.

Масштабына қарамай әр шахта, кенді орын, карьер әдетте жеке өнімділік учаскесімен көрсетілетін маркшейдерлік қызметке ие. Мұндай арнайы қызметтің болуы тау-кен ісінің маңызды, күрделі сұрақтары маманды шешіммен байланысты. Маркшейдерлік жұмыстардың әдістері және нәтижелері тау-кен жұмыстарын өңдеу кезінде ғана емес, сонымен бірге пайдалы қазбалар кен орнын барлау кезінде, тау-кен өнеркәсіптерін жобалау және қайта құру кезінде, туннель, метрополитен, темір және авто жолдары, гидротехникалық және басқа да құрылыстарды салу кезінде кең қолданылады.

327-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Маркшейдер» термині қандай мағына береді? 2. «Маркшейдер» маманын басқа мемлекеттерде қалай атайды? 3. Қазіргі кезде маркшейдерлік іс қай ғылымдардың саласы болып саналады? 4. Маркшейдерлік қызмет кен орнын игерудің қай сатыларына қатысады? 5. Кен орнын барлау кезінде маркшейдер нені құрастырады? 6. Геологпен бірге нені құрастырады? 7. Маркшейдер не бойынша қазбаның қорын есептейді? 8. Маркшейдерлік істің сұрақтарын шешу үшін нені қолданады? 9. Маркшейдерлік іспен шешілетін мәселелерді жүзеге асыру үшін нені білу керек? 10. Жүргізілетін өлшеулерді бағалау үшін қандай әдістерді қолданады? 11. Маркшейдерлік іспен қандай пән тығыз байланысты?

328-тапсырма. Сөйлемдердегі сілтеу есімдіктерінің астын сызыңыздар.

1. Осынау маркшейдерлік түсіру деп тау-кен өнімдерінің жобасын, геодезиялық өлшеулерді, суреттер жинағын айтамыз. 2. Мына бастапқы бағытқа магниттік меридиан, географиялық меридиан және белдем меридианы жатады. 3. Бұл жерасты түсіру және оның квалификациясы болып есептелінеді. 4. Мынау тау-кен өнімдері. 5. Осы жерасты маркшейдерлік түсіру жұмыстары үш принципке сүйенеді. 6. Міне, жер беті түсірілді.

329-тапсырма. Тау-кен өнеркәсібіндегі карьерлердің негізгі маркшейдерлік жұмыстарының түрлерімен танысып, өз тараптарыңыздан толықтырып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Карерлердегі негізгі маркшейдерлік жұмыстар әр түрлі болып келеді, олардың түрлері төмендегідей:

  • тірек және түсіру торларын дамыту;

  • кен қазбаларын және де басқа кен-технологиялық нысандарын түсіру;

  • кен қазу жұмыстарын толық уақтылы көрсетіп отыратын графикалық құжаттар жасау;

  • кен қорын, өнім көлемінің мөлшерінің азаюын, көбейуін және де алдағы дайындалған кен қорының мөлшерін анықтап, есеп жүргізіп отыру;

  • жарып-қопару жұмыстарын маркшейдерлік іспен қамтамасыз ету;

  • кен алабының жер қойнауында орналасу геометриясын, сапасын анықтау, кен геометриялық сызбаларын жасау, сонымен бірге олардың кеңістікте орналасу, бөліну қасиеттерін кескіндеу және т.б.

Сөздік:

кен ісі – горное дело қазба – выработка

кен алу – извлечение руды кен – руда

тау-кен – горнорудный кен орны – месторождения

кен өндірісі – горное производство қима – сечения

қазбалар жүргізу – проведение выработок өнімдік – выработка

топографиялық түсіру – топографическая съемка

330-тапсырма. Есімдіктерді тауып (жіктеу және белгісіздік), оны түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Біздің университет бүгінде 75-тен астам мамандық бойынша инженер мамандарын дайындайды. Мен студентпін. Сен де болашақта тау-кен инженері боласың. Әрбір адамның өмірде өз таңдауы бар. Біреу маркшейдер болғанды қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды. Қалай болғанда да біз қазақстандықтармыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Олар біздің елімізге келіп-кетіп жүретін қонақтар. Әрқайсысының ойында әлденеше сұрау бар. Біз болып, сіз болып Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосайық, ағайын!

331-тапсырма. Мамандыққа байланысты терминдердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Бай кенметалл(дар) мөлшері қарастырылған уақытта, қазылып жатқан кендегі металл мөлшері ортадан жоғары болса, ондай кен бай кен деп аталады.

Реагенттердің минералдармен өзара әрекеттесуіфлотациялық байыту әдісінде минералдардың флотациялануы (ауа көпіршіктеріне жабысуы) олардың беттерінің сулануына немесе суланбауына байланысты. Осы қасиетті реттеу үшін түрлі химиялық қосылыстар – реагенттер қолданылады. Олар қасиеттеріне қалай минерал бетімен әрекеттесіп, адсорбцияланады.

Адсорбция – (лат. ad – барысында к+sorbere – сіңіруі) – ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты, екінші бір қатты, не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика-химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде кеңінен қолданылады.

Пайдалы минералдардың кендегі сепкілдігіСепкілдік кендегі бағалы минералдар түйіршіктерінің диаметрін көрсететін қасиет. Байыту әдісін таңдауда бұл қасиет маңызды роль атқарады.

Төңкергіш, аударғышопробывание. Вагондағы затты төңкеріп түсіру үшін қолданылатын механизм.

Шөгінді осадок. Пульпа не ерітінді ішіндегі қатты зат түйршіктерінің өз салмағымен шөгіп жиналуы.

Көбікті флотация пенная флотация. Флотациялау процесінің ең көп тараған түрі.

Маркшейдерлік есепке алу – жер қойнауындағы пайдалы қазылымды қазып алу барысында оның өнеркәсіптік қорының өзгеруін, жоғалымы мен құнарсыздану жағдайларын есепке алып, өндірілген пайдалы қазылымдардың мөлшеріне жүйелі түрде есеп жүргізіп, анықтап отырады.

Маркшейдерия – кен ғылымынң бір саласы, шекара, бөлу деген мағынаны білдіреді. Жер бетінде және кен қазбаларында кеңістіктік-геометриялық өлшеулер жүргізудің әдіс-тәсілдерін талдап белгілейді және бұл өлшеулердің нәтижелерін кен-құрылыс жұмыстары кезінде техникалық міндеттерді шешу үшін пайдаланады.

332-тапсырма. Кестені пайдаланып, досыңызбен өзара әңгімелесіңіздер.

Қазақша сұраңыздар

Жолдасыңыздың жауабын тексеріңіздер

1. Ты какой язык

изучаешь?

1. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін.

2. Изучать язык трудно

или легко?

2. Тіл үйрену қиын.

3. Ты готовишься к уроку казахского языка каждый день?

3. Иә, мен қазақ тілі сабағына күнде

дайындаламын: кәсіби сөздерді жаттаймын,

мәтінді оқимын, аударамын, жаттығуларды жазбаша орындаймын.

4. Используете ли вы

технические средства?

4. Иә, біздің университетте ауызша сөйлесу

зертханасы бар. Сабақта біз магнитофонды

қосып, әңгімелер тыңдаймыз, сұрақтарға

жауап береміз және мазмұндап айтып береміз.

5. Вы хорошо говорите

по-казахски?

5. Біз жазғанда көп қате жібереміз. Оқытушы

қателерді түзейді. Біз қазақ тілін, әдебиетін,

тарихын, мәдениетін білуге тырысамыз.

333-тапсырма. Сөйлемдерден белгісіздік есімдіктерін тауып, белгісіздік есімдіктеріне жататын сөздерді атаңыздар.

Бір оржолмен бірнеше кемелер ашылғанда, күрделі оржолдың тереңдігі олардың биіктіктерінің қосындысына тең болады. Тау жыныстары деп тұрақты құрылымы мен құрамдары бар бір немесе бірнеше минералдардан түзіліп өзіндік жаралуымен жер қабыршығын құрайтын табиғи минералдық агрегаттарды айтады. Кеніш құрамына бір немесе бірнеше шақтылармен қатар түрлі цехтар және жер бетіндегі жалпы кешендермен орталықтандырып біріктірілген құрылымдар кіретін кен өндіретін тау-кен кәсіпорны. Кен қазу жүйесін классификациялау – тау-кен жұмыстарының негізгі бір не бірнеше өзгешеліктері бойынша кен қазып алу әдістерін жеке-жеке топтастыру.

334-тапсырма. Төмендегі етістерді қолданып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Пісір, аш, киінді, таранды, жаздырды, айтқыздырды, кескіз, жүгірт, оқы, қызмет ет, ойла, жазғыз.

335-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін қолданып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Картаға түсіру, өлшемдерін анықтау, жұмыстарды сұрау, технологиясын зерттеу, жер қыртысының өзгеруі, планетааралық кемелерді бақылау, жұмыстарды шешу, планеталарды зерттеу, теңіз геодезиясымен шұғылдану, карталарды құрастыру, түсірулерді пайдалану.

Әдістемелік ұсыныс: Маркшейдерлік істің даму тарихынан, онымен тығыз байланысты пәндерден мәлімет беру; маркшейдер үшін геология мен тау-кен ісін терең білудің маңыздылығын түсіндіру, карьерлердегі маркшейдерлік жұмыстардың түрлерін сипаттау.

Бақылау сұрақтары:

1. Маркшейдерлік істің мақсаты мен міндеттері.

2. Маркшейдерлік істің көптеген сұрақтарын шешу үшін қолданылатын

бағыттары.

3. Маркшейдерлік жұмыстардың әдістері.

4. Маркшейдер ғалымдар – А.Машанов, Ж.Қаңлыбаева.

Э к о л о г и я с а л а с ы

* * * * * *

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]