Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан-ақ белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды (мұнайды) сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгінде дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Қарашүңгіл мен Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісінің тарихы басталды.

Мұнайдың пайда болуы туралы бірнеше теориялар (болжамдар- гипотезалар) бар. Бұл болжамдар екі топқа бөлінеді: органикалық және анорганикалық болжамдар гипотезалар.

Органикалық теория – мұнайдың жәндіктер мен өсімдіктердің және аралас-өсімдік пен жәндіктердің қалдығынан пайда болуының мүмкіндігін дәлелдейді. Ал, анорганикалық теорияда мұнайдың жаратылуы карбид теориясы, жанартау теориясы, космос, т. б. теориялар арқылы дәлелденеді.

Мұнайдың пайда болуын органикалық теория бойынша дәлелдегендердің бірі М.В.Ломоносов еді. Ол алғашқы рет 1763 жылы мұнайдың жер қойнауында жиналған өсімдіктердің жоғарғы қысым әрі температура арқылы көмірленіп, өзгерген қалдықтарынан түзілу мүмкіндігін атап көрсетті. Бірақ мұнай жөнінде нақтылы ынта-ықылас қойылған кез XІX ғасырдың екінші жартысы еді. Осы мезгілде Л.Лекер мұнайды балдырдың шіруімен байланыстырды. Ал, К. Энглер мен Г. Гефер мұнайдың пайда болуын терең білу үшін теңіз жануарларының майын алғызды. Кейінгі кездерде органикалық теорияны қолдағандар – А.Д.Архангельский, И.М.Губкин, В.В.Вебер, Н.Б.Воссаевич, П.Смит болды. Мұнай туралы органикалық теория осылай орныға бастады.

94-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Атырау өңіріндегі көлкіген мұнай кені қай уақыттан белгілі болды? 2. Көшпенді қазақтар мұнайды нені емдеуге пайдаланды? 3. Қай жылы, қай өңірде алғашқы мұнай фонтаны атқылады? 4. Шетел кәсіпкерлері мұнайды қай аймақтан іздеді? 5. Мұнайдың пайда болуы туралы қандай теория-болжамдар айтылды, олар неше топқа бөлінді? 6. Алғашқы теория нені дәлелдеді? 7. Органикалық теорияны қолдап, іске асырған ғалымдарды атаңыздар. 8. Ал, анорганикалық теорияда мұнайдың жаратылуын не арқылы дәлелдеді?

95-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Бензин, керосин, т.с.с. сан-алуан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан-алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы, не болмаса космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді. Мұнай – қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

96-тапсырма. «Құнды, кемде-кем, мәлім, самғау, тектес, шегіне жету» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

97-тапсырма. Мұнай өндірісіне байланысты қандай көркем шығармаларды білесіздер? Оқығандарыңызбен ой бөлісіңіздер.

98-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті үстеулерді қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Қайсар басқышпен ..................... түсіп келе жатып, бір жас баланың жылаған дауысын естіді. Мүмкін ..................... аң да, құс та жоқ шығар. Төлеген ..................... шығарылған ішек-қарнын сол қолымен басып, орнынан атып тұрды да, қолына автоматын ала жүгірген бетімен жаңағы офицерді қақ басынан беріп келіп жіберді. Оның бейіті Ұлытаудың бөктерінде ..................... қалды. Құрмаш пен Қасым ауылының арасы ..................... болатын. Күннің көзі көк жиектен ..................... қарай асып, ..................... түсіп, біржола бітті.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті үстеулер: Төмен, мұнда, сыртқа, артта, әріде, жоғары, төмен.

99-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөздердің астын сызыңыздар.

100-тапсырма. Төмендегі сөздіктің аудармасын есте сақтаңыздар.

маңызы – смысль, суть қыздыру – нагреть, нагревать

арзан – дешево шегі жоқ – нет предела

күлінен – из золы дами түсуіне – с развитием

сөзсіз – безусловна қуатты – сильный, мощный

ғарышқа самғауы – полет в космос

халық шаруашылығы – народное хозяйство

101-тапсырма. Сөйлемдерді етістіктің болымсыздық формасына қойып, көшіріп жазыңыздар.

Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады. Мұнай – қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б. заттардың шегіне адам баласы жете қойды деп айтуға болады. Мұнайды тасымалдау мен ауыстырып тиеуге арналған жаңа қуаттар салынды.

102-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ қатегориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қазақстан әлемдегі мұнай өндіруші жетекші елдер қатарына кіруді көздемек. Жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы, космос корабльдері ғарышқа самғамақ. Кәсіпорын қызметкерлері маңайдағы елге қатер тудырмайтын тәсілдерді қолданар. «ҚазТрансОйл» АҚ қоғамы кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландырып, инвестициялар тартпақ. Алғашқы геофизикалық жұмыстар мен айналмалы бұрғылау станоктары арқылы жұмысты алға бастырар.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстанда алғаш табылған кен орны және қазіргі Қазақстан мұнайы туралы өзара ой бөлісу, дөңгелек үстел ұйымдастырып, талқылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда алғашқы мұнай қай өңірде анықталды ?

2. Мұнайдың пайда болуын зерттеген қандай ғалымдарды білесіздер ?

3. Органикалық теория нені дәлелдейді?

5-апта. 9-тәжірибелік сабақ

123-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сәулет өнерін меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]