Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары

Шетелдік валюталар туралы реферат дайындау.

5 - САБАҚ

Отандық тауар өндірісі

Лексикалы тақырып: Бәскеге қабілетті тауар өндіру

Грамматикалық тақырып: Есімдіктер

Ойтүркі.

    1. Бәсекеге қабілетті тауар шығару үшін кәсіпорынға не қажет?

Сіздің ойыңыз: 1. _________________________________________

2. _________________________________________

3. _________________________________________

Мемлекетімізде тиімді нарықтық экономика құруда, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, ғылыми-техникалық ала басуды жеделдетуге шағын және орта бизнестің маңызы өте зор.

Әлеуметтік тәжірибенің көрсетуінше, шағын және орта бизнес нарықтық экономикаға тез және тиімді әсер етеді, халықтың қаржылық және экономикалық жағдайын қалпына келтіруге айтарлықтай үлес қосады. Нарытық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.

Бәсекелестерді жаңа тауар жасау мен игеру, жаңа дизайн, өндіріс шығынының жаңа деңгейі, жаңа баға, сату мен жаңарту жүйесін жаңарту жағынан басып озу маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін, осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар (өнім) шығару керек.

Кәсіпорынның қосымша пайда табуы үшін жаңа бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару процесі мыналардан тұрады.

  • қосымша пайда түсіретін тауар жасау идеясын қалай, қайдан алу, іздеу;

  • ол үшін нарықты зерттеу (ерекшелігін, қаншалықты, қажеттілігін, ассортиментін, қасиетін, пайдасын);

  • өндіру (аз шығынды қолайлы өндіріс);

  • тиімді баға белгілеу;

  • жарнама (тауар жөнінде ақпарат, тұтынушыны ынталандыру, сатып алуды жеңілдету, сыйлықтар т.б.);

  • өткізу, жеткізу кезеңдері – қолайлы өткізу, нарығын таңдау, тиеу, тасымалдау;

  • қоймада тиімді сақтау – молшылық кезден таршылық кезге дейін, тапшылық кезді пайдаланып, бағаны өсіру, бағаны өсіру арқылы шығынды төмендету.

Егер табыс (кіріс) деңгейі шығыстан артып, күткен үмітті қанағаттандырарлық болса, онда уақыт өткізбей тезірек жалғастырып кету керек. Ал егер табыс деңгейі қанағаттанарлық болса, онда қосымша пайда табу мақсатында бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару процесі – қайтадан идея құру, нарықты зерттеу кезеңдері арқылы өтеді. Бәсекелестік қабілеті жоғары тауар жасау тиімділігі тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.

1-тапсырма. Көрсетілген суретбойынша кәсіпорынның мақсат-міндетін әңгімелеп беріңіз.

2-тапсырма. Белгілібір өнім шығаратын кәсіпорын менеджері ретінде өз идеяларыңызды ортаға салыңыз (суреттегі көрсетілген тәртіппен).

3-тапсырма. Мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, ат қойыңыз.

4-тапсырма. Мәтінге қатысты сөз тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Тиімді нарықтық экономика, бәсекелестік ортаның қалыптасуы, алға басуды жеделдету, өнімнің өсу қарқыны, әлеуметтік тәжірибе, тез және тиімді әсер ету, пайда табу.

5-тапсырма. Екі қатардағы сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

1) кәсіпорынның қосымша пайда табуы үшін

А) халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысы

2) Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін

Ә) Жаңа бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар шығару керек

3) Тауардың белгілі бір нарықта қарқынды өтуі үшін

Б) Осы заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары тауар шығару керек.

4) Өндірістік өнімнің өсу қарқыны

В) Ол бәсекелестікке қабілеті жоғары тауар болып, сапасы бекітілген стандартқа сәйкес келуі керек.

5) Бәсекелестікті жеңіп, басып озу үшін

Г) Тұрақты пайда мен тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді.