Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

Жауаптар:

  1. Банк қандай кәсіпорын?

  2. Банк жүргізетін операциялар қалай аталады?

  3. Активті операцияларға не жатады?

  4. Пассивті операцияларға не жатады?

1._________________________

2._________________________

3._________________________

4._________________________

2-тапсырма. (Қандай?) салым түрлерін толықтырыңыз, сәйкестендіріңіз, аударыңыз..

1) до востребования А. шұғыл түрдегі

2) целевой Ә. талап етуі бойынша

3) срочный Б. ..................................

4) выигрышный В. ағымдық

5) текущий Г. ..................................

6) краткосрочный Ғ. ұтыстық

7) долгосрочный Д. ..................................

3-тапсырма. Оқыңыз, жалғастырыңыз.

Банк қызметтері:

1) кассалық

2) есеп-айырысу

3) несиелік

4) кеңес беру

5) инкассация

6) ....................

7) ....................

8) .....................

4-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Банкілік жүйе, шетел валютасы, банкілік операциялар, несие, капитал, банкі депозиті, қор, қаржы.

5-тапсырма. Мына сөйлемдерді төмендегі құрылым түрлеріне қарай өзгертіңіз.

1. Ұлттық банкі басқа банкілерге лицензия береді және олардың жұмысын тексеріп отырады.

1) – мен қатар..... ______________________

2) – мен бірдей.... ______________________

3) да, ....да ______________________

2. Банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де несие бере алады.

1) тек....ғана емес _________________________

2) қалай... солай...._________________________

3) –мен қатар _________________________

6-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Банк Каспийский быстро и качественно обслуживает клиентов.

2. Казкоммерцбанк предлагает кредитование физических и юридических лиц.

3. В банке за короткий срок мы можем получить экспресс-кредиты.

7-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін дұрыс орналастырыңыз.

1. Ұлттық банкі, кассалық есеп, көрсетеді, қызметін, мекемелер мен өнеркәсіптерге.

2. Сапалы, көрсетуге, қызмет, кепілдік, клиенттерге береді, банкі.

8-тапсырма. Мақсатпен сұхбаттасыңыз.

Мақсат: - ҚР банкі жүйесі жайлы сіз не айта аласыз?

Сіз: - _____________________________________

Мақсат: -ҚР банкілері қандай қызмет көрсете алады?

Сіз: -______________________________________

Мақсат: - Өз бизнесін бастағысы келген заңды және жеке тұлғаларға қандай мүмкіндіктер жасалған, білесіз бе?

Сіз: - ______________________________________

Мақсат: Әңгімеңізге көп рахмет, ҚР банкі жүйесі жайлы біраз мәлімет алдым.

9-тапсырма. «Өз бізнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбына шағын шығарма жазып келіңіз.

Боөж тапсырмалары Ломбард қашан пайда болған?

Адамдардың жеке меншігіндегі заттарды қабылдау арқылы қарыз ақша беретін мекеме тұңғыш рет Францияны ХІ Людовик билеген сонау ХY ғасырда пайда болған. Оларды алғаш ашқан -Францияға сауда-саттықпен жиі баратын Ломбарция (Италия) елді мекенінің өсімқорлары (Ломбард деген атау содан қалған). Уақыт өте келе Италия мен Германияда да ломбардтар ашылып, өзге елдерге де тараған. ХІХ ғасырда барша капиталистік мемлекеттерде пайда болып, ірі монополиялар бақылау жасаған.

Ресейдегі жеке өсімқорлық үрдісті көз қырында ұстаған Анна Иоановна патшайым қарыз алуға күміс немесе алтыннан жасаған зат өткізушілерге ғана рұқсат еткен. Соның өзінде негізгі бағаның төрттен бірін ғана. Ал патшайымның жарлығымен құрылған Мемлекеттік қарыз банкі қаржыны қымбат металдар мен жылжымайтын мүлік есебінен ғана беретін болған. Мемлекеттік ломбардтар Мәскеу мен Петербургте 1772 жылы ІІ Екатерина патшайымның тұсында ашылған.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ломбард акционерлік негізде одан әрі дамиды. Алайда, 1918 жылы революцияға дейінгі қарыз беру мекемелерінің бәрі жабылады да, 1922-1923 жылдары қайтадан ашылады. Бұрынғылардан айырмашылығы, олар жергілікті советтерге қарасты тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің қарамағында болған. Тұрмыс-халі нашарлап, қиындыққа ұшыраған қарапайым бұқараға тиімділігі – олар азын-аулақ қаржыға өткізген жеке заттары есебінен белгілі бір мерзімге молдау мөлшерде қаржы алатын болған.

Қазақстанда ломбардтың пайда болып, халық игілігіне кеңінен қызмет ете бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Ломбард деген ұғымның онша түсінікті емесі де сондықтан болуы мүмкін.

Нарықтық экономика үстемдік еткен тұста ломбардтың пайдадан бөлек зияны жоқ. Ал ломбардтың қалай, қашан пайда болу тарихы қысқаша осындай.

(«Парасат» журналы, №1, 2006, 36-бет)

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Есте сақтаңыз

Кәсіпорын – предприятие

ерекше – особенный

уақытша – временно, временный

есепшот – счет

мерзім – время

банкаралық несие – межбанковский кредит

тауар – товар

ілгері – впереди

желі – система, сеть

қор - фонд

салым – депозит

11- САБАҚ