Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

БоөЖтапсырмалары Еуропалық төлем одағы

Еуропалық төлем одағы – 1950-1958 жылдары Батыс Еуропаның 17 елі арасында төлемдерді қамтамасыз ету мақсатымен әрекет еткен төлем жүйесі. Қатысушы елдердің өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке алу халықаралық төлемдерді теңестіру жолымен жүзеге асырылатын көп жақты клирингтік жүйе. Еуропалық төлем одағы АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды. Еуропалық төлем одағы шеңберіндегі есеп айырысу палатасының рөлін Халықаралық есеп айырысу банкісі атқарды. 1958 жылдан бастап Еуропалық валюта келісімі шеңберіндегі төлем жүйесімен ауыстырылды.

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 458-бет).

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Еуропалық төлем одағы қашан құрылды?

  2. Еуропалық төлем одағы қай елдің қолдауымен құрылды?

2-тапсырма. Сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Бұл ұйым АҚШ-тың бастамасымен және қолдауымен құрылды. Оның валютасы халықаралық есептік ақша өлшемі – эпунит болды.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

14 – САБАҚ

Кеден ісі

Лексикалық тақырыбы: Еуразия экономикалық қауымдастығы

Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері

Еуразия экономикалық қауымдастығы

Еуразия экономикалық қоғамдыстығы (ЕЭҚ) – Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресесй, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым, 2000 жылдың 10 қазанда Астана қаласында құрылған. Оған дейін Кедендік одақ деп аталды (қ. Кедендік одақ) Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы 28 наурызда МГУ-дің профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев көтерді. Қалыптасқан жағдайлар ТМД бойынша бірлесудің жаңа деңгейіне көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 жылы 28 қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белорусь үкіметтері Кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл Одаққа 1996 жылы наурызда Қырғыз Республикасы, 1999 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы қосылды. Бұл одақтың мақсаты: 1) одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектеулерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру; 2) мүше-мемлекеттердің кедендік территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртқы шекараларға көшіру болды. Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресесй Президенттері 1996 жыл 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты. Бұл келісімде Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық одақ құру жөніндегі көптеген идеялары мен принциптері жүзеге асты. Құрылған одақтың жемісін қарапайым халыққа неғұрлым жақындату үшін 1998 ж. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Н.Ә.Назарбаев – Қарапйым адамдарға арналған 10 қарапайым қалам атты мәлімдеме жариялады. Осы 10 жоба келісім 1998 ж. 28 қарашада Кедендік одаққа қосылушы үкімет басшыларының Мәскеудегі кездесуінде бекітілді.

«Қазақстан» энциклопедиясы. Алматы, 2001. 448-бет