Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Глоссарий – сөздік

Экономика – экономика 1) қоғамның белгілі бір дәуіріндегі өндіргіш күштерге сай келетін өндірістік қатынастардың жиынтығы, қоғамда үстемдік етуші өндірісі тәсілі. Қоғамның экономикалық құрылысы; 2) шаруашылықтың белгілі бір саласының ұйымдастырулы, құрылымы, жағдайы. Халық шаруашылық салалары бойынша өнеркәсіп, ауыл шаурашылықтың белгілі бір саласын зерттейтін ғылым. Экономиканы меншіктің өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасымен, яғни мемлекеттік (қоғамдық), колхозды-кооперативтік және жеке адамдар меншігімен анықтайды.

Экономическая интеграция – Экономикалық интеграция. Бұл елдердің экономикасын сапалы да жоспарлы түрде жақындастыру процесі және халық шаруашылығының қазіргі заманғы талаптарына сай келетін, тиімділігі жоғары құрылымын қалыптастыру, экономикалық даму дәрежесін теңестіру, экономиканың, ғылымның, техниканың негізгі салаларында терең әрі тұрақты байланыс жасау, сонадй-ақ бұл елдердің халықаралық рыногін ұлғайту, тауар-ақша қатынастарын жетілдіру, жоспарлы түрде іске асыру.

Экономическая политикаЭкономикалық саясат. Мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылысы істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

Экономические законы – Экономикалық заңдар. Адамзат қоғамы даумының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың заңдар да өз күшін жояды. Өндірістің әрбір қоғамдық құрылысының өзіне тән ерекше экономикалық заңдарының жүйесі болады. Өндірістік қатынастарды дамытудың арнаулы заңдарынан басқа қоғам дамуының бүкіл экономикалық сатырларына ортақ жалпы заңдар болады. Оларға ең алдымен өгдіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне өндірістік қатынастардың сәйкес келу заңы жатады, бұған еңбектің үнем заңы, халық шаруашылығын жоспарлы, пропорциялы даму заңы, құн заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, қор жинау заңы, ақша айналым заңы, қорлану (қор жинау) заңы, халық өсуінің заңы, халық өсуінің заңы, еңбекке қарай бөлу заңы, т.б. Өндірістік қатынастардың мәні тұтас жүйе ретінде экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен ашылады. Олардың әрекеті өзара байланысты және өзара тығыз ұштасып отырады.

Экономические санкции (штрафы, меры) – Санкция. Экономикалық айып шаралары (айып, шара). Заң, келісім бойынша белгіленген шарттарды, міндеттемелерді, тауарды жеткізіп беру, финанс және кредит келісімдерін бұзушыға шаралар. Кәсіпорынның шаруашылық-финанс қызметінде санкция үстеме, өсім төлеуді талап етеді.

Экономическая кризис – Экономикалық дағдарыс. Экономикалық барлық қайшылықтарының мейлінше шиеленсуімен сипатталатанын өндіріс циклының кезеңі. Экономикалық дағдарыс халықтың сатып алу қабілетімен салыстырғанда тауарды артық не кем өндіруден, өндірістің қысқаруынан, жаппай жұмыссыздықтың өсуінен, еңбекшілердің тұрмыс дәрежесінің күрт төмендеуінен, т.б. (цикл кезеңдері – дағдарыс, тоқырау, өрлеу) айқын көрінеді.

Эксперт – эксперт, сарапшы. Күрделі де даулы мәселелерді шешу. Әрі оған қорытынды жасау үшін шақыралатын белгілі бір саланың білікті маманы.

Аванс – аванс – борыш, болашақ төлем еңбекақы есебінен алдын ала берілтен ақша не зат.

Аренда – Жал. Ерді, малды, егістікті, кәсіпорынның, оның бөлімшелерін, құрылысты, техниканы, үйді, мүлікті уақытша немесе ұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бойынша белгіленген жағдайға жалдап алады немесе жалға беріледі, келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береді, жұмыс көлемін, қызметті орындап тұрады, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға рұқсат етілді. Аренда халық шаруашылығының барлық саласын қамтуда және жүзеге асырылуда. Аренда туралы заңдар қабылдануда.

Аренда коллективтері кеңшардан, ұжымшардан, кәсіпорындардың тыс жұмыс істеуі мүмкін. Бұл жағдайда ұжым шаруашылықты дербес, өз бетімен жүргізеді, мемлекеттік банкте өз есепшоты болады. Халықаралық арендалар да болады.

Аудитор – Аудитор. Тексеруші компания басшылығымен келісім шарт негізінде акционерлік компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеруші адам. Оның міндеті – тексерілген компанияның қаржы жағадйы жөнінде қорытынды беру.

Бизнес – Бизнес. Жеке бастың, мекеменің пайдасын арттыруға бағытталған іс, кәсіпкерлік, сауда.

Бюджет – Бюджет. 1) Мемлекеттің, кәсіпорынның, мекеменің не жеке адамның белгіленген кіріс пен шығыс ақшасының сметасы. 2) Белгілі бір мерзімде түсуге итісті болған кіріс және жұмсалуға тиісті шығыс ақшаларын алдын алу есептеу.

Бюджет потребительский – Тұтыну бюджеті. Отбасылардың кірісі мен шығысының теңдігі. Кірістің мол көзін және шығыстың белгіленген орындағы жұмсалуын қадағалайды.

Бюджет государственный – Мемлекеттік бюджет. Бұл мемлекеттік ақша қаржыфлардың негізгі орталықтандырылған қорын жасаудың және пайдаланудың негізгі финанс жоспары. Бюджет белгілі бір кезеңге (тоқсан, жыл) жасалып заң, заң түрінде бекітіледі. Мемлекеттік бюджет халық шаруашылығының, ғылым мен мәдениеттің жоспарлы түрде дамуының қажеттерін, еңбекшілердің әл-ауқатын арттыруды, мемлекеттік басқару органдарын ұстауды, еліміздің қорғанысын қаржыландыруды финанс ресурстарымен қамтамасыз етіп отырдаы. Бюджет арқылы мемлекет кәспорындарында жасалатын таза кірістің едәуір бөлігін жоспарлы түрде бір орталықтан шығу үшін шоғырландырылады. Бюджет кіріс пен шығыс бөлігінің әр түрлі құрылымынан тұрады. Оның кірістері халық шаруашылығынан түсетін және халықтың төлемдерін тұрады, ал бюджеттің шығыстарында халық шаруашылығын және әлеуметтік-мәдени шаралар мен ғылымды қаржыландыру басты орын алады. Финастың беріктігі мен тұрақтылығы мемлекеттік бюджеттің орындаулына байланысты, ол қоғамның жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді. Бюджеттің шығысынан кірісінің асып отыруы экономикалық қажеттілік. Бюджет жүйесіне басшылық бүкіл ел үшін бір орталықтан жүзеге асырылады.

Вакансия – Вакансия, бос орын (мекеме немесе оқу орындарындағы бос орын). Жоспарда көрсетілген, бірақ шын мәнінде түрлі себептермен алынбай бос тұрған орын.

Наемный труд – Жалдамалы еңбек. Өндіріс құрал-жабдықтары жоқ, соның салдарынан біреуге өзінің күшін сатуға мәжбүр болатын өндіріс жұмысшыларының еңбегі, бұл қосымша құнның қайнар көзі.

«НОУ-ХАУ» - «Ноу-хау». Патенттілік хұқы жоқ нендей бір өндірістің түрін ұйымдсатыру үшін қажетті техникалық құжат; Өнеге-тәлім және өндірістік тәжірбие тұрғысында әзірленген техникалық-технологиялық, сауда (коммерциялық), т.б. білімдердің жиынтығы. «Ноу-хаудың» ғылыми-техникалық басқару ісі мен қаржы сипатындағы ерекшеліктері бар.