Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары

Мәтінді екінші азат жолындан бастап орыс тіліне аударыңыз.

4 - САБАҚ

Төл теңге тарихы

Лексикалық тақырып: Ұлттық валюта – байлықтың көзі

Грамматикалық тақырып: Үстеу және оның түрлері

Алтын, күміс ақша – байлықтың, тарихтың, мәдениеттің көзі

Егемен еліміздің тәуелсіздігін төл белгілерінің бірі – ұлттық валюта теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге еліміздің барлық аумағына 1993 жылғы 15 қарашадан бастап айналысқа енгізілді. Ұлттық валютаның «теңге» атауы орта ғасыр тарихынан алынған болатын, ол кезде Қыпшақтар жерінде «таңға» (теңге) деп аталатын монеталар айналыста жүрген.

Ұлттық валюта монеталарын әзірлейтін Қазақстанның теңге сарайында басылып шыға бастаған ақшамыз ерекше және тарихи дерек көзіне айналды. Мемлекеттің тарихи оқиғаларын, мәдени ескерткіштерді, көрнекті қайраткерлерді есте қалдыру, меретой күндерін, мәдениет пен спорттағы жетістіктерді атап өту үшін әр түрлі металл ақшалар шығарылуда. Мысалы, Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы құрметіне ескеркіш күміс ақшалар басылып шығарылғанын айтуға болады, онда ұлы Абайдың көрнекті әдеби мұраларын бүкіл әлемге таныстыру мақсатында оның шығармаларына қатысты «Ана», «Медіресе», «Махаббат», «Көш», «Бүркіт» атты бес күміс ақша жарыққа шықты.

«Қазақстанның қызыл кітабы» сериясында «Барыс», «Сайғақ», «Арқар» атты Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларға арналған күміс ақшалар шықты.

Біздің заманымызға жеткен жартастағы бейнелерге арналған «Көк тәңірі», «Ұмай», «Түркі әскері» деп аталатын күміс ақшалар шықты.

«Нарқобыз», «Домбыра», «Аса таяқ» сияқты қазақтың ежелгі аспаптарын насихаттаушы, олардың қасиеттерін бүкіл әлемге танымал ететін күміс ақшалар жарық көрді.

«Архитектуралық және тарихи ескерткіштер» сериясында Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған номиналы 500 теңгелік, «proff» сапасымен мерейтойлық алтын монеталар айналысқа шығарылды. Мұнда Қазақстанның ең көне қалаларының бірі Түркістан қаласы, онда өмір сүрген атақты ойшыл-теолог Қожа Ахмет Ясауиің кесенесі бейнеленген. Соңымен қатар, «Айша бибі кесенесуі» бейленген ескерткіш күміс монеталары шығарылды.

(Ерназарова З.Ш. т.б. Елтану.

Қазақ тілі. Орта және

жалғастырушы топтар үшін)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Тірек сөздермен танысыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

Валюта, теңге, доллар, экономикалық дағдарыс, төлем, банкнот, қаражат, айналым, теңге.

2-тапсырма. Көшіріп жазып, сөйлем түрлерін анықтаңыз.

Жергілікті валюта – іс-әрекеттерді жүзеге асыратын елдің долларнемесе экю сияқты шетелдік валюталардан айырмашылығы бар ақшасы. Әдетте жұмысты дайындау мен жүргізу тәжірибесіне тәуелді болатын нақты кәсіп несінің қабілеті –дағды деп аталады.

3-тапсырма. Сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырыңдар.

Президент Н.Ә.Назарбаев бұл күндер... еліміз... халықаралық бедел... көтеру..., көрші елдер... саяси және экономикалық байланыстар... бар күш-жігер... жұмсау.... Қазақстан... мемлекет рет... бүкіл әлем мойындап отыр.

4-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыздар.

- Ел экономикасының дамуынада ұлттық валютаның ролі қандай?

- ... .

- Ұлттық теңгеміз қашан қабылданды?

- ... .

- Еліміздің тарихын, мәдениетін насихаттауда ұлттық валютамыщдың рөлі қандай?

- ... .

5-тапсырма. Берілген даналық сөздерге өз пікіріңзді білдіріңіз.

1. Ақша жасау үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны «қалай жасауды» міндетті түрде білу керек. (Марк Твен)

2. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

3. Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар

4. Үйдегі көңілді, базардағы нарық бұзады.

5. Не аз болса, сол қымбат, не көп болса сол арзан болады (орыс мақалы).