Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Бағалы қағаздар нарығы

Лексикалыц тақырып: Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша

Граматикалық тақырып: Сын есім және оның түрлері

Құнды қагаздар. Банк билеттері, ақша


Банк билеттері, банкноттар - ұлттық банктер шығаратын, айналым мен төлем құралы ретінде металл ақшаның орнына жүретін қағаз ақша. Орта ғасырда ақша айырбасын жасаушылар мен алтын ісінің шеберлері өздерінде сақталған ақша қаражаттары бойынша қолхаттар бере бастады. Мұндай міндеттеме қағаздар банкнотқа айналды. Банкнот билетін кез келген банк шығара берді. Банкнот билеті алғашқы рет Ағылшын банкі мекемесінің жанынан 1694 жылы шығарылды. Олар заңдастырылған төлем қаржы күшіне ие болып, 1833 ұлттық ақшаға айналды. Банкнот билеттері Францияда 1800-1803 жылдарда, Германияда 1846 ж, Голландияда 1814-30 ж, бүкіл ұлттык ақша белгісіне айналды. Бірақ XIX ғасырдың екінші жартысына дейін банкнот айналысы баяу дамыды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында банкнот билеттерін шығару бір ізге түсірілді. Банкнот билеттері көтерме сауда айналымы саласында пайдаланылып қоймай, жалакыны төлеген кезде төлем қаржысы ретінде пайдаланыла бастады. Банкнот билеттері көптеп шығарылған уақытта алтынмен қайтарылып отыру мақсаты көзделді.

Дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың (1924-33 ж) барлық шет елдерде банкнот билеттерін алтынға айырбастау тоқтатылды. 1969 жылы валюта дағдарысы мен доллардың құнсыздану қаупіне байланысты. АҚШ-та банкнот билеттерін алтынмен қамтамасыз ету толығымен жойылды. Алайда, банкнот алтын белгісі бола алмаса, кредит белгісі болып қалып отыр. Қазакстан Республикасында 1993 жылы айналысқа жіберілген теңге Ұлттық банкінің міндеттемесі болғандықтан бір мезгілде қағаз және кредит ақшасы болып табылады. Банкнот билеттері АҚШ-та 5, 10, 20, 50, 100 долларлық, Британия Корольдігінде 1, 5, 10 және 20 ф.ст., Францияда 500 франк Қазақстанда 1, 2, 3, 5 (10, 20, 50), 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге көлемінде шығарылған әмиссиясы Ұлттық алтын-валюта қорымен толық кепілдендірілген.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

1-тапсырма. Тірек сөздермен танысыңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

Құн өлшемі, валюта, теңге, доллар, экономикалық дағдарыс, төлем, құнды қағаз, банк билеттері, құнсыздану, банкнот, кредит, көтерме сауда. мекеме, қаражат, айналым, банк.

2-тапсырма. Көшіріп жазып, сөйлем түрлерін анықтаныз.

Жергілікті валюта - іс-әрекеттерді жүзеге асыратын елдің доллар немесе экю сияқты шетелдік валюталардан айырмашылығы бар ақшасы. Әдетте жұмысты дайындау мен жүргізу тәжірибесіне тәуелді болатын нақты кәсіп иесінің қабілеті - дағды деп аталады.

3-тапсырма. Сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырыңдар. Президент Н.Ә.Назарбаев бұл күндер... еліміз... халықаралық бедел... көтеру..., көрші елдер... саяси және экономикалық байланыстар... бар күш- жігер... жұмсау... Қазақстан... мемлекет рет... бүкіл әлем мойындап отыр.

4-тапсырма. Сұхбатты жалгастырыңыздар. Жауаптарын жазыңыздар.

  • Ел экономикасының дамуында мемлекеттік банкноттардың ролі қандай?

-.....

  • Ұлттық теңгеміз қашан қабылданды?

  • ........

  • Банкнот билетін алғаш рет қай мемлекет шығарды?

  • .........

5-тапсырма. Берілген даналық сөздерге өз пікіріңізді білдіріңіз.