Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Жарнаманың саудадағы ролі

Лексикалық тақырып: Жарнамаға қойылатын талаптар

Грамматикалық тақырыптар: Атаулы сөйлемдер

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз, мысал келтіріңіз. Кестені толықтырыңыз.

(қандай?)

(кімнің? ненің?)

радио

теле

баспасөздегі

жарнамалық

жарнама

кәдесыйлықтар

(сувениры)

аудиторияның

көлемі

(объем)

құрамы

(состав)

көзқарасы

(взгляд)

(нені ?)

(не істеу?)

жарнаманы

жариялау

тұтынушыға

жеткізу

1-тапсырма. Мәтін бойынша өздік сөздік жұмысын жасаңыз.

Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

1. Жарнама таратылу, орналастыру нысанына немесе пайдаланатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама, теледидардағы, радиодағы және сыртқы жарнаманы қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет кезінде басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмалауға тиіс. Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуға тиіс.

3. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер түпнұсқа тілінде және басқа тілде жазылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды жарнамалауға жол берілмейді.

5. Қазақстан Рсепубликасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік – топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық – зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Рсепубликасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, азаматтарды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті қоздырмауға тиіс.

8. Жарнама қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгіленеді.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Тұтынушыға жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді. Олар: баспасөздегі жарнама, радиожарнама, тележарнама, көліктегі жарнама, жарнамалық кәдесыйлықтар.

Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға аудиторияның көлемі мен құрамы, тауардың түрі және жарнама бағасы әсер етеді.

Мысалы, сән киімдерін журнал беттерінде, ал жасөспірімдерге арналған жарнаманы теледидар мен радио арқылы берген дұрыс болады. Мысалы, «Крестьянка» журналында жарияланған әртүрлі хабарландырудың бір беті 5000 АҚШ доллары болса, ол журнал оқырмандарының саны 500 мың адамнан тұрады, сонда мың адамға шаққандағы жарналық бағасы 10 АҚШ доллары болады. Республикалық радио мен теледидарда жарнама бағасын есептеуде секундтар қолданылады. Теледидар жарнамасы үшін ең тиімді уақыт – көрсетілген хабардың басы мен ортасы болып табылады. Сондықтан жарнама берушілер оны бағдарлама көрсетілген уақыт аралығында орналастыруға ұмтылады.

«ОРТ Еуразия» арнасына тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады. Өйткені 1 минуттық роликтің құны 1000-нан 35000-ға $ дейін жетеді. «Қазақстан-1», «Хабар», «Рахат» т.б. арналарда – 500-ден 1100 доларға дейін болады.

3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Жарнаманың қандай түрлерін білесің?

2. Жарнама маманы нені ескеруі қажет?

3. Жарнама құралын таңдауға не әсер етеді?

4-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз.

1. «ОРТ Еуразия» арнасы... тек қана ірі фирмалар ғана жарнама бере алады.

2. Сән киімдерін журнал беттері.... жарнамалаған дұрыс.

3. Жарнама құралдар..... таңдау... аудиторияның көлем... мен құрам..., тауар... түр... және жарнама баға.... әсер етеді.

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. (Потребителю) жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді.

2. Жарнама маманы жарнама құралының (самую выгодную) таңдап алуы қажет.

3. «Крестьянка» журналында (опубликованные) әртүрлі хабарландырулар.

4. Теледидар мен радио арқылы (для подростков) жарнаманы берген дұрыс болады.

5. Жарнама құралдарын таңдауға тауардың түрі және жарнама бағасы (влияет).

6-тапсырма. Жарнама агенті ретінде мақал-мәтелдердің бірін таңдап алып, белгілі бір нәрсені жарнамалауға пайдаланыңыз.

1 . Компьютерлік техника 1. Елу жылда ел жаңа

2. Тұрмыстық техника 2. Темірді қызған кезде соқ

3. Тағам түрлері 3. Өз үйім - өлең төсегім

4. Үй немесе пәтер 4. Ас – адамның арқауы

5. Көлік түрлері 5. Өнерлі өрге жүзер

6. Қызмет түрлері 6.

7. Әр түрлі. 7.

7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жарнамаға сіздің көзқарасыңыз қандай?

2. Астана қаласының көшелеріндегі жарнамалар туралы не айта аласыз?

3. Жарнама не үшін қажет?

8-тапсырма. Өзіңізге ұнайтын белгілі бір тауарды жарнамалаңыз.