Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Еуразиялық экономикалық одақ қандай

2. Ол қашан және қай қалада құрылды?

3. Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын кім ұсынды?

4. Кедендік одақ құру келісімі қашан жасалды?

5. Бұл Одаққа 1996 жылы қандай республикалар қосылды?

6. Одақтың мақсаты қандай?

7. Кедендік одақ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы кім?

2-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Интеграциялық процестерді жетілдіре түсу үшін Беорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресесй Президенттері 1996 жыл 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны ары қарай жетілдіру жөнінде келісім жасасты.

3-тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Еуропалық одақ, кедендік одақ, кедендік территория, қарапайым халық, біртұтас экономикалық кеңістік, мүше болу, тауар өндіру, қаржы жүйесі, сауда және қызмет көрсету.

5-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

ЕУРО, евро – Еуропалық одаққа мүше елдерге арналған бірыңғай еуропалық валюта Еуропалық одақ шешімі бойынша 2002 жылдан бастап қазіргі қолданылып жүрген ұлттық валюталардың орнына Евро айналымға

15 – САБАҚ

Әлемдік аудиторлар компаниясы Әлемдік баға

Лекцикалық тақырып: Әлемдік баға

Граматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем

Әлемдік баға – әлемдік рынокта сатылатын тауар бірлігінің бағаланған әлемдік құнының шамасы немесе бағаның әлемдік сауда-саттықта қолданылатын түрі. Әлемдік баға, көбінесе, ауқатты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы келісімшарт арқылы мемлекеттер арасында емін-еркін айналыста болатын ақшамен белгіленеді. Әлемдік баға кейде сатушылар мен сатып алушылар белгілеген баға ретінде халықаралық сауда орталықтарында қолданылады. Қазіргі кезде мырыштың, қорғасынның, қалайының, алюминийдің, мұнайдың әлемдік бағасы ретінде Лондон биржасының бағасы алынады. Сол сияқты машинаның және жабдықтардың бағасы ретінде Еуропаның, Жапонияның және Американың белгілеген бағасы пайдаланылады. Әлемдік рыноктағы тауардың бағасы бір мезгілде бірнеше дәрежеде болуы мүмкін. Әлемдік баға дәрежесіне алуан түрлі жағдайлар әсер етеді. Оған тауар сұранымы мен ұсыныстарының қатысы, төленетін ақшаның валюталық түрі, сауда келісімінің уақыты, тауарды жеткізу мерзімі және сауда әлеміндегі экономикалық және экономикалық емес әр түрлі жағдайлар жатады. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, әлемдік баға дәрежесін анықтауда тауар сатушының ықпалы артып, баға көтеріледі, ал ұсыныс сұранымнан жоғары болған жағдайда, әлемдік баға тауар сатып алушының үстемдігі басым болып, әлемдік баға төмендейді.

Тауарды жеткізу тұрғысынан алғанда әлемдік баға бірнеше түрге бөлінеді. Тауарды бағалау тұрғысынан әлемдік бағаның 3 түрі бар. Оның біріншісі – сатушылардың бәсекелестігінен туындаған баға, екіншісі – шағын сауда тобының бәсекесінен туындаған баға, үшіншісі – бірнеше сатушы тобының бәсекесінен пайда болған баға.

«Қазақстан» энциклопедия, І том, 657-бет.

1-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

  1. Әлемдегі баға дегеніміз не?

  2. Әлемдік баға қалай және немен белгіленеді?

  3. Әлемдік баға қайда қолданылады?

  4. Әлемдік бағаға қай биржаның бағасы алынады?

  5. Машинаның және жабдықтардың бағасы ретінде қай мемлекеттердің бағасы пайдаланылады?

  6. Әлемдік баға қай уақытта төмендейді?

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді сын есімдермен тіркестіріңіз.

Баға, ұсыныс, сұраным, ақша, айналыс, құн, сауда-саттық, сатушы, келісімшарт, сауда орталығы.

3-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Есеп айырысу ешқандай кедергісіз ақшалай жасалатын болса, әлемдік бағаның дәрежесі жоғарылайды. Есеп айырысу қолма-қол немесе несиеге беру және бөліп-бөліп төлеу жолымен жүргізілсе: онда әлемдік бағаға кері әсер етеді.

4-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

Еркін сауда базар … сатылатын тауар … әлемдік баға … келісімшарт тауар … баға … және көмек … арналған тауар баға … өзгеше болады.

5-тапсырма. Қарсы мәнді сөздерді тауып, антонимдер қатарын жасаңыз.

арзан сатылады

бағасы төмендейді

ықпалы артады

сұраныс артық болса

шағын сауда

тұрақты баға.