Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары Акция

Акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы, акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Акция қашан шығады?

  2. Акцияның нақты бағасы қандай?

  3. Акция неше түрге бөлінеді?

  4. Қандай құқық беріледі?

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Акционер – ақша ….

  2. Акционер болу үшін белгілі бір акционерлік …… қызмет ету шарт емес.

  3. Тек оның …. сатып алса жеткілікті.

Керек сөздер: иесі, акция, қоғам.

3-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

1.Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заң қабылданғаннан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады.

2. 1998 жылы олардың саны үш мыңнан асты.

7 – САБАҚ

Нарықтық экономикадағы бәсеке

Лексикалық тақырып: Экономиканың түрлері

Грамматикалық тақрырып: Жалаң және жайылма сойлемдер

Нарықтық экономиканың өзінің ерекше заңдары бар. Бірінші заңы: тауарды сатуда, сатып алуда, өндіруде ұсыныс пен сұранысты ескеру керек. Нарықтың екінші заңы: сапалы тауар өндіру арқылы нарықтағы бәсеке шартына жауап бере алатындай болу керек.

Бір-бірімен бәсекелесуші фирмалар мен кәсіпорындар баға белгілеу процесін басқара алмаса, олар тауарларын өткізе алмауы мүмкін.

Егер нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімшілік және саяси шешімдер арқылы жүзеге асырылса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мазмұны бойынша абзацка бөліңіз, ат қойыңыз.

2-тапсырма. Негізгі мазмұнын білдіретін сөздерді теріп жазып алыңыздар.

3-тапсырма. Жазбаша мазмұндаңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздермен етістік тіркестерін құраңыз.

Тауар ................, ұсыныс... ............, сұраныс... ............, бәсеке... ........., баға.... ............., экономика... .................

5-тапсырма. Сөздерге анықтама беріңіз.

.............. экономика, ............ тауар, ............фирма, ........... баға, ............ басқару, ................ саясат.

6-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

(қандай?)

(не істеу?)

қалтарыстағы

ресми

қылмыстық

мемлекеттік

ұлттық

отбасылық

экономика

тауар

жұмыс

қызмет

өндіру

айырбастау

тұтыну

орындау

көрсету