Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Қалтарыстағы экономика

Ресми экономикалық процестермен қатарлас жүретін, бірақ мемлекет пен қоғам бақыламайтын мемлекеттік статистикадағы экономикалық процестер қалтарыстағы экономикаға жатады (относится).

Қалтарыстағы экономиканы адамдардың жекелеген топтары ұйымдастырады, қалтарыстағы экономика шартты түрде былай бөлінеді: қылмыстық экономика, бүркемелі экономика.

Заңға қарсы және ашық түрде тыйым салынған экономика қылмыстық экономика деп аталады.

Салықтардан жалтару мақсатымен және субъектілердің шынайы табыстарын мағлұмдағысы келмегендіктен бүркемеленетін экономиканы бүркемелі экономика дейді.

7-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыпты ашып тұрған сөздерді белгілеңіз.

8-тапсырма. Мәтіндегі негізгі тақырыптық сөздерді және сөз тіркестерін көрсетіңіз.

9-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз.

1. Қалтарыстағы экономика дегеніміз не?

2. Қалтарыстағы экономикаға қандай процестер жатады?

3. Қалтарыстағы экономиканы кімдер бақылайды?

4. Қалтарыстағы экономика шартты түрде қалай бөлінеді?

5. Қылмыстық экономика дегеніміз не?

6. Бүркемелі экономика дегеніміз не?

10-тапсырма. Бүкіл мәтіннің мазмұнын бір сөйлеммен қорытындылаңыз.

11-тапсырма. Төмендегі сөздерге анықтама беріңіздер.

........ тауар, ............. экономика, .......... процестер, ........... статистика, ............ баға, ........ қызмет, ............. баға, ............заң.

12-тапсырма. Сөздерді бірнеше жағдаятта қолданып, мысалдар келтіріңіз:

қалтарыстағы, қылмыстық, бүркемелі, заңсыз.

13-тапсырма. Мәтіннен болымсыз мағынадағы сөздерді теріп жазыңыз, антонимдерін беріңіз, қандай мағынада қолданылып тұрғанын сөйлем арқылы түсіндіріңіз.

14-тапсырма. Мәтіннен құбылыстардың сапасын көрсететін сөздерді табыңыз.

15-тапсырма. Асқармен әңгімелесіңіз. “Экономика” тақырыбы бойынша (біліміңізге сүйеніп) диалогты жалғастырыңыз.

А.

Асқар: - “Экономика” сөзі қандай мағынаны білдіреді?

Сіз: - ..............................................................................

Асқар: - “Экономика” сөзі қай тілден енген?

Сіз: ................................................................................

Сіз: - ...................................................................................?

  • Еліміздің экономикасын дамыту үшін, біріншіден, салықтың мөлшерін азайту, екіншіден, өндірісті дамыту, үшіншіден, ұлттық тауарларды экспортқа шығару қажет.

Асқар: - Үй шаруашылығында үнемдеуді қалай ұйымдастыруға болады?

Сіз: - ..........................................................................................................................

Асқар: - Ал еліміздің экономикасын қалай дамытуға болады?

Сіз: - ..........................................................................................................................

Сіз - .........................................................................................................................?

- Отбасы бюджетін кіріс пен шығысты ескере отырып, дұрыс ұйымдастыру қажет.

Ә.

Диалогты толықтырыңыз.

- Экономиканың дамуына не кедергі келтіріп отыр?

- ...

- Қалтарыстағы экономиканы кімдер ұйымдастырып отыр?

- ...

- Мұндай қылмыстық топтарды қалай жоюға болады?

- ...

Б.

Диалогты жалғастырыңыз.

- Нені үнемдеуге болады?

- Суды, газды, жарықты және ақшаны.

- Уақытты үнемдеу керек дегенді қалай түсінесіз?

- ...

В.

Диалогты рөлге бөліп, оқыңыз, толықтырыңыз.

- Нарықтық экономика адамдарды неге үйретуде?

- Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде.

- Қалай ойлайсыз, нарықтық экономика адамның психологиясын қалай өзгертті?

- Ол халықты табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге үйретіп отыр.

- Не арқылы халықтың күш-жігерін, ақыл-ойын еңбекке бағыттауға болады?

- Нарықтық экономика арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын еңбекке бағыттауға болады?

- ..................................................?

- ................................................. .