Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары Нанотехнология дегеніміз не?

Енді 20 жылдан соң жер бетіндегі тіршілік нанотехнологияның арқасында жаңа мазмұнға, жаңа сипатқа ие болады деп есептейді бір топ ғалымдар. Егер қазірдің өзінде нанотехнологияның көмегімен әртүрлі микробтарды жоятын ұялы телефондар, аяқ киімнен хош иіс шығарып тұратын ұлтарақтар, ылғал мен шаң өткізбейтін үш қабатты астары бар төсеніштер, лай батпақ пен жауын-шашын жұқпайтын автомабиль әйнектері секілді ондаған тауалар өндіріле бастаса, енді біраз жылдан соң, күнделікті тұтынатын азық-түлігімізді де осы жаңа технологияға сүйене отырып өндіретін боламыз. Олай дейтініміз, әлемдік ғалымдар дайын атомдардан кез-келген затты құрастыруға қабілетті нанороботтар жасап шығарады. Солардың көмегімен тауарларды өндірумен қатар, енді он-он бес жыл жылдан соң сауын сиыр ұстамай-ақ, шөптің өзінен тікелей сүт өндірілетін сатыға көтерілеміз. Сонда бұл нендей керемет?

- Нанотехнология дегеніміз – бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру, - дейді «Наноиндустрия» концернінің бас директоры Михаил Ананян. – Ядролық физика 1940 жылы қандай деңгейде болса, әзірше нанотехнология сондай даму дәрежесінде тұр.

Адмзат тарихында өркениеттің қарыштап алға басуына елеулі септігін тигізген жаңалықтардың аса көп болмағаны белгілі. Бірақ әрбір жаңалық атаулы қоғамды бір саты болса да алға жылжытып отырды.

1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

2–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

4-тапсырма. «Жарнама» тақырыбы бойынша өз тауарыңызды өткізу, жұмысқа шақыру, жеке, дербес жарнама ұйымдастыру бағыттарында жарнамалық парақшалар мен суретті плакаттар дайындаңыз.

10 - САБАҚ

Банк және бәсеке

Лексикалық тақырып: ҚР банкі жүйесі, қызметі

Грамматикалық тақырып: Жалаң және жайылма сөйлемдер

1-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Банктің клиенттерге көрсететін қызметі қандай?

Банкі жүйесі, қызметі

Банкі (итал. Banko – үстел) – деген мағынаны білдіреді. Банкі – ерекше кәсіпорын. Егер кәдімгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банкі қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банкілер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) тағы сол сияқты басқа да қызметтерді атқарады.Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау жатады, ал негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру, инвестициялық қаржы бөлу т.б. жатады.

Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына әсіресе, 1716-20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды.

Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Қазақстандағы негізгі банктер – Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты.

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк – ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “Коммерциялық Банктер” деп аталады. Қазақстанның екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына Казкоммерцбанк, Тұранәлембанк және т.б. жатады.