Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Боөж тапсырмалары Сауда. Сауда орталығы

Сауда - халық шаруашылығының тұтынушыларға тауар өткізу жөніндегі саласы: тауар айналымының формасы, сатып алу, сату жолымен еңбек өнімдерін айырбастау. Өндіріс кұрал-жабдықтары материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы өткізіледі. Сауда жүйесіне қоғамдық тамақтандыру саласы да кіреді.

Қазакстанда сауданың негізі 1930-жылдары қаланды. Сауда торабы ұсақ дүкендер мен дүңгіршіктерден түрады. Республикадағы сауда орталығы ірі екі жүйеге бөлінеді: мемлекеттік сауда және тұтынушылар саудасы (бизнес).

Сауда орталығы - сауда қызметінің бір бөлікке орналасқан, бір-бірімен өзара байланыста болатын кәсіпорындарының біртұтас комплексі.

Оның құрамына ірі сауда орындары базар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орны, жеке меншік дүкендер, халыққа тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету мекемелері кіреді. Сауда орындары халыққа неғүрлым қолайлы әрі комплексті қызмет көрсетуге сауда және шағын бизнестік пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саудакент орталығы - орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Сауда керуен жолының бойына орналасып, саудамен қоленерімен айналысты. Саудакент - орта ғасырлық (13 ғ.) іргесі қаланған қалалардың ішіндегі ең көне тарихы бар қала екендігі белгілі болған.

(Қазақ ССР Энциклопедиясы. 1986 ж.116-бет)

1-тапсырма. Сұрақтарга жауап беріңіз.

  1. Сауда қалай жүргізіледі?

  2. Сауда жүйесіне нелер кіреді?

  3. Сауда торабына нелер жатады?

  4. Са> да орындары туралы не білесіз?

  5. Біздін елімізде кандай сауда орындары бар?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

I. Сатушы не сатса да.... сатады.

Ж.Баласағұн

2 ……….Өз бетінше заттар не ... Да, не ... Да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады.

У.Шекспир

3. Білмегенді сұрап үйренген ...,

Арланып сұрамаған ....

Ә.Науаи

4. Тамағы ..., жұмысы ...,

Аздырар адам баласын.

Абай

Керекті сөздер: жоқтық, тоқтық, пайдасына, жақсы, жаман, залым, галым.

1-тапсырма. Қазақстандагы ірі сауда орталықтары болган көне қалалары жайлы реферат әзірлеу

1. Ақша жасау үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны «қалай жасауды» міндетті түрде білу керек. (Марк Твен)

2. Ақша ашпайтын қүлып жоқ.

3. Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар

4. Үйдегі көңілді, базардағы нарық бұзады.

5. Не аз болса, сол қымбат, не көп болса сол арзан болады (орыс мақалы).

2 – САБАҚ

Қазақстанның экономикалық байланысы

Лексикалық тақырып: Сыртқы экономикалық байланыстар

Грамматикалық тақырып: Сан есім және оның түрлері

Бүгінде республика дүниежүзіндегі жүз қырық бес мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің жүз жиырма екі еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар жүз он бес мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізін тұтынушылары – Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Италия, Украина, Ұлыбритания т.б.. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Гермаиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан Белорусьтен, Украинадан, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.

Қазақстан Еуропа мен Азия Тынық мұхит аймағын қосып маңызды геосаяси орын және стратегиялық кеңістікті алып жатыр. Сондықтан Қазақстанның Ресей және Қытаймен өзара қарым-қатынастары ерекше мәселе болып табылады. 1992 жылы Ресесймен өзара көмек, экономика, әскери және саяси сфераларда достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қытай Халық Республикасымен де бірқатар келісімдер жасалды. Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы нарыққа тауарлардың екі жүзден астам түрі шығарылды. Қазақстанның түсті металдары, ферроерітінділер, қара металл, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр. Республиканың экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мақта, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері құрайды.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Британия Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б. бар. Шетелдік инвесторларды бәрінен көп қызықтыратыны – мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия.

Тізе берсек тізім үлкен, еліміз әлемнің бар елімен қатынаста десек артық болмас, ең бастысы тізім емес, нәтижелік, еліміздің алға дамуы, ДСҰ-ын басқаруы.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2-тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде, тығыз байланыс, әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы, жөн болар еді, айрықша риза, жалғасын табу.

3-тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапйым американдықтар (немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп

ойлайсыз? Оның себебі неде?

2. Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3. Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1. Өз елің – алтын бесік.

2. Әркімнің өз жұрты – ұжмақ.

3. Отан – елдің анасы.

Ел – ердің анасы.

4. Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы – жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып - өскен ел қымбат.

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

БОӨЖ

1-тапсырма. Жағдаят. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз? Яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

2-тапсырма. Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.

3 - САБАҚ