Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балжан.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Заман және нарық

Лекцикалық тақырып: Нарықтық салық жүйесі

Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемдер

Нарықтық салық жүйесі (Налоговая система рынка)

Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің ең тиімді түрі болып саналады. Мемлекеттік бюджеттің кірісі негізінде құрылады.

Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі. Нарық жағдайында салықтар үш түрлі қызмет атқарады:

а) фискальды (мемлекеттік табыстарды жинау).

ә) қайта бөлу

б) реттеуші

Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Салықтар үдемелі (прогрессивті), пропорционалды және кері үдемелі (регрессивті) болып бөлінеді. Үдемелі салықтар табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарқы да өседі. Бірақ табысқа салынатын жоғарғы салық кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендеуіне және жағымсыз факторларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесі туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлері бар.

1. Жалпы мемлекеттік салықтар.

2. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар.

3. Жергілікті салықтар мен алымдар.

Республиканың салық жүйесі бүгінгі таңда 11 жалпымемлекеттік, 10 жалпыға бірдей міндетті және 17 жергілікті салықтар мен адамдардан тұрады.

Сөздік

салық жүйесі – налоговая система

реттеу – регулирование

кіріс – доход, приход

мазмұн – содержание

тұрғындар – население

төлем – платеж

бөлу (тарату) – распределить

қабылданған – принятый

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

1. Сатушы не сатса да, ... сатады. (Ж.Баласағұн)

2. ... өз бетінше заттар не ... да, не ... да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады. (У.Шекспир)

3. Білмегенді сұрап үйренген ...,

Арланып сұрамаған ... . (Ә.Науаи)

4. Тамағы ..., жұмысы ... ,

Аздырар адам баласын. (Абай)

Керекті сөздер: жоқтық, тоқтық, пайдасына, жақсы, жаман, залым, ғалым.

Боөж тапсырмалары Нарықтың мәні, құрылымы

Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық механизмі мынадай қызметтерді атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады керісінше,олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.

Дүниежүзілік нарық - сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық несие және қаржы қатынастарының негізінде кұрылып, орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістің коопераңия және интеграция,сыртқы сауда, тауарайырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.

Ұлттық нарық - бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі бір дәрежеде өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінщ шарты - ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар - ақша форма түрінде көрінеді

1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сөздікпен жұмыс жасаңыз

2-тапсырма. Мәтіндегі әр сөйлемге сұрақ қойыңыз.

РМҚК «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Сапа менеджмент жүйесі

СМЖ Е¥У -2007

университеті»

Университет стандарты

беттің беті

ҚРБҒМ

Оқу-ұйымдастыру процесі басқармасы

3-тапсырма. Мәтінді жазбаша мазұндаңыз.

13 - САБАҚ