Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

аяқ алысы ретінде ғана бағаланады. Бұл кезең жаңа бағыттағы қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абайдың, халық тілінің қуатын жете пайдаланған сөз зергерінің тыңнан жол іздеп көрмек бір ұмтылысы немесе «кейін, аз уақыттың ішінде-ақ, өмір шындығына жақын өлеңді өз халқының анық халықтық тілімен жазып кететін Абай, мынау тұста тек аз уақыт қана өзін

... қызықтырған, таңдандырған үлгіге аз бой ұрады» [2, 96]. Әрине, бұл – ойшыл, сыншыл ірі ақынның іздену, өсу, толысу кезеңін көрсететіні даусыз ақиқат. Алғашқы шығармашылық қалам тербеуін шағатай дәстүріне ден қоюдан бастаған ұлы ақын «сөз сарасын» ұлттық әдебиет өресіне жетелеп, кешікпей «өз үйірін» табады. Әрі ғалым Қ. Жұбанов сөзімен айтқанда, «осы үш өлеңнен кейін шығыс жұртына қонуды тоқтатады» [36, 260], Зерттеушілердің көрсетуінше, Абайдың әдебиеттегі «таласы», еліктеуі шәкірт кезіндегі жалаң қызығушылық емес екен. Жаңашыл ақын өлең құрылысына өзгеріс енгізгенде, «шағатай әдебиетінің үлгілерін өз дегеніне әбден көндіріп алады» [37, 177]. Мысалы, «Білімдіден шыққан сөз» өлеңінің алғашқы төрт жолы қара өлең ұйқасымен (а, а, в, а) болып келсе, кейінгі жолдары шығыс әдебиетінде көп кездесетін (а, а, а, в, а, а, а, в) ұйқасқа сай түзіледі. Сөйтіп, биік шығармашылық талғаммен келіп, қазақ өлең құрылысына сыйыстырып, өз дүниесімен бауырластырып жібереді. Өнер мен өлең сайысында шеберліктің өнегесін осылайша бір көрсетеді. Табиғи, шынайы кейіппен сомдалған өлең өрнектерінің өзге топырақтағы өгейлігі сезілмей, қазақ өлеңінің өрімімен кірігіп кетуі – ақындық ұсталық пен келісімді шеберлік көрінісі деп бағалаймыз. Шығыстық немесе қазақтық дайын (трафарет) түрді қаузай бермей, жаңаша түрлендіріп, өлеңдегі индивидуалды даралықтың үлгісін салып, ұлттық дәстүрді әрі қарай дамытады.

Өлеңнің сыртын саралай бермей, оның мазмұн көркемдігіне баса мән берген Абайда шығыстық сарынмен үйлесетін көңілкүй, сезім сырлары мен ой толғамдарға тұнған шығармалар да мол кездеседі. Бұлар сонымен қатар, Абайдың поэзия әлемін классикалық түркі дүниесімен үндестіретін шығармашылық байланыс көрініс болып табылатыны белгілі. Дүниеге шығыс ойшылдарының көзімен қараған «Сағаттың шықылдағы емес, ермек», «Тоты құс түсті көбелек», «Өлсе өлер табиғат» өлеңдері

51

фәнидің жалғандығын тағы бір еске салса, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас». «Алла деген сөз жеңіл» шығармасында «Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф алла еш жерде өзгермейтіндігін», Распен таласпа мүмин болсаң, одан да адамдық атын жоймауға бағыттап, соны ойлантады.

Абай тілдік тұлғасындағы шығыс сөздерінің сипаты.

Абай тілдік тұлғасының басты көрсеткіштерінің бірі, басқаша айтқанда, оның тілдік білім аясы мен таным тереңдігін танытатын арнаның бірі – шығыс (араб-парсы) тілдері элементтері. Әрине, Абайға дейінгі ақын-жыраулар тілінде де, ауыз әдебиеті үлгілерінде де жиі кездесетін шығыстық лексемалардың Абай тілінен де кең орын алуы – заңдылық. Өйткені, жалпыхалықтық тілге ертеректе орнығып, төл сөздеріміздей етене сіңісіп кеткен тілдік бірліктерді Абай да жатсынбай, тіпті түрлендіре, «тірілте» қолданғаны белгілі. Атап айтқанда, бірқатар сөздердің коннотациялық реңкін өзгертіп, негізгі семасын жетілдіріп, үстеме мағына қосады (өнер, сурет, қызмет т.б.); тіркесімділік қабілетін арттырып, грамматикалық қызметін белсенді етеді (қайрат табу, ғылым бағу, дүниеге ынтығу, ғаділдік, адамшылық, арлылық, ғибраттану т.б.) Абай қазақ тіліне семантикалық жағынан орныққан, тілдің грамматикалық жүйесіне сәйкестенген кірме сөздерді лексикалық байлық деп бағалаған, солай ұсынған.

Абайтанушы ғалым Р. Сыздықова Абайдың шығыс сөздерін қолданудағы мәдени өресінің биіктігіне нұсқай отырып, халық ақынының өз оқырман, тыңдаушысымен үнемі санасып отырғандығын жақсы аңғарған [4, 84]. Абай қалың оқушыға (қарапайым тіл тұтынушысына) арналған Сөздерінде бейтаныс, жат сөздерді аса сақтықпен қолданған. Философиялық, теологиялық шығармаларды шығыс тілінде еркін оқыған, шет сөздерді шетін көрмеген білімдар Абай өзіне түсінікті, өзгеге беймәлімдеу сөздерге сергек қарап, сирек қолдануы тыңдаушысын сыйлағаны, олардың білім деңгейімен санасқаны деп білеміз. Кірме элементтердің Абайдың поэзиялық туындыларына қарағанда прозалық шығармаларында жиірек кездесуі оның ғылыми публицистикалық стилінің ерекшелігіне, әрі ғылыми бағытына сәйкес алынғандығы деп есептейміз.

Абай дискурсында шығыс сөздерінің қолданылу себебі неде? 1) «Сол кездегі шағатайшылау, парсышылаудың, оның

52

үстіне татаршылаудың келіп қосылуы да»; 2) шағатай, түрік, татар тілінде басылып шыққан кітаптар ықпалы да емес; 3) ХІХ ғасырдың екінші жартысында мешіт, медресінің беделі күшейгені де емес; 4) араб-парсы сөздерін көбірек қолдануға тырысқан оқығандар мен тілі неғұрлым шұбарланса, солғұрлым оқымысты болып көрінетін, «мәдениеті басқадан артық» оқымыстылардың әдеті де емес. Өзге тілдік қолданыстардың Абайдағы себебі мүлдем басқада болғаны анық. Бұл ойымызды абайтанушы ғалым Қ. Жұмалиев пікірімен ұштастырамыз: Абай өлеңдерінде кездесетін араб, парсы сөздері үш топқа бөлінеді, бірі – қазақтың өз сөзі болып, «қол бала болған сөздер», екіншісі – діни ғылыми, термин – атау; үшіншісі – күлкі, сықақ үшін қолданылған сөздер және «бұл Абайдың шетшілдігі емес, бір жағынан ... көп оқып, көп білгендігін көрсетеді» [36, 168-184]. Бұл айтылғандарға нақты мысалдар арқылы көз жеткізе аламыз. Мысалы, тілдік қолданысқа ертеде еніп, әбден қалыптасқан лексикалық бірліктер семантикасы талдауды қажет етпейді. Оның бір үлгісі:

«Жаралы көңілер жазылар, Дүниеде рақат бар шығар»; «Халық билеген патшалар, Уақыты жетсе құлайды»

– деген жолдар дәлел бола алады. Немесе бүтіндей бір шумақта тілдік құрамға етене кірігіп, «бөтендігі» сезілмей кеткен бірнеше бірліктер кездесуі де заңды:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Және хақ жолы осы деп әділетті».

Осы өлеңдегі мәхәббат (сүйіспеншілік), адәмизад (бүкіл адам), алла (алла тәғала, тәңір), хәқ (шын, ақиқат), ғадел (турашыл, шыншыл) сөздерінің шығу этимологиясы араб тіліне жетелегенімен, ешбір жаттығы жоқ, қазақтың өз төл сөзіндей болып кеткенін тіл маманы болмаса, қарапайым тіл тұтынушы айыра бермейтіні рас. Аталған сөздердің дыбыстық тұлғасы қазақ тілінің заңдылығына бағынып, төл сөздер қатарына ертеде-ақ қосылып, әбден кірігіп кеткендігі белгілі.

53

Қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуын зерделеген еңбегінде белгілі ғалым Ө. Айтбаев араб-парсы элементтерінің қазақ тіліне тікелей қоян-қолтық араласу нәтижесінде емес, туыс халықтар арқылы сатылап жеткеніне нұсқап, олардың тақырыптық топтасын береді. Мысалы, мәдени, ғылыми ұғымдарды (медресе, дүние, қалам, қағаз, ғалым, мағлұмат т.б.); үй тұрмысына қатысты атауларды (байреқ, базар, атырап, бадам т.б.); діни ұғымдарды (аят, намаз, құдірет, күнә, құдай т.б.) білдіретінсөздер[45, 27] Абай шығармасы тезаурусынанорын алған.

Ал мына мәнмәтіндегі «ғылыми» мәндегі сөздерді кез келген тіл тұтынушы түсіне алмасы анық.

«Ақыл мен хауас барлығын Білмейдүр, жүрек сезедүр.

Мүтәкәллимин, мантикин

Бекер босқа езедүр».

Бұл мәнмәтінде белгілі бір терминдік мәндегі лексемалар мүтәкәллимин – дінді дәлелдеушілер, мантикин – логика, қисынды сөзінің баламасы ретінде қолданылған. Сонымен қатар, ақын дискурсында орын алған рухани-діни лексиканың лингвомәдени құндылығы жоғары. Жалпы, Абай тілдік тұлғасының рухани әлемін ақынның діни танымы арқылы саралауға мүмкіндік зор. Адамгершілікті өмірлік кредоға айналдырған ақыназаматтың рухани болмысы қалыптасуында діннің шапағатты ықпалы болғаны белгілі. Ислам әлеміне тән көптеген сөздер мен ұғымдар Қарасөздер мен өлеңдерінде прагматикалық мақсатқа сәйкес біршама жиі қолданылған деуге болады. Сол қоғамдық орта мен рухани әлемге тән діни сөздер: хаят (тіршілік), фиғыл ғазимләрі (ұлы сипаты), тағрифлаз (анықтау), субутия (тұрақ-

ты), һәм әбди (құлшылық ету), жәуанмәртлік (жақсы адам) т.б. мән-мазмұны Абайдың моральдық-этикалық ұстанымдарын білдіруге қызмет етеді. Ол діни ұғымдар арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді жетілдіруді мақсат тұтады. Антиклерикалдық бағыттағы дін иелерін (алдау мен арамдығын дін арқылы бүркемелеушілерді) сынайды. Тілдік тұлға тезаурусындағы кейбір кірме сөздер мәнін осылай саралаймыз.

3) Ащы сынға түскен мына тілдік таңбаның қолдану себебі де түсінікті.

54

«Еннатайына кәлкаусар, Пошел дереу күнәкар». Абай осы өлеңде намаз аяттарын дұрыс айта алмаған Абралы замандасын әжуалау арқылы, діни сауаты кем, әрі онысын өзі мойындамайтын дүмшелерді сынға алады да, «Осы оқумен намаздың қай жерінде сауап бар? / Тегін ойлап байқасаң, / Мұнда ми жоқ,

құлақ бар» – деген өткір мінездемесін қоса береді.

Белгілі абайтанушы ғалым Р. Сыздықова «Абай шығармаларының тілі» атты іргелі зерттеуінде шығыстық кірме сөздерді қолданылу мақсатына, қамтыған тақырыбына; фонетикалықграмматикалық табиғатына қарай жан-жақты талдау нысанына алып, теориялық құнды тұжырымдар берген [4, 65-92]. Абай дискурсындағы араб-парсы немесе шығыс тілдерінің сипатын, қолданылу уәжін жан-жақты, толымды зерттеп-зерделеп бергендіктен, біз бұл мәселені әрі қарай қайталауды жөн көрмедік.

2.2Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты

Бірқатар зерттеулер дәлелдегеніндей, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыс, сөз ауысу үрдісі сонау ерте замандардан басталғаны анық. Белгілі ғалым Ө. Айтбаев орыс тілінің көптеген сөзі, тікелей қарым-қатынас нәтижесінде ауызекі сөйлеу тілі арқылы да, мерзімді баспасөздің жандануымен де белсенді қолданысқа түскенін нұсқайды, сонымен бірге тілдік процеске мықтап әсер еткен жағдайдың бірі – қазақ елінің Россия қоластында болуы деп көрсетеді.

...«Тілдегі бұл процесті қазақ халқынан шыққан оқыған азаматтардың көбі-ақ айқын сезінгені байқалады», – [45, 53] деген объективті пікірін ұсынады. Соның бір дәлелі Абай шығармалары тілінен анық көрінеді.

Ө. Айтбаев «Абай туындыларында, ақынның сөз қолданысында өз жарасымын тапқан сөздер» қатарына интернат, еди-

ница, такт, счет, шар, элемент, ояз, бүбірнай (выборный),

съезд, пөштебай т.б. сөздерін көрсетіп [45, 30-59], бұл термин тектес сөздердің сол кезеңдегі қазақ баспасөзі мен әдебиетінде белсенді сипат иеленгеніне ғылыми сараптама жүргізген, Абай тіліне қатысты нақты талдаулар жасаған. Соның бір дәлелі пар-

55

тия сөзінің концептуалды мәні мен тілдік санадағы көрінісіне ақын шығармалары арқылы дәйекті деректер беруінен көрінеді. Ғалымның көрсетуінше, бұл кірме сөздің мағынасы «Айқап» журналы беттерінде және Абай шығармаларында айтыс-тар- тыс, жік, жауласқан топ мағынасында жұмсалған. Автор ойының айқындығына мына мысалдарды алады: «ел билеген би-ле-

ріміз, болыстарымыз... бірлік, ынтымақты кетіретін партия

жолдарынан сақтану керек»... т.б. Айқап. 1913.№11.242 б. Немесе партия лексемасы «елді жікке бөлу» мағынасында қолданылған бірнеше дискурсқа Абай шығармалары арқылы сипаттама береді: «Болды да партия, / Ел іші жарылды. / Әуремін мен тыя, / Дауың мен шарыңды»; «Партия жиып пара алған, /

Бейілі кедей байсыңдар». Зерттеуші ғалым өлеңдер мен қарасөздерді салыстыра отырып, жан-жақты талдау жүргізеді: «...Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауылды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп... басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Әрбірден соң сыртымызға шықтық, жауластық, даулас-

тық, партияластық»... «Абай шығармаларында бұл сөзге қазақ тілінің қосымшалары жалғанып, туынды жаңа тұлғада қолдан-

ған, партия сөзі жік, жікшілдік байлар арасындағы тартыс мағынасында, ал екінші сөйлемде ұйымдасқан топ халық мүддесін мақсат еткен адамдардың тобы», – деген ғалым пікірінің бір құндылығы сөз (партия) семантикасының кеңеюін көрсетумен байланысты дейміз. Бұл лингвомәдени бірліктің жағымды мәні

– «Халық мүддесін мақсат еткен адамдар тобы» мағынасы, жаңа, әдеби тілге «Айқап» енгізе бастаған мағынасы деуге болады», – деп көрсетеді автор [45, 56-59]. Сөйтіп, партия сөзі Абайда да, «Айқапта» да жағымсыз мәнімен қатар, «белгілі көзқарастағы, халық мүддесін көздеген адамдар» коннотоция-

сымен толыққан, жаңа мағыналық реңк иеленген.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында әкімшілік орталықтарында әр түрлі дәрежедегі орыс-қазақ мектептері (саяси мақсатта), олардың жанынан интернаттар ашылғаны қазақ даласындағы үлкен құбылыс болғаны белгілі.

Абайдың тілдік тұлғасындағы орыс сөздері, біріншіден, Абайға дейінгі жалпы халықтық сөйлеу тілінде қалыптасып, орныққан және кейбір ақын-жыраулар тілінде белсендірек қолданғандар болып айқындалады. Екіншіден, Абай тұсында, яғни

56

ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап енгендер болып тағы бір топталады. Сол кездегі әкімшілік, ел билеу, тұрмыс-салт, сауда-

саттыққа қатысты ояз, закон, солдат, партия, сот, самауырын

т.б. сөздер халық тұрмысына да, оның тіліне дендеп енеді. Әлеуметтік, халықтық мәселелерді өз шығармаларында жиі көтерген Абай шен, болыс, законшік т.б. лексикалық бірліктерді белсенді қолданып, тіпті солар арқылы жаңа лексемалар да жасайды. Орыс сөзін қолданудың бірнеше жағдайы кездеседі: 1) қазақ тілінде баламасы болмаған сөздерді сол орысша айтылуы бойынша қолдану (адвокат, штык...). 2) қазақша баламасы болса да оның тілде бұрыннан бар ұғымдардан ажырату үшін қолданылады. Р. Сыздықованың көрсетуінше, Абай қолданысында орыс мектебіндегі және азаматтық мазмұндағы оқуды айыру үшін образование сөзі аударылмай алынады. Түркі танырлық, құлшылық қыларлық оқу мәніндегі образование мағынасы оқу-білім деген түрінде берілген [4, 101], немесе заң сөзін тәртіп, дәстүр, әдет мағынасында жұмсаса («Ыстан қо-

рыққан қазақтың заңы құрсын» – «Күз» өлеңінде), закон лексе-

масын патша өкіметінің тәртібі, заң термині ретінде қолданады

Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы», Қисық болса закон бар, Судьяға беруге).

Абай шығармаларындағы төмендегі кірме сөздер мағынасына қысқаша сипаттама берумен шектелеміз, өйткені классикалық үлгідегі Абай шығармалары мәтіні өз оқырманымен тыңдаушысына әбден түсінікті болып кеткен дейміз.

Ояз: Империялық пиғылдағы оязға, рухыңды бұғаулаған отаршыл, өктем оязға қызмет қылма! деген сақтандырудың себебі бар. Заңсыздықты заңдастырып, жазықсыз жапа шектіретін

– ояз! Оған бас исең, «жанбай жатып сөнуге белді буғаның» деген түйінге келеді, сондықтан негізгі кейіпкерге айналған субъектіге ой қазығын бағыштап, заңға емес, ояз ойына бағыныштылықты айту үшін сол номинативті атауды ерекше қолданысқа түсірген. «Қызмет қылма оязға жанбай жатып сөнуге».

Закон: «Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасы» дегенде орыс империясының қоғамдық тәртіпті бекіту мағынасындағы заңнамалық құжатты (закон жиынтығын) меңгерген және сол законның мазмұнын білгеніне де ризашылық еткен ата-ананың

57

тоқ көңілін жеткізеді. Басыңқы ой закон лингвомәдени бірлігіне бағытталған.

Прошение: «Прошение жазуға Тырысар келсе шамасы» де-

генде үміт күткен ел баласының келелі, елдік мәселені шешуге дайындалмай, прошение (арыз, өтініш) жаза алатындай деңгеймен тұйықталғанына өкініш білдіреді. Олардың мақсатының үлкені де прошение жазуға жету болғандықтан, сол сөзге логикалық екпін түсіре айтады.

Виноват: «Бұл іске виноват? Я Семейдің қаласы, Я қазақ-

тың аласы?» дегенде ел арасы бүлінгеніне, қазаққа панасы тимегеніне; қу мен сұм болғанына – жалпы алғанда ел ішіндегі алауыздыққа кім кінәлі (виноват) деген сұрақ қойып, жауабын тұспалдап жеткізеді: Заң мен заңсыздық өрбитін Семей қаласы (империя саясатының қазақтағы бір орталығы) ма? Әлде қазақты қазаққа жау етуден туған, іштен іріген «алтыбақан алауыздық» па? Оның жауабы (виноват еткен жақтан) табылар дегенге сілтейді. Бұл сөзге логикалық екпін сол себепті қойылған. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват».

Адвокат: «Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой» –

интернатта оқып жүрген жасөспірімнің бар мақсаты осынау заңсыздыққа қорғаушы болу, ендеше бұнда кекесін сияқты модальдық реңк бар.

Здравомыслящий: «Айтыңызшы, болсаңыз Здравомысля-

щий, / Ақыл айтпай ма ағасы» – бұнда әр істі ақылмен ойлап шешетін здравомыслящий – сергек ой иесі халықтан табылмай ма, сақтандырмай ма? деген астарлы мән бар.

Военный: «Военный қызмет іздеме, оқалы киім киюге / Бос мақтанға салынып, Бекер көкірек көруге» дегенде ар ойламай, пай-

да ойлап яғни әскери қызметте сары ала киім киініп, шен тағып, ұлыққатағзыметіпжүргенше, елгеқызмететукеректігінміндеттейді. Елдібоданетудіңбіржолывоенныйқызметтегілерденкеледі.

Коренной: «Алыс та болса, іздеп тап Кореннойға кіруге. Адал жүріп, адал тұр счетың тура келуге Я өз бетіңмен тәуекел, занимайся прямотой».

Күлембай – биліктің ғана құлы емес, олар – рухани құлдар. Абайдың қаупі бүкіл елдің рухани тәуелділікке түсуі, сондықтан

58

қорқыныштысы Күлембай сияқты бірер болыс емес, елдегі күлембайлықтың өршуі «бүкіл ұлттың күлембайланып кетуінде», Елді Күлембайлар билемей, рухани тәуелсіз, дербестігі өзінде сақталған тұлға – «единица» (бір, бірегей) басқарса ғана, елдің елдігі сақталады.

«Единица нөлсіз-ақ, Өз басындық болары сол, Единица кеткенде, Не болады өңшең нөл? Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір Кемел»...

Мәтіндегі имплицитті мән Единицаға, көп шуылдаққа қарсы тұлға – Кемел тұлғаға байланысты. Абайдың: «ақылға бірлік, малға бірлік емес» дегенде, немесе «бірлік сатылса антұрғандықтың басы» (Алтыншы Қарасөз) деген Сөздігіндегі бірліктен единица сөзінің дискурстық мағынасы мүлде бөлек: бірінде – «ынтымақ» мағынасы, екіншісінде «жетекші, басшы» мағынасы домината болып тұр. Осы екі семантиканы ажырату үшін единица семасы орыс тіліндегі семиотикалық мәнінде алынған.

Абайдың «Интернатта оқып жүр» шығармасында оннан аса орыс сөздері кездеседі. «Сөз арасы бөтен сөзбен былғанса», оны «ақынның білімсіз, бейшаралығына» санайтын Абайдың бір өлеңінде осыншама мол кездескен сөздердің прагматикалық уәжі, стильдік «заңдылығы» бар. Оның себебі интернатта орысша оқып жүрген балаларға «өз тілдерінде», түсінікті сөйлеп, ой бағыштау ғана емес, сол сөздерге ерекше логикалық екпін түсіре, белгілі бір мақсат көздей айтылған стильдік тәсіл деп есептейміз.

«Еннатайына кәлкәусар» «Пошал дереу күнәкар» – деген мәнмәтінде араб сөзімен орыс сөзін қатар қолдана отырып, «Намаз білмес пақыр, Абайдың замандасы Абралының «қира әтін» оқи алмай шатылғаны», оят сөзін бұзып айтып («еннатайына кәлкәусар») сауап емес, обал тапқан әрекеті сыналады. «Осы оқумен намаздың қай жерінде сауап бар?» – деген сұрақ қоя отырып, оның білімсіздігін сынайды.

«Көгалды қуып, гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алған»

шегірткенің «іс-әрекетіне» көңілі толмаған автор өз «кейіпкерінің» бос жүріс, мәнсіз тірлігіне назар аударту үшін (қыдырымпаз шегірткенің кемшілігін бетіне басу үшін) гуляйттап деген

59

окказионал (контекстік бір қолданар) сөздің қызметіне жүгінеді, сөйтіп жаңа образ жасайды.

2.3 Абай тілдік тұлғасы және қазақ фольклоры

2.3.1 Мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі

Шығыс пен Батыстың көркемдік қазынасын меңгерген «ақын Абай нәр алған үш арнаның» (М. Әуезов) бірі – қазақ халық ауыз әдебиеті мен фольклорының ғылыми бағыттарын айқындау мәселесіне академик С.Қасқабасов өзінің бірқатар іргелі зерттеулерімен үлес қосып, байыта түсті. Ғалымның атап өткеніндей, «қазақта қара сөзге дес бермеген ұлы ақын Абай өзіне дейінгі ауыз әдебиетінің, сөз өнерінің, барша байлығын санасына сіңіре отырып, қазақ поэзиясын жаңа сапалық биікке көтергені туралы әлі де болса зерттей түсуді қажет етеді. Осыдан келіп, ғалым Сейіт Асқарұлы «Абай және қазақ фольклоры» деген тың зерттеу бағытын «күн тәртібіне» қоя отырып, жас ғалымдарға, әдебиет-зерттеушілеріне ғылыми-танымдық міндет жүктейді.

Сол себепті де, академик С. Қасқабасовтың ендігі бір сүбелі зерттеуі «халықтың ауызша әдебиет қорынан көп нәр алған, сол арқылы өз өлеңін көп көркейткен» (М. Әуезов) Абайдың ақындық Тұлғасын одан әрі тани түсумен тікелей байланысты болып келеді.

Әлемдік ауқымдағы ақыл-ой алыбы Абай мұрасының терең мағыналы әрі философиялық идеяларға толы болуы – өз халқының даналығы мен өз халқының көркемдік қазынасын терең меңгергендігімен байланысты десек, осы алтын арқаудың сырсипатын тереңнен аша түсу, әрі қарай зерттей түсу – Абайтану ғылымының тағы бір межесіне, зерттеудің тағы бір өресіне айналу керектігі даусыз. Ғалым оның басты-басты бағыттарын белгілеп, Абай шығармаларының тілін зерттегенде мына мәселелер жан-жақты ашылуы тиіс деп біледі:

1) Ұлы ақын көркем поэзиясында фольклорлық сюжет пен поэтиканы жаңа деңгейде пайдаланып, адамгершілік ұстынға

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]