Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

сатқан тәңірі атқан); қулығын сатқан (қулығын бұлдап сату). «Құлағын сатқан – тәңірі атқан / оңдырар ма, оңар ма?».

Метафора көркем дискурста әр түрлі қызметте көріне алады.

1. Номинативті когнитивті функция.

Тілдік тұлға өзінің санасында сәулеленген дүниенің тілдік бейнесін атау үшін сол жаңадан пайда болған, жаңаша қабылданған құбылыстарға атау беру қажеттігін сезінеді. Өйткені бұрынғы атау жаңа қабылдау мазмұнын толық аша алмайды. Тілдік тұлға өз көкірек көзімен зерделеген, қиял дүниесімен үйлесім тапқан құбылыс пен затқа метафоралы жаңа атау бере алады [105,15].

Метафора, ең алдымен, когнитивтік мазмұнымен ерекшеленетіндіктен, оның мақсаты тек көркемдік тудыру емес, шындық өмірдің бір үзігін көрсету, құбылысты жаңа қырынан тану. Мысалы, мұңдану, қайғыру деген мағына, Абай шығармасында күлкінің ерні кезеру формасында қолданған. Ауырған, қызуы көтерілген адамның ерні кезеретіні сияқты, «жаны ауырған» адамды қайғының қызуы шарпып, күлкісінің ерні кезеретінін өте дәл, әсерлі суреттеген.

Номинативті когнитивті метафораның пайда болу жолы әр алуан. Абай дискурсында метафоралық ауысудың дәстүрлі, жиі қайталанатын мынадай үлгілері кездесті: 1) атқаратын қызметтерінің ұқсастығына байланысты семантикалық метафора немесе сыртқы кейпі (көлемі, түр-түсі) ұқсас семантикалық метафора; 2) ішкі семантикалық құрылымы ұқсас метафора.

1) Абай дискурсындағы ұқсастығына қарай уәжделген семантикалық метафоралық неологизмдердің бірі ретінде сағат сөзіне концептуалды талдау жасап көрелік:

Абайдың философиялық мәні зор шығармасының бірі – «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңі. Бұл шығарма – бүтіндей метафоралы ауыстыру. Мәтіннің мазмұндық-концептуалды ақпаратында ақын әлемінің көркем суреті бейнеленеді. «Сағат-

тың өзі – ұры шықылдаған, / Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған»,

деген жол негізгі ақпараттың көркем бейнесі көрсетеді: «сағаттың ұрлығы», «өмірді ұрлауы» – метафора ауыспалы мәндегі стильдік қолданыстар. Сағат сөзінің семантикасында жасырын жатқан (имплицитті) сема бар: ол – ең қымбатыңды

211

байқатпай алушы – ұры және ол жай ғана ермек үшін соғып тұрған жоқ, сағаттың соғуы – қимыл-әрекет, ұрлау әрекеті. Қымбатыңды алып қою үшін білдіртпей келген ұрының тірлігімен ассоциация жасап тұр. Бір минут та – метафоралық ауысу. «Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас. / Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек». Ол – бір кісінің бүтіндей бір ғұмыры. Бір минуттың өтуі, қайта айналып келмейтіндігімен адамның өлуіне ұқсас. Автордың концептуалды қабылдауына сәйкес әлемнің тілдік суреті осылайша көрініс табады. Орыс ғалымы О. Корниловтың: «Каждый этнический язык – это уникальное коллективное произведение искусства, неотьемлемая часть культуры народа, орган саморефлексий, самопознания и самовыражения национальной культуры» деген [63, 133] тұжырымын Абай танымындағы жеке (индивидуалды) метафоралар қолданысымен байланыстыруға әбден болады.

Абайдың тілдік тұлғасындағы келесі метафоралы қолда-

ныс – қиқым образы. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің (оның ішінде мына жолдардың: «Бас-басына би болған өңкей қиқым, / Мінеки бұзған жоқ па елдің сыйқын? ... /Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, / Сапырылды байлығың бақ-

қан жылқың») жазылу уәжіне ден қойғанда, жалпы алғанда, прессуппозициялық даярлығы бар тыңдаушы (оқырман) қиқым метафорасының тілдік бейне ретіндегі рөлін өз дәрежесінде қабылдау мүмкіндігі бар. Соған сәйкес аялық білімі жеткілікті субъект санасында мына факторлар қайта жаңғыруы ықтимал: Қазақтың мемлекеттік билігін жойған – Сперанский жасаған «Бірінші низам» ережесі екені тарихтан белгілі. 1822 жылғы низам бойынша хандық билік жойылады. Енді әр дуанды аға сұлтан билейтін болды, ал әр аға сұлтанның құқы өз дуанында ғана жүреді. Ортақ елдік мүдде өшті. Бұл сайлау жүйесі бойынша елдік мүдде мүлде қозғалмады. Елдің тұтастығы жойылды. Бас-басына би болды. Қиқымдар, елдің сыйқын бұзды. Ал ол билер ел ішіне алауыздық әкелгені туралы абайтанушы Т. Жұртбай «Күйесің, жүрек, ... сүйесің» еңбегінде [55, 31-32] тереңнен толғай отыра, объективті шындықты арқау етіп, өткір ойлар білдіреді. «Қиқым» метафорасының қолданылу уәжін саралау үшін алынған әлеуметтік-философиялық ментальды тілдік бірліктер когнитивті мол ақпарат жеткізеді.

212

Т.Әлімқұлов «Жұмбақ жан» атты зерттеуінде: «нендей керемет деталь! Қиқым-кәдімгі қураған шөптің жел ұшырған үгіндісі ғой ... тамырсыз шөптен қалған құнарсыз қиқым» [106, 65], – деп тамыры жоқ, өз елінен тамырын үзуге таяп қалған, ұсақ билікті сынайды, сөйтіп тілдік ұжымның когнитивтік санасында орын алған шөп-шаламның қураған қиқымын концептуалды бейнеге ауыстырады.

2) Ішкі семантикалық құрылымы мәндес метафора жайлы сөз еткенде, малға дос, дүниеге ынтық тәрізді сөз тіркестері ойға оралады. Абай шығармаларында «малжанды, дүниеқоңыз» мағынасы малға дос, малға ынтық, дүниеге ынтық деп алынған.

Бұл тілдік бірліктер одан әрі адамның «есімі» ретінде қолданылып, мағынасы тереңдей түсіп, кеңейіп барып, кең ауқымды ой айтуға негіз болған. Мысалы, «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде малға достардың «мақтанып білдірмекке, көзге шұқып, малменен күйдірмекке мал жиған» себебін айта келіп, «өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар, сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке» – деген синтагмалар арқылы малға достың кісілігі мен қасиетінен сыр ұқтырады. Суреткер осы келеңсіз құбылыстар мен қимыл-әрекеттерге эмоциялы-баға- лауыштық сипат үстеу үшін қолданған. Нәтижесінде, жаңа тіркестер пайда болған немесе бұрынғы ескі мағынаны жаңа мазмұнмен кеңейткен, субъективті танымын білдірген. Ол – субъектінің (тілдік тұлғаның) сыншыл ойының негізгі жұлыны,

орталық өзегі. Сөйтіп метафора – бағалауыштық функция-

сымен уәжделген. Дәл осы метафора тағы бір көркемдік әлемге «таныс» екен. Мысалы, атақты «Кабуснамадағы» пенделік пиғылдың құрбаны болмаудан сақтандырған мына жолдардан ой үндестігін, ой тоғысын аңғару қиын емес: «Сыйлай білмейтін,

қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды. Оларды тек нан досы қатарында деп есепте де, жан досының қатарына қоспағын» [90, 83]. Осы талданып отырған «Малға доспен» лексика-грамматикалық бір топтағы «нан досы» бірлігінің стильдік қолданысы да – ортақ. «Ертегілердің достығы – бейіл емес, алдау» екендігі Абайдың Отыз тоғызыншы Қарасөзіне де арқау болған.

2. Компрессиялық функция.

Үлкен, көлемді мәлметті жатық әрі ықшам беру қызметін білдіреді. «Өзге сөз топтарын, тұлғаларды субстантивтендіріп

213

қолдануда Абайдың өзгелерден оқшау тұратын индивидуалдық бір ерекшелігі бар. Абай тұтас төл сөз ретінде келетін грамматикалық тіркестер мен жеке сөйлемдерді, кейде сөздерді объект етіп алады да, оларды заттандырып, зат есімше септеп, тәуелдеп қолданады»

[4, 126]. Мысалы:

а) «Сондай ерді «Ала бер»-ді, / Табар енді біздің ел»; «Ала бер»-ден, Келе гөр»-ден, / Бір күн басын бұрды ма?» ә) «Мен қалай?»-ға салынбай / Жылы жүзбен жайнасын»; б) «Еһе-еһе»-ге елірме бозбалалар» в) «Ой, тәңір-ай»-шыл, кер есек».

Бұлардың бірқатарына біреудің қылығын, мінезін сипаттайтын етістік, одағайлар объект болған. Мысалы, дарқан, ала қолсыз мырза інісі Оспанның осы қасиетін оның аузынан шықты деген «ала бер, келе гөр» сөздерімен бейнелеп, осы етістіктерді субстантивтендіреді. Абайдың шеберлігі сонда осы төл сөздер арқылы адамның мінезін дәл, нақты бұлтартпай берген. Кейіпкердің жиі атқаратын іс-әрекеті мен өз аузынан жиі шығатын сөзі (ала бер, келе гөр) өзінің мінезінің көрсеткіші (мырза, қолы ашық) болып тұр.

Ал келесі мән-мәтіндегі «Мен қалайға» (салынбау) деген тіркес күмәнданбау, шешімтал болу мағынасын танытады. Бұл үзінді Абайдың «Жастықтың оты жалындап» деген өлеңінен алынған. Макромәнмәтіндегі өзге де индикатор сөздер «мен қалай-ға» дегеннің күмәнданбау мағынасын нақтылайды. Яғни күмәнданбау үшін қайратты болу керек деген имплицитті мән осы контекстегі мына мәнмәтінде берілген: «Қайратқа сеніп қақтықпай.../ Майданға шықса жарасар»; «Қайратпен кіріп жалынбай, / Ақылмен тауып айласын», – деген жолдар күмәнданбауға, яғни мен қалай-ға салынбауға жетелейтін – бағдар, ұстаным.

Абайдың тілдік тұлғасында әр сөздің мың батпан салмағы бар. Мәнмәтіннен туар ой, прагматикалық мағына: «Күмәнданбау және мен қалай-ға» салынбау қандай мақсатқа жеткізеді? Не үшін керек? Абайдың берер жауабы 5-шумақта тұр: «Жалыны қайтар дененің, / Үнемі тұрмас осы шақ, // Талайғы кәрі дүниенің / Бір кетігін ұстап бақ». Мәнмәтіннің айтпағы: күмәнданып, «осы қалай болады?» – деп жүргенде уақыт өтеді де

214

кетеді, өз мақсатыңа жетіп, дүние кетігіне кірпіш болып қаланып қал.

Келесі мысал, «еһе-еһе-ге» елірме, бозбалалар» деген сөй-

лемге қатысты. ...Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,

Күлкіні онша күйлеп, шуламалық...

... «Еһе-еһе»- ге елірме, бозбалалар,

Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық – деген мәтін үзімін жеке алып қарастырсақ, бұл қолданыстың концептуалды мәні айқын байқалады. «Еһе-еһе» – кейіпкердің сапалық белгісі, тіпті оның образы, қимыл-әрекеттің атауынан субъектінің тікелей өзінің «есіміне» айналған. Ал Абай дискурсында еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер арқылы жасалып, атау сөздер мен объектіге айналған окказионалды қолданыстар жиі кездесетіні белгілі.

«Еһе-еһеге» – «күлкінің даусын» құлағымызға есітіп тұрған, дыбыстық еліктеуіш сөз. Еһе-еһе-ге еліріп жүрген бозбала кім? Ол – Абай дискурсында жиі қолданылған «күлкі баққан», «күлкі күйлеген» ой-көзі жабық жастар. Зат есім қызметін атқарушы еліктеуіш сөз (еһе-еһе-ге) – қызық, бос жүріс, күлкішілдік деген субстантивтенгенесімдердіңтағыбірмәндес, синонимдікқатарынқұрайды.

Мәтін дискурсында айтылмақ ойға қажетті ұғымның акустикалық «бейнесі» (еһе-еһе деген дыбысы) мен идеялық мазмұны көркемдік амал функциясын атқарып тұр. Сөздің концептуалды мәні мен окказионалды формасы ұжымдаса келіп, тың әрі экспрессияға толы образды («бос күлкіге салынған, бозбаланың мағынасыз тірлігін») сомдау үшін, немесе дүниенің тілдік бейнесін суреттеу үшін контекстуалды әлеуетін толық көрсете алған. Сөздің негізгі семасы «еһе-еһе» формасына сыйыстырылған, сөйтіп айтылмақ оймен (идеямен) акустикалық «бейне» біртұтас ұғымға айналған дейміз. Біздің талдауымыз мәтін лингвистикасына қатысты көркемдегіш амалдар қызметіне арналса, бұл мәселенің теориялық дереккөздері де бар. Ол лингвотеориялық түрлі сараптама жасауға негіз де болады. Белгілі ғалым К.Ш. Хұсайынов дыбысбейнелеуіш негіздердің морфологиялық құрылымы туралы өз тұжырымын былай білдіреді: Уақыт өте келе, шығу тегі жағынан еліктеуіш негізді, дыбыс бейнелі болып келген атаулардың бойында сол мазмұн мен тұлға сабақтастығы

215

өзінің табиғи байланысын жойып, таңбалық қасиетін сақтап қалады деген түйін жасайды [107, 40-55].

Абайдың тілдік тұлғасы бір сөзге көп мағына сыйғызып, күрделі ойды ықшамдап беріп отыр. Сонда, сөз үнемдеу заңдылығынан жаңа метафоралы қолданыс жасалып, нәтижесінде: ой

– кең, сөз – ықшам, түйер түйін – терең болып шыққан. Бұл компрессиялық функция нәтижесі екенін айттық.

3. Экспрессивті әсер тудыру функциясы.

Экспрессиясы солғын сөздерге қарағанда, экспрессивті-эмо- циялық бояуы қанық бірліктердің әсер-ықпалы ерекше. Тілдік тұлға тезаурусында шеберлікке суарылған түрлі тәсілдер ішінен метафоралық атаулар белсенді айналымға еніп, логикалық екпін түсе қолданылған. Экспрессивті метафоралар адам сезіміне әсер етіп, жан-дүниесін толқытады, толғандырады. Экспрессивті әсер, әрине, сөз семантикасындағы коннотативті компоненттердің өзектіленуі нәтижесінде туады.

Адам танымының шексіз мүмкіндігі мен ассоциативті ойлай алу қабілеті – экспрессиялық қуаты күшті экспрессемалар пайда болуының бір уәждемесі деп есептейміз. Тілдік тұлға сөздің бастапқы мағынасы мен оған шектес көптеген ассоциацияларды ұштастыра отырып, жаңа концепт – жаңа метафораға «өмір сыйлап», жол ашады. Поэзия көркемдігі оның эстетикалық құнын да танытары белгілі. Мысалы, көркем мәтінде ел бүлдіруге құмартқан, соған «әуес» адам мен ішімдікке бой алдырғандар әрекеті ассоциациялы өріс арқылы шектеседі. Мысал ретінде

мастық лексемасын алуға болады. «Барымта мен партия / Бәрі мастық жұрт құмар / Сыпыра елірме, сұрқия, / Көп пияншік нені ұғар».

Абайдың «Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі терең ойдың өзегі мастық, пияншік лексемаларының бойына жинақталған. Осы метафоралық көріктеу құралдары автор қабылдауындағы дүние бейнесінің тілдегі кейіптелуі болып табылады. Барымтаны ерлікке санап, партия құруды елдікке балаған және сол харекетін намысқа шапқандай (барымтаға емес), дербес билікке ие болғандай (партияға емес) көретін ері мен елінің «заманын түзетпек» болады. Концептуалды талдау арқылы мас (мастық, мас болу) лексемасының мағынасы «ішімдікті көп ішу салда-

рынан өзін-өзі билей алмай қалған адамның» айқындауышы

216

еместігіне көз жеткізуге болады. Ол ауыспалы мағынада, «ынтық, құштарлықты» білдіру үшін алынған Махаббатқа мас, қуа-

нышқа мас, байлық пен мансапқа мастану мәнін білдіргендей барымтаға, партияға ынтыға құмартып, соған ұмтылған көп пияншік (бойына желік кірген құмарпаздар) мінезі сипатталады. Сонда, мастық – бір әрекетке іске құмарту мағынасындағы

метафора.

Өлең мәтіні әрі қарай бұл пікірімізді қуаттай түседі: «Тату-

лықты, тыныштықты / Қоңыр көрер, кем көрер» (барымтаға түскен елден тыныштық кетері белгілі). «Ұрлық пенен қулықты»

«қызық көрер, өңі енер», өйткені соған мастанған, оны қызық көріп құмартқан жанның өңі кіріп, «көңілі жайлануы» белгілі жайт.

Ойымыздың дәлелін әдеби талдаулар нәтижесінен де байқауға болады. Абайтану мәселесіне қатысты келелі ойлар қозғаған Т. Жұртбай былай дейді: «Мастық – араққа мастық емес, құмарлық – апиынға құмарлық емес, пияншігі – алкаголик емес. Ол – жалған мақтанға, барымтаға, партияға – билікке мастық. Абайдың өз тілімен айтқанда ... билікке, өштікке деген құ-

марлық» [55, 107].

4. Бағалауыштық функция.

Метафоралану процесінде субъективті көзқарастың ықпалы басым тұрады. Автор өзінің оң немесе теріс, жағымды, жағымсыз субъективті пікірін білдіре отырып, құбылысқа өз бағасын да танытады. Эмоционалды және экспрессивті компоненттердің тығыз байланыстылығы негізінде белгілі бір тілдік бірліктің жаңа қыры көрінеді. Сөйтіп, ұзақ уақыт бойы көркемдік тәсіл ретінде қарастырылып келген метафораның бұл функциясы да назардан тыс қалмайды. Мысалы, Мұңды адамдай күй кешкен жабыраңқы сөз бен буулы сөз, енді бірде төңірегіне жы-

лылық сыйлаған күндей қуатты сөз, нұрлы сөз, ерке сөз Абай дискурсында ғана кездесетін көркемдікті бағалар эстетикалық құндылыққа жатады. Көкірегі көзді (бұл да метафора) сөз ұғар жандарға арнап, талай әсерлі ой айтқан тілдік тұлға объектісінде соны ой, тың образ танытатын, бағалауыштық мәні басым метафоралар молынан ұшырасады.

Абай шығармаларында табиғат суреттері де поэтикалық образ ретінде метафораланып қолданылады. Сол дискурстар-

217

дың кейбіріне тоқталғанды жөн көрдік: Өлеңнің мағыналық құрылымындағы пейзаждық суреттеулер жай ғана деталь емес, нақты бір когнитивтік белгі рөлін атқарады. «Пейзаждық «хабарлама» баяндау мәнерінде берілгендей тәсілмен жеткізіледі, яғни Абай әлемінің тілдік суретін танытып, оның тілдік тұлғасында жеке, индивидуалды қабылданған жалпы әлем бейнесінің суретін көрсетеді. Тілдік бірліктердің метафоралық ауыспалы мағынада келуі арқылы жаңа поэтикалық образдар ұсынылады.

Мәтін ішіндегі пейзаждық суреттемелер адам мұңы мен қайғысын, қуанышы мен жұбанышын білдіретін когнитивтік белгі қызметін атқарады. Мысалы, «Көлеңке басын ұзартып» деп басталатын өлеңінде табиғат суреті мен реңкі қысқа ғана, бірер сөйлеммен берілсе де, ауқымды философиялық ой айтудың поэтикалық құралы қызметін атқарады. Көлеңке басы ұзару;

күнді уақыт қызарту (перифраз); сұрғұлт тартқан бейуақ тә-

різді табиғат құбылысының суреттері адамның ішкі әлемімен психологиялық параллелизм жасап, жарыса түсіп барып, қабысып тұр. Көлеңке басы ұзарып, күн көк жиектен асқан, төңірек қаракөлеңкеленген кез бен кейіпкердің мұң торлаған ішкі әлемі ассоциация жасайды: адамның күңгірт көңілі мен сұрғылт тартқан бояулардың реңкі де бір-біріне жақын. Жарқыраған күн ұясына батқаннан кейін төңіректің сұрғылт тартқаны сияқты жарқын қуаныш, жақсы күндер кеткенде көңілдің «күңгірттенуі» бір-бірімен ассоциалана келіп, шынайы өмір құбылысын барынша дәл танытады. Метафоралық қолданыстағы күңгірт көңіл – пейзажды суреттеудегі негізгі когнитивтік белгі (мұң мен шер), яғни ментальді туынды ретіндегі когнитивтік белгі, басқаша айтқанда, тілдік белгінің мазмұнын білдіреді.

Адамның физиологиялық, әлеуметтік, моральдық қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бірі арқылы екіншісінің табиғаты ашылып жататыны да ақиқат. Осы өлеңде-

гі кейіпкердің мұң, шері физиологиялық күйінен хабар берсе, «өткен өмір – қу соқпақта», «кім алдады, кім тоқпақ салғанынан» – моральдық жағдайы байқалады, немесе «сорлы жүрекке себілген өңкей удан» тағы да уланғандай күй кешіп жабырқау тартқаны «сұрғылт тартқан бейуақпен» үндестік тапқандай болады (тырнақшада – Абай қолданыстары).

Тілдік тұлғаның поэтикалық образ тудырудағы басты семантикалық механизмі – метафора (күңгірт көңіл, сұрғылт

218

бейуақ) болса, олардың мәні көркем уақыт пен көркем кеңістік арқылы өзінің коннотациялық мазмұнын одан әрі байыта түскен және бағалауыштық бояуын қоюлата әрлендірген. Уақыт пен кеңістік туралы түсінік – адамның әлем туралы түсінігімен, оны қабылдауымен ажырағысыз бірлікте. Ол – нақты бір мәдениеттің әлемді қалай қабылдауын көрсететін маңызды бір кезеңі; Уақыт – адам санасынан тәуелсіз әрі одан тыс болғанымен, түрліше танымдық жүйеде адамның санасы мен қиялы арқылы жаңғырады, әрқалай ұғынылады деген пікірмен келісе отырып, Абай дискурсында да тілдік тұлғаның уақытты қабылдауы әртүрлі аспектіде бекігеніне көз жеткіземіз. Тілдік тұлғаның қабылдауындағы уақыттың концептуалды мәні оның тілдік санасынан алатын орнының мән-маңызымен анықталады. Күңгірт көңіл (субъект) қай кезде сыр бөліседі?

– көлеңке басы ұзарған кезде, алыстағы көзден жасырынып, күн көкжиектен асқан кезде барып, сол уақытта ойға беріледі. Неге? Өйткені, уақыт қызартқан (батырған) күнмен бірге тағы бір кезең аяқталып, күн еңкейді, өткен шаққа айналды. Үшінші шумақтағы «өткен өмір – қу соқпаққа» дегеннен де байқалғанындай кейіпкердің мұңы мен сыры өткенге арналған. Сонда субъект батқан күнмен бірге өткен күнге тағы бір бұрыла қарайды, өйткені өткенді еске алады, өзіне есеп береді, себебі «егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, ... ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен?» – деп келетін Он бесінші Қарасөзіндегі «бойды сынататұғын» есті сөздерді еске тағы бір салғандай болады.

Күңгірт көңілдің – Абай дискурсында ақ көңіл, қара көңіл сияқты түр-түс лексемасымен келетін өзге де парадигмалық қатары молынан ұшырасқанымен, осы мәнмәтінде күңгірт семасының когнитивтітабиғатынегізгіойдыжеткізудебасымдықтанытыптұр.

Күңгірттің денотаттық мағынасы: «бұлыңғыр», «бұлдыр», «көмескі», «жұмбақ», белгісіз дегендердің қай-қайсы да кейіпкердің қазіргі күйімен, өткенімен тікелей үйлесіп, кешкі апақсапақ, бейуақтағы (беймезгіл, бейуақыт) кезеңмен тұстас келіп, субъектінің рухани күйінің көрсеткішіне айналған.

Абай шығармашылығындағы мына метафоралық қолданыстар философиялық ой арқауына айналған.

219

1)«Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта.

2)Өне бойың егіліп, Жас ағады аулақта.

1)Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп күш алар.

2)Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар».

Бұл шумақтар мазмұны мен құрылымы жағынан бір-біріне

үйлесетін екі синтаксистік параллель қатардан түзіліп, берік байланыста тұтасқан. Ішкі мазмұн үндестігі мен сыртқы құрылымының сәйкестігі сақталған бірінші шумақтың баяндауышы шақ категориясына бейтарап жұрнақ -ады; екіншісінде есімшенің –ар жұрнағы. Бұлар параллелизм жасаудағы басты амалдың бірі болып тұр. Ал ең бастысы, параллель конструкция жасаудағы бірден-бір уәж – ортақ логикалық ой желісінің қуаты. Сонда бұл сөйлемдер синтаксистік әрі мағыналық параллельдер құрайды: күн жауу ↔ жас ағу; бұлт сөгілу ↔ бой егілу. Сегіз жолдан тұратын өлең 4 сөйлемнен құрылған. Әр шумақтағы төрт тармақтың алғашқы екі жолын бағыныңқылы-басыңқылы бір құрмалас сөйлем деп қарауға болады, бірақ синтаксистік құрылымның семантикалық құрамы оданөзгеше. Олар– жайылмасөйлемдер.

«Көк ала бұлт сөгіліп, / Күн жауады кей шақта» – деген қос тармақтың синтаксистік құрылысы проза нормасына жақындайды, тек қана пысықтауыш қызметіндегі кей шақта тіркесі инверсияға түскен. Оның өзінде де орын ауыстыруы елеусіз, логикалық екпінге бағынған. Оны сөйлем басына келтіргенде кәдімгі нормативті грамматикадағы жайылма сөйлем шығады. Мысалы, Кей шақта көк ала бұлт сөгіліп күн жауады. Күн қалай жауады? Көк ала бұлт сөгіліп жауады. Екінші шумақты композициялық құрылымына қарай дәлме-дәл параллелизмдерден тұрады дей алмаймыз.

Мағынасы алшақ сөздерді қауыштырып жіберу – тілдік тұлғаның «қашанғы әдеті». Бұл стильдік амал – Абайдың тілдік деңгейіне тән әдістің бірі.

Метафора – ұлттық ерекшелік көрсеткіші.

Тіл жеткізуші мен тіл қабылдаушы арасында коммуникативті байланыс өзектілене түседі. Абай дискурсында жайлау

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]