Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

«Стильдік синонимия – нақты бір автордың контексіндегі белгілі бір құбылысты, әрекетті, кейіпкерді, немесе затты анықтау үшін қолданылатын әртүрлі сөйлеу бірліктері» [58,81] екенін еске сала кеткен орынды.

Бұл орайда, сөйлеу тілі деңгейіндегі стильдік синоним мен тілдік деңгейдегі синонимдер бір еместігіне көңіл бөлген жөн. Оның алғашқысы авторлық контексте айқындала түседі де, эстетикалық шындықты қайта түлетуге, қайра жаңғыртуға белсенді қызмет етеді. Ал тілдік синонимдер нақты мәндес, мағыналас лексикалық қатарды құрайды, сөйтіп ой дәлдігіне қызмет етсе, стильдік синонимдер ой көркемдігін айшықтайды.

Белгілі ғалым Х.Х.Махмудовтың: стильдік синонимдердің – көркем шығармада экспрессивтік, тілдік синонимдердің – коммуникативтік қызмет атқаратынына баса көңіл бөлетіндігіне осы тұста тағы бір назар аударамыз (58, 90). Ақынның толғанысы да, шер толқытқанда шыққан көңіл түбіндегі мұңы да – адам жанының күйі, оның рухани әлемімен тікелей байланысты. Бұл Абай дискурсының құрылымдық мағыналық деңгейінен де көрінеді.

«Өтірік» концептісінің мағыналық «сатылары».

Өтірік – алдаудың адам бойына кесел болып «жабысуын» логикалық қисынмен, рет-ретімен орналастырсақ, оның «өсу сатылары» былайша түзілмек:

111

Бұл сызбалар арқылы тілдік тұлғаның тезаурусын талдай отырып, Абай бейнелеген типтер мен мінез-құлықтың түр-түсін анықтап, себебін саралауға ұмтылыс жасадық. Ол үшін заманы мен жаманын түзетуге тырысқан ақынның «улы сия», «ащы тілмен» жазылған өз сөздерінің қуатын өлшем еттік. Сөз – қару арқылы өтірікті әшкерелей отырып, кеселді кемшіліктің адам бойына қалай бекігенін бағамдағандай болдық.

Өтірік пен алдаудың – кейіпкердің «қасиеті» мен сапалық бел-

гісіне немесе қалыптасқан әдет-дағдысына айналғандығына микромәтіншеңберіндегітөмендегімынасөйлемдер дәлелбола алады.

Ерекше айқындалып берілген бірліктер өтірік сөзінің нақты лексикалық қатарын құрамай, мәнмәтіндік синоним болатын тұстары да бар (контекстік синонимия мәселесі жоғарыда сөз болды).

Сапалық белгінің (өтіріктің) қалыптасуы жүйелі, қисынды жолмен толыққан. Асты сызылған сөз, не сөз тіркесінің семантикасы сол сапа-белгінің доминатасы рөлін атқарады да, өсу градациясына қарай орналасады: әуелі «сыбыр күбірден басталып, гу де гу ел сабылтқан әлекке айналу» процесінің қалыптасу жолы көрінеді. Енді сол «жолдарға» назар аударсақ:

1)«Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ»: сы- быр-жыбыр, бос сөз айтудан белең алған қылықтың қоғамдық дертке айналар тұсы осы деуге болады.

2)«Кеудесі толған қулық ой. / Бәрі де пысық, езбе емес»: қулыққа кеудесі толған пенденің бар әрекеті қандай іске бағытталғанына, пысықтығы сын болса керек.

112

3)«Алда көрген артта жоқ, / Мысқыл, өсек, айла бар»: өсек пен айла – «қулық толған кеуденің» бары мен бағыты.

4)«Өтірік, өсек, мақтанға ағып тұрса, бейне су»: бұл қылықтарға әбден төселіп, әккіленіп алғаны байқалады.

5)«Ары кеткен алдағыш, / мені-ақ алда сөкпейін»; «Бәрі алдамшы – саудагер»; «Тағы сене бастаймын / күнде алдағыш қуларға»; пенденің машықтанған әдетіне айналып, алдамшы, алдағыш – кәсіп те болып кеткендей. 6) «Онда оны алдайды, мұнда мұны, / Жанын берсе, табылмас сөздің шыны»; «кәсіпке айналған» жат қылығын қай жерде болса да тастамайды.

7)«Арсыз болмай атақ жоқ, / Алдамшы болмай бақ қайда?»; осындай баянсыз бақтан бас тартпайтын пендеге бас шайқаудан өзге ештеңе қалған жоқ.

8)«Баяғы қулық, бір алдау, / Қысылған жерде – жан жалдау»; бақ болып басына қонғаны – баяғы алдау; әлі де қалмай келеді, қысылса, жаны мен арын сата салады.

9)«Ұрлық пенен қулыққа байлағанда, кестің бау»; «Екі сөзді

тәңірі атқан – шыр айналған дөңгелек»: әдеті мен әдебіне, сыры мен сипатына айналған «қасиеттері», яғни ақын өзі айтқандай, «Қылып жүрген өнері Харекеті – әрекет» болып қалғанын бағамдау қиын емес.

10)«Ел қағынды, мал сабылды, / Ұрлық, өтірік, гу де гу»: жаңағы «әрекеттердің» елді бұзған лаңға айналғанын, кеселдің кесірден ауысып, елдің есін алған індетке айналғанына көз жеткендей боламыз. (Бір қарағанда, шарттылық басым болса да, логикалық қисынмен келгенде объективтілік те жоқ емес. Бұл жіктемелерден өтірік-өсектің өршуі арқылы логикалық даму жолын аңғардық).

сыбыр

қулық

айла

өсек

өтірік → алдау

алдамшы

жанын жалдау

екі сөзділік

ұрлық, өтірік гулеу

113

Беріліп отырған сөздер «өтірік» концептісінің өзегінен тарайтын, онымен өзектес аймағы.

Тілдік тұлға тезаурусының табиғатын (ойлау – тіл – мәдениеттегі) тануды адам болмысын айқындаумен сабақтастыруымыздың бір себебі де – антропоцентризмнің ұстанған бағытымен тікелей байланысты болса керек.

Қай заманда да адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар осындай проблемалар туғызады. Өз жеке басының қамын ғана ойлайтын – баққұмарлық, күндестік т.б. қулық-сұмдықтар кеңінен өрістеп кетпесін деген алаңдау Абай әлемінде басым болды.

Ал енді өтірікті «қасиет» санаған пенденің өзіне ұнайтын қылық қайдан бастау алып, қалай дамиды? Абайдың тілдік тұлғасының макроконтексін тұтастай алып, шығарма дискурсына лингвотанымдық байқау жүргізгенде мынадай логикалық сабақтастық барына көз жеткіздік. Сол өзара сабақтастықты «ретретімен», өсу бағамына қарай былайша орналастыруға болады:

1. Өтірікке тұшыну → 2. «өтірікке бәйге атындай аңқылдау» → 3. «өтірікке құмары қану» → 4. «өтірікке қуану, алшаңдау» → 5. «өтірікке шалықтап, шалқу» → 6. «өтірікті ат-ша- паннан кем көрмеу» → 7. «өтірікті жүндей сабау» → 8. «өтірікті саудалау» → 9. «өтірікті бұлдап сату» сияқты экспрессивті бояуы қанық бірліктердің семасы және сөздің ішкі формасының мазмұны арқылы «өтірік» концептісінің мәні ашылып, мазмұны толыға түседі:

Субъекті өзі қалап алған мақсатты нысанына мына «жолдар» арқылы жетеді:

1)өзіне ұнайтын қарекеті – әрекет сол өтірікке ден қоюдан басталған болар, оған дәлел: «Тыныштық сүймей қышынып, Өтірікке тұшынып, Пәледен тұрмас шошынып»;

2)одан әрі сол өтірікті «іздеп тұрар» халге жетеді: «Өтірік пен өсекке бәйге атындай аңқылдар»;

3)«ынсап, ұят, терең ой ойламай»: «Тасыса өсек, ысқыртса кесек, / Құмардан әбден шыққаны»;

4)құмары қанған әрекетін қуана қуаттап жүретіні және бар: «Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап»;

5)жай қуанып, бұлдыр қағып, көлбек қағып қана қоймай: «Алдадым, ұрдым, қырдым, – деп/ Шалықтап, шалқып, шатпайма?»;

6)шалқып, шаттанғаны сондай: «Ат-шапаннан кем көрмес, Біреу атын қойса, қу».

114

7)неге? Өйткені, «Ынсап – ұятты қойып», Терең ой, терең ғылым іздемейді / Өтірік пен өсекті жүндей сабап»;

8)ақыр соңында: «Бәрі – алдамшы, саудагер»; «Қулығын бұлдап сатпай ма?»;

М.Әуезов Абай шығармашылығының өзегі адам бойындағы ар мен ұят, кісілік пен кемелдік мәселесі болуының басты себебі: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады... .

Сол тұстағы заман болмысындағы әлеуметтік ортадан туындап жатқан жағымсыз қылықтарға қарсы бес асыл – талап, еңбек, әрекет, қанағат, рахымды» қару етіп ұсынды», – деп айқындайды [2, 172]. Осы себептен де Абай шығармалары тек қана жағымсыз концептіге құрылған ба? Немесе Абай неліктен «сынай береді?» деген үстірт пікірлер туындап жатады. М. Әуезов түйіні бұл күмәнді сұрақтарға әбден жауап бере алады деп айта аламыз.

«Өтірік» концептісін танытудың лексика-семантикалық тәсілдері. «Өтірік» концептісін мәнін ашудағы негізгі тәсілдің бірі – контраст құру.

«Өтірік» концептісінің жаңа қыры, оның өрісі антонимдер қызметі арқылы анықталады. Алдамшы мен қудың образын көрсетудің тағы бір амалы ретінде тілдік және контекстік антонимдер микро немесе макро мәнмәтінде көркемдік тәсіл қатарында қолданылады.

Біз бұл тұста антонимдердің теориялық мәселесін нақтылауды мақсат етпейміз. Оларды жүйелеудегі семантикалық, логикалық, психолингвистикалық бағытты қолдай отырып, кейбір пікірлерді басшылыққа аламыз [59, 83].

Антонимдерді мағыналық бірлестігіне қарай топтаған ғалымдардың ұстанған бағытына назар аударсақ, сөз мағынасының антонимдік байланысы былайша ажыратылады: 1) мағыналары қарама-қарсы болса да, аралық деңгейін межелеуге бола-

тын сөздер – контрарлы, қарама-қарсылықтағы сөздер деп жік-

телген (суық < жылы, салқын > ыстық); 2) мағыналары қарамақарсы, тіпті аралық деңгейін межелеуге болмайтын сөздер –

комплементарлы қарама-қарсылықтағы сөздер тобына (тірі ><

өлі); 3) мағыналарындағы қарама-қарсылық мән бір аяда, бір

115

бағытта өтетін векторлы қарама-қарсылықтағы (кіру ↔ шығу) сөздер болып жіктелген [59, 273].

Дегенмен, біздің мақсатымыз – антонимнің теориялық мәселелеріне тереңдеу емес, зерттеу нысанына қатысты алғанда осы аталған антонимдік қатынастардың прагматикалық қызметін айқындау. Абайдың тілдік тұлғасындағы кейіпкер тұлғасының ойы, эмоциясы, іс-әрекеті салыстырылады. Сыртқы кейпі: қи-

мылынан

ой мен эмоциясына, немесе ой мен эмоция-

дан

қимыл-әрекетіне ауысып сөз етіледі.

Ал өлең

мәтінінің когнитивті құрылымында кейіпкер

образы контрастық тәсілмен салғастырылады. Ол үшін: а) мағынасы қарама-қарсы тілдік антонимдер; ә) контекстік антонимдер; б) бұлардан өзгеше, автордың өзіндік қолданысы – сөз обертоны арқылы логикалық оппозицияда келіп, қарсы пікір білдіру амалы қолданылады [60, 15].

Абайдың тілдік тұлғасы өлеңнің 1) бір тармағында,

2) кейде бір шумағында, 3) немесе тұтас бір өлеңінде мағынасы қарама-қарсы семантикалық таңбаларды шендестіре келтіріп, кейіпкер мінезінің бір қырын немесе іс-әрекетінің кереғарлығын көрсетеді.

а) Өлеңнің бір тармағындағы антонимдер қызметі. Мысалы: «Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек».

Бұл жолдардағы барлық сөздер түгелімен антоним болып немесе антонимдік қатыста келген. Ал, контраст сөздің қуаты автор интенциясын барынша өткірлей түсуге ықпал еткен: алаш

жақын; іші сырты; жау болу күлу; тіріде өлсе; аңду

өкіру – деген векторлық қарама-қарсы антонимдер мен антонимдік қолданыстар кейіпкердің тек қана кереғарлықтан тұратын алдамшы қылығын (өтірігін) асқан дәлдікпен суреттеп берген.

Абайдың тілдік тұлғасы алдамшының поэтикалық образын сол шығарманың идеялық мазмұнына (яғни екіжүзділік табиғатын танытуға) сәйкестендіре бағындырып тұр: 1) іші сырты, тіріде өлсе деген векторлық қарама-қарсы, тілдік антоним автордың айтар ойының қарсы мәнде келген көркем кеңістігі

мен көркем уақытын білдіреді; 2) алаш жақын деген анто-

нимдік оппозицияға, қосарланған объектіге бағытталған;

116

3) антонимдік сипатқа тек сол мән-мәтінде ғана ие болатын – жау болу – күлу; аңду өкіру сияқты контекстік антонимдер образдылық үшін қызмет етеді (аңду – біреудің ізіне түсіп торуылдау; өкіру – қатты айқайлап, бақыру).

ә) Өлеңнің бір шумағындағы антонимдер қызметі.

Абайдың тілдік тұлғасына тән тағы бір шеберлік, тіптен өзінің шығармашылығына тән ерекшелік деуге болатын көркемдік тәсілдің бірі – антонимдерден поэтикалық образ жасау үшін немесе өзінің ішкі келіспеушілігін білдіру үшін тұтас бір шумақта қарсылықты мәндегі мазмұнға құрылған ойлар жүйесін қатарластыра беру. Және осы құбылысқа қатысты екпін түсіре айтарымыз: бұл тәсіл барысында тілдік антоним, не контекстік антонимдер емес, бірінің нәтижесін бірі жоққа шығарар қарама-қарсы логикалық ойлар параллель алынып, синтагмалық формада келіп, автор әлемінің тілдік суретін әр қырынан көрсетеді. Ғылыми зерттеулерде бұл мәселе өз көрінісін табуда. «Антонимия құбылысы полисемия мен жаңа сөздер пайда болуына байланысты даму үстінде»

[62, 115]. Мысалы,

«Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?

Адалдық, арамдықты кім теңгермек?

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек».

Осы шумақтағы бірінші және үшінші тармақты қатар қойып, мағынасына көңіл аударғанда, ондағы ойдың имплицитті жасырын мағынасы: ел басқару, жұрт меңгеру әркімнің қолынан келе бермейді – (1-тармақта), әйтсе де құр мақтану үшін, «бос мақтанға» салыну үшін болыс бола беретіндер бар екен – (3-тармақта). Өзін де, елін де алдаған өтірік болыстықтың керегі не? – деген түйінді ойды айту үшін Абайдың тілдік тұлғасы қарама-қарсы мәні бар «антоним» тармақтарды осылайша шендестіреді: жұрт меңгере алмайды, бірақ болыс болады. Ал екінші және төртінші тармақты қатар алып қарасақ та ой жүйесі сабақтастығын жоймайды.

Мына мәнмәтіндегі ойдың берілуінде де осы көркемдік тәсіл алынған:

117

«Адамзат тірілікті дәулет білмек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.

Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,

Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек»

Тіршілік кешу мен тәңір берген тірілік –

адамның ең басты дәулеті болып табылады. Сол дәулетін (рухани байлығы ақыл мен дүние байлығы арқылы) мәнді етудің орнына, құр қылжаңға салынып, тірілік күнін босқа өткізгендерге, өзін-өзі алдап жүргендерге сын айтады. Екінші тармақтағы – ақыл табу, мал табу мен төртінші тармақтағы құр қылжаң антонимдік қатыста алынған. «Өзін-өзі алдаған не қорлық?» – деген авторлық интенция бар.

Антонимдік жұпқа түскен мына сөздердің де семантикалық салмағын таразыласақ, (құйрығы беті, шаян адам, «жылмаң» арам, сырт іш) коннотациялық мағынаның стильдік компоненттерін: эмоция, экспрессия, бағалау – бәрін осы микроконтекстен табамыз.

«Құйрығы – шаян, беті – адам, Байқамай сенбе құрбыға. Жылмаңы – сыртта, іші – арам Кез келер қайда сорлыға».

Сөзі мен ісі бөлінген алдамшы адам бар әрекетін бүркемелеп, қай кезде болса да өзгеге адалдық танытпайды, тек алдаумен күн кешеді, – деген ой сабақтайды.

Ал келесі мәнмәтінде бір қарағанда қарсы пікір мүлде байқалмайды деуге болады. Автор өз пікірін білдіріп, жүйелі «оқиғаның» барысын рет-ретімен баяндау тәсілі арқылы жеткізіп отырған сияқты. Алайда, ыңғайлас сөйлем құрылымы мен мағынасына жуық келетін бірінші, екінші жолда, ыңғайлас, іргелес ұғым жоқ, керісінше қарама-қарсы мағына басым сияқты: алдау мәні вербалды түрде берілмегенімен, мәтінде имплицитті жүзеге асады. Мысалы:

«Ел бұзылса, табады шайтан өрнек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек».

Осы мәтіндегі негізгі ойды: «ел бұзылған кезде шайтан («өрнек табады») қуанады және періште қайғырады» деп ұғынбаймыз. Ойдың дәлдігі, мағынаның айқындығын мәнмәтін им-

118

плицитті түрде (жасырын ұстап), әркімнің танымына қарай, ой түйсігіне қарай, қабылдатқызатын тәрізді. Алайда Абайдай ұлы ақынның әр сөзі орнында, ойы айқын, пікірі ашық екенін ескергенде, жұмбақ іздемеуіміз керек сияқты. Дегенмен, өлең сөз «көкірегі сәулелілерге» арналған соң, әркім өз көкірек көзімен қабылдайтыны және бар. Сонымен, ел бұзылғанда шайтан қуанады, бірақ періште ұялады, қайғы жейді; шайтан шаттанып асқақтаса, періште қайғы жеп төменшіктейді. Автордың айт-

пағы: мәндес екі іс-әрекетті баяндау емес, қарама-қарсы іс-әре-

кетті жеткізу, яғни бір іске бағышталған ниет-пиғылдың қара-

ма-қайшылығын суреттеу. Шайтан ↔ періште, өрнек салу ↔ қайғы жеу сияқты параллель ұғымдармен келген синтаксистік құрылымдардың концептуалды мәні бірден байқалмауы мүмкін.

Жалпы алғанда, Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп басталатын 12 шумақ өлеңнің әр шумағында, тіпті кей шумақтың әр жолында (тармағында), (жеке-жеке параллель сөйлемдерде) қарсы пікірлер айтылған. Сондағы ойдың (не бір тармақтың өз ішінде, не тармақтың бірі мен екіншісіндегі ойдың) бір арнаға тоғыспайтындығын көреміз.

«Өтірік» концептісінің мәні кейіпкердің өз сөзі (өз моноло-

гы) арқылы да ашылып, оның ішкі әлемінің портреті рөлін де атқарады.

Субъектіні өзіне-өзі сөйлегендей, өз әрекетін өзіне айтқыза отырып Абай ақын ащы сарказмды пайдаланады: «Сыртқыларға сыр бермей, / Құр күлемін жымыңдап»; «Оңашада оязға, / Мақтамаймын елімді, / Өз еліме айтамын / Бергенім жоқ, – деп белімді»; «Оязға жетсін деген боп, / Боқтап жүрмін барқылдап».

Кейіпкердің өтірік сөзі шын әрекетімен мүлде қа-быспайды. Елін билей алмаған болыс өз шарасыздығын жасыру үшін өтірік әрекеттергебарады. Бұлмәтіндекейіпкерөзөтірігінөзібіледі.

«Өтірік» концептісінің мәні ишара, интенция арқылы то-

лыға түседі. Оны тілдік тұлға қолданған стильдік көркемдік тәсілдің бірі ретінде қарастыра отырып, автор бейнесінің уәжді мақсаты деп түсінеміз. Ол – өтірік қылықтан сақтандыру.

Төмендегі мәнмәтіндер мазмұнында өтірік, алдау сияқты әрекеттер жасалмаған, алайда өтіріктен сақтандыру семасы бар. Ол мән көркем дискурстың когнитивті астарынан, семантикалық когниция реңкінен байқалады. Коннотациялық мағына

119

иеленген тілдік бірліктер өлең идеясына қызмет етіп тұр. Мысалы:

а) «Сөзіне қарай кісіні ал, / Кісіге қарап сөз алма, Шын сөзі қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма»; ә) «Ақыл сенбей, сенбеңіз, / Бір іске кез келсеңіз».

б) «Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, / Құмарпаз боп мақтан-

ды қуып кетпе». в) «Күншіліксіз тату бол, шын көңілмен, / Қия-

натшыл болмақты естен кеткіз». Мұнда курсивпен берілген бірліктер «өтірікке ермеу» мағынасын білдіреді.

Абайдың тілдік тұлғасы өтірік айтудан сақтандыра отырып, «боямасыз ақ көңіл дос» іздейді, әрине, оның бойы да, ойы да алдаудан ада болуын тілейді. Оны курсивпен берілген бірліктер мәнінен анық байқаймыз.

а) «Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, ә) Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе». б) «Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат».

в) «Күншіліксіз тату бол, шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз».

Мәнмәтіндегі қалау рай, бұйрық рай, модаль сөздер арқылы тілдік тұлғаның тілек ниетін білдіретін модальдік мәннің басымдылығы байқалады. «Өтірік айтпаса, алдамаса» деген интенция мәнін шығарма мазмұнына ден қойған әр тіл тұтынушының тілдік санасына туындайды.

«Өтірік» концептісінің мәнін грамматикалық мағына арқылы таныту.

Алдау, өтірік айту концептісі Абайдың тілдік тұлғасында жұрнақтар қызметінің морфемдік мағынасы арқылы ашылады.

Кейіпкер образын ашу үшін Абайдың тілдік тұлғасында сөз семантикасының мәні ғана емес, грамматикалық тұлғасы да айтарлықтай қызмет етеді. Соның бірі – етістіктен зат есім тудырушы жұрнақтар қызметі.

а) -шы, -ші жұрнағы адамның мамандығын, кәсібін білдіріп, ақын өмір сүрген кезеңде де белсенді қолданылған. Бұл аффикстің белгілі бір қасиет, қылық, мінез иесін (өсекші, арызшы, алдамшы) білдіретін қосымша реңкін де Абай «өтірік» концептісінің мәнін тереңдету үшін ұтымды қолданған. Осы қатардан Абайда өте жиі қолданылған сөз – алдамшы: алдамшы өмір, ал-

120

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]