Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

лексемасы бірнеше рет көркем кеңістік қызметінде келген. Мысалы,

а) «Сол қасқырша алақтап түк таппадым, / Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?». ә) «Берекелі болса ел, Жағасы жайлау, ол бір – көл».

Жайлау – шөбі шүйгін, жазда жайлайтын мал жайылымын білдіреді. Жазда жайлау мал мен жанға толып, қыстан қысылып шыққан кәрі-жастың көңілінің хошы кіріп, дала ән мен жырға, көңілді күйге бөлінеді. Сөйтіп, жайлау қуаныш-қызықтың ассо-

циациясына айналады. Көңілдің жайлауынан ел кету – деген ауыспалы мағынаның айтары, керісінше, көңілдің тоқырауы, көңілден қызық-қуаныштың азаюы. Осы ұғым-түсінікпен мәндес «Жағасы жайлау, төсі қыстау» деген тұрақты тіркестен шығатын фразалық мағына – «масайрау, көңілі толуды» білдіреді. Мұнда да жайлау сөзінің ішкі мағынасы (формасы) басымдық танып тұр.

Екінші дискурстағы жайлау тікелей нысанға алынбағанмен, көлдің анықтауышы ретінде, яғни берекелі ел – жағасында жайлауы бар көлге теңеледі. Сонда береке → жайлау, ел → көл болып ұласпалы ассоциация жасайды. Мәтінді толық түсіну үшін пресуппозициялық даярлық пен тілдік тұлғаның аялық білімінің жеткілікті дәрежеде болуының да маңызы зор. Әдетте, мал жағдайымен, жерінің ыңғайымен көшіп-қонған кезде шөбі шүйгін, міндетті түрде сулы жер, өзен-көлдің маңы таңдалатыны белгілі. Тілді жеткізуші мен тілді қабылдаушының халық тұрмысынан хабардар етер осы бір мәлметті білуі – метафора мәнін түсінуге және автордың айтпақ идеясын өз дәрежесінде түйсінуіне кепілдік берері сөзсіз.

Әр халықтың ұлттық ерекшелігі оған ғасырлар бойы қызмет етіп келе жатқан тілінен көрінері аян. Ұлт тілінде оны өзге тілден оқшаулайтын, басқаша бағаланатын тілдік бірліктер мол орын иеленген. Адамзат мекен етер ортада, әр ұлттың таным көкжиегінде ұқсастық пен алшақтық болары сөзсіз.

Өмір – айнасы әдебиетінде сол халықтың бет-бейнесі мен болмыс дүниесін танытар ұлттық ділі көрініс берері де ақиқат. Мысалы, сахарада ән болып өрілген Татьяна хаты, жалпы поэма арқауы қазақи тыныс-тірлігімен төл туындыға айналып кеткен. «Онегин хатында: «Қаймақ еді көңілімде, бізге қаспақ болды

221

жем», – дегенде ұлттық сипаттағы ұғымдар арқылы шығарма

«өгейлігі» тіпті сезілмейді. Абайдың ақындық құдіреті бұл туындының идеясын сақтай отырып, қазақ жасының арманмұңын да бере білуінен байқалса керек.

Осы мысалды әрі қарай талдасақ: «Сүт бетіне жиналған майлы қабатты білдіретін» қаймақ сөзі (балқаймақ, шикі, піскен қаймақ түрлері бар) мен «пісірілген сүттің қазанға жабысқан тұнбасы» дегенді білдіретін қаспақ сөзі молшылық, тоқшылық көзі ретінде әр қазаққа жақын. Құлаққа таныс сөздер арқылы поэтикалық образдың баламасы берілген. Ауыспалы мағынасы – «таңдаулы».

Тілдік тұлғаның дискурсы жаныңа жақын ұғымдардан ой көркемдігіне қызмет етер образдар мазмұнын қалыптастырған. Метафора сыртқы әлемді игеру және тану құралы қызметінде келген. Ұлт ерекшелігімен егжей-тегжейлі, жан-жақты танысу үшін, оның ой күмбезін, тілінің тылсым тереңін зерделеу керек. Сосын барып, танығаның мен тапқаныңды өзге мәдениет деңгейімен өлшесең, сенің өз биігің, өз кеңістігің өзгелерден оқшаулана бөлінетініне көз жеткізесің. Міне, метафораның әмбебаптық мәні тағы да осы жерде мойындалады да, ұлттың мәдени ерекшелігін ажыратуға көмекке келеді. Сөйтеді де, тіл мен мәдениетті жалғастыратын арқау болады.

Келесі мысал, «Көзге қамшы тигендей, / Шыр айналды артқы жас» деген жолдардағы бейне-образдың мазмұн-бояуы көкірек көзімен қабылданатындай болып берілген. Адамның ең аяулы, ең нәзік жеріне қамшы түгілі байқамай саусақ ұшы тиіп кеткендегі «ащы» ауыруды бір сәт бастан кешкендей болар еді? Бүкіл тұла бойды солқылдатар тән азабына жан жарасы қосылған ауыртпалықты тілдік тұлға қолданысы шынайы суретпен, терең мазмұнға сыйдырған. Тілдік тұлға кемел ойдың иесі Әбдірахман қазасының ауырлығын осылайша метафоралы теңеу тәсілімен жеткізеді. Көзге қамшы тигендей деген көркемдік қуаты, эмоциялық әсері тегеуірінді теңеу арқылы қасірет-қайғының поэтикалық образын сезіндіреді.

Қамшы – қайыстан өрген, тобылғы сабы бар құрал. Оның қазақ тұрмысындағы маңызы да айтарлықтай жоғары. Ол атадан балаға мұраға берілетіндей қасиетті мүлік. Сонымен қатар, бейвербал қатысым құралы ретінде семиотикалық таңба мәніндегі

222

қолданысы да белгілі. Мысалы, қамшы тастады (этногр) – дауласқан жақтардың билер алқасынан рұқсат сұрау дәстүрі (ҚТТС.-369). Абайдың тілдік тұлғасындағы теңеулік метафораны халықтық қолданыстағы тұрақты сөз тіркесімен бірқатарда қарастырамыз. Тілдік қорымызда қамшы жеді – «таяқ жеді, соққы көрді»; қамшы жұмсады – «қамшымен сабады, соқты»,

қамшының астына алды – «қамшымен ұрды, соқты», қамшы үйірді, қамшы ойнатты – «қорқытты, үрейлендірді, сабамақ болды» семантикасын иеленген тіркестердің ішінде Абай қолданған көзге қамшы тигендей деген компаративтік фразеология жүйесіндегі тіркестің ұлттық танымды берудегі концептуалды мәні терең.

«Домбыраға қол соқпа» деп басталатын өлеңінде автор әуелі өзінің көңіл-күйінен хабардар етіп алады:

«Іштегі ескі жалынды / Сөндір жаңа қылықпен. Сөйлесші жақсы, жағымды / Мендей көңілі сынықпен».

Бұл өлең мәтіні тұтастай метафоралық образбен жазылған. Бойдағы қайратын алып, басын қайғы қайғыртқан кейіпкер «іштегі қайғы-дертіне» демеу болар түсіністікті жанындағы жарынан күтеді. Іштегі жалынын басып, «сынық көңілін» жамауды тілейді. Жақсы жардан медет сұраған автор бейнесі (кейіпкер):

«Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп шауып. Көп қинамай әр неге, Енді семірт, жем тауып!»

деген тілегін қоса білдіреді. Осы мәнмәтіндегі жем метафорасының мазмұн-мағынасы көп қатпарлы. Жем – 1) сезімтал жанның түсінігі (аяулы жардың майда қолы, жылы жүзі – бұлар да метафора) болып бейнеленген, 2) рухани жақындығы, 3) ең ақыры, тыным-тыныштық пен қажыған көңілге керек бап пен күтім – бәрі метафора. («Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті / Сен есірке, тыныш ұйқтат, бақ сөзіме» – дейді «Өлсем орным қара жер» өлеңінде). Әдетте тіршілік дүниесінде жем жейтін, жем іздейтін – құстар. Абай дәстүрінің талантты жалғастырушысы, ақиық ақын М. Мақатаевта осы бейне қайталанады:

223

«Терезеңнің алдына келіп тұрмын, көгершіндей қыстыгүн жем іздеген...». Қысқы аязға қарамай жем іздеп жәудіреген көгершінге жан жылуы қоса керек-ау! Екі авторда да жан шуағын іздеген, рухани тоқтық тілеген, сезімтал да нәзік жүрек иесінің бейнесі арқылы жаңа поэтикалық образ сомдалған. Реалды дүние (махаббат, түсіністік сезімі) жеке авторлық қабылдауда сол дүниенің тілдік бейнесі (жем) формасында берілген. Абай қолданысында «жем тауып семірт» болып, ал Мұқағалида «жем іздеп келу» тіркестері арқылы үміт пен тілек, рухани сүйенішке деген іңкәрлік жаңа образға айналған. «Жем табу мен іздеу» – сезімге, махаббат сезіміне бөлену метафорасы. Қазақи ұғым шынайы әрі әсерлілігімен баурайды.

Түйіндей келгенде, Абай шығармаларындағы метафора мазмұнын жете түсіну үшін, біріншіден, оның жасалу себебін көрсететін үлкен мәнмәтінді анықтау керек; екіншіден, тіл қабылдаушының мәдени-тарихи жағдайға байланысты аялық білімі мол болуы тиіс. Қоғамдағы немесе әлеуметтік ортада өтіп жатқан жағдайларға тілдік тұлға білдірген реакция метафоралы сипатта болуы мүмкін. Тілдік тұлғаның дүниетаным жүйесін құрайтын «жаңаша» ойлау әрекетінің нәтижесі жаңа тезаурустық қатарлар арқылы вербалданады. Метафора сол ойлау әрекетінің нәтижесі.

Халық өмірінің энциклопедиясына айналған метафоралардан ұлттық ұстаным мен ұлттық таным дүниесін байқаймыз. Қоршаған ортаның көркем кеңістігі мен көркем уақытын таразылаймыз. Тілдік тұлға қабылдаған ұғым-түсініктер мейлінше дәлдік пен айқындылықты танытып, метафоралар семантикасы арқылы барынша нақтылана түседі.

Абай тілі арқылы ұлт мәдениетінің сипаты танылады, тіл мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан ол арқылы ұлт психологиясының ерекшелігі көрініп, ұлттық мінезі де танылады. Осы аталған белгілер топтаса келе, метафораның ұлттық өзгешелігін белгілейді. Тілді жеткізуші оның халық тілінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үлгісін және шығармашылық даралық үлгісіндей өзіндік нұсқасын да пайдаланады. Жалпы ұлттық мәдени құндылықтар жүйесін тану керек болса, біздіңше оны метафоралардан іздеу керек. Сонымен қатар, метафоралар – ұлттық мәдени құндылықтар жүйесінен ақпарат беретіндіктен

224

халық өмірінен толық мағұлмат аламыз. Оған Абай шығармаларының тілдік тұлғасы дәлел бола алады.

Абай шығармалары тілін зерттеушілер кей тұстарда бұл этномәдени тілдік деректерді шығарма тілінің лексикалық қабаты немесе поэтизмдердің қатарында ғана шектейтін сияқты. Бүгінгі таңда лингвистика «таза» тіл мәселелерімен ғана айналыспай, тілдің этномәдени жүйесі сияқты бірқатар мәденитанымдық факторлар сырын ашу мақсатын қояды.

5.2 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі

Пассионарлар – биік мақсаттың, асыл мұраттың иелері. Олардың өмір мәні осы асқақ идеалды жүзеге асырумен құнды. Олардың қолынан жақсылық та, жамандық та, ерлік те, қылмыс жасау да келеді. Пассионарлар, яғни қуатты құштарлық иелері күйретуші де, жасампаз да, зұлым да бола алады, яғни ақылын қайда жұмсауына байланысты олардың тұлғасы ашылады, өмірдегі орны анықталады. Ол ақылын ізгілік жасауға бағыттай ма, әлде қара ниетке бағыштай ма? Қайтсе де олар өмірге бейжай, «маужырап» қарап отыра алмайды [108, 506].

Ұлы Дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы қадауқадау ойларының, түйінді тұжырымдарының қорытындысы еуразияшылдық теорияны түбегейлі ғылыми сана танымына айналдырумен тікелей байланысты. Ғалымның шығармашылық жолын зерттеушілердің көрсеткеніндей оның ғылымдағы ірі жетістігін айғақтайтын еңбегі пассионарлық идея және этногенез теориясының негізін қалауымен де құнды [109, 110].

Л.Н. Гумилев «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс» – деген тұжырым жасайды. Атақты ғалым В.И. Вернадскийдің «тіршілік дүниесінің биохимиялық қуаты мен биосфера дамуының жалпы заңдылықтары» туралы ілімі зерделі зерттеуші Л. Гумилевке үлкен ой салады. Сол ілімді этнос өмір сүріп отырған тіршілік ортасымен, қоғам дамуының заңдылығымен сәйкестендіре

225

пайымдау арқылы оның ғылымдағы ірі жаңалығы дүниеге келді

[108; 110].

Мінез-құлық сипатына қарай Л.Н. Гумилев адамдарды үш топқа бөледі:

1. Үйлесімділіктегі адамдар, олар – көп. Бұл топтағы адам-

дар қуатпен жеткілікті қамтамасыз етілген, яғни өздерінің қарапайым қажеттіліктерін өтеуге жететіндей қуат олардың бойында толық бар. Олар өмір сүру үшін қызмет етеді. Басқа талаптілектері жоқ. 2. Пассионар адамдар – олардың бойындағы қуат күші мөлшерден артық (латынша «пассиа» – құштарлық). Пассионарлар (құштар жандар) өздерінің мақсат-мұратын жүзеге асыру үшін өмір сүреді. Мақсат-мұратын өмірінен де жоғары қояды, мақсатының мәні өмірінен қымбат болып есептеледі. 3. Субпассионарлар – құштарлығы бәсең адамдар – олардың қуаты кәдімгі қарапайым тірліктегі қажеттілігін де өтей алмайтын деңгейде болады. Бұл топтағы адамдар ешбір әрекет жасағысы келмейдіжәнебасқаадамдар есебіненкүнкөругебейімделеді.

Тарих осы топтардағы адамдардың белгілі бір дәрежеде үйлесе ынтымақтасуымен анықталады. Өркениет дамуы бірқатар кезеңдерден өтетіні белгілі. Ғалым Л.Н.Гумилев ол кезеңнің әрқайсысына өз мазмұн-мәніне лайық атау береді. Адамзат қоғамы мүшелерінің сапа-қасиетіне қатысты жасалған бұл топтамадан біз зерттеуіміздің мазмұнына орай «пассионар» ұғымына сәйкес келетін адамдар сипатын бөліп алуды жөн көрдік.

Л. Гумилев өз еңбегінде пассионарлар қатарына Напольеон мен Александр Македонский, Ян Гус пен Жанна д Арк бейнесін мысалға алады. Пассионарлыққа берер анықтамасы: «пассионарлық – қоршаған ортаны өзгертуге ұмтылыс және қабілеттілік, немесе физика «тілімен» айтқанда, ортаның агрегатты күйінің инерциясын бұзу», – дейді [108, 272-275].

Ізгілік пен биік мақсатты серік ететін пассионарлық идея ойшыл, ағартушы Абай болмысына жат емес, тіпті үйлесімділік табады деуге болады.

Ол өзінің ақындық декларациясын былайша нықтай түседі. Ұлы Әуезов сөзімен айтқанда: «Өзі сыншыл қайраткер болғандықтан... ...ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді ...өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға

226

болады»,– деп иланады. Басқаша айтқанда, адамгершілік, ар, ақтық деген сияқты қасиеттерді тәрбиемен көпке жайса, өмір де, қоғам да, халық тағдыры да өзгеріп, түзеліп кететіндей көрінді. ...«Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінеді» [2, 132]. Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен басты факторды осы құбылыстан көре аламыз.

Бұл, шартты түрде алғанда, қоғамшыл, халықшыл Абайдың «пассионарлық идеясы», «рухани сілкініске құштарлығы» деуге болады.

«Пассионарлар өзін белгілі бір мақсатқа жұмсайды, тіпті бар ғұмырын соған арнауы да мүмкін» [108, 284], – деген Л. Гумилев пікірін ұлы Абайдың өмір жолына бағыштай айтсақ та орынды болмақ. Осы идеяның тұжырымына сүйенсек, этногенездік дамуға ұлттың этникалық өркендеуі мен пассионарлық әлеуеті өз үлесін қоса алады. Абай өзінің ағартушылық идеялары арқылы заманына ықпал етем деп санады, өлең-сөз қуатымен тәрбиелемек болды. Ел білімге ден қойса, білімді елді білімді кемел басшы басқарса, («Единица» – жақсысы), «ұлттың өркендеуі, қоғамның жетілуі тиіс» деген асқақ идеяға ұмтылды. Л.Н. Гумилев пассионарлықты этногенез тарихына қатысты көбінесе, жауынгер мінезді немесе шат қимылды, төңкерісшіл әрекетті сипаттау үшін алғанымен, ақыл-ойдағы, ғылым мен өнердегі, ағартушылық идеялардың талқандағыш, қуатты күштерді білдіретін маңызын жоққа шығармасымыз анық. Біз Абайдың этнос санасына ықпалын сөз еткенде осы тұрғыда келмекпіз, яғни пассионарлықтың «рухани» көрінісі демекпіз. Этногенез теориясында ең маңызды орынды пассионарлық идея еншілейді. «Л. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалынан Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады».

Ал қазақ қоғамдық санасында, ұлттық ойлау дәрежесінде бұл құбылыс былайша қабылданады: «Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды, береке кетіп, азды, тозды, сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан болаттай, жарқ етіп Абай туды... халықтың қамын же, адамшылыққа қызмет ет, –

227

деген Абай болатын» [65, 18]. Қазақ зиялысы Жүсіпбек Аймауытұлы «Абай» журналының алғашқы санында Абайдың қо- ғамдық-әдеби ортадағы құбылысын айрықша бағалап: «Надандық аждаһаны өртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны – Абай», – дейді. Бұл – «пассионарлық дүмпудің» нақ өзі.

Еуразияшыл идеялар ішінен, әсіресе, комплиментарлық туралы ғылыми идеяның мәні аса зор. Бұл идея Ұлы Дала мен ежелгі Русь арасындағы өзара түсіністік мәселесіне баса көңіл аударуымен құнды. («Комплиментарность» терминін біз негізгі семасына, мәнмәтіндегі қолданысына қарай, «шырай таныту» деп алғанды жөн көрдік). Осындай өзара ілтипат білдіру, бірбіріне жылы «шырай таныту», бір-біріне шыдамды, қайырымды болу – еуразияшылдардың басты идеясы болып табылады. Еуразияшылдар әр этностың өз болмыс-бітімі сақталуын қолдады, бірақ ұлтшылдықты ұлықтап, көркөзділікке салынбауды мақсат тұтты. Сондықтан да еуразиялық тұжырымдама жалпыадамзаттық идеяларды асқақ ұстап, ұлттық менмендік, кемістушілік дегеннен жоғары тұруды басты ұстаным етіп алды (бұның ұлттарды уысында ұстағысы келген үстем идеологияға жақпағаны тарихтан белгілі). Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұсынған, имангершіл ізгілікке суарылған өсиетінің мәні: бүкіл адам баласын сүй, оның түрі мен түсіне, ділі мен дініне қарамай жүрегіңнен орын бер, сүйіспеншілігіңді арттыр дегенге саяды. Абай өмірдегі барша құбылысқа адамдық өлшеммен келіп, биік гуманизмді ұлықтайды. Адам адамды ақылымен, сезімімен түсіну керек. Имангершілік пен адамгершілікті адамзат баласы не себепті серік етуге міндетті деген сұрақ туар болса, ұлы ойшылдың берер жауабы:

«Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең:

дүниеде жүргенде – туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей;

ахиретке қарай – өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың – бәрі бірдей;

екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен;

Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің;

228

– Біреуді бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспақ лайық па?» (Абай. Отыз төртінші Қарасөз).

Еуразияшыл ғалымдар қоғамның даму процесіне қатысты этникалық ғылыми сана мен әлеуметтану ғылымының мәселелерін көтерсе, дала ойшылы Абай кәдімгі «адамтану» іліміне қатысты өрелі ой айтты. Үндестік, ой қазығы ортақ. Ол – «Адамзаттың бәрін сүю».

Бүкіладамзаттық биіктен ой тастаған гуманист Абайдың да, еуразияшылдардың айтпағы – осы. Ақын, ойшыл Абай: «Күнші-

ліксіз тату бол шын көңілмен, / Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! Немесе Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс, / Оның қадірін жетесіз адам білмес». «Қай қызығы татиды қу өмірдің, / Татуды араз, жақынды жат қыларға», – деп күйін-

генде елдік бұзу ерге сын екеніне нұсқап қоймайды, тіршілік мәні – бірлікте («қоғам мен табиғат үндестікте» – Л. Гумилев) болатындығына нұсқайды. Л. Гумилевтің тарихи еңбегінің мәні: «әлемдік тарих дегеніміз белгілі бір кеңістік пен нақты уақыт шеңберінде этностардың бірін-бірі алмастыруы» – деген өз пайымдауына байланысты айтылатын ғылыми ойлардан туындайды деп білеміз. Ұлы Абайдың: «Дүние – үлкен көл, / Замана – соққан жел / Алдыңғы толқын ағалар, / Кейінгі толқын інілер / Кезекпенен өлінер, / баяғыдай көрінер», – дегенінде дүние = ке-

ңістіктегі, замана = уақыт аралығында кезекпен өтіп жатқан, (гумилевше, айтқанда этностардың алмасуына әкелетін ауысу) ұрпақ ауысулары тарих дөңгелегінің айналуын сездіргендей. Дамуды танытқандай.

Л. Гумилев қоғамдық құбылыстағы өзгеріс-оқиғаларды пайымдау үшін этнос тарихын үнемі назарда ұстау керектігіне нұсқайды, өйткені әр этнос – әлеуметтік құбылыс қана емес, табиғат жаратылысы (биосфера заңдылығы). Ол – өзге де тіршілік дүниесімен тығыз байланыстағы қоғамдық сана иесі. Экологиялық орта – этностың өмір сүретін кеңістігі. Л. Гумилев этностың қалыптасуы мен жетілуін, дамуы мен өркендеуін табиғатпен өзектестіре қарады.

Абай ағылшын философы Г. Спенсер еңбегінен тағылым алғаны шығармаларынан анық байқалады (Бұл жөнінде абайтанушы ғалымдардың еңбегінде [2, 58] біршама мәлімет

229

берілген). Г. Спенсердің эволюция теориясы мен мораль философиясына қатысты ой тұжырымдары ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс тіліне тәржімаланады. Зиялы қауым арасында кең таралып, үлкен ой тудырады. Әрине, қазақ ойшылы Абай да, орыс тарихшысы Л. Гумилев те осы ойлы туындылармен таныс болғаны ықтимал. Бұл тұста Абай Г. Спенсерді Л. Гумилев арқылы таныды деген пікір қалыптаспасы ақиқат. Ғылымға жаңа ғана енген орыс ғалымының Абайға еш әсер-ықпалы болмағаны аян. Біздің көңіл бөліп отырғанымыз екі тұлғаның дүниетаным ұқсастығы ғана екенін ескертеміз.

Ағылшын ғалымы социология (әлеуметтануды) мен табиғат заңдылығын ұштастыра қарайды. Ол «ішкі жағдай мен сыртқы фактордың бір-біріне бағынуынан тіршілік (өмір) туады» деген диалектикалық мәндегі ой айтады. Осы идеяны қоғам дамуы заңдарына қатысты пайдаланған Л. Гумилев өзінің жаңа ілімін қалыптастырады. Атап айтқанда, адам мен қоғамның, яғни «ішкі және сыртқы қарым-қатынастың» (Г. Спенсер) сабақтастығы Л. Гумилевтің этногенез теориясының күретамырына айналады. Адам – қоғамдық орта жемісі. Ғалымдар бұны теориялық тұрғыда негіздеп, практикада дәлелдесе, философ ақын Абай тіл өнерінде сөз кестесі арқылы ой өрнегін салды. Өзінің тілдік тұлғасы арқылы объектілендірді. Абай поэтиконы философиялық байламмен астарлы ой түйеді. Мысалы, Күлембай болыстың (образдың) мінезінің құбылуына ықпал еткен жағдайлар: оның қоғамдық «мәртебесінің» өзгеруі, болыс сайлануы және келесі сайлаудан тағы дәмелі болу. Ол:

«Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін, шыбындап,

Әрлі-берлі далпылдап Боқтап жүрмін барқылдап»,

деп өз елін өзі жатқа жығып береді немесе жақынын жатқа міндейді. Сыртқы екпіннің ықпал-әсері ішкі мінез-құлықтың өзгерісіне алып келеді. Мәтін авторы сыртқы фактордың еркіне бағынып, ырқына көне бермей, қоғам (адам) үшін қажетті, қажетсіздігін айыра білудің маңыздылығын ескертеді. Тағы бір дәлел келтіруге болады.

230

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]