Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

Сыртқы көріністерді бейнелеу – ішкі дүниені игерудің әдебиетте қалыптасқан ежелгі дәстүрі. Сыртқы детальдың ең әсерлі түрі де – осы портрет, ал әдебиеттегі кез келген портреттік бейнелеу психологиялық күймен астасады. Абайдың тілдік тұлғасында психологиялық күй адамтанудың маңызды құралы қатарында алынған.

Абай шығармалары тілін талдау барысында көз жеткізген бір жағдай – сыртқы портреттік бейнелеу мен ішкі психологиялық күй бір-біріне ұласып жатқан күрделі құбылыс. Атап айтқанда, кейіпкерлердің ішкі ойы мен сезімі (психологиясы) авторлық баяндау арқылы танылады да, өз кезегінде ол сыртқы портреттік бейнелеу формасында көрініс табады. Нәтижесінде, авторлық психологиялық баяндау арқылы портреттік мінездеме сомдалады, яғни ішкі психологизм → сыртқы портрет → ішкі психологизм сабақтастығы түзіледі.

Абайдың тілдік тұлғасындағы портреттер кейіпкер кейпінің, бет-әлпетінің өзгерісі арқылы оның психологиялық күйінен хабардар етеді. Оған «Қызарып, сұрланып» өлеңі бір дәлел бола алады. «Дене тілі» – жан-жақты мәлімет беретін ерекше коммуникация құралы десек, «Қызарып, сұрланып» өлеңінде қыз бен жігіттің кездесу сәтіндегі коммуникация құралы қызметін атқарып тұрған тіл – «дене тілі». Коммуникациялық қатынасты сөйлеу арқылы емес, «тілсіз тіл» арқылы, көзбен көрсетіп, «ішпен білдірген» Абай кейіпкерлері «оп-оңай-ақ» ұғынысқанын сезінеміз: лүпілдеп жүрегі; саусағы суынып; пішіні құбылып; иығы тиісіп; төмендеп көздері; жүрегі елжіреп; буындар боса-

нып; көзіне жас алып – осы кинемалық таңбалар – екі жастың психологиялық күйін барынша дәл жеткізуге, «жүрекпен алысып сыбдырын, тықырын, көңілмен танысып», «сөз жөндеп айта алмай» тұрған «екі асықтың» «жүйрік тіл, терең ойын» таныту үшін алынған көркемдік тәсілдің бірі (тырнақша ішіндегі Абай қолданыстары екені белгілі).

Зерттеу мақсатына байланысты әлеуметтік мән иеленген кинемаларға баса назар аудардық, өйткені Абай шығармасы – әлеуметтік ортаның шындығы, ал кинетикалық таңбалар – дүниенің тілдік бейнесі. Кинесикалық амал Абай туындыларының ішінде «Күлембайға», «Мәз болады болысың», «Көжекбайға», «Бойы бұлғаң», «Сегіз аяқ», «Дүтбайға» сияқты

151

өлеңдерінде белсенді қолданылған. Сонымен қатар, «Қызарып, сұрланып» шығармасындағы рөлі терең психологизмді ашуымен құнды. Қазақ халқының ұлттық мәдени ерекшелігін танытатын бейвербал амалдар қатарына адамның киім-кешегі, киім киісі де жатады, яғни адамның киіну мәдениетіне қарап, әлеуметтік жағдайын, этникалық ортасын, жас мөлшерін анықтауға болады. Оның әлеуметтік мәні жайлы кейінгі тарауда сөз етпекпіз.

Бейвербал таңбалар белгілейтін мән-мағына (идея) лингвистикалық сипат иеленгеніне көз жеткіземіз. Бұл семиотикалық таңбалар – сол кездегі әкімшілік жүйеге байланысты «елді мығымдап ұстау үшін» пайдаланған әдіс-тәсілдердің «атауы», немесе ел билеу саясаты жолындағы қоғамдық сананың бір көрінісін, яғни тілдік бейнесін білдіретін (таңбалар) сөздер. Сонымен қатар, ел билеушінің әлеуметтік мәртебеге қол жеткізудегі (болыс болудағы) іс-әрекетінің (болыстығының) бейнесін көрсеткен лингвомәдени код болып табылады.

Лингвистикалық талдау өзегін құрап отырған тезаурустық қатар шығарма кейіпкерінің (болыстың) өз аузымен айтылады.

Мәтінде берілген тезаурустарды (бейвербал амал атауларды) кейіпкер мына мақсатта қолданған: а) ақпарат мәнін («ел үшін қалай еңбектеніп жүргенін») бейнелі әрі дәл жеткізу; ә) барынша сендіру, нанымды ету үшін және б) «елі үшін қиналған күйін» (эмоциясын) білдіру мақсатына қызмет етеді.

Түйіндей келгенде, қолданылу уәжіне қарай жағымды не жағымсыз мән беретін бейвербал амалдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, субъектінің түрліше көңіл-күйін, мінез-құлқын білдіру функциясын атқарады. Кинемалар – коммуникацияның маңызды элементі. Қарым-қатынастың (коммуникацияның) бейвербал құралдарымен уәжделген тілдік бірліктер әлеуметтік лингвистикалық ақпарат бере алады, өйткені

таңбалар белгілейтін мән-мағына лингвистикалық сипат иеленген.

Вербалды белгілер тіліне аударылған ым-ишара, кинемалар «дене тілі» субъектінің нақты бір ортаға байланысты нақты бір күй-қалпын немесе әрекетінің символдық белгісін білдіреді. Ым-ишараның қайсысы болса да, символдық мән иеленген, ал вербалданған жағдайда оның семантикасы мен құрылымы бір

152

бүтін фразеологиялық тұтастыққа айналғандай күй кешеді. Белгілі бір кезеңдегі дүниенің тілдік бейнесін дәл суреттеу мақсатында алынған мимикалық және кинемалық белгілердің тілдік тұлға танымындағы орны ерекше. Дыбыстық тіл таңбалары, вербалдық таңбалар арқылы берілуге тиісті ақпаратты тілдік емес, көмекші бейвербал таңбалар көмегімен ұғындыруға әбден болады. Сол таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы бірлестік коммуникативтік қатынасқа әрі эмоционалды әсер ету қызметіне құрылған. Әрине, қуану мен мұңдану, қайғыру мен шаттану, сүю мен сүйсіну тәрізді көңіл-күй амалдарын сөз құдыреті, оның экспрессивті эмоциялы реңкі арқылы тікелей жеткізе алу сөз өнерінен асқан шеберлікті талап етері сөзсіз.

153

4-тарау

АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ – МӘДЕНИ КОНЦЕПТІЛЕР АРҚЫЛЫ КӨРІНІСІ

4.1 «Жайлау» концептісі арқылы рухани әлемді бағдарлау

Тілдің қоғамдық қызметі мен әлеуметтік мәні және таңбалық сипаты сияқты бірқатар мәселелер зерттеу барысында «таза» лингвистикалық заңдылықтармен қатар, философиялық қағидалардың да басты әдіснамалық бағдарына айналғаны белгілі [81; 82]. Оның бір себебі – тілдің ерекше философиялық категория болғандығымен шарттас келсе, екінші уәжі философияның тек реалды, шынайы дүниенің мән-мағынасын айқын-дау- мен шектелмей, оны адамның болмыс-бітімі арқылы дәйектейтін ғылыми ұстанымына байланысты болса керек. Ал оның мазмұны тіл арқылы ғана танылатыны ақиқат. Лингвистиканың объектісін (нысанын) анықтауда философиялық тұжырымдар беріліп жатуы да заңдылық болып табылады [82, 46-55]. Лингвистикалық философия тіл мүмкіндігін тарылтпай, оған үнемі жол ашып отырады, өйткені тілдің ғалам мен адамның қаты-на- сын анықтайтын әлеуеті мықты.

Маңызды кумулятивтік қызметке ие және этноәлеуметтік мәнімен ерекшеленетін жайлау лексемасы – Абай шығармасының лингвокогнитивтік деңгейін анықтайтын тілдік таңба қызметінде тұр. Көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын айқындайтын басты көрсеткіштің біріне – жайлау континуумы кіреді. Ақын дискурсында сонымен қатар, оның философиялық астарына жете көңіл бөлінген деп есептейміз.

Алдымен, «жайлау» номинативті атауын анықтап алған жөн. Қазақтың ұлан байтақ даласы – күзде – күзеу, қыста – қыстау, көктемде – көктеу деп бөлінсе, жазда – жайлауға айналған. Әнімен әлдилеп, мұңына орап тастайтын қуанышы мен қайғысының куәгері – Жер Анасы – жайлау. Ол – кіндік қаны тамған туған жерінің бір атауы.

154

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді де көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атағаны белгілі.

Ертеректе ауыл наурыз, мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барады. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізеді. Қазақстандағы атақты жайлаулар: Қарқара, Шалкөде, Асы, Шұбартал т.б. деп бөлінетіні иісі қазаққа белгілі.

Қазақ тұрмысында мезгілдік ұғымға байланысты айтылатын қан жайлау тіркесі бар. Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды жайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Осы бір әсем кездің көрінісін белгілі ғалым Н. Уәли былайша суреттейді: ...» Бұл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп, бас-аяғы түгел жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс, өнер жарыс т.б. қызықтардың өткізілетін шағы да – осы тұс. Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі қан жайлау деп аталса керек [83, 49]. Қазақ мәдениетінің, қазақ сөзінің небір сырларын жетік білетін тілші-ғалым жайлау лексемасының өрісін одан әрі кеңейте түседі: «Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған, жапырылмаған сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған базардың тарқар сәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол – сары жайлау. Жайлаудың мерзімге байланысты атаулары ғана емес, кеңістікке қатысты аттары да бар: ой жайлау, төр жайлау, кер жайлау»... [83, 50]. Жайлау – қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі қаулап өсіп, жер беті кілемдей құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлаудан тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде осы жайт былайша суреттелетіні мәлім:

«Мал семірер, ақ пенен ас көбейер

Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер...

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен»...

Тілдік санадағы осы мағына Абай көркем дискурсында былайша көрініс тапқан.

155

1) жайлау – тұрмыс-шаруа жағдайына қарай ауыстырылатын мекен, бұл негізгі денотаттық, сөздік мағынасы. Осы мағынасында «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңінде автор әр жыл мезгілінің социум үшін әлеуметтік мән иеленетінін бір-ақ ауыз шумаққа сыйдырып жіберген.

«Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр».

Мәтіндегі жайлау лексемасы өзінің негізгі денотат мағынасында тұрып-ақ лингвомәдени код міндетін атқарған.

2) Жайлау – Абайдың индивидуалды көркемдік әлемінде, яғни өзінің қабылдауындағы дүние бейнесінде «рухани кеңістік» мағынасын білдіреді. «Жайлау» лексемасының ассоциациялық өрісі Абай дискурсында былайша кеңейе түседі: жайлау

– адамның жан дүниесі, ішкі рухани әлемі. Сөйтіп, бейнелі, эмотивті мән – экспрессия арқалаған жайлау лексемасы жаңа поэтикалық образ қызметін атқаруда. Бұл – Абай тілдік тұлғасының бір жаңалығы.

«Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?».

Өлеңнің өрісі толығымен көңіл – жайлаудың семантикалық құрылымын толықтыруға ықпал етіп, өлең өзегімен жымдаса өрілген стиллемалар қызметі шығарма идеясын ашу үшін маңызды рөл атқарып тұр. Мәтіндегі метафоралана қолданылған алақтау, түк таппау етістіктері мен лай суға май бітпеу окказионалды фразеологизмдерінің әлеуеті жоғары. Алақтаған, түк таппаған шарасыздық, болмасқа босқа дәмелену – сонда да үміт үзбеу. «Көңілдің жайлауынан ел кету» – ақынөмірініңтрагедиясы.

«Көңілдің жайлауынан ел кету» – өмірдің қызық-думаннан,

мәні мен сәнінен айрылуы. «Жайлаудан ел тарқағанда құлазыған жұрты қалатындай ең ауыр, жағдай, «жүрекке салмақ түсіретін мұңды образ». Имплицитті сөз сыры тереңде жасырулы. «Жайлаудан елдің кетуі» – мезгілі жеткенде қоныс аударып

156

көшіп кету ғана емес және көшкен жұрттың орнында қалған кө-

ңілсіздік қана емес: «Қарны тоқ қас надан ұқпаған сөз»; «жүрегінің түбіне терең бойлай алмаған жан», «ойға олақ көңілсіз құлақ»; «сенделген ит жүрек»; «жүрегімен емес, құлағымен қармаған» тыңдаушы; «құлағын сатқан кәрі»; «ойды жеңген қараңғы, саңырау қайғы»; «ақы беріп тыңдатқан сөз»; «жақсы сөзден жаңылған жар»; «баяғы қулық, бір алдау»; «жаяуы қапқан, аттысы шапқан» ел; «сырт айналған сырласың»; «айғаймен кеткен қадірлі басың, қайратты жасың»; «бойда қайрат, ойда көзі жоққа айтылған сөз»; «өкініші көп өмір өтіп кеткен»; «моласындай бақсының жалғыз қалу» – осының бәрі адам өміріндегі, ақын өміріндегі «жайлаудан ел кетуі», сонымен пара-пар әрекеттің символы. (тырнақшаға алынған тіркестер Абай Сөздері, ақын өлеңінен алынып отырғаны белгілі). Бұл синтагмалар – дүние бейнесінің индивидуалды авторлық қабылдануы. Дүниені Абайша түсіну;

Жайлау образында («көңілдің жайлауы» образында) автор бейнесінің өзі, оның рухани кеңістігі, бітім-болмысы алынса, ел (көшкен ел) образында жоғарыда айтылғандай, сөз, ой, жүрек,

адам, қайғы, жар, қулық, бақсының моласы... бәрі-бәрі мета-

форалық қолданыстағы жағымды-жағымсыз бейнедегі адам, немесе адамның іс-әрекеті. «Көңілдің жайлауынан ел кету» перифразданған метафораға байланысты сөз зергері М. Әуезовтің көшіп кеткен ауылдың иесіз қалған жұртын суреттегенін еске алсақ, Абай өмірінің, Абай көңілінің құлазығанын өз жаныңмен сезінгендей боласың: ... «ақын өз басының ендігі мұңын соған теңейді. Көңілдің жұртынан үміт пен арманның өрісінен көпшілік тірлігі, халық көші аулақ кетіп жатыр» [2, 164] деген.

Бұл, шынында да, көңіл жайлауының бар қызық-қуаныштан ажырап, сезімді суытып, үмітті тоздырған қатал қара суық күзі еді... Соның ауыстырылып, пернелеп берген символы еді... Біз «көңіл жайлауынан ел кету» дегенді «өмірдің қара суық күзі» деп те ұғамыз.

Әйтсе де ... абайлық жаңа бейне, Дана Абай жұмбағы оңай шешіле қоймас! Өлең жалаң пессимизмге құрылған ба? Әрі қарай оқысаңыз, үкілі үміт әлі өлмегеніне көз жеткізесіз. Кейінгі шумақта Абай:

157

«Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын, Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын», –

дегенде ақылы жетпеген жетесіздікке «бағынып» отыра алмайтынын, өйткені

«Күні-түні ойымда бір-ақ тәңрі, Өзіне құмар қылған оның әмірі»,

деп тәңріні ақыл-ойға қондырып, соған талпынады. Мұң мен үміт арпалысқан көңіл жайлауын осылайша бағалайды.

3) Келесі мәнмәтіндегі жайлау – береке-бірліктің символы. Кемел ойды (кемел адамды) басшы еткен елдің бейнесі. Мәнмәтіндегі бейне тікелей емес көл лексемасы арқылы танылады. Көл жағасында, орын тепкен жайлаудың сулы әрі нулы болатыны жер жағдайын жақсы білетін әр қазаққа мәлім. Дала тұрмысына бейімделген қазақ жайлауға шыққанда, мал мен жанға су ең бірінші қажеттілік болғандықтан, әдейі көлге жақын тұсқа қонады. Мөлт еткен көз жасындай күміс көлдер мен қоңыр майда желі ескен, бауырын ел мекен еткен көлдер – жайлаудың сәні. Сонымен қатар, сұлу табиғаттан одан әрі үйлесімділік іздеген елге кемел басшы, жайлы өмір, тыныштық та аса қажет. «Сәуле болсаң, кеудеңде» деген туындысының прагматикалық астарына үңілгенде осы ойларды «оқисың».

...«Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?

Берекелі болса ел – жағасы жайлау ол бір көл.

Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел, Жан-жағынан күркіреп, Құйып жатса аққан сел.

Оның малы өзгеден Өзгеше боп өсер төл. Берекесі кеткен ел – Суы ашыған батпақ көл».

Мәтіннің семантикалық құрылымы түп-түгел, тұтастай метафоралық синтагмалардан тұрады.

158

4) жайлау – адамның тіршілік дүниесі, сыртқы әлемі, тағдырының тұғыры. Бұндағы ауыспалы мағынаның коннотациялық реңкі басым. «Жайлау» концептісінің мәнін бесік семасымен бірлікте алып қарау арқылы концептуалды бейнесі ашыла түспек.

Автордың когнитивтік санасында жиі қайталана қолданылмаса да, орталық когницияға, негізгі ой өзегіне айналған лингвомәдени таңба – бесік лексемасы. Ол әмбебап концепт сипатында белсенділік танытпағанымен, ұлт менталитетін танытатын маңызды көрсеткіш. Өмір – тіршілік – метафорасының нақ өзі. Адам баласының мекені болып отырған дүние – бесік образы, Абай шығармаларындағы «Адам» концептісін жан-жақты ашу үшін алынған тілдік ая, аялық білім орталығы. Абайлық жаңа поэтикалық образ.

Бесік сөзінің мағынасы – лексика-семантикалық деңгейде «сәбидің жататын орны». Ал концептуалды деңгейіне қатысты сөз болғанда, бұл лексеманың когнитивті құрылымы астарлы, имплицитті мазмұнмен айқындалады. Бесік этнолексемасының

көркем мәтінде берілген мәні – жалпы адамзаттың, Адам Ата мен һауа Ана ұрпағының, өмір кешіп, тіршілік етер ортасы.

Бесік лексемасының ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесінен маңызды орын алатын «қасиетті, киелі мүлік, сәбидің жылы ұясы» деген ұғымы Абай дискурсында одан әріге тереңдеген. Мәтіндегі бесік сөзі әр қазақтың санасына оның түрлерінің: тал бесік, қарағай бесік, қайың бесік болып бөлінетінін де, оның құрылысының: алдыңғы бас, белағаш, арқалық, жақтау, табан, шабақ, артқы бас (бөген) т.б. деп аталатынын еске салуы әбден ықтимал. Көшпелі дала тұрмысында өте қолайлы осы бір қадірлі дүниенің жабдықтары: бесік көрпе, жөр-

гек, қолбау, тізебау, құстөсек, құс жастық, түбек, шүмек деп аталатыны да белгілі. Алайда, тіл тұтынушы оқырман не тыңдарман тілдік тұлғаның (автордың) яғни тіл жеткізушінің айтары осы ақпаратпен шектелмейтінін, мәтінді қабылдау барысында ұғынады.

Бесіктің денотаттық деңгейі шектеулі, локалдық аймақ емес, баланың тыныштық алатын, ұйықтайтын орны ғана емес.

159

Осы контексте бесік – хронотоптық мәнге ие (Орыс ғалымы Бахтиннің анықтағанындай, уақыт пен кеңістік бірлестігін – әдебиетте хронотоп дейтініміз аян) [84, 401]. Бұл метафораның мәні адамзат баласының өмір сүрген кезеңіндегі (уақытында) жер-жаһанда – бесікте (кеңістікте) өтетін қызық қуанышы мен қайғы-қасіретінің, тағдыр-талайының тыныстар әлемін білдіреді:

«Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған бендесі аш бола ма? Ержеткен соң, сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға».

Абайдың тілдік тұлғасындағы дүниенің тілдік бейнесі осындай сипат алған. Дәл осы өлең жайлы танымдық бір деректі еске алсақ, артық болмас: Немістің ұлы ақыны Ф. Шиллердің («Das kind in der Wiege» 1796 g.), 2-ақ жолдық өлеңін орыстың сыр-

шыл ақыны М.Ю. Лермонтов төрт жолдан тұратын бір шумақ етіп аударады.

«Счастлив ребенок!

Ив люльке просторно ему, Но дай время сделаться мужем

Итесен покажеться мир»

(М.Ю. Лермонтов. «Дитья в люльке», 1828 г.). Ал қазақтың ойшыл ақыны Абай оны еркін тәржімалай отырып, философиялық астарға жәнеойменмұңғасуарылғанөзтуындысынсыйлайды.

Жан азабын арқалаған Жалғыздың (Абайдың өз тұлғасының) тыныштық пен түсіністік бесігінде тербелуді аңсаған арманы жырланады бұл өлеңде. Мәнмәтіндегі жалғыз эпитеті бірде бесікке, бірде балаға қатысты қарастырылып жатады. Қалай болса да: бір ғана, жалғыз бесік болса да немесе жалғыз баланың бесігі болса да, ол – кең жайлау. Мұң мен қайғы билегенде де, қуаныш пен шаттық кернегенде де орын таппай кетерің өмір заңдылығындай қабылдануы мүмкін. Ал адам – пенденің жайлы бесікте тербелуді ғұмыр бойы аңсап өтері белгілі...

Заман ағымына, қоғамдық болмыс, тұрмыс-тіршілік ыңғайына қарай, ұлттық салт-дәстүрлердің өзгеріске түсетіні

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]