Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

«Әуелде бір суық мұз – ақыл, зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек...

Қорыта айтқанда, өмірге «ой көзімен» қарайтын, «ойы сәулелі», «көкірегі көзді», «санасына сәуле қонған», «ақыл көзбен баққан» адам ғана толық адамның қатарында болу керектігі – ұлы ойшылдың барлық шығармаларында ой қазығына айналды.

3.2 «Күлкі» концептісінің әлеуметтік-философиялық мәні

...Абай өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адам, оның психологиялық күйі, қимыл-харекеті, ішкі, сыртқы портреті екендігі белгілі. Бұл тақырыптарды Абай бұрынғы ақын-жырауларша жалпы констатация немесе сол адамға қарата айтылған дидактикалық үгіт-насихат түрінде қозғамайды, ол адамның сын-сипат, іс-әрекеттерін нақты суреттейді, әдіс-қимыл, мінез-құлықты жеке-жеке дәл атау түрінде жырлайды (4, 68). Әрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктеу амалдары және сөздік қордың деңгейімен ғана өлшеу жеткіліксіз. Сонымен қатар, тілдің байлығы ұлттың тілдік тұлғасының танымдық-концептуалды деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін сол ұлттың концептуалды әлемі және содан өрістейтін концептуалды кеңістігіне тұтастай барлау жасалуы керек. Оның нақты бір дәлеліне «Күлкі» концептісінің әлеуметтік-философиялық мәні арқылы көз жеткіземіз. «Күлкінің» когнитивтік моделін былайша жүйелеуге болады:

1. ...Күлкі – «адалдық» семантикасының контекстік синонимі ретінде қолданылады. Автор дос көңілін қалтқысыз түсінетін ниеті түзу, көңілі адал, достың шынайы әрекетін «шын күлерлік» деп бағалайды. «Күлу» етістігінің ішкі формасының мағыналық жылжуы нәтижесінде семалық өрісі кеңейген.

91

«Шын күлу» тіркесінің семасы – «боямасыз ақ көңілмен», жасанды қылық көрсетпей, адал қарым-қатынас жасауды білдіреді. Мәнмәтін қоршауындағы «арзан», «жалған» деген актуализатор сөздер бұл идеяны белсенді етіп тұр.

«Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік. Ер табылса, жарайды қылса сұхбат».

Абай қолданысындағы осы уәждеме «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңнің өзегіне айналған:

«Алашқа іші жау болып, сырты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек», –

дегенде өтірік, жасанды қылық танытқан, аярлық әшкереленеді.

2.Күлкі – көңіл-күй, ішкі сезім семантикасының баламасы болып, метафоралық, метонимиялық қатар түзеді. Оны мына мәтін үзігінен айқын аңғаруға болады: «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат». Осы мәтіндегі «ойын» лексемасы бос жүріс, мағынасыз тірлік мәнін білдірсе, «күлкі» адамның, көңіл-күйін, оның болмысын көрсететін ішкі әлемі мәнінде тұр, сонда күлкі – мағыналы өмір мәнін білдіреді.

3.Күлкі – сезім ширығуының мәні, ашу – ызаның көрінісі.

Ол Қырық екінші Қарасөзімен былайша сабақтасады: «...әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі – өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың...»

4.Күлкі – жақсылыққа қолдау көрсету. Оған дәлелді тағы да Қырық екінші Сөзден табамыз: «...әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл».

5.Күлкі – жасандылықтың «бейнесін» білдіреді: Қырық екінші Сөзінде тағы былай дейді: «бір күлкі бар-ау – құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі».

92

6. «Елі жөнді болыстар мақтанып жүр тарқылдап, Күлкісі жақсы қарқылдап, Үні бөлек сартылдап». Осын-

дағы, «Болыс болдым, мінекей» өлеңінің мәтін үзіміндегі, күлкі

оңалған шаруаның, көңіл-күйдің дұрыстығының символы. Өлең малын шашып болыс болғандардың әлеуметтік-психоло- гиялық образын өздеріне сомдатумен де өзгеше. «Елін мығымдап ұстаған» болыстың ояз алдындағы көңілі орныққан бір кезеңін көрсетіп, күлкісі яғни «шаруасы» дұрыс, «жүрегі суылдамаған», сәл саябыр тапқан сәтін сипаттайды. Сондықтан да, «Оязға кірсе, өзгеден Мерейі үстем жарқылдап» тұруының мәнісі бар екен. Нақты айтқанда, «Біреуге таяғы тиіп бартылдап», «біреуін боқтап барқылдап», «біреуі беттесе алмай шаңқылдап», әйтеуір, болыс өзінің «күлкісін» – шаруасын «жайлап алған».

7.«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек». Адамгершілік жайлы философиялық ой толғау түріндегі бұл өлеңде күлкі – сезімге бой алдырмаған сабырлы адамның бейнесі рөлінде тұр. Мәнмәтіндегі концептуалды бейне – Кемел адам келбеті «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаудан» сомдалған. Ал ақылдың басшылығымен ашуына, күлкісіне, яғни өзіне ие бола алу – кемелдіктің бір белгісі. Өлең мәтінін тұтастай қабылдағанда бұл ой-

толғауды түсіне аламыз: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, / Сонда толық боласың елден бөлек... / Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, / Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек». Осының бәрін (оның ішінде күлкіні де) жеңген, Жүрек, яғни Адам күлкіге – сезімге бой алдырмайды.

8.Абайдың «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» шығармасында күлкі – тыныштық ұғымымен ассоциацияланған.

Өлең мәтініндегі ... «Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып, / Ызамен ыржиып күле алмай жүр», – деген жолдардан тыныштығы, яғни берекесі кеткен елден күлкі – көңіл-күйдің қашқанын аңғару қиын емес, сондықтан да «Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ, / Мейір қанып, мәз болып, қуанарлық».

Бұл шығармадағы «күлкі» концептісінің ішкі формасының мәні «күлкі кеткен жерде тыныштық пен береке де тұрмайтындығын, күлкі – қуаныш бар жерде ғана болатындығын имплицитті жеткізугеуәжболыптұр, олайболса, күлкі– тыныштық символы.

«Естілер де ісіне қуанбай жүр, ел азды деп надандар мұ-

ңаймай жүр». Берекесі кеткен бай да күле алмайды, яғни тынши

93

алмайды. Осы шығармадағы күлкі – тыныштық образы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» шығармасының өзегіне айнал-

ған «Өзімдікі дей алмай өз малыңды / Күндіз күлкің бұзылды,

түнде ұйқың», өйткені «Бас-басына би болған өңкей қиқым / Бұзған жоқ па, елдің сықын. / «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ / Сапырылды байлығың, баққан жылқың». Олай болса, Күлкі – тыныштықтың бұзылуының себебі де – осы, яғни береке жоқ, байлықтың бағы тайған.

9. «Күлкі бағудың» біреудің ау-жайын байқау, әліптің артын бағу деген семалық мәнін де Абайдың тілдік тұлғасы белсенді пайдаланған.

Күлкінің, яғни мінездің ситуацияға қарай құбылып отыруы Абайдың бірқатар шығармасына арқау болған. Мысалы, «Са-

бырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде:

«Кісіні көрсе қылжаңдап, Қалжаңшылсып ыржаңдап. Өз үйінде қипаңдап,

Кісі үйінде күй таңдап», – дегенде «жүз

құбылған», «кеселді пысықтардың» мінезін, «өңкей жалған мақтанмен шынның бетін бояғандарды» сипаттайды. Олар күлкіні қай кезде жұмсауды, қалай («қылжаңдап, ыржаңдап») жұмсауды біле қояды. Олар өте сергек.

Абайдың «Болыс болдым, мінеки» шығармасында:

...«Сыяз бар десе, жүрегім, Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап, – деп келсе,

«Мәз болады болысың» туындысында: «Күлмең қағып қасқайып, Салынып ап мақтанға.

Таң қаламын, қампайып Жоқты-барды шатқанға», – деп болыс біткен

өзінің аярлығын, күлкісін (мінезін) бас пайдасына жұмсайтындығы әшкереленеді. Бұл әрекеттердің бәрін «күлкі баққан» деуден артық бағалай алмасымыз аян.

10. «Күлкі – парықсыздық», босқа «далақтау» мағынасында да қолданылады. Бұл образ – Абайдың бірнеше шығармасына

94

ортақ бейне. Мысалы, «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңінде: «Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, Қайран елінің далақтап, босқа шапқанына» ызалана отырып:

«Күні бойы шабады бос салақтап,

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса, Қуанар иелері сонда ыржақтап»,

дей отырып ақын ол әрекетті бос күлкіні күйттеген есерліктің синонимі етіп алады.

Күлкі – парықсыздық образы Абайдың бірқатар шығармасының негізі «кейіпкеріне» айналған. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» шығармасында: Өзгеге бодан болып, өз ырқынан айырылған елінің бір қайғысы – мағынасыз күлкіге малдану мен байлаусыз бәтуасыздықтан деп ашынады. Жауап-

сыз сұрақ қояды:

«Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың?»

Абайдың «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» шығармасы – әлеуметтік-психологиялық лирика жанрындағы мағынасы терең туынды. Ол арзан күлкімен, яғни «ыржаң-қылжаң ит мінезбен» өмірін өткізген «үлгісіз» жұртына сын айтады:

«Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін, Көп надандар өзіне тартар бейім. Арылмас әдет болды күлкішілдік, Ыржаң-қылжаң ит мінез –

дегендейін». Осы мәнмәтінде лирикалық кейіпкер – өкініші көп өмірде «үлгісіз» жұртынан түңіліп, «жау жабылса, бұзылмас сенімді дос іздейді. «Сенімі жоқ серменделер сырды бұза берген соң», «сол досты сая таппай іздейді жан» (Тырнақшадағы Абай сөзі – Г.М.).

Тағы бір өлеңінде лирикалық кейіпкер «Тайға міндік, Тойға шаптық / Жақсы киім киініп, Үкі тақтық, күлкі бақтық, / Жоқ немеге сүйеніп» – дей отырып, «азаматтық санада өзіне жаңа өр, өріс белгілеген ойшыл жастың» (М. Әуезов) күлкі бағумен кеткен жастық шағына, аздаған алданышына сүйінгенін емес,

95

күйінгенін жеткізеді. Күлкінің парықсыздықтың бір белгісі екендігіне Абай өзінің Төртінші Қарасөзінде де баса мән берген: «Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын... ...Күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек».

Мәнмәтіндегі ой – парықсыз бос күлкінің босқа уақыт шығындаудан басқа еш пайдасы жоқ екендігін еске салу. Күлкіге мас болу – пайдалы әрекеттен қалу, шаруа-тұрмыс жайын ойламау; ақыл мен ұяттан бірте-бірте ажырау – сол «ғафилдіктен» басталады деген прагматикалық ой түйгізеді. Сондықтан күлкінің шекарасын, орнын анықтай білу, яғни оның парқын білу керек деген интенция осы Төртінші Сөзде әрі қарай дамытылады: «Орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт».

Абайдың өлеңі мен Қарасөздерінің мазмұн-мақсаты бір, яғни сөздің тәрбиелік қуатын жете пайдалану дедік. Қырық екінші Қарасөзінде «күлкі» концептісінің мән-мазмұнын қорытындылайтын мынадай ой бар: Ол әр нәрсенің, оның ішінде күлкінің де орнын, мөлшерін, шама-шарқын білу керек деген парасатқа шақырып парықсыздықтан безіндіреді. «Ішпек, же-

мек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса боғы шығады» (Қырық екінші Сөз).

Ал келесі бір шығармасында регулятив мәнде, афоризмдік сипаттағы мынадай түйін түйеді: «Қуанбаңдар, жастыққа, / Елірме күлкі мастыққа». Сөйтіп, «күлкі» концептісінің өрісі былайша жіктеледі: 1) «адалдық», 2) «мағыналы өмір», 3) «оңалған шаруа», 4) «сабырлылық – сезім тұрақтылығы», 5) «тыныштық», 6) «парықсыздық», 7) «біреудің ау-жайын байқау», 8) «ашу-ыза, қайғы», 9) «жасандылық», 10) «жақсылыққа қолдау көрсету».

Абай ақын заман тынысын шығарма идеясы мен ондағы сөздер тылсымы арқылы танытуды көздей отырып, түрлі тәсілдер көмегіне сүйенеді. Ол үшін бірде өзгеше сөз формалары қажет болса, бірде семантикасы тың сөз көмегі керек болды. Кейде халыққа әбден түсінікті сөздерге ерекше экспрессия

96

немесе үстеме мән қосылып барып жұмсалды. Соның бір дәлеліне осы күлкі сөзінің қолданысы арқылы көз жеткізе аламыз.

«Күлкі» концептісінің лингвокогнитивтік моделін мына схема арқылы түйіндей аламыз:

2-таблица

3.3 «Қайғы» концептісінің мәдени-ұлттық көрінісі

Бұл тараушада Абайдың тілдік тұлғасында аса жиі қолданылған лексикалық бірліктің бірі – «қайғы» концептісінің мәнмазмұны талдау нысанына алынады. «Күйік, шер, мұң, қасірет» мағынасындағы (ҚТТС. 7 т., 520 б.) қайғы семантикасының лингвокогнитивтік мәні Абайдың тілдік тұлғасы арқылы тереңдей түседі. Абай дискурсындағы бұл лексеманың нақты қолданысы жайлы проф. Р. Сыздықова былай дейді: «Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған күйініш сезімі қосылғанын білсек, «бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды» деп шынын айтқан Абайдың бір басында қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның тілінде қайғы жеу, қайғы басу сияқты үш-төрттен келген тіркестерден өзге, жеке тұрып қолданылған қайғы тұлғасын 60-тан астам рет кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусынтілмен, сөзбен, сөздіңактивтігімен танытуы [4, 451].

97

Абайдың поэтикалық концептуалды әлемінде бірқатар концептілер субъективті дүниетаным нәтижесі ретінде жүйеленген. «Қайғы» концептісі мәні әр халыққа ортақ универсалды «қасірет, мұң, шер» семасымен қатар, ұлттық ерекшеліктегі бейнені де, дүниенің жеке авторлық қабылдауындағы бейнесін де ұсынады. Әдетте, белгілі бір этномәдениетке тән лингвомәдени ерекшеліктер сол социумның (оның өкілінің де) дүниетанымдық бітімін айқындар ментальді бірлік қатарында белгіленеді.

Абай шығармасының концептілік жүйесі жеке мәтіннен, яғни ақын, ойшыл Абайдың таным дүниесінен туып, оның өз сана тәжірибесінің қорытындысы деп те бағалануы тиіс.

Зерттеу барысында «қайғы» концептісіне жан-жақты талдау жасалады, атап айтқанда, концептінің 1) семантикалық құрылымы анықталады; 2) лексика-семантикалық топтарға ажыратылады; 3) тақырып өрісі белгіленеді;

І. «Қайғы» концептісіне лингвоконцептуалды талдау барысында оның семантикалық құрылымы мына белгілеріне қарай жіктелетіні анықталды: 1) лексикалық мағынасы сөздіктегі мағынасымен коррелят келеді; 2) сөздіктегі мағынасынан семантикалық ығысу байқалып, жеке индивидуалды сипат иеленеді; 3) лексеманың семантикалық құрылымын коннотациялық «толықтыру» мәнмәтінді одан әрі нақтылайды. Бұл белгілер концептің тақырыптық өрісімен, лексика-семантикалық топтаумен бірлікте талданады, өйткені тақырып өрісі мен лексикалық мағына – өзара ұштасып жатқан құбылыстар. Зерттеліп отырған лексема мағынасы мәнмәтінде әртүрлі функцияда қолданылады. «Қайғы» концептісін макро және микромәтінде қарастырғанда ғана оның концептуалды мәні туралы толық ақпарат ала аламыз. Оның семантикасын шағын мәнмәтін аясынан асырып, қоғам бейнесін (дүниенің тілдік бейнесін) танытушы лингвокогнитивті бірлік ретінде қарастырғанда концепт ретіндегі мәні ашылмақ,

өйткені концепт дегеніміз – белгілі бір таным нысанының өзіндік белгілерін нақтылайтын, ол туралы адамның тәжірибесі мен білім мазмұнын толық көрсететін ақпарат көзі.

ІІ. «Қайғы» концептісі Абайдың поэтикалық дискурсында өзінің тақырыптық өрісін кеңейтіп, трансформацияға түседі немесе қайта жаңғырудан өтеді. Ол мынадай лексика-семантика-

лық топтарға жүйеленеді:

98

1. Қайғы – «тіршілік иесі» сияқты адамға тән әркеттерді атқарады:

дегенде қайғы концептісі тіршілік дүниесіндей қабылданады, кейіптеу сияқты көркемдік құрал қызметінде тұрады. Мысалы, «Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен; Қайғыңда қалдым қамалып, / Қызығым кетті сырылып»; т.б. 2. Қайғы – зат, объект: қайғыны жұтады, қайғы ішке кіреді, қайғы ішке толады, қайғыға уланады, қайғымен қан жұтады, қайғының сызығын тартады. «Қайғыңнан азамын / Барушы айта ма?» 3. Қайғы – сырттан келетін күш: қайғыны жібереді, қайғыны аударады. Осы тілдік бірліктер өзінің контекстуалды мүмкіндігін белгілі бір семантикалық аяда белсенді танытып, өзге стимулятор сөздер көмегі арқылы бекіте түседі. 4. Қайғы – адамның өзі: «Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген», Қан жүректі қай- ғылы-ау, / Қайрыла кет Сен маған; Қайғысыздың бәрі асау, / Бізге онан пайда жоқ». 5. Қайғы нақты кеңістікте өмір сүреді:

оның өз мекені бар, оның «ғұмыры», әрине, ұзақ болады, ол өз «кеңістігінде» әрекетін жалғастыра береді. Мысалы, әуелде ол тек көңілді «мекендейді». «Көңілде – қайғы, қалың зар» болса, асқына келе ішкі әлемге бойлайды: «Іштегі қайғы – дертіме /

Жылы, тәтті жауап айт». «Іште қайғы, дерт пысып, Көкіректі өрт қысып; Одан әрі шарықтай түсіп, «Қайғы шығып иыққа, қамалтпасын тұйыққа» дегендей қауіп туғызады.

Байқап отырғанымыздай, көркем кеңістікте (мәнмәтінде берілген) объективтенген ақпарат нысанының мекені тұрақты емес: Ол (қайғы) көңілді ғана жаулап алса, бір сәрі ғой, ішіңе түсіп, одан қайтадан иыққа шығып, адамды, оның санасын әбден меңдеп алады.

Абай ақынның шеберлігі сонда: қайғының салмағын таныту үшін, оны динамикалық тынымсыз қозғалыста алған, «қайғыны іс-әрекет үстінде» көрсеткен. Мазасыз күй кешкен,

жанданған концепт (қайғы) орнын ауыстырудан тынбайды. Тіл

99

қабылдаушы – субъект осы қимыл-қозғалысты өз көзімен көргендей, ауырлығын таразылағандай болады. Осыған сәйкес қайғының көлемі мен салмағы сезілгендей болады. 6. Қайғының мөлшері анықталады: «Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қоз-

ғайды». Кез келсе қайғы қат-қабат, қаңғыртпай қоймас адамды. Сөйтіп мәтіннен танылғанындай, қайғының өсу бағамы «бірден» бастап «жүзге» дейін жетуі мүмкін, тіптен, «қат-қабат» ке-

луі де ықтимал. Образды анықтау барысында бұлайша еселеп күшейту, нақтылау – Абай қаламына тән тәсіл. Қат-қабат кел-

ген қайғыдан бөлек (бұл ауырлығы ғой) үсті-үстіне қосыла берген әрекеті және бар. Мысалы, «Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген», – дегенде қараңғы қайғы (ешкімді, ештеңені «аңдамас» деген эпитеті), одан әрі саңырау (ешкімді, ештеңені естімес) қайғы эпитеттерімен үстемеленген, сөйтіп абайлық соны образ жасалған. Ол туралы Абай сөзін зерделеуші Р. Сыздықованың: «...бұл образдың беретін әсері мүлде күшейіп, бұрынғы қазақ поэзиясы жұмсамаған жаңа қолданысты көреміз»

[4, 424], – деген түйіні – ұлы ақынның стильдік шеберлігін дәл айқындап, жете танудан туған қорытынды.

7) Қайғы-қымбатыңнан, аяулы адамыңнан айрылу. Абайдың Әбдірахман қазасына арнап жазған қайғылы жоқ-

тауы – Абайдай әкенің ғана қайғысы емес, абзал азаматын қимаған халықтың қайғысы деп қабылдану тиіс дегендей ой білдіреді М. Әуезов. Яғни ұлдарын жоқтаған ел осылай ғана аза тұтары хақ. «Әбдірахман бойындағы білім мен талап және ірі мағынадағы адамгершілік қасиеттер қазақтың Абай үміт еткен барлық жас ұрпағына үлгі боларлықтай еді. Әбдірахман қазасының орны бөлек, ол – елдің қазасы, халық қайғысы. Сондықтан да Абайдың ... уайымға оралып айтқан жырлары жалпы қауымдық қайғыға айналып отырады дейміз» [4, 162]. Олай болса, қайғының жеке бастың емес, елдің жүрегіне түскен салмақ екені Әбдірахманға арналған өлеңдерде барынша нақты сипат иеленгені аңғарылады. Сонымен қатар, Оспанға қатысты да осы ойлар қозғалады. «Оны да алды бұл өлім, / Сабырлық қылсақ керек-ті; Көңілімнің күні өткен соң / Қайғылы болар түн»;

Абайдың әр шығармасының өзегінде өмір мәні, адами құндылықтар, қоғам дерті тұрғандықтан, ашуы – «ашыған у», «қайғы-зары сыртқа төгіледі». «Адам қайғысы – заман қайғы-

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]