Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

бейнесін тіл арқылы кескіндеудің негізгі қайнар көзі әуелі адамның өзіндік танымынан тамыр тартады [18; 141-145]. Адамның ішкі әлеміне тереңдей көз тастағанда ғана тіл табиғатын жете түсінуге мүмкіндік туады деген ой барған сайын беки түсуде. Бүгінгі таңда «Иманенттік лингвистикадан (өзіне тән, өз ішіндегі мәселелермен ғана шектелетін – Г.М.) антропологиялық лингвистикаға ауысудың көкжиегі кеңеюде» [19, 48].

«Антропология – жалпы мәселесі Адам болып табылатын жекелеген пәндердің кешенді жүйесі» деген пікірдің нақты әрі дәлдігіне ден қоямыз. Көркемдік антропологияның назар аударары – Адам болмысы, әрі сол адамды сомдаған тілдік тұлға бейнесі. Көркемдік антропология саласына мына ұстанымдармен келгенде оның зерттеу мәні ашыла түспек: 1) Авторлық көркем әлем және нақты бір көркем мәтіннің поэтиконындағы адамды қайта түлету және суреткерлік қиял жетегінің ықпалынан туатын кейіпкерлер болмысын жан-жақты талдап, нақтылау, саралау, ой елегінен өткізу; 2) Өзі тудырған көркем мәтіндегі автордың рөлін айқындау [20, 8]. Осы мәселелерге байланысты мынадай тұжырым жасаймыз: Көркем антропологияның нысаны

– бір адам арқылы өнерде сомдалған екінші адамның әлемі. Бұны – Адамды адам асқақтатады деп ұғыну керек немесе өнерде сомдалған Адам арқылы адамды жырлау. Біздің түйіндемеміз зерттеу нысанының пәні мен мақсатына орайласа жасалғаны белгілі. Антропоцентристік бағыт адам әрекетінің тұлғалық және әлеуметтік қырларын зерттеуге қызығушылығын арттыра түскен, өйткені адам адамды «түсінуге», бағалауға міндетті, өйткені адам жанына адам ғана үңіле алады, оның тереңіне адам ғана бойлай алады.

В. фон Гумбольдт, Г. Штейнталь, К. Фосслер, А.А. Потебня еңбектерінде биік белеске көтерілген тіл, қоғам, мәдениет, тұлға сияқты ауқымды лингвистикалық мәселелер ХХ ғасырдың бірінші жартысында «тілді өзі үшін және өз ішінде ғана зерттеумен шектеліп келген» структурализм ықпалымен екінші қатарға ысырылып қалса да, ғасыр соңында жаңаша өріс алып отырғанына лингвистикалық тың зерттеулер дәлел болса керек [14, 16]. Оған уәж болатын тағы бір жағдай, жоғарыда атап көрсетілгеніндей, гуманитарлық білімнің ғылыми парадигмасы мен ұстанған бағыт-бағдарының өзгеруі екендігі даусыз.

11

Бұл тұрғыда С.Г. Воркачевтың ой талқысына айналған, ғылыми негізі терең пікіріне біз де назар аударамыз: «Осыған дейін үстемдік құрып келген жүйелі-құрылымдық және статикалық парадигманың орнына антропоцентристік, функционалды, когнитивті және динамикалық парадигма, «адам – барлық дүниенің өлшемі» деген мәртебесін қайтарып беруші және адамды дүние кіндігіне, әлем орталығына қайта қоюшы парадигма кел-

ді» [21, 64].

Ғылымның бұл жағдайын Е.С. Кубрякова көппарадигмалық (полипарадигматичность) деп санайды, ал көппарадигмалылықты білімнің толысқандығына балайды [22, 3-5].

Б.А. Серебренниковтің іргелі зерттеулері – Адам мәселесін тіл білімінде тікелей қарастырған еңбектердің бірі [23, 23].

Жаңа арнадағы түрлі ғылыми-лингвистикалық бағыттардың қалыптаса бастауына байланысты тілдік тұлға категориясы да түрлі сипат иеленуде: психолингвистикада – адамның психофизиологиялық күйі сөз, сөйлеу (речь) тұрғысынан және сөзді тудыру мен қабылдау механизмі тұрғысынан: прагмалингвистикада – адамның коммуникативтік қызметі аясында қарастыру тұрғысынан философияның ежелгі мәселесінің бірі адам және оның рухани дүниесі болды.

Г.И. Богин ұсынған тілдік тұлға моделі тілді меңгерудің бес деңгейін қарастырады. «Лингводидактикалық модель» деп аталған бұл деңгейлер былайша жіктеледі:

1)жеткілікті лексикалық қоры бар, тілдің негізгі құрылымдық заңдылығын білу және нақты бір тілдің ережесіне сәйкес пікір білдіре алу мен (айтылымды) мәтінді меңгере алу деңгейі анықталатын – түзулік (дұрыстық) деңгей;

2)сөйлеу әрекетінің ішкі (ойша жасалған) жоспарына сәйкес сөзді (айтылымды) жүзеге асыра алатындай және қабылдай алатындай білік-дағдыны анықтайтын – интериоризация деңгейі (қоршаған орта әсері).

3)фонетика, грамматика, лексика саласындағы тілдің көркемдегіш құралдарының барлық байлығы, әртүрлілігі сөзде (тіл қолданысында) көрініс беруіне қарай жіктелетін – қанықтық деңгейі (уровень насыщенности).

4)сөзде (айтылымда, пікір білдіруде) қолданылатын тілдік құралдардың қарым-қатынас саласына, коммуникативтік жағ-

12

дайға және коммуниканттардың рөліне сәйкес келуіне қарай бағаланатын адекватты (сәйкес) таңдау деңгейі.

5) тілдік тұлға туғызған мәтіннің мазмұнына және коммуникативті міндеттің барлық кешеніне сәйкестігі ескерілген сәйкес синтездеу деңгейі [15, 31]. А.А. Ворожбитова тілдік тұлға ұғымын былайша сараптайды: «Тілдік тұлға ұғымының лингводидактикалық аспектісі өз бастауын тым тереңнен алады, тіптен Ф.И. Буслаев еңбегінде ана тілін меңгерту оқушы үйренуші тұлғасымен тығыз бірлікте алынған» [14, 23].

Орыс тіл білімінде осы салада зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалым В.Маслова: тілдік тұлға мазмұны мынадай компоненттерден тұратындығына нұсқайды: 1) құндылықтар жүйесі немесе өмір мәні; 2) мәдени-танымдық құрам, яғни мәдениетті меңгеру деңгейі; 3) жеке өзіндік, өзінің жан түкпірінің тереңінде жатқан тылсым дүниесі [13, 119]).

Бүгінгі күні тілдік тұлғаның лингвистикадағы мәртебесін анықтайтын түрлі бағыттағы зерттеулер белең алуда: жалпы (полилектная) және жеке (идиолектная) тұлға, (В.П. Нерознак); этносемантикалық тұлға (С.Г. Воркачев); элитарлы тілдік тұлға (О.Б. Сиротина, Т.В. Кочеткова), семиологиялық тұлға (А.Г. Баранов); орыс тілдік тұлғасы (Ю.Н. Караулов); тілдік және сөйлеу тілі тұлғасы (Ю.Е. Прохоров, Л.П. Клобукова); шығыс және батыс мәдениеті тілдік тұлғасы (Т.Н. Снитко); сөздік түзілімінің тілдік тұлғасы (В.И. Карасик); эмоция танытушы тілдік тұлға (В.И. Шаховский) және т.б. [14, 367].

Тілдік тұлға категориясын И.Я. Чернухина айқындаған тілдік тұлға концепциясы бойынша қарастырсақ, тілдік тұлға құ-

рылымы үлкен дәрежелі және кіші дәрежелі көпқырлы өлшем-

мен ажыратылады.

Үлкен дәрежелі көпқырлы өлшемге: интеллект (ойлау типі, менталитеті), ішкі түйсіну, пресуппозиция т.б. жатады. Тілдік тұлғаның кіші дәрежелі көпқырлы өлшемін құрайтындар: адамның бастан кешетін сезімдік және интеллектуалды эмоциясы; экспрессияның берілу түрінде байқалатын сөйлеу темпераменті. Бұл өлшемдердің барлығы ашық немесе жасырын түрде жазбаша немесе ауызша айтылымдарда көрініс бере алады. Талданған осы бағыттардың тілдік тұлға категориясын дамытуға қосар өзіндік үлесі зор. Ой қалыптастырып, пікір түюге жетелейтіні

13

және шындық. Ал келесі бір маңызды ғылыми бағыт қазақстандық ғалымдар тарапынан да қолдау тауып отыр.

Антропоцентристік тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға категориясына шолу жасағанда мынадай негізгі ұстанымдарына көңіл бөлдік: «Тілді жасаушы және оны тұтынушының тарихи, әлеуметтік, ұлттық және басқа да ерекшеліктерінің көптүрлілігіне назар аудармай тұрып, тілдің функционалды жағын түбегейлі тану мүмкін емес» [16, 5-9]. Ю.Н. Карауловтың: «Тілдің шекарасынан аспай, ау-

қымнан алыстамай тұрып, тілді жасаушы мен тұтынушыға,

яғни нақты тілдік тұлға – адамға назар аудармай тұрып, тіл құдіретін түсіну мүмкін емес... адамның әуелі тілін түсініп алмай немесе адамды тілінен танымай тұрып, өзін жете тани алмайсың», – деген пікірімен келіспеуге болмайды.

Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде тілдік тұлға құрылымы Ю.Н. Караулов ұсынған деңгейлік өлшеммен талданып жүр: 1) нөлдік, яғни вербалды-семантикалық деңгейге – тілді қарапайым, қалыпты дәрежеде меңгеру сәйкес келеді; 2) алғашқы немесе лингвотанымдық деңгейге – тұлғаның интеллектуалды деңгейі үйлеседі, (бұл деңгей «түсінік», «концепт», «идея» сияқты бірліктер арқылы танылады); ол когнитивті социумға тән таным кеңістігін қалыптастырады немесе тұлғаның тілдік тезаурасы мен мәдениетін белгілейді; 3) прагматикалық уәжділік деңгейі немесе коммуникативті-әрекет деңгейі мақсат, уәж, қызығушылық дәрежесін білдіреді.

Ю.Н. Караулов тілдік тұлға категориясын ғылым айдынына белсенді шығара отырып, мәтін қалыптастыра алатын және мәтін қабылдай алатын қабілеті бар тілдік тұлға туралы ой қозғайды. Ол мәтіндер: а) тілдік-құрылымдық күрделілігі дәрежесімен; б) шындықты дәл де терең бейнелеуімен, в) нақты бір мақсатқа бағытталуымен ажыратылады [16, 12].

Көптеген зерттеуші-ғалымдар өз ғылыми ойларын Ю.Н. Караулов ұсынған тілдік тұлғаның деңгейлік моделі үлгісімен сабақтайды. Ақпаратты қабылдауға да осы үш деңгейдің өзара сабақтастығы ықпал етеді. Ал өз кезегінде Тілдік тұлғаның үш деңгейлі құрылым концепциясы коммуникативтік қажеттіліктің: 1) байланыс орнатушы; 2) ақпаратты жеткізуші; 3) ықпал етуші сияқты үш түрлі қызметін өтеуге септігін тигізеді және сонымен

14

қатар, қатысым үдерісінің үш жағымен – қатысымдық, интерактивті және перцептивті деңгейімен өлшенеді.

Тілдік тұлға – әлеуметтік құбылыс, бірақ ол өзінің жеке мән-мазмұнымен бірлікте өмір сүреді. Тілдік тұлға бойындағы жекелік болмыс оның тілге деген өзіндік көзқарасы арқылы қалыптасады, сөйте тұра жеке тұлға тілдік дәстүрдің қалыптасуына да ықпал ете алады. Әрбір тілдік тұлға өзінің алдындағы тұлғалар қалдырып кеткен барлық тілдік байлықты меңгеруімен, соны иелене алуымен қалыптасады. Әр тілдік тұлғаның тілі көп дәрежеде жалпыға ортақ тілден, біршама деңгейде өзіндік жеке тілдік ерекшеліктен тұрады.

Тілдік тұлғаның болмысын зерделеу үшін кешенді талдау қажет, яғни мәтін мен поэтикалық дискурс негізінде тарихимәдени қайнар көздерді, мәтіннің этноұлттық ерекшеліктері мен әлеуметтік сипатын, халықтың философиялық-дүниетанымы мен психологиялық мінездемесін айқындау қажеттілігі туады.

Тілдік тұлға мәселесі тілдік, сонымен қатар, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талданады.

Абай тілін ХХІ ғасырдағы неофункционалды парадигма арнасында және қазіргі жаңа ғылым саласы шұғылданып жатқан тілдік тұлға теориясымен бірлікте алып қарастыру – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Ол үшін Абай тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін талдау және белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуын нақты көрсету үшін бірқатар лингвистикалық мақсат-міндеттерді шешу көзделеді.

Қазіргі ғылымның қай саласында болсын Адам мәселесі зерттеу өзегіне айналуда. Зерттеу әр бағытта: философия, психология, теология, мәдени, әлеуметтік пәндер ауқымында жүргізілуде. Мәселен, Абай шығармалары тіліндегі Адам мәнін (концептісін) әр тараптан алып қарауға әбден болады. Ол бірде философия категорияларын қарастырған философ-ойшыл болса, енді бірде адам жанын зерттеген, кемел адамды рәміздеген әлеуметтанушы немесе адамның көңіл-күйін дөп басқан психолог, тәрбие тініне терең бойлаған педагог, әдемілікті әспеттеген эстет, имандылыққа ұйытып, хақ жолына нұсқаған теолог тәрізді ғылымның әр саласынан сыр тартады.

Индивидті тілдік тұлға дәрежесіне көтеретін жағдай өзінің әлеуметтік мәнін үш аспектіге сүйене иеленді: 1) тілдік тұлға

15

адамның нақты бір әлеуметтік қатынасқа енуі нәтижесінде, 2) белгілі бір этнотілдік мәдениеттің эталоны мен нормасына сәйкес келетін белсенді сөйлеу әрекеті нәтижесінде, 3) халықтың әлеуметтік психологиясы заңын меңгеру нәтижесінде бүкіл қоғамның мәдени тарихи білімін танытушы бола алады. Біз Абай тілдік тұлғасын осы дәрежеде қабылдаймыз. Тілдік тұлға қалыптасу үшін бұл аспектілердің маңызы зор, өйткені ұлттық мәдениетті меңгеру мен әлеуметтік психологияның қалыптасуы тіл көмегі арқылы ғана мүмкін болады.

Тілдік тұлғаның шығармаларын когнитивті талдау барысында ойшыл, ағартушы, сыншыл Абай тұлғасы мен ақын, сөз зергері, қазақ әдеби тілінің ілгері дамытушы тілдік тұлғаның ықпалдаса біртұтас әлемге айналғанын танытуды мақсат еттік.

1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері

«Тілдік тұлға дегеніміз – ұлт тілі мен мәдениетінен толық ақпарат меңгерген тілдік-мәдени құзірет иесі. Ол ұлттық, аймақтық, әлемдік мәдениет ақпаратын меңгеруіне байланысты деңгейлерден тұрады. Тілдік мәдени құзірет иесі (сатылы деңгейіне сәйкес) ұлттық реңктегі тілдік белгілер мағынасын арнайы сараптама көмегінсіз түсінуге қабілетті» [24, 7].

Бұл анықтамадан тілдік тұлғаның бірнеше сипаты байқалғанымен де, тілдік тұлға ұғымы әлі де толықтыруды қажет ететін сияқты. Ол тұлға ретінде не береді? – деген сұрақтарға жауап болуы керек деп есептейміз.

Өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта оты-

рып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұ-

тастай алғанда тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес қосқанын айқындау мәселесі – Тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды Тілдік тұлға болмысын ашатын басты ұстаным болуға тиіс. Әр деңгейде тілдік тұлға мәртебесі қалай көрінеді? Немесе тілдік ортадағы тілдік тұлға қызметін көрсету үшін қандай көркемдік құралдар көмегіне жүгінеміз. Сонымен, нөлдік вербальды лингво-семантикалық деңгейде нені

16

байқауға мүмкіндік туады? Сөз қуаты, сөз құдыреті көрінер орта

– осы тұс. Тілдік тұлға ұлт ақыл-ойының көрінісін қалайша танытады? Алғашқы когнитивті деңгейдегі таным көкжиегіне дискурстық талдау жүргізе отырып, тіл мен ойлаудың нәтижесіндегі әлемнің тілдік бейнесінен түсер сәуле-суреттерден нені байқаймыз?

1) Тілдік тұлғаның шығармашылық мән-мәтінін терең түсіну; 2) Шығармаларының көркемдік әлеміне бойлау; 3) Тілдік тұлғаның өзінің рухани әлемінің парасат-пайымын бағдарлау деп ұғамыз. Ол үшін сөз-сурет, сөз-бейне галереясына зер саламыз.

Әлемдік және отандық тіл білімінің жаңа бағыттағы даму үрдісін айқындайтын зерттеулер қазақ тіл білімі саласы бойынша сапалы мазмұнды еңбектермен толығу үстінде. Атап айтқанда, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспектісіне және жалпы тілтанымға қатысты этнолингвистикалық бағыттағы сөз мәдениетінің типологиялық теориялық деңгейіне қатысты ғылыми ізденістердің маңызы жоғары. Осы зерттеулер қатарында тілдік тұлға мәселесін анықтауға, нақтылауға бағытталған еңбектердің де өзіндік орны бар. Тілдік тұлғаның сөз қолданысын, тілді түйсінуін сараптайтын немесе тілдік тұлғаны ұлттық мәдениет пен ұлттық рухты жеткізуші тұлға ретінде бағалайтын ізденістер Н. Уәли, Ш. Хұсайынов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Қ. Рысбергенова, Б. Шалабай т.б. ғалымдар жетекшілігімен жалғасын табуда.

Белгілі ғалым Н. Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» еңбегінде бұл мәселені тануда өзіндік пікір ұсынады. Біздіңше, бұл пікірдің тілдік тұлға жөнінде қазақ тіл білімінің ғылыми бағытын айқындауда басты ұстаным ретінде маңызы үлкен. «Тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі; Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де тұтынушы; Тілдік тұлға – сөз мәдениетінің түпқазығы» [25, 16-17] деген анықтамада тілдік тұлға табиғатын тануға тиісті сипат-белгілер тұжырымдалған деп санауға болады.

«Антропоцентризм бағытының өзегі – адам факторы» дегенді бір жақты түсінбеу керектігі белгілі. Ол – адамды зерттеудің орталық өзегіне алып, оның табиғатына қатысты бар

17

мәселені шешу ғана емес, «тілдегі» адам мәселесі, яғни адамның тілге тигізер ықпалы және керісінше, тілдің адамға, оның ой әлеміне, рухани әлеміне ықпал-күші қандай дәрежеде екенін саралау болып табылады.

Т. Ізтілеуовтың тілдік тұлғасы (Ф. Қожахметова) [26], Махамбеттің тілдік тұлғасы (Ш. Ниятова) [27], Қ. Жұбановтың тілдік тұлғасы (Ф. Терекова) [28]; О. Сүлейменовтың тілдік тұлғасы (А. Жуминова) [29], Б. Соқпақбаевтың көркем шығармаларындағы кейіпкер тұлғасы (Ж. Сәткенова) [30], М. Дулатов шығармаларындағы ғаламның тілдік бейнесін (Г. Имашева) [31] зерттеу өзегіне алған толымды зерттеулер қатары мол, ұстаным бағыттары да сан алуан.

Зерттеушілер пікіріндегі ортақ тұжырым – тілдік тұлға болып қалыптасу үшін ең алдымен, белгілі бір құндылықтармен қаруланған индивид, сапалы ой иесі болу керек. Яғни жеке тұлғалық қасиеттер тілдік тұлғаның болмысына ықпал етуі тиіс. Бүгінгі тіл білімінің антропоцентристік бағыты тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруіне [25, 17] немесе мәдени тілдік құзірет иесі болуына баса назар аударады.

Нақтылауды қажет етер мәселенің бірі: «тілдік тұлға» деген терминді немесе бағалауыш-айқындауыш белгіні сөз саптаған әрбір қалам иесіне қарата айтуға бола ма? Әлде ол көркем мәтінге иелік етуші кез-келген субъектіге (авторға) қатысты қолданылуы мүмкін бе?

«Тілдік тұлға» термині тіл дамуында, тіл тарихында өзіндік келбеті айқындалмаған, мәнді қолтаңба қалдырмаған, тек тіл жүйесінде бұрыннан тұрақталған дәстүрлі тілдік құралдарды ғана қолданған, сондай-ақ мәтін қалыптастыруға шығармашылық тұрғыда келе алмаған авторды сипаттай алмайды деп есептейміз.

Абайдың тілдік тұлғасына арналған алғашқы зерттеу еңбек авторы тұңғыш лингвист ғалым А.Байтұрсынұлының сараптамасының мәні зор: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге

18

жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады... Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген» [1, 301]. Абайдың тілдік тұлғасына берілген бұл баға тілдік тұлға құбылысына қойылар талаптарға толық жауап бере алады.

Қазақ тіл біліміндегі Тілдік тұлғаның классикалық үлгісін ұлы Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын саралау арқылы айқын көруге болады. Көрнекті абайтанушы ғалым Р. Сыздықова өз ғылыми талдауында: «Ұлы Ақын өзіне дейінгі дамыған, халықтың этникалық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ көркем сөзіне орасан көп өзгерістер мен жаңалықтар

енгізді», – деп бағалай отырып, тілдік тұлға болмысын әрі қарай егжей-тегжейлі саралап береді.

Біздің пайымдауымызша, тыңдаушысын сөзімен ұйыта алған, таным көкжиегі кең, рухани-мәдени өресі биік, өз дискурсын қалыптастыруда шеберлік үлгісін таныта алған «тіл тұтынушысын» ғана тілдік тұлға дәрежесінде қабылдауға болады. Көркем ойлау қабілеті жоғары, тілдің синхронды күйқалпында өзіндік қолтаңбасы, әдеби тіл тарихында өзіндік орны бар тіл иесіне тілдік тұлға мәртебесін беру лайықты деп есептейміз.

Сөз құдыретін түсінген әрі «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тіл тұтынушысы ғана Тілдік тұлға феноменіне айнала алады. Сөйтіп, оған қойылар басты талаптар:

1)тыңдаушысына сөз қуаты арқылы ой қозғайтындай әсер ете алса;

2)ол сөзінің «іші алтын, сырты күміс» болатындай мәні терең, бояуы қанық болса;

3)тұлғаның өз дүние танымы терең де кең болса;

4)ұлттық өре биігінен сөйлей алатын, әрі жалпы адам-

заттық ауқымдағы ой қазығы айқын болса;

5)тұтастай алғанда тілдің дамуына үлес қоса алатын болса;

6)тек бүгіннің емес, ертеңнің де кәдесіне жарайтын классикалық үлгідегі сөз өнеріне иелік еткенде ғана Тілдік тұлға туралы сөз ету керек деп есептейміз.

Ұлы ақында өз қолтаңбасының шығармашылық мәнмәтіні айқын байқалған. Ол мынадай тілдік вербалды-семантикалық бірліктердің қызметінен көрінеді.

19

Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік тән

болды.

шындықтан алынған образдар арқылы ұлттық дүниетанымды беруге ұмтылды; образдары өмір шындығына сай келгендіктен өзінің дәл де айқын болуымен ерекшеленді;

қаламгерлік даралық көрсетіп, өз қолтаңбасын айқын-

дады;

тілдік тұлға қазақ көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енгізді, яғни жаңа тақырыптар мен жаңа образдар іздеуі

поэзия тілінің лексикалық құрамы мен айтпақ идеясына тікелей байланысты болды.

өлеңге қатыстырылатын сөздерді поэтизмге айналдырып, өлеңнің көркемдік талабын өтеу үшін қолданды;

сөздердің метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкіншілігін кеңейтеді (саңырау қайғы, көңіл көзі, үрпейген жүрек);

экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдаланады: («әсемсіген, сәнсіген, кербездер», «лепілдеп», «дікілдеп», «өкімдеп» келген болыс т.б. – Р. Сыздықова);

таңдап алынған сөздер (концептосфера) арқылы дүниенің тілдік бейнесін, тілдік тұлғаның образды ойлауын білдірудің жолын қарастырды.

Тілдік тұлға құрылымын анықтаудың маңызы зор.

Тілдік тұлға құрылымы орыс тіл білімінде бір-бірімен мәндес, бірақ әртүрлі өлшеммен ажыратылып жүр. Солардың бірқатарына қысқаша шолу жасап көрейік. Ю.Н. Караулов лингвопсихологиялық зерттеудің нысаны болып табылатын тілдік тұлға мәселесін кешенді тұрғыдан қарастыру қажеттігіне нұсқай отырып, тілдік тұлға құрылымы компоненттерін екі түрге жіктейді: 1) уақыттан тыс өлшемге дүниенің тілдік бейнесінің негізін қалыптастыратын, коммуникативтік талаптардың жүзеге асуына ықпал ететін вербалды-семантикалық ассоциациялы негізді алады;

2) Тілдік тұлға құрылымының уақытқа тәуелді компоненті

әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, этномәдени факторлар сипатымен айқындалады [16].

Е.С. Шойсоронова тілдік тұлға құрылымын жан-жақты қарастыра келіп, бес түрлі өлшеммен межелейді: биологиялық

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]