Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

(жасы мен жынысы); этникалық; әлеуметтік; психикалық;

жеке даралық сипатын айқындаушы белгілерге ажыратады [32]. Біз жоғарыдағы ғылыми жіктемелерді басшылыққа ала отырып, тілдік тұлға мазмұнын мына өлшемдер (параметр) арқылы

анықтауды жөн көрдік:

1.биологиялық-тектік белгісі;

2.әлеуметтік-этникалық белгісі;

3.жеке даралық белгісі.

Осы өлшемдерге қысқаша сипаттама берсек... «Қартайдық, қайғы ойладық» өлеңін жазғанда (1886 ж.) Абай қырық бір жаста еді. М. Әуезов көрсеткеніндей, бұл сөздерді Абай басқаша бір мәнмен қолданады: «Өсиетші, сыншы ұстаз болуға бекініп кіріскен ақын халықтың анық ағасы боп, ақылшының тұрғысымен сөйлемек болады» [2, 113]. Қазақ халқының менталитетінде ер адамның, жасы үлкен ағаның сөзі заңдылық болып қалыптасқан. Осыған байланысты «Ақылы асса, аға тұт» деген нақыл еске түседі. «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без» дегенде жасы үлкеннің, ер азаматтың рөлі жоғары қойылған. М. Әуезов бұл гендерлік саясатты былай тұжырымдайды: «бұрынғы ақылшының көбі – кәріден, атадан, ақсақалдан шығады деп түсініп қалған көпшілікке... әдейі солай бастайды» [2, 114].

Басқа зерттеушілер де Абай шығармаларында өзін қарт адамның орнына қойып, қария болып сөз арнайтындығына назар аударады [33, 149 б.]. Мысалы,

«Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық». Абай өлеңдерінің прагматикалық-стильдік мақсаты – сөзді санаға сіңіріп, парасатқа тәрбиелеу. Автор білгір, дана қарт сияқты толғап келіп, дидактикалық сарындағы түйінді ойларын білдіреді. Тілдік тұлға қолданысындағы синтаксистік жарыспалы мына құрылымдар көпті көрген көненің, шежірелі шешеннің сөзіндей прагматикалық ықпал етеді:

«Ақыл бітпес дәулетке, / Дәулет бітпес келбетке»... не-

месе

«...Қайғы шығар ілімнен, / Ыза шығар білімнен»; «...Қайғылы, қартаң біздей шал, / Қарай берсең, қайда

жоқ?»

Өлең жолдарының өзегінен тілдік тұлғаның білгір қарияның дүниетанымын айқындайтын тілдік-поэтикалық бейнесін тани

21

аламыз. Сөйтіп, тілдік тұлғаның мазмұнын анықтайтын өлшемнің бірі – оның биологиялық белгісіне (жасы мен жынысы) осындай сипаттама бердік.

Тілдік тұлғаның генетикалық белгісі оның тілдік біліктігіне, сөз құдіретін түсіну қабілетіне, сөзге бейімділігіне туа бітті қасиетіне байланысты ашылмақ.

Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен және шығу тегін (генетикалық) айқындаушы сипат-белгілерге (компонентке) сөз қадіріне жеткен ортада туып-өскендігін жатқызар едік. Абайдың өмірбаяндық жайын баяндайтын еңбектерден белгілі болғанындай, Арғы атасы Ырғызбай ел ағасы би болған. Кіші атасы Өскенбай да халық арасында әділ би атанған. Өз елі түгіл, алыстағы ел адамдары арасындағы зор дауларын Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған, қарадан сұлтан болған ықпалды тұлға болса, анасы Ұлжан Бертіс бидің тұқымынан шыққан сөзге шешендігі бар адам болған.

Болашақ сөз зергері ана сүтімен бірге ана тілін де бойы мен ойына дарытып өседі. Абайдың өзінің тектілігі жайлы сөз қозғағанда тілдік тұлға мазмұнын ашатын мына өлең мәтіні ойға оралады. «Баласы өлген анаға Абай шығарып берген жоқтауда»:

Ата тегі мұндағы – орта жүздің ұлығы / Ана тегі ондағы – өзен судың тұнығы / Екі асылдан қосылған / Сом алтынның сы-

нығы, – деген поэтикалық түзілім – тұлғаның шығу тегінен құнды ақпарат жеткізер когнитивтік бірліктер деп есептейміз.

Сөйтіп, тілдік тұлғаның сөз құдіретін бағалар қабілетінің негізгі бастау көзіне оның өсіп-өнген ортасының ықпалы зор болған.

2. Тілдік тұлғаның әлеуметтік-этникалық сипат белгілері-

не: ол өсіп-өнген, қызмет еткен орта, ұлттық дүниетаным ерекшелігі; ұжымдық және өзіндік сана көрінісі анықтауыш бола алады. Бұл этномәдени факторлар тілдік тұлғаның жалпыланған ұлттық түрін қалыптастыруға ықпал ете отырып, жеке (дара) тілдік тұлға болмысына да әсер етеді.

Сондықтан бір адамның тілдік тұлғасын зерттеу арқылы жалпы ұлттық ерекшелік, ұлттық мәдениет пен дәстүрді танытатын дүниенің тілдік бейнесі туралы пікір түюге мүмкіндік аламыз.

22

а) Сонымен, тілдік тұлға құрылымын қалыптастыратын әлеуметтік белгінің бірі «сөз культін» асқақтатушы орта сипатын анықтау арқылы ашылады екен. А. Байтұрсынов пікіріне осы тұста тағы да ден қойған жөн. «Ел ішіндегі сақталған, қазақтың бұрынғы өткен билерінің білігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абайдың көп білетіндігі», – [1, 300], сөз жоқ, тілдік тұлға қалыптасуына зор ықпал еткен.

Қазақ сөз өнерінің ішінде дүниетаным тереңдігіне негізделген шешендік өнерді терең меңгергендігі Абайдың тілдік тұлғасынан анық байқалады. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болғаны «Абай жолы» эпопеясында барынша ашыла түскен. Онда шынайы өмірдегі тарихи оқиға көркемдікпен көмкеріле шынайы суреттелген. Балқыбек сиязындағы Салиқа қыздың дауын – Керей мен Сыбан арасындағы күрделі мәселені – Абай сөз қуаты арқасында әділ шешіп береді. Тұлғаның ойлаудың жоғары мәдениетін жетік меңгергеніне оның сөз саптауы, өнерпаздық өрнектері нақты дәлел бола алды. Сонымен қатар, ол ақын қалыптасқан ортаның бейнесін ашуға да септігі тиеді.

1-таблица

Тілдік тұлға құрылымы

23

ә) Тілдік тұлғаның әлеуметтік-этникалық келесі бір белгісіне ақынның сөздің қоғамдық мәнін жете пайдаланған әлеуметшілдігіне қатысты іс-әрекетін мысалға алуға болады.

3) Тілдік тұлға құрылымының анықтайтын параметрдің келесі бірі жеке-даралықтың көрінісі (Тілдік тұлға шығармасының тілін зерттей отырып, оның өзіндік, жеке авторлық қолтаңбасын айқындайтын идиолектілер талданды. Әрбір суреткердің дүниені қабылдауы өзінше болатынына байланысты оның өзіндік әлемінің тілдік бейнесі суреттелетіні белгілі).

Тілдік тұлға құрылымы мазмұны мына таблица көмегімен қысқаша тұжырымдалады.

1.3 Абайтану – Абай тілін тану

Ахмет Байтұрсынұлы және Абайтану мәселесі

Ахмет Байтұрсынұлы атқарған «мемлекетшіл» істердің арасында Абайдың ақындық қуатын танытуға арналған еңбегінің де рөлі зор. Әрине, Абай тұлғасы жайлы алаш қайраткерлері Ә. Бөкейхан, С. Садуақасов, М. Дулатовтың пікір-байламдары болса да, лингвистикалық зерттеу, филологиялық талдау еңбегі ретінде А.Байтұрсынұлының еңбегін алдымен атап өтуді жөн көрдік. Абайдың ақындық қуаты, суреткерлік тереңдігі, шығармасының тілі туралы алғашқы лингвистикалық талдау жасап, ғылыми баға берген Ахмет Байтұрсынұлының зерттеу еңбегін абайтану ғылымының бастау көзі деп есептейміз. Абайдың тілдік тұлғасын зерделеу – лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы мен «Әдебиет та-нытқыш» (1926) атты әдеби-лингвистикалық зерттеуінен басталдыдеп айтуғанегіз бар.

Зерттеушінің: «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» [1, 216], – деген пайымына келетін болсақ, ол – бүгінгі тілмен айтқанда, Абайдың тілдік тұлғасына лингвокогнитивті, лингвостилистикалық сараптау жүргізу нәтижесінде жасалған барынша шынайы да шыншыл, сыни баға болатын. «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасының» мәртебесін биіктеткен Абай ақынның тілдік тұлғасын: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шы-

24

райлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; Ұнамды, орынды, дәмді болуына ойдың шеберлігі керек. Абайда осы үшеуі де болған» [1, 213], – деген пікірі Абайдың тілдік тұлғасын анықтау барысында, тілдік саралау үстінде жасалған қорытынды

деп бағалаймыз.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» болса, ал оның мәртебесін биіктетер өнерпаздық өрнектер нағыз шебер, шынайы суреткер тұлғаға ғана тән екендігін Ахмет Байтұрсынұлы Абай шығармашылығы арқылы дәлелдеп көрсеткенін еске саламыз.

Нақтылап айтқанда, «Қазақтың бас ақыны болу» сипатын танытар белгілер қайсы? Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың шығармашылық шеберханасынан ақындық ұсталықтың қандай өрнектерін тапты? Ғылыми мақаласында және «Тіл танытқышта» Абай өлеңдері негізінде талдау жасалады. Біздің пайымдауымыз бойынша, А. Байтұрсынұлы шеберлік шыңына жеткізетін амалдарға, яғни «сөздің келісті болатын шарттарына»: 1) Сөз дұрыстығы мен тіл тазалығы; 2) Сөз анықтығы мен дәлдігі; 3) Тіл көрнекілігі сияқты қағидаттарды алады.

«Ойын ойлаған қалпында, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып жеткізуге көп шеберлік керек. Сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндер аз» [1, 141], – деп түйін түйген зерт- теуші-ғалым одан әрі «сөз жақсысын таңдаған», «сылдыраған келісімнен» («сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» – Абай) сөз түзетін шеберлер туралы сөз қозғайды. Абай өлеңдерін талдауға алады.

Сөзбен салынған суреттерді «сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген» қазақтың өнер деп бағалайтынын («Өнер алды – қызыл тіл») айта отырып, Абайдың бірнеше өлеңін мысалға келтіреді [1, 138-141]. Жалпы алғанда, «Тіл танытқышта» лингвистикалық зерттеуге Абайдың мына өлеңдері тартылады: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», Күз («Сұр бұлт түсі суық»); «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қыс»; «Асау терек долданып», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлең – сөздің патшасы», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман».

Осы еңбегінде А. Байтұрсынұлы: «...Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз – сол адамның тілі болады», – деп жеке дара (индивидуалды) стиль мәселесін қоз-ғайды.

25

Сөйтіп, бүгінде кеңінен қолданылып жүрген сөйлеу мәдениеті («Тіл танытқышта» – сөз дұрыстығы, тіл тазалығы), поэтикалық тіл («Тіл танытқышта – тіл көрнекілігі, дарынды сөз») мәселелерінің шеберлік шыңдаудағы маңызын жазба әдебиеттің қалыптаса бастағанынан-ақ қолға ала бастайды. Қазақтың Бас ақыны – Абайды өз биігіне көтеріп, өз тұғырына қоя білген көрегендігі – А. Байтұрсынұлының әлем әдебиетіне қойылар талапты терең сезінгендігін және соған жауап бере алатын әдебиет қазақ топырағында да бар екендігінтанытқаныболса керек.

Әдебиетші-ғалым Д.Қамзабекұлы былай дейді: «бас ақын – біздің ұғымымыздағы классик». «Онан асқан ... ақын болған жоқ» деуі – бір жағынан оның жазба әдебиетті бастағанын айғақтайды. Ахмет Абай шығармашылығын сараптай отырып, саф әдебиет пен көрнекті ақын-жазушы қандай болады деген сұраққа өзінше жауап іздеген» [34, 230-231]. Пікірді қолдай отырып, өз тарапымыздан қосарымыз: «Әдебиет – тілмен әдебиет», ендеше, «Жаңа әдебиетті» бастаған сөз зергерінің (Абайдың) тілдік өрнегі өзгеше, шеберлігі шыңдалған, тіл қуаты мықты болғанына зерттеуші ғалым баса көңіл аударған. Тегеуірінді сөз құ-діре- тін Адам мен Қоғамды танытуға жұмсаған тілдік тұлғаның өзіндік орнына берілген баға – «Қазақтың Бас ақыны, классигі». Сонымен қатар, «алаш қозғалысы кең етек жайғанда зиялылар Абайға жан-жақты «ағарған», ендігі жерде ұлтты жаңаша ұйыстыра алатын рухани тұлға ретінде қарады» [34, 222 ]. Олай болса, «Абайдың Бас ақын болуы» – тарихтың, қоғамның қалауы. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінде 1) Абайдың қазақ рухани өміріндегі орнын айқындайды; 2) Сөз өнеріндегі үлесін таразылайды; 3) Тілдік қуатын өлшеу үшін Тілін талдайды: тілдік тұлғаның сөйлеу мәдениеті, тіл көркемдігі, сөз түзуі (ұйқас, ырғақ мәселесі) – бәрі жалпы шеберлік шарттарына қаншалықты үйлесімді екендігі филолог-ғалым, лингвистзерттеуші тұрғысынан зерттеу нысанына алынады. Ғылыми таным өзегіне айналдырады [34, 138, 141].

Абайдың қазақ рухани өміріндегі орны мен «дабысын дүниеге жайған» алғашқы еңбек авторы – алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхан болатын. Бұл – Абайды тану және танытуға қатысты алғаш құнды еңбектердің бірінен саналады. Ол Абайдай қазақ ұлының өмірбаяндық мәліметтерін және мол мұрасын таным нысанына алып, Абай қазасының бір жылдығына орай,

26

1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде орыс тілінде еске алу, мүнәһиб-некролог мақаласын жазады (Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев / Семипалатинский листок, 1905. 25-26-27 ноябрь).

Ә. Бөкейхан Абайтану ғылымына қатысты бірқатар мәселелерге назар аударған: Абайдың өзінің алдындағы әдебиеттен нәр алғаны, ғылым-білімді меңгеруі, ал, ең бастысы, Абайдың қазақ руханиятындағы құбылыс екендігін таныған таным-зер- десі – Әлихан Бөйкеханұлының еңбегіне құндылық дарытқаны сөзсіз. Мақала авторы Абайдың ақындығын, білім-білігін саралайды. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Өлең – сөздің патшасы» және аудармалары туралы пікір білдіреді. «Оның өлеңі – қазақ мақтанышы», – деп бағалай келіп, Алашта рухани шығармашылықты мұншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес»- деген бағасын қоса білдіреді [35, 307-309]. Осы және өзге де эстетикалық-әлеуметтік пайымдар мен тұжырымдар әдебиетке, сөз өнеріне, Абайдың әдебиеттегі орнына Ұлттың жоғын жоқтаушы тұрғысынан жасалды.

Абайдың тұлғасын танытуда алаш зиялысы Ә. Бөкейханның еңбегі ересен, ол Абайды тану мен танытудың ұлт үшін ма-ңыз- дылығын жете түсінгендердің бірі еді. 1) Абайдың баласы Кәкі-

таймен бірлесе ақынның өмірбаяны мен шығармаларын Пе-

терборда, 1909 жылы басып шығарады. 2) Абайтану әлеміне қатысты сүбелі ойлар айтып, өлшеусіз үлес қосады, «ақынның» таным көкжиегін бағалап, ауыз әдебиетінің мәйегінен нәр салғандығын көрсетеді. 3) Абай әлемін зерттеуші Ә.Бөкейхан ақын дүниетанымына әсер еткен объективті оң ықпалдарды да көре білді. Ол – әлеуметтік-ағартушылық идея болатын. 4) «Ол Абайдың құбылыс екенін түсінді» – дейді әдебиетші ғалым Д. Қамзабекұлы [34, 222]. Шынында, «Абай – Отанында мезгілсіз туған саф асыл» – деген Ә. Бөкейхан бағасы ұлы ақын феномендігіне берілген дәл баға еді. 5) Ә. Бөкейхан Абайдың

әдеби-эстетикалық дүниетанымын зерделейді. Ұлы Пушкин мен Лермонтов әлемін қалай меңгергенін, өлең миссиясын, жалпы Абайдың ақындығын терең талдауға түсіреді. «Абай шығармаларында поэтикалық тегеуірін бар. Оның өлеңі – қазақ мақтанышы. Алашта рухани шығармашылықты мұншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес» [35, 337] – деген

27

пайымы Абай танылмай жатқан уақытта-ақ айтылып үлгерген озық ой болатын.

Қазақтың санасын селт еткізер «Оян, қазақ» дабылының авторы М. Дулатов түбі бір түркі әлеміне, озық ойлы ел азаматтарына және «ғафыл болып ұйқыда жатқан өз жұртына» Абайдың ақындығын, ұлтына қалдырған мұрасы мен өмірбаянын таныстыру үшін 1908 жылы «Уақыт» газетіне, 1914 жылы «Қазақ» газетіне мәні зор мақала жазады. Ұлт мүддесін, ел арманын көздеген Абай сөзі мен Абай орнын биік бағалайды.

«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары ардақты орын Абайдікі» ... . «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» – деп өркениетке ұмтылған сайын қадірі арта түсетін Тұлға мен оның «тірі» сөзіне ден қояды.

«Абай қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бой ұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын» [2, 372]. Ұлы Мұхтар Әуезовтің бұл пікірінде Абайдың суреткерлік тұлғасы түйіндей тұжырымдалған. Бұнда Абайдың тілдік тұлғасының мазмұны мен сипаты жайлы да байыпты байлам жасалғанын аңғару қиын емес.

А. Байтұрсынов – Абайтанушы ғана емес, Абай дәстүрін жалғастырушы да болып табылады.

А. Байтұрсынұлы Абай тілін зерттеп қана қойған жоқ, Абайдың ақындық мектебінен «сабақ алған», оның сөз қолдану дәстүрін жалғастырушы шәкірті деуге болады. Ол абайтану ғылымы мен ақындық дәстүр мәселесін ұштастыра қарастырды. Тілдік құралдарды стильдік мақсатта қолдану және шындық болмысты философиялық мәнде байыптау да Абай үлгісін тұтынғандығы анық байқалады.

Әдебиеттің даму тарихы әдеби процестің жалғастығына тікелей тәуелді. Әдебиетші ғалымдардың анықтағанындай, үздіксіз өсу, бірден-бірге ұласу арқылы жаңалық дәстүрге айналып, ал дәстүр қайтадан жаңалыққа негіз қалап отырады. Жақсы

28

дәстүр мен мен жаңашылдық өмірдің өзіндей жасампаз болып, арнасын кеңейте бермек.

Абайдың философиялық астары терең шығармасы «Сегіз аяқ» пен «Бай сейілді» өлеңі және Ахметтің «Жиған-терген» шығармасы – ішкі ой қуаты, сыртқы сөз өрімі өте ұқсас, рухтас, идеялас туындылар. Бұлар мазмұн идеясымен толық үйлесіп жатса, кей шығармасының жекелеген тұстарында Абай танымы, Абай әсер-ықпалы айқын сезіліп тұрады. А. Байтұрсыновтың «Достыма хат» өлеңіндегі ой қазығы Абай салған ақындық мектепке мегзейді. Мысалы:

А. Байтұрсынұлында:

Жанасқан шын көңілмен жақындық аз, Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы

Абайда:

Онда оны алдайды, мұнда мұны Жанын берсе, табылмас сөздің шыны.

А. Байтұрсынұлында:

Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,

Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы.

Абайда:

Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа

Аларында шара жоқ алдамасқа

Абай «малға дос» деп анықтама берген кейіпкерді А. Байтұрсынов «жаны мал, жақыны мал, малдың құлы» деп жіктеп, даралап көрсетеді.

Ұлы Абайдың келесі бір философиялық туындысы «Базарға қарап тұрсам әркім барар» мен А.Байтұрсынұлының «Жазушының қанағаты» өлеңінің идеялық бағытын салыстырып көргенде аңғарғанымыз алдыңғы төрт жолдың мән-мазмұны екі ақында ортақтаса, тең түсіп жатады, ал кейінгі жолдарда тең түспесе де ой сабақтастығы қайталанып отырады. Тек өлеңдердегі жол

29

санының бірдей болмағандығынан барып, араға «сөз сыналағандай» болып қабылданады.

Абайда: Ахметте:

..Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар ↔ Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. ↔ Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма, ↔ Теп-тегіс көпке ұнау

оңай емес,

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. ↔ Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Екі өлеңдегі әрбір параллель жолдың мазмұны дөп түсіп, бір-біріне мәндес синтаксистік қатарында тұр. Екі мәнмәтінде қатар қолданылған: біреу – белгісіздік есімдігі, кім болса да әйтеуір бір жан қажетіне жаратар дегенге нұсқайды; пайым қылмау құлағын салмау фразалары мәндес, сөзді ұғар – көпке ұнау (ұққанда барып, ұнауы мүмкін), жалпақ жұртқа бірдей жағу мүмкін емес – кейіне жарау, кейіне жарамау – деген тілдік бірліктер өлеңнің семантикалық құрылымын ұйымдастыру қызметін атқаруда. Ал мәтіннің келесі бөлігінде де осы сабақтастық сақталған.

Мысалы, Абай:

«Жазған соң жерде қалмас, тесік моншақ

Біреуден біреу алып, елге тарар...

...Бір кісі емес, жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар...

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар»...

Ахмет:

«Қайсысы ықыласын салып тыңдап, Жаратпай қайсыбірі теріс қарар. Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар Солардан аз да болса, белгі қалар».

Бұл мәнмәтіндегі курсивпен берілген жолдардың семантикалық астарында мағына, ой үндестігі бар, алайда бұны ой қайталау емес, дәстүр жалғастығын сақтау деп қабылдауымыз керек. Бұлар бірдей идеяға бағынып, ортақ қызмет атқарып тұр.

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]