Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып», – деп күйіне отырып, «ит мінезден» сақтандыру, «иттей тақымдар» әрекеттен арашалау, тіптен «Атаны бала, ағаны іні аңдыған ит қорлықтан» безіндіруді мақсат етеді («Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ»,– деп ақындық кредосын анықтағанын білесіздер). Мысалдардың бәрінде «иттікке» – жамандық деген коннотативті мағынасы негіз болған.

Халықтың мәдениетімен, психологиясымен жалпы дүние танымымен берік байланыстағы бірқатар паремия, фразеологиялық тіркестер және семиотикалық таңбалардың лингвомәдени мәні аса құнды. Өйткені ұлт тілінің паремиологиялық қорында, фразеологиялық таңба белгілерінде халықтың өмір тарихы жатыр.

3.7 Абай шығармаларындағы бейвербал амалдардың әлеуметтік мәні

Бейвербал қатысым құралы ретінде алынған бас изеу, қол сермеу, иығын қозғау және өзге де дене қимылдарының семиотикалық мән-мазмұны астарлы болуы, тіпті белгілі бір ақпарат коды болуы ықтимал. Егер оларды семиотикалық белгі қатарында қарастырсақ, онда қарапайым бейвербал тәсіл дегеннен гөрі, әлеуметтік мәні басым таңба (ой көрінісі) деп таныған жөн болмақ.

Тілді тұтынушы ортаның өзара түсінісуін, ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін және пікірлесіп, байланысқа түсуін жүзеге асыратын – тегеуірінді құрал – Тіл. Ол (тілдік құрал) – вербалды, яғни сөз түрінде көрініс тапса, тілдік емес – бейвербал амалдар арқылы дене қимылы, бет-пішін өзгерістері, ымишара көмегімен де белгілі бір деңгейде ойымызды жеткізе аламыз.

Адамдар арасындағы тілдесім тек қана сөзбен яғни вербалды түрде ғана емес, кейде сөзсіз (бейвербал) ым-ишара (көздің, қастың қозғалысы), дене қимылы (қолын бұлғау, басын изеу) т.б. арқылы да жүзеге асып жатады. Демек, ым-ишара «дене тілі» – коммуникативтік жүйенің қатарына кіре алады.

141

Тілді тұтынушы әрбір субъект күнделікті қарым-қатынасы барысында оннан астам бейвербал амалдар қолданып жатса да, оны өзі аңғара бермейді. Осы қосалқы, көмекші паралингвистикалық амалдардың септесуімен айтар, жеткізер ақпараттың мәні жойылмай, керісінше, нақтылана түсіп, қоршаған ортаның тілдік суреті барынша бейнелілік пен мәнділікке ие болады.

Бейвербал амалдар арқылы да өте мол ақпарат алуға болады. Қарым-қатынас кезіндегі ақпаратты жеткізуші коммуникативтік компоненттерді (құрама бөліктерді) вербалды (тілдік құралдар) және бейвербал (тілдік емес) – деп жіктей отырып, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне, қызметі мен мән-мағына- сына, жасалу жолына да назар аударған жөн. Сондықтан да, бейвербал амалдар табиғатын паралингвистика ғылымының зерттеу нысаны аясында қарастырғанда нақтылауға, анықтауға тиісті мәселелер ауқымы кеңейе түседі. Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистика саласының анықтағанындай, ақпараттар маз-мұ- нына қарай бейвербал амалдар мынадай негізгі түрге бөлінеді:

кинесика, такесика, просодика, хронемика, сенсорика, проксемика,

сондай-ақ, бұлар іштей тағы бірнеше түрге жіктеледі. Сонымен қатар, кейбір шетелдік ғалымдар, бейвербал семиотиканы құрайтын тілдік емес таңбалардың жіктелімін мәндес-мазмұндас өзге де терминдермен толықтыра түскен. Атап айтқанда, гастика, оль-

факция, аускультация, системология т.б.

Паралингвистика (грек «para» – жанында қасында) – тіл жүйесінен тыс құбылыстарды, әрі тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала, яғни сөйлеу үстінде қолданылатын, вербалды емес, яғни сөйлеу тілінсіз берілетін және сөйлеу барысында қолданылатын вербалды тәсілдердің болмысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл ұғымды ХХ ғ. 40-жылдарында американдық ғалым А. Хилл айналымға енгізіп, осы ғасырдың 60-жылдарында лин- гвист-ғалым Дж. Трейгер оның зерттеу аясын нақтылап береді. Бейвербал амалдарды тілдік белгілері мен қызметіне қарай былайша топтап, көрсетуге болады.

1. Паралингвистикалық тәсілдердің негізгі түрлері белгілен-

ген:

а) фонациялық тәсіл (дауыс модуляциясы: дауыс ырғағы, жылдамдығы, мәнері, дикция);

ә) кинетикалық тәсіл (мимика, ым, ишара, қол, дене қозғалысы);

142

б) графикалық тәсіл (әріптер, тыныс белгілерінің айшықталуы, қосымша символдық белгілер).

2.Паралингвистикалық тәсілдер атқаратын негізгі қызметтер анықталған: а) сөзбен араласа бірге қолданылады; ә) айтылмаған сөзді қимылмен алмастырады; б) қосымша ақпарат жеткізеді.

3.Бейвербал қарым-қатынас барысында қолданылатын амалдар бағалауыштық мән иеленуімен қатар ақпараттық толымдылыққа қызмет етуімен бірге (ұлттық мазмұндағы) мағыналық код рөлін де атқаратынына көз жеткіземіз.

4.Паралингвистикалық амалдар қатарына (ым-ишара, қи- мыл-қозғалысқа салынған кодтық белгілерден басқа), сондай-ақ, физиогномикалық маска (бет әлпеті, сақал-мұрты, шашы, көзілдірігі, таққан сәндік әшекейлері); киім кию мәнері; тактильді белгілері (иісі, тері); окулесикалық (көз тігу, көз қиығы) әрекеті;

кеңістікті ұстауы (алыс, жақын), бағыты (тік тұруы, отыру,

отырмауы) сияқты тағы басқа қимыл-амалдарды қосуға болады.

5.Бейвербал амалдардың жасалуына негіз болатын уәждер (мотив): ұлттық ерекшелік, жас ерекшелігі, денсаулық жағдайы, жеке тұлғаның әдет-дағдысы, қызметі, мінез сипаты т.б. болып жіктелген.

Кинетикалық негізі бар – бейвербал амалдар адамзат тілінің пайда болуына байланысты мәселелерде аса ғылыми «қызығушылық» туғызып келеді. Мысалы, Көне грек философы Платон даналық ойларын жеткізудегі «дене тілінің» маңыздылығына мән берген. Ал атақты Цицерон өзінің шешендік тәжірибесінде сөз шеберлігін дене қимыл-қозғалысымен, бет-пішін, дауыс құбылысымен одан әрі көркейтіп, тыңдаушысын баурап алуды мақсат тұтқан.

Тілсіз «тілдесудің» (бейвербал қатынастың) адамзат тілінің пайда болуына алғышарт болғандығы жайлы Ч. Дарвиннің «Выражение эмоций человеком и животным» (1872 ж.) еңбегінде де қарастырылады.

Тілдің адамзат қарым-қатынасында маңызды орын иелене-

тіндігі және жалпы таңбалық мәні қазақ тіл білімінде де әр бағыттағы зерттеулер нысанына айналған. Таңба тілінің маңыздылығына назар аудару қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Қ.Жұбанов [36] еңбектерінен бастау алып, тілші-

143

ғалымдар Қ. Аханов [68], Т. Қордабаев [69] зерттеуімен жалғасын тапты. Бұл еңбектердегі негізгі ой «Көмекші қатынас құралы ретінде ымдау, дене қимылының маңызын атап көрсетумен» уәжделеді. Профессор Қ.Жұбановтың: «... тіл дегеніміз шартты таңба ғана болып табылады, олай болса, біз айтып отырған табиғи тіл ретінде тануымыз керек болмай ма?!» [36,97], – деген теориялық тұжырымдары өзінің тереңдігімен құнды әрі осы күнге дейін шешімін таба қоймаған мәселелерді көтеруімен аса маңызды. М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде: «Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді», «...дене де жанға бйлаулы, жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның қандай күйде екені көрініп-ақ тұрады» [70], деген пайымының психологиялық зерттеме ретіндегі мәні зор. Бүгінгі тіл ғылымындағы жаңа бағыттар осы маңызды мәселені өзге қырынан одан әрі зерделей түсуге жетелейді: С. Татубаев, А. Сейсенова, Қ. Қажығалиева т.б. зерттеушілер бұл мәселеге белгілі бір дәрежеде көңіл бөлген, ал паралингвистикалық құрал ретінде – Э. Оразалиева [71], вербалды интеракт тұрғысынан – Ш. Нұрғожина [72], бейвербал амалдар қатарында – Б. Момынова [73], Ж.Нұрсұлтанқызы [74], А. Қобыланова [75], Ш.Зекенова [76] сияқты ғалым-зерттеушілер еңбегімен толыға түсті. Сондай-ақ, орыс тіл білімінде жан-жақты қарастырылып келеді [77, 78, 79, 80]. Е. Крейдлин адамдар арасындағы қарым-қатынас: алыс,

жеке, көрермендік, әлеуметтік, интимдік түрлерге бөлінетінін көрсете келіп [79], бейвербал семиотиканың теориялық мәселелерін негіздейді. «Қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар: сөз – жеті пайыз, дыбыс, интонация – отыз сегіз, ым-ишара – елу бес пайыз қолданылады», – деген пікірлер кездеседі.

Абайдың тілдік тұлғасы бейвербал амалдар арқылы да бейнелілікті барынша шынайы әрі жанды етіп бере алған. Бей-

вербал амалдарға нақты міндет жүктеледі, өйткені олардың тілде белгілі бір стильдік қызмет атқара алу әлеуеті жоғары.

Әрине, негізгі, вербалды тілдік таңбалармен тығыз уәжділікте болса ғана стильдік мақсатқа жету мүмкіндігі ашыла түседі. Бұдан шығар қорытынды: бейвербал кинетикалық таңбалар

1) вербалды ақпараттың мағынасын толықтырып, талдау

144

нысанының мазмұнын жан-жақты ашуға ықпал етеді және 2) тілдік тұлғаның мәтіндегі рөлін айқындайды.

Осы айтылған мәселелер Абай дискурсында қалай көрініс тапқаны талдауға түспек. Ең алдымен, мына мәселелер анықталуы жөн деп санаймыз.

Тілдік тұлға туралы мәліметте не ескерілу керек? Дәл осы ақпарат мазмұнын жеткізудегі мақсат не, сол жағдайды айтуға ықпал еткен факторлар қандай? – деген сұраққа жауап алынуы тиіс, сонымен қатар, тілдік тұлға мәртебесі (рөлі) айқындалуы керек. Мысалы, автор бір ғана Күлембай болыстың іс-әрекетін сынай отырып, жалпы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтере-

ді. Абай тұлғасына қатысты «Өмірлік кредосы – ағартушылық болған», «әдебиеттің қоғамдық рөлін түсінген», «сөзді тәрбие құралы ретінде пайдаланған», – деген анықтамалардың мәні жоғарыда сөз болғанын еске сала отырып, кинетикалық амалдарды стильдік тәсіл ретінде пайдалануға осы аталған факторлардың ықпалы тигеніне назар аудартамыз. Бейвербал амалдар жеткізген ақпаратқа автор қатысымы осы тұрғыдан сөз етіледі.

Тілдік тұлға өз дискурсында нақты бір кезең шындығын жеткізе отырып, сол кезеңді таныта алатындай іс-әрекеттер мен бейнелерді сомдай алғанда ғана шынайы шығарма дүниеге келері белгілі. Сөздік тезаурус та, «стиль тезіне түсіру де» (Р. Сыздықова)

– көркем шындықты берудің басты көрсеткішінің бірі. Шындық дүниесімен үйлескен, өміршең туындылар оқиғасының шынайылығымен, тілінің шұрайымен тіл тұтынушының рухани әлемін өзіне бағындырады. Реалды дүниемен үйлесетін Абай туындылары тарихи-көркем беллитристикалық болмаса да эстетикалық, когнитивтік мінездемесімен құнды. Мысалы, Абай дискурсындағы ақиқат реалды дүниенің тілдік бейнесі өмірдегі нақты жағдайларға (Абай өмір сүрген кезеңге) сәйкесе отырып, субъектілердің мінезі мен іс-әрекеттері нақты бір дәлдікпен табиғи ортаға (тіпті бүгін күн адамдарының мінезіне де) үйлесе кететіндігі – ақындық шеберлікекені даусыз.

Абай шығармашылық тұрғыда типтендіре келіп, қай шығармасының болсын өзегіне өзін толғандырған әлеуметтік мәселелерді алады және оны бейвербал құралдар арқылы да беру тәсілін қолданады.

Мысалы, «Болыс болдым мінеки» деп басталатын шығармасында Күлембай болыстың бейнесі қимыл-әрекеті арқылы таны-

145

лады. Оның бейнесі: отаршыл саясат ұстанған патша империясына қызмет етуші құлдық пиғылдағы, жалтаңкөз билік иесінің кескін-кейпі дәл суреттелген. Елді рухани тәуелсіз, жоғары рухты кемел адам басқармай, сырттан таңылған саясат ұстанымына лайық Күлембайлар басқарады [55, 99]. Сөйтіп, парасат майданы саясат майданының тегеуірінімен жеңіліс тапқаны қоғам қайраткері Абайды толғантпай қоймайды, оның тілдегі бейнесі бейвербалды амалдар «көмегімен» айқындала түседі.

Бейвербал ақпарат мазмұны шығармада қалай берілгенін Күлембай болыстың іс-әрекеті арқылы көре аламыз.

Мысалы,

«Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап...

Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім,

Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап.

...Оязға жетсін деген боп, Боқтап жүрмін барқылдап. Пысықтың көбі бұғып жүр, Беттесе алмай шаңқылдап.

Өлең мәтініндегі бейвербал кинетикалық тәсілдер жеткізетін ақпараттар мәні поэтикалық қызметтегі өзге де синтагмалар арқылы өзінің прагмастилистикалық уәжін барынша толық «ақтап тұр» деуге болады. Мәнмәтіндік қоршаудағы мына теза-

урустар соны айғақтайды: құр күлемін жымыңдап; сасып қалдым, жүрек кетті дүпілдеп; қарбаңдадым өкімдеп; сөз айтып жүрмін күпілдеп; мақтанамын кісімсіп; қайраттысып, қамқорсып; әрлі-берлі далпылдап т.б.

Оның жағымпаздығы, қорқақтағы, көкірек керуі т.б. өрескел қылықтары (оның ішінде, болыстыққа қол жеткізу амалы) – бәрі бейвербал ақпараттың мазмұны, «дене тілі» арқылы берілген. Негізгі стильдік тәсіл қатарында болмаса да, мәтіннің идеялық мазмұны онсыз (бейвербал амалдарсыз) толық ашылмас еді. Вербалды-бейвербал амалдар бір-бірін осылайша толықтыра

146

алған. Мұндай жағдайда қосалқы бейвербал амал негізгі вербалды амалдағы ойды бастаушы болып отырады. Социум-ның ұлттық мәдени тәжірибесі өзін қоршаған дүние туралы беретін мәліметінің кейбірін сөз көмегінсіз ым-ишара немесе қимылқозғалыс көріністерімен «ұқтырады»[80, 22].

Бейвербал қатысым құралы ретінде алынған бас изеу, қол сермеу, иығын қозғау және өзге де дене қимылдарының семиотикалық мән-мазмұны астарлы болуы тіпті белгілі бір ақпарат коды болуы ықтимал. Егер оларды семиотикалық белгі қата-

рында қарастырсақ, онда қарапайым бейвербал тәсіл дегеннен гөрі, әлеуметтік мәні басым таңба (ой көрінісі) деп таныған жөн болмақ.

Бейвербал қатысым құралы прагматикалық уәжіне қарай:

а) мінез-құлықты айқындау; ә) ой әсерлілігі мен эмотивті реңкті таныту; б) нысанды дәл, анық сипаттау; в) бағалауыштық сипат беру сияқты мақсат еленеді деп жіктейміз.

Абайдың тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейіндегі кинемалар қолданысының прагматикалық уәжі арқылы жеткізілетін ақпарат қоғамдық факторлармен өзектесіп келеді. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки», «Бойы бұлғаң» өлеңдері арқылы қоғамдағы отарлау саясатына байланысты туған құлдық психологияның көрінісін немесе соның тілдік бейнесін көрсетуде Абай дискурсындағы кинемалардың (бас изеу, «түсінің түксігін салу», «пішінін кию») стильдік қызметі жоғарыдағы уәжбен бірлікте қаралады. Бұлар – дүниенің тілдік бейнесіндегі әлеуметтік қарым-қатынасты білдіретін таңбалар.

Тілді мәдениеттің барынша дәл, шынайы формасы дейтін болсақ, оның мазмұны арқылы сол мәдениеттен мол мағұлмат аламыз. Мәтін құрылымындағы ұлттық дүние бейнесі, халықтың тұрмыс-тіршілігі жайлы мағұлмат беретін тілдік белгілердің Абай шығармашылығындағы прагмалингвистік қызметі шы-ғар- ма идеясын жан-жақты ашу мүмкіндігін ұсынады. Мысалы, субъект «Болыс болдым мінеки» деп алады да, әрі қарай қалай болыс болып жүргенін өз қимыл-әрекетін суреттей отырып, «автопортретін ұсына» отырып жеткізеді.

Өлеңде соған сәйкес кинемалардың бірқатар тезаурустық жүйесі түзілген. Аксиологиялық сипат иеленген тезаурустар мазмұнынан автордың индивидуалды танымындағы дүние

147

бейнесін аңғарамыз. Дүние бейнесінің сөзбен салынған суретінен қимыл-әрекеттерді көзге елестете, «дыбысын ести» алсақ,

мығымдап ұстау, тығындап тастау әрекетін ішкі түйсікпен сезіне аламыз. Ал бас изеу, шыбындау, қырындау, жымыңдап құр күлу, дікілдеу, қорбаңдау, күпілдеу, ымдау, әрлі-берлі далпыл-

дау, құр тарпылдау сияқты қимыл-амалдарды көзбен көруге, бейнесіне тікелей қанығуға болады. Бұндай прагматикондардың дискурс мазмұнын ашудағы рөлі аса маңызды. Олар Абай тілдік тұлғасының негізгі когнитивті деңгейін құрайтын концептуалды бірліктер қатарына саналады. Өзінше әрекет ету қабілетінен айырылған екі жаққа тәуелді болыс, «Күштілері сөз айтса, бас изейді шыбындап», әбден еті үйренген соң, тіпті еті өлген соң, бодандық қамытын еш ауырсынбай-ақ құлдық психологиямен өмір сүруге әбден бейімделіп алады. Болыстың болмысын ғана емес, елдің еңсесін де езген отаршыл саясат өз билігіне өзгелерді «билетіп» қойғанын кейіпкерлердің қимыл-қозғалысы, «дене тілінің» өзі-ақ танытып тұр.

Бейвербал таңбалардың семантикалық құрылымы

Абай шығармаларында ым-ишараның семантикалық негізгі екі типін кездестіруге болады. Олар: коммуникативті және симптомды белгілерге бөлінеді. Бұның алғашқысына қимыл иесінің адресатқа арнайы жеткізетін ақпаратын алуға болады. Бұндай әрекетті тіпті диалогтық табиғат иеленген деуге болады. Мысалы, қимыл иесі, немесе субъект екінші бір адамға иегін қағу, жұдырығын түю т.б. арқылы белгілі бір мәлімет беріп (келісу, сес көрсету), ым тілімен сөйлесу арқылы диалогқа түсіп тұрғанын байқауға болады. (Абай тілінде – «арқаға қағу» (ұлықтың); «бас изеу» (шыбындап) әрекеттері арқылы бір субъектінің екіншісін қолдап, қолпаштап тұрғаны немесе мойын ұсынып, келісім бергені, сөйтіп қимыл-қозғалыс арқылы өзара «тілдескенін» ұғамыз. Мысалы, «Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға» деген шығармасында «Ұлықтың арқаға қағуы»

(бейвербал амал (такесика)) болысқа деген ризашылығын танытса, болыстың мәз болуы – өзіне ұлық тарапынан көрсетілген құрметке ол да риза болып, қуанғанын жасыра алмай, «күлмең қаққанын білдіреді». Екеуінің арасындағы «түсіністік диалогы» осылай жалғасқан. «Арқаға қағу» – прагматикалық мән иеленген бейвербал таңба.

148

Абайдың «Болыс болдым мінеки» шығармасындағы «Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап» деген жолдарда диалогтік табиғат иеленген кинесикалық амал – бас изеу (шыбындап). Кейіпкер бас шұлғу арқылы «күштінің» пікірімен келісетінін, оны түсінгенін жеткізіп тұр. Мәтін прагматикасы – «ықпал ету», әрі «мойындату» семантикасымен астасып тұр. Коммуникацияға түсіп отырған екі субъектінің көңіл-күйін дәл білдіру үшін бейвербал амалдар өте бір оңтайлы болып табылады. Бұлар

– қарым-қатынас үстіндегі ақпарат жеткізетін ерекше қатысым құралы.

Екінші топтағы симптомды тип субъектінің эмоционалды күй-қалпына байланысты жүзеге асады. Мысалы, адамның ұялағанда көзін төмен салуы, таңырқағанда көз шарасы үлкею немесе қатты сасқанда саусақтарын (қолын) уқалау сияқты қи- мыл-әрекеттерді осы белгіге жатқызуға болады. (Абай өлеңде-

рінде – саусағы суыну, пішіні құбылу, иығы тиісу). «Дем алыс ысынып,/ Саусағы суынып, Белгісіз қысылып, / Пішіні құбылып / Иығы тиісіп, Төмендеп көздері»...

1)Бейвербал таңбалардың синтаксистік құрылымы. 1) Абай шығармалары тілінде кинемалар негізгі денотат мағынасында еркін тіркес формасында келіп, іс-әрекеттің нақты бейнесін танытады.

Мысалы, «Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ».

2)Кинемалар тұрақты сөз тіркесі құрылымының соматикалық компоненттері құрамында қызмет атқарады.

Мысалы, «Мәз болады болысың / Арқаға ұлық қаққанға»; «Еш нәрсе емес жұбанар / Ақыл көзбен баққанға»; «Мал үшін тілін безеп / Жанын жалдап».

3)Кейбір бейвербал элементтер сөз немесе сөйлем орнына жұмсалады. Олардың прагматикалық қызметі терең ой, идея таныту мақсатын көздейді.

Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы қоғамдық

мәселеге бағдар сілтеуге болады. Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» деген ащы өкінішін білдіріп, «қолымды мезгілінен кеш сермедім», «қолымды дөп сермесем», «өстер ме едім?» – деп уақыттан ұтылған әрекетіне күйініш танытады. Ол үшін «қол сермеу» деген

149

полисемантикалы сөз тіркесінің негізгі мәнін, оның архисемасын басшылыққа алады. Фразеологиялық бірлік қатарында тілде тұрақты орын алған «қол сермеу» ишаратының «бір нәрсені қажет етпеу»; «әлденеге риза болмау»; «біреудің сөзіне ден қоймау, құлақ аспау» сияқты бірнеше мағынасы бар. Осы полисемантикалы фразалық тіркестің соңғы мағынасы Абайдың тілдік тұлғасында семалық өзгеріске түскен. Фраземаның «бір нәрсені қажет етпеу» деген болымсыздық мәні мен модальдық реңкі өзгеріп, керісінше, «қажетсіну керек еді» деген жағымды жағына қолдау көрсетеді: Абай мәтінінде қолды сермеп, сырт айналу емес, керісінше, қол созып, «ұмтылу», «ниет ету» семасы актуальданған. Егер вербалды тәсіл арқылы, яғни сөз немесе сөйлем түрінде келгенде сол мәселе жайлы баяндаумен немесе адресатқа хабарлаумен шектелген болар еді, ал бейвербал амал арқылы (соматикалық мүшелер қозғалысы) экспрессивті-эмо- ционалды бағалауыш мәні қоса беріліп, баяндаудан гөрі сын-са- паны суреттеу мақсаты басымдық танытады.

Бейвербал амалдар арқылы ой жеткізу сонша әсерлі, дәл әрі шынайы болып шығады. Мәтін дискурсында кейбір қимыләрекеттер көрінісі жиі қайталанып берілген тұстар кездеседі, бұл кейіпкер бойындағы әдетке айналған мінез-құлықтан хабар береді. Мысалы: «Жылуы жоқ бойының / Жылмиғаны неткені?; Мұңды, жылмаң пішінін кезек киіп», – дегенде жылмию лексе-

масының мәніне субъекті жиі қайталайтын іс-әрекетіне назар аудартады.

Стильдік тәсіл ретінде қолданылатын психологизмдер

Абайдың тілдік тұлғасында мына жағдайларда белсенді қызмет етеді: 1) Қарасөздері мен өлеңдер мәтінінде авторлық ой-тол- ғам, философиялық тұжырым жасау барысында; 2) адам ↔ қоғам мінезін байыптау барысында.

Адам бет-бейнесінің, жүзінің өзгерісі сияқты қимыл-құбы- лулар бейвербал қатысым құралы қызметінде жиі пайдаланылады. Ғылыми зерттеу бойынша, бет-әлпеттің өзгеруінің 20 мыңнан астам түрі бар және олар ақпараттың 70 %-н береді екен. Бейвербал амалдар семиотикасы тек жағымсыз коннотация беру үшін ғана ашылмайды, адамның таза сезімін жеткізудің бір тәсілі ретінде алынады. Соның бірі – адам портретін суреттеу.

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]