Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

В. Әлемдік жақсы және теріс қылықтардың елімізге аралас енуі; ұлттық дәстүрлі өнер

Г. Лиро-эпостық, батырлар жырын оқудың төмендігі; мақамды, сазды жыраулық өнерді дамыту

8. Құрамында екі ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар сөйлем:

А. Адамның сатпайтын, сатылмайтын, сата алмайтын досы – өнері мен білімі

Ә. Ұнды да, талқанды да жасайтын – диірменнің астыңғы тасы Б. Жылына қаншама бала өнерін тұсаулап, амалсыз басқа мамандықтың

есігін сығалап, жан-жаққа кете барады В. Атамұраны жеткізетін адамның өзі емес, дарын мен талант емес, оның

тегі

Г. Әйтпесе, бардың бағасын білмеген, жоқтың жобасын да білмейді

81

ОНЫНШЫ НҰСҚА

Агаваның хош иісі

Петропавл ботаникалық бағында агава өсімдігі 1912 жылдан бері өседі. Осында ет комбинаты құрылысын жүгізуге Санкт-Пе- тербургтен арнайы жіберілген әскери инженер, полковник Ильхам Курапов көк гүлді екі агаваны өзімен бірге ала келіпті. Қазір мұнда екі мыңға жуық тропикалық, субтропикалық ағаштар мен өсімдіктерді кезіктіруге болады. Олардың арасында лала гүлді тұқымдас мексикалық, америкалық агаваның орны бөлек. Жуырда қала жұртшылығы тосын оқиғаның куәсі болды. Биіктігі тоғыз метрге жететін агава гүл жарып, хош иісі мұрын қытықтады.

– Оның ерекшелігі сол, жүз жылда бір рет гүлдейді. Жарты ғасырға жуық баптап келсем де, мұндай ғажайып сәтті бірінші кездестіріп отырмын. Қазақстанда декоративті мақсатта ғана өсірілсе, Мексикада күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. Жапырағынан мата жасап, сабағынан арқан, жіп еседі. Тікенін ине ретінде пайдаланады. Эфир, спирт майын, сабын, текила өндіреді. Медицинаға да жаратады, – дейді бас агроном Равиль Рязанов. Қауызына жеміс шырыны мен көмірсутегін жинап, әбден қоректеніп алғаннан кейін гүл шашады екен. Агава құрғақ ауаға төзімді, соншалық күтімді қажет етпейді. Осы қасиеттері себеп пе екен, теріскейге тез жерсініп кеткен («Егемен Қазақстан» газеті,

27.11.2018).

1. Мәтінде ерекше қасиеттері сөз етілетін агаваның түрі:

А. Америкалық агава Ә. Мексикалық және америкалық агава

Б. Санкт-Петербургтік агава В. Субтропикалық және тропикалық агава Г. Мексикалық агава

2. Агава өсімдігінен өндірілетін заттар:

А. Спирт, мата, арқан, эфир, текила, көмірсутегі Ә. Спирт майы, эфир, мата, жіп, ине, сабын, жеміс шырыны

Б. Арқан, жіп, эфир, спирт майы, сабын, текила, шырын

82

В. Жіп, арқан, спирт майы, текила, ине, мата Г. Медициналық дәрі дәрмектер, сабын, эфир, спирт майы, ине, хош иісті

өнімдер, жіп, арқан

Қызғалдақтың қадірін білейік

Сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы алғашқы онкүндікте қазақ даласы қызғалдақтан көрпе оранып, әдемілік шеруі басталады. Қызын «қызғалдаққа» балап, гүлдің 50-60 жылдық гүлдеу дәуірін адамның ғұмырымен салыстыратын халқымыз лалагүлдер тұқымдасының туған жерін Қазақстан деп таниды. Елбасы: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының ұрпағы»,

– деп ерекше атап өтті. Шу, Іле таулары, Талас Алатауы мен Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағының орталық, батыс және солтүстік беткейлерінде грейг қызғалдағы өседі. Қызыл кітапқа енгізілген, жабайы қызғалдақтар арасында гүл тостағаншасының үлкендігі, жапырақ түсінің өзгешелігімен көзге түсетін грейг қызғалдағының екінші бір атауы – «қызғалдақтар падишасы». ...Өткен ғасырларда Грейг қызғалдағы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан Түркияға, одан Голландияға жеткізілген. 1887 жылы Голландияда өткен көрмеде Қазақстаннан келген қызғалдақ бірінші дәрежелі сұрып дипломын жеңіп алған деген дерек бар. Қызғалдаққа деген қызығушылық артып тұрған сол уақытта сапалы гүл пиязшығының екі данасы үшін екі жылқы арбасымен төленетін болған. 1873 жылы белгілі ботаник Эдуард Регель Қаратау тауларында осы қызғалдақ түрін зерттеп, Ресей бағбандары қауымдастығының президенті Самуел Грейгтің құрметіне гүлге «Грейг қызғалдағы» деген атау берген. Оған дейін бұл гүлдер тобын бәрі «алтай жауқазыны» деп білетін. ...Қазақ

83

жерінде жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде сақ патшалары мен көсемдері киімдерінің қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленгені анықталды. Орталық Азия аймағынан табылған Х- ХІІ ғасырлардағы қыш бұйымдарда қызғалдақ суреттері бедерленген... Қазақ қолөнерінде ат әбзелінен бастап, кебежеге дейін қызғалдақ бейнесі салынып, безендірілген («Айқын» газеті, 28.11.2018).

1. Мәтін бойынша жабайы қызғалдақтар ішінде грейг қызғалдағының оқшаулану ерекшелігі:

А. Қызғалдақтар падишасы атануы Ә. Гүл тостағаншасының үлкендігі мен бойының биіктігі Б. Сақ патшаларының құрмет тұтуы

В. Гүл тостағаншасының өзгеше түске боялуы және жапырақтарының өзгеше түс иеленуі

Г. Жапырақтарының өзгеше түске ие болуы мен гүл тостағаншаларының үлкендігі

2.Грейг қызғалдағының бастапқы атауы:

А. Алтай жауқазыны Ә. Жабайы қызғалдақ Б. Регель қызғалдағы

В. Қызғалдақтар падишасы Г. Қырмызы қызғалдақ

3.Орталық Азия аймағында Х – ХІІ ғасырларда қыздалдақ суреті бейнеленген бұйымдар:

А. Қыш құмыралар мен ат әбзелдері

Ә. Сақ патшаларының киімдері Б. Қыш құмыралар В. Ат әбзелдері мен кебежелер

Г. Архелогиялық қазба кезінде табылған көсемдердің бұйымдары

4. Қызғалдақтың алғаш пайда болған аймағы:

А. Іле Алатауы мен Шу өзенінің түйіскен жері Ә. Шу, Іле таулары мен Талас Алатауында

Б. Ақсу-Жабағылы қорығы, Талас, Іле, Шу таулары В. Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйіскен жері Г. Қазақтың кең сахарасы мен Іле Алатауының етегі

Халық рухы асқақ

Халық – ұлы ұғымның атауы. Оның рухы, жасампаздығы, құдіреті – өлшеусіз. Халық тағдыры – ел, мемлекет, жер-су,

84

болашақ тағдыры. Ел аузында «Хан ақылы – қырық кісілік, халық ақылы – қырық мың кісілік» дейтін қымбат сөз бар. Халық қағидаты – адастырмайтын темірқазық жұлдыз. «Халық сүйген суға батпас, отқа жанбас», – дейді дана халқымыз. Халық – бетегеден биік, жусаннан аласа болғанымен, мейлінше сыншыл, төреші, әділ таразы, ұшқыр ойлы. Жақсы-жаманның баршасына да қырағылық танытады, қылаудай нәрсенің өзінен философиялық түйін тудырады, болашақты болжайды, терең толғайды. «Халық

– Құдайдан бір жас кіші», «Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды» дейтін нақылдарда қаншама салиқалы сабақ, мағыналы салмақ бар.

Жаһанданудың азан-қазан дәуірінде қаншалықты құтырынған құйындар көтерілсе де, халықтың құдіреті мен тегеурінінен аса алмаса керек-ті. Адасқанды артыңдағы, жаңылысқанды жаныңдағы білдіреді... Ұлт ұстазы Ахаң: «Халықты қан жылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік», – деп жазады. Тәуелсіздігімізді, Ұлы Дала Елімізді қадірлесек, ұлт мұраты жолында жанқиярлықпен еңбектеніп, демографиялық өркендеуімізді діттесек, әз халықты бағынан айырмайық десек, халықтың тұрмыс-тіршілігін, абыройын ойлайық! Конфуцийдің: «Қалың қолды көсемсіз қалдыруға болады, қара халықты кәсіпсіз қалдыруға болмайды» дегенін қаперде ұстайық! Немесе ХІХ ғасырда Қашаубай жыраудың:

Халық қазанын қайнаттым, Қолымның кәні қарасы?

Ел үшін қорлық көп көрдім, Етімнің кәні жарасы? –

дегеніндегі ұлт ұлағаты, патриоттық ой қандай!

«Жақсылардың көзі – жүз, құлағы – мың болады» дегендей, халықтың намысын өз намысындай қабылдайтын, жыртысын жыртатын, бағын ашатын, игі бастамаларға мұрындық, тілеуқор, ұйымдастырушылық қабілетін жұмсайтын, жер-судың берекесін келтіріп, ел қондыратын Құдай жолындағы хан-патшадай арлы, қайратты ерлер керектігі айқын... Елбасымыз: «Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі» я болмаса: «Тарихты тудырушы да, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастау

85

бұлағы да халықтың өзі» деп туған халқының қуатына сенеді. Ендеше, халық жолы – даңғыл, халық рухы – асқақ, халықтың күйлі-қуатты, заманының шуақты болғанын ұзағынан тілейік! («Егемен Қазақстан» газеті, 10.04.2018).

1. Мәтін бойынша халыққа берілген әділ баға:

А. Мейлінше сыншыл, әділ таразы, төреші, қорғаның Ә. Бетегеден биік, жусаннан аласа, момын, әділ, төреші, шынайы қамқор-

шың

Б. Бағдарлы темірқазығың, намысың, тарихты жасаушы, ерлерін аңызға айналдырушы

В. Құдіреті өлшеусіз, төрешіл, әділ таразы, асқақ рухты, қырағы Г. Мемлекет діңгегі, заманның болашағы, мың кісілік ақылды, даңғыл

жолды, ұшқыр ойлы

2. Мәтіндегі «Халықты қан жылату – обал, халықты зар жылату – мейірімсіздік, халықты тамақ үшін сату – иттік» деп ой түйген ұлт ұстазы:

А. Ахмет Жұбанов Ә. Ақан сері Б. Ақтамберді жырау

В. Әлихан Бөкейханов Г. Ахмет Байтұрсынұлы

3. Халықтың «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» сүйікті ерлері кездесетін ауыз әдебиетінің түрі:

А. Лиро-эпостық жырлар Ә. Эпостық жырлар Б. Қиял-ғажайып ертегілер В. Айтыс Г. Аңыз әңгімелер

4.Мәтіндегі «бетегеден биік, жусаннан аласа» тұрақты сөз тіркесінің мәні:

А. Қарапайымдылық Ә. Қойдан жуас Б. Айлалы, епті

В. Мейірімді, қайырымды Г. Әділ, турашыл

5.Халық даналығын айқындайтын мақал-мәтел:

А. Халық жолы – даңғыл, халық рухы – асқақ Ә. Халық айтса қалп айтпайды Б. Халықтың құдіреті – өлшеусіз

В. Халыққа басын иген кішіреймейді Г. Ханның ақылы халықтың ақылы емес

86

6. «Ел үшін қорлық көп көрдім, етімнің кәні жарасы?» сөйлеміндегі сөз тіркестерінің саны:

А. Бесеу Ә. Алтау Б. Жетеу В. Төртеу Г. Үшеу

Қыран һәм қазақ

Табиғаттың тылсым сыры көп-ақ қой, десе де жаздың жаңбырлы болатынын сәуірден қалған бұлттан, қыстың жайлы болатынын дуадақтың қыстап қалуынан, қатты болуын қайтқан қаздардың төмен ұшуынан біліп, алдын ала болжаған ауа райына сай мал жайын қамдап, көшпелі тірлік кешкен. Ұлы даланың иесі қазақ деген халық сол сырлардың біразына ғылымнан бұрын қанығып үлгерген секілді. Ал аспан серісі қыранды қолға қондырып, қансонарда қызығына батқан қазақтың қыран жайлы ұғымы да ерекше, құрметі де бөлек. Содан да аталарымыз балаларына «қанатың талмасын» деп бата беріп, қыранға балайды. Еркіндігін қыранның самғауымен елестететін жұрттың мемлекеттік туында бүркіттің бейнеленуі де заңды құбылыс. Ендеше қазақ сол қыранның қансонардағы қызығына батып қана жүрген жоқ, сонымен қатар Ұлттың ұлы болмысын құрайтын ұғымдарды да қалыптастырды. ...Солардың бір парасы жайлы әңгіме етпекпіз:

Түлек. Бүл бүркітке, қыран құсқа байланысты сөз. Жаз бойы жемдеп, семіртіп, ескі жүнін тастатып, әбден түлетіп алып, қар жауғанда қайырып, түлкіге салады ғой қыранды. Біздің қазіргі мектеп бітіруші түлектеріміз де де дәл сондай. Он бір жыл бойы оқытып, білім беріп, соңғы жылы аңға салған қырандай білімнің додасына саламыз. Алғыры һәм бабы келіскен түлектер мемлекеттік грантты жеңіп алады. Ол түлектер де бүркітті түлетуден шыққаны түсінікті.

Ұя. Сонымен бірге «Алтын ұя – мектебім» дейміз. Ол да қыранның ұясынан шығып тұр. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ұядағы балапанына аталығы мен аналығы, яғни ұябасары мен саршасы бұғы, марал, таутекенің етін әкелетіндей қыран болса, балапаны да сондай текті қыран болады.

87

Тұғыр. «Сұрасаң жағдайымды жаным Әсет // Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан» деп нар Кемпірбай жырлайтыны бар. Тұғыр – қыранның тағы. Тұғыр үш аяқты болады. Тұғыр сөзі біздің сөздік қорымызда «тұғырнама» түрінде саяси терминге айналды.

Тегеурін. Бүркіттің бүкіл күші аяғында, аяғындағы негізгі күші тегеурінінде (тегеурін – артқы саусақ), сосын жембасарында (алдыңғы бір саусақ). Бүркітің тегеурінді болса, қырандықтың негізгі бір сипаты болады. Бұл тұйғын, қаршыға, сұңқар секілді ұшып жүрген құстарды аяқпен теуіп түсіретін қырандарға да көп қолданылады.

Шеңгел. Шеңгел – тегеурін мен алдыңғы үш тұяқтың арасы. Елбай жыраудың:

Татусыздық белгісі – Бытырап шығар шеңгелден. Шеңгелден кетсе ел жұртың,

Қайғымен қарттар шерленген, –

деп келетін жыры да қыран шеңгелінің қазақ ұғымындағы кең ауқымын көрсетсе керек.

Шалғы. Бүркіттің ең ұзын сыртқы төрт қанатын «шалғы» деп атайды. Бір жағында төрттен, сегіз шалғы болады. Ал оның сыртқы көрінісі, яғни формасы шөп шабатын шалғыдан аумайды.

Бүркітке байланысты қаншама мақал-мәтел бар: Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе, жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кезіксе. Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды. Алса – құсым, алмаса – желпуішім. Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны. Саятшы бапшыл болса, бүркітке – бақ. Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады. Құстың алғанынан, салғаны қызық.

Бүркіт мойнын қайырып, тұмсығын екі топшысының арасына салып қонақтайды. Ал түзде жүрген бүркіт түнде қонақтағанда кеудесін жартасқа тіреп қойып қонақтайды екен. Себебі бүркіт пен үкі – өш. Түнде бүркіт қонақтағанда жемсауы ашық қалады. Көзі түнде көретін үкі бүркіт қонақтап отырғанда жемсауына шеңгел салса болды, оп-оңай жарып кетеді, бүркіттің ең әлсіз жері – жемсауы («Егемен Қазақстан» газеті, 26.12.2018).

88

1. Бүркітке қатысты сөз тіркесінің дұрысы:

А. Бүркіт ұйықтайды Ә. Бүркіттің төрт тырнағы Б. Үй бүркіті В. Бүркіттің қонақтауы

Г. Бүркіттің мойын бұрғаны

2.Ұшып жүрген құстарды қағатын жыртқыш құстар:

А. Тұйғын, тұрымтай, қаршыға, сұңқар Ә. Қаршыға, қыран, тұйғын, сұңқар Б. Тұйғын, лашын, қаршыға, сұңқар

В. Сұңқар, сұрқылтай, тұйғын, қаршыға Г. Қыран, қаршыға, сұңқар, тұйғын

3.Мәтін бойынша түлек сөзінің қандай құсқа қатысты екенін анық-

тау:

А. Биікке самғайтын қыран құс Ә. Бүркіттің балапаны Б. Ұябасар бүркіт В. Тау қыраны

Г. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін бүркіт

4. Бүркіттің шеңгелі дегеніміз:

А. Тегеурін мен жембасардың арасы Ә. Артқы үш саусақ пен алдыңғы бір саусақтың арасы Б. Бүркіттің үш тұяғының арасы В. Төрт тұяқтың арасы

Г. Тегеурін мен төрт тұяқтың арасы

5. «Топшысы қайырылған» тұрақты сөз тіркесінің мәні:

А. Сәті түспеген Ә. Жолы болмаған Б. Мертігіп қалған

В. Қанатын қаға алмаған Г. Биікке самғай алмаған

6.Шалғы сөзінің түбірі:

А. Шал Ә. Шалқы Б. Шалық В. Шалыс

Г. Өзі түбір

7.Мәтін бойынша қыстың қатты болуын болжауға себеп құбылыс:

А. Дуадақтың далада ұша алмай қалуы

Ә. Қаздардың көл бетінен төмен ұшып өтуі

89

Б. Сәуір айының жаңбырлы болуы В. Қаздардың қайтқан кезде қиқулап ұшуы

Г. Қайтқан қаздардың жерге жақын ұшуы

8. Күрделі ойды білдіретін сөйлем:

А.Ұядағы балапанына аталығы мен аналығы, яғни ұябасары мен саршасы бұғы, марал, таутекенің етін әкеліп береді

Ә. Саятшы бапшыл болса, бүркітке – бақ Б. Алғыры һәм бабы келіскені мемлекеттік грантты жеңіп алады

В. Бұл тұйғын, қаршыға, сұңқар секілді ұшып жүрген құстарды аяқпен теуіп түсіретін қырандарға да көп қолданылады

Г. Ал оның сыртқы формасы, яғни көрінісі шөп шабатын шалғыдан аумай-

ды

90

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]