Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

натын орындамау... Құдай сақтасын, қиянат емес пе... Өйтер болса, өзін о дүниеде де кешірмес. Алайда ұлы мен қызы айдарынан жел есіп жүрсе де, сәмбі талға көз қиығын тастамаған екен-ау...

Бұл опа әкелмес, тегі...Ерке, шолжаң етіп өсірді. Сәмбі талдың түбіне бір шелек су құюға жарамаған көгенкөздерден не үміт, не қайыр.

Кейуана су қараңғыда сипаланып қайта көтерілді. Сонан соң: «Е, жасаған, сол перзенттеріме ұзақ ғұмыр бере гөр!» – деп қойды. Қалақтай ағашқа да соншама жан бітеді екен-ау. Тегі жұмыр басты пендеге бір жұтым су мен бір тілім наннан басқа бірнәрсенің жетпей тұратыны несі екен?! Шалы борша-боршасы шығып, өрт алған сәмбі талды баптауға кіріскенде, бұл қайта жанданып, тіршілік етіп кетеріне, Құдай куә, күмәнданып еді. Тірлігінде қалған бірлі-жарым несібе – нәпақасы ма, әлде, әдірем қалған тіршілігіне шүкіршілігі ме, сәмбі тал бой ала жайқалып, кейуананы тәубасына келтірді. Әйтсе де баласы мен қызының кімге тартып осыншама ойсыз, жаны жүдеу, төменшік болғанын қанша ойласа да, түстей алмай-ақ қойды. Зәуі келгенде көкірегі қарс айырылып, өткендегісін сағынады, аңсайды. Міне, тағы да іші әлем-жәлем...

Шынар шешей ұйқыдан біржола қалып, таңның атуын тағатсыздана күтіп отыр. Әлде құлазыған жабығыңқы көңілдің тірек іздеген емексуі ме екен, әлде балалары есіне түсті ме, қараңғыға сүзіле қараған бойда ұзақ отырып қалды.

Сәмбі тал сылдыр қағады. Оған қосылып бұлақ сылқ-сылқ күледі... Сәмбі тал ән салып тұрғандай. Екі жас ертең де келер ме екен... («Жалын» журналы. – №12. – 2005).

1.Мәтін бойынша Шынар шешейдің сәмбі талды күтіп, қорғаштау

себебі:

А. Екі баласының тілеуі үшін Ә. Шалының аманаты үшін Б. Өрттен аман қалғаны үшін В. Есігінің сәні үшін

Г. Ата-бабасынан қалған мұра болғаны үшін

2.Мәтіндегі сылқ-сылқ күлкінің иесі:

А. Шынар шешей Ә. Қызы Гүлшаһар

Б. Сәмбі талдың жанында тұрған екі жас

171

В. Сәмбі тал Г. Ағып жатқан бұлақ

3. Шалдың сәмбі талдың күйген жерлерін балшықпен сылап, матамен орап, құндақтап қоюының себебі:

А. Күйігі жазылсын деп Ә. Жел өтіп кетпесін деп

Б. Тамыры солып қалмасын деп В. Сыртқы әдемілігі жойылмасын деп

Г. Өрт шалмаған жапырақтары түсіп қалмасын деп

4.Шалдың сәмбі тал бүршік жарғанда шексіз қуану себебі:

А. Арғы атасының аманатын орындай алатынына Ә. Өз дегеніне жетіп, сәмбі талды аман алып қалғанына Б. Екі перзентінің тілекшісі болатындығына

В. Кемпірінің көңілін көтеріп, оған қуаныш сыйлайтынына Г. Аталғандардың бәрі

5.Шынар кейуананың сәмбі талдың өртенген кезінде өкіну себебі:

А. Көз тигендігіне

Ә. Әруақтардың киесі ұрғандығына Б. Үйінің ажары кеткендігіне

В. Бабалар аманатын сақтай алмағандығына Г. Екі баласының сүйікті талы болғандықтан

6.Мәтін бойынша түнде сәмбі талдың жанында сыбырласқандар:

А. Қыз бен жігіт Ә. Көршінің қызы мен Жәдігер

Б. Шынар шешейдің қызы мен ұлы В. Бейтаныс екі қыз Г. Ұлы мен болашақ келіні

7.Мәтінде Шынар шешей «Бұл опа әкелмес» деп не үшін өкінді?

А. Сәмбі талдың өртеніп кетуі

Ә. Қызына деп алған дәкенің жыртылуы Б. Ұлының сәмбі тал туралы мүлде ойламауы

В. Жұмыр басты пендеге бірдеңенің жетпей тұратындығы Г. Ұлы мен қызының сәмбі талға көз қиығын салмауы

8. Мәтіндегі кейуананы тәубасына келтірген құбылыс:

А. Шалының борша-боршасы шығып, сәмбі талды күтуі Ә. Тірліктегі азды-көпті несібесі Б. Тіршілігіне шүкіршілігі В. Сәмбі талдың жайқалып өсуі

Г. Жұмыр басты пендеге бірнәрсенің жетіспей тұратындығы

172

9. Мәтін бойынша Шынар кейуананың түстей алмаған жағдайы:

А. Сәмбі талдың жанындағы екі қыздың сыбыры Ә. Күйік шалса да, сәмбі талдың қайта жайқалуы Б. Ұлы мен қызының ойсыз, жүдеу жанды болуы В. Шалының аяқ астынан дүниеден өтуі Г. Өткен күндерін сағынып, аңсай беруі

10. Мәтін бойынша кейуананың жалғызсырағандағы сырласы:

А. Жалғыз қызы Ә. Жалғыз ұлы Б. Көрші қыздар В. Сәмбі тал

Г. Ағып жатқан бұлақ

173

ЖИЫРМАСЫНШЫ НҰСҚА

Бал арасының пайдасы

Бал арасы ең алдымен бал береді. Қағаз, тоқыма өнеркәсібіне қажетті балауыз да – осы бал арасы еңбегінің нәтижесі. Бал – көп ауруға шипа. Сол сияқты араның шаққаны – ревматизм сияқты ауруларға таптырмайтын ем. Олар гүлдерді тозаңдандырады, ондағы шаң-тозаңды тазалап кетеді, сондықтан да араны «қанатты агротехник» дейді мамандар. Бал арасы – гүлге қонуға жаны құмар жәндік. Бір келі бал жинау үшін 19 миллион гүлге қонады. Гүлдердің нектарын жинау үшін ара сағатына 6,5 шақырым жылдамдықпен ұшады. Осындай жылдамдықпен ұшқан бал арасы күніне 7 мың гүлді тозаңдандырады. Омарта таяу орналасқан жеміс бағы мен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретіні де сондықтан. Мәселен, омартаның қасынан 600 метр арақашықтықта отырғызылған алма ағашынан 252 келі өнім жиналған. Араның балында ағзаға пайдалы 60-қа жуық зат болады. Олар: глюкоза, минералды тұздар, ферменттер, витаминдер, радиактивті заттар, антибиотиктер... Бал адамның ас қорыту органдарының жұмысын жақсартады. Таңертең бір стақан суға бір ас қасық бал езіп ішкен жақсы. Балды сүт, жеміс тағамдарына қосып жеген өте пайдалы. Халық медицинасында балды сүтке не майға қосып, өкпе ауруына ішкізеді («Ана тілі» газеті, 03.04.2019).

1.Бал арасының омартасы жақын орналасқан жеміс ағаштарының өнімді мол беру себебі:

А. Аралар жеміс ағаштарын шаң-тозаңнан тазартып тұрады Ә. Зиянды жәндіктерді жуытпайды Б. Жеміс ағаштарының гүлдерін жиі тозаңдандырады

В. Омарта орналасқан жерге төрт түлік мал жақындамайды Г. Бал арасы жиі қонған жеміс ағашы ерте гүлдейді

2.Құрамында ағзаға пайдалы алпысқа тарта заты бар бал беретін араны өсіруші адамның кәсіби атуы:

А. Ара өсіруші Ә. Омарта иесі

174

Б. Бал жинаушы В. Омарташы

Г. Кәсіби бал маманы

Өлеңдерім жиналсын

Мұхтар Әуезовтің айтуынша, ақынның жаны қатты күйзелген, жауларынан соққы алған 1898 жылдың жазынан бастап маңайындағы шәкірттері мен балаларына алғаш рет аманаттай ғып «Өлеңдерім жиналсын» деп тапсырыс берген көрінеді. Абай көңіл күйінің, ақыл таразысының ақыны болатын. Маңайында жүрген, шығармашылық қалпын көрген, сезген кісілердің айтуынша, кейде желпініп келейінші деп ашық аспан, мамыражай табиғат аясына аттап шыққанда, кейде кітап оқып отырғанда құйылып келген сөз тізбектерін өлең жолына шылбырша шумақтап, қолына қарындаш пен парақ қағаз алып, өлеңді жазып тастайды екен. Қалай арғы көкірек айнасынан дестелеп құйылса – солай қағазға түсіре салған. Көбіне өлең туған толғақты кезін әуелі Тұрағұл, содан кейін Әйгерім, келіні Кәмилә сезіп байқап қояды. Аяқтарының ұшынан басып, ойын бұзбауға, сезгенін сезбеген, білгенін білмеген бола қалуға тырысып бағады. «Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің, Татуды араз, жақынды жат қыларға». Әлгі аяқ астынан туа қалған өлеңді қасында отырған балалары, інілері, я жай бір келе қалған адамдар қалтасына салып алып жүріп кетеді, содан біреуден біреу жазып алып, жаттайды, кейбірін әнге қосып домбырамен айтып жүреді. Абайдың өз қолымен жазған өлеңінің бізге жеткен бір де бірі жоқ. Барлығы да екінші, я болмаса үшінші кісінің, көшірушінің қолжазбасы арқылы жетіп отыр. Өз шығармашылық тағдырының анық ақырына таман, базардан шаршап, алданып, көңілі торығып қайтқан саудашыға ұқсап, өзге өмір өрнегімен барақат, бақыт, дәм таба алмай, енді келіп өлеңмен оңаша сырласқан кезеңге амалсыз мойын бұрғанда, «Өлеңдерім жиналсын» деп аманат айтуында, тапсырма беруінде үлкен гәп бар еді. Кешегі тату – бүгін араз, кешегі жақын – бүгін жат, достарының бәрі екіұшты. «Бұл не деген заманға ісім түсті» деп торығатын жері де осы тұс емес пе?! Өлеңдерім жиналсын деді... («Жұлдыз» журналы. – №2. – 2009).

175

1. Мәтін бойынша Абай өлеңдерінің халыққа таралу жолы:

А. Арабша жазған өз қолжазбасы арқылы Ә. Біреулердің көшіріп жазған қолжазбалары арқылы Б. Тұрағұлдың қолжазбасы арқылы

В. Әйгерімнің жаттап алып, елге насихаттауы арқылы Г. Абайдың өз орындауында ән боп тарады

2.Мәтін бойынша Абайдың «шылбырша шумақтайтын» әрекеті:

А. Қолына түскен ақ парақтар Ә. Қағаз бетіндегі араб жазулары Б. Өлең жолдарының ұйқасы

В. Ойына құйылып келген сөз тізбектері Г. Шабытпен келген ұтқыр теңеулер

3.Мәтін бойынша Абай өміріндегі «Өлеңдерім жиналсын!» – деп аманат айту кезеңі:

А. Шабыттың шарпуымен байыз таппаған кезеңі

Ә. Өлеңмен оңаша сырласуға мойын бұрған кезеңі Б. Өлең жазуды тоқтатып, қара сөзге көшу кезеңі В. Өз өлеңдеріне ән жаза бастаған кезеңде

Г. Достары шет айналып, өлеңдерін оқитын жан таба алмаған кезеңде

4. Мәтіннен алынған тұрақты сөз тіркесі бар сөйлем:

А. Аяқтарының ұшынан басып, ойын бұзбауға, сезгенін сезбеген, білгенін білмеген бола қалуға тырысып бағады

Ә. Бұл не деген заманға ісім түсті?

Б. Абай көңіл күйінің, ақыл таразысының ақыны болатын В. Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?

Г. Қолына қарындаш пен парақ қағаз алып, өлеңді жазып тастайды екен.

Бір шоқ жиде

1. ... – Ананы ұстайтын қайсың едің? Иегімен керегенің басындағы домбыраны нұсқады.

– Ойбай, нағашыеке-ау, қатыны екеш қатынына дейін қолындағы оқтауын домбыра қып сабалайтын сіздің ауыл тұрғанда, біздің қолымызға домбыра жараса ма? Мә, сіз тартыңыз. Күдері ұшып тұрып, домбыраны әперді. Жасалғалы қол тимеген қара домбыра құлағы босап, тиектен әлдеқашан ада бопты. Таңқы танау қонақ қамшысының қайыс сабынан кесіп ішек жасады. Оң қолының сұқ саусағымен тыңқ-тыңқ шертіп құлағын күйге келтірді. Әрлі-берлі жүгіртіп пернелерді тексерді. Аяғын жиып, малдас құрды. Қара домбыра еңгезердей қонақтың бауырына бір-ақ сүңгіп жоғалды.

176

2.Қоңыр әуен сытыр-сытыр жауған күзгі жаңбырдай сүйек- сүйегіңды үңгіп барады. Қонақ қолындағы домбыраға да, қасындағы адамдарға да көз салған жоқ. Мойнын орағыта, төрдің алдындағы қара тазыға ежірейе қарады. Қара тазы күйге елтігендей қызыл тілін салаңдатып, көзін жұмып-жұмып қояды. Жыбырлақ Күдеріге де пәтуа біткен. Сөзден де, қимылдан да тыйылған. Тілеу, сірә, тым-тырыс қалпы. Сүйекті үгіп бара жатқан майда саз басқа әуенге ауысты. Қос ішекке төпелей тиген батпан саусақтар қара жер тітірердей алапат үн тірілтті. Күйшінің шеке тамырының бәрі бадырайып ойнап-ойнап шыға келген. Әлгінде ғана Күдеріге тесірейіп отырған екі көз енді Тілеудің бет-аузын тінткілей жөнелді. Сала құлаш мойны домбыраның үстіне түсіп кеткен. Өжектеген өткір күй безек қағады. Екі жамбасына кезек құлап, екі қапталына кезек ежірейген күйші төрдегі орнына қайта келді. Үй ішіндегілер арбалған торғайдай көз айыра алар емес. Безілдек күй тепсініп-тепсініп барып басылды...

3.Домбырашы бір осқырынып, шақшасын алды. Сол екі ортада қазан да түсірілді. Еттен соң шай ішілді. Сол шайдан соң барып еңгезердей қонақ жоқ қарап жүргені есіне түсті білем:

– Олай-бұлай жүргендеріңде бөтен түйе көздеріңе түспеді ме? Қызыл мая. Түс аруана емес, шатыс. Мойнында байланған кәрі жілігі бар. Сетік тұмсық. Атты адам көрсе, едірейіп айбат шегеді, – деді.

– Қашан жоғалып еді?

– Былтыр күзде.

– Атыңды енді бір күн терлетсең, Ұлы құмның терістігіндегі Жыланды таудың ащы бұлақтарынан тауып қайтасың-ау!

Күдері жол сұрасаң, жоқ сұрасаң көзі жайнап қоя береді...

4.Еңгезердей қонақ Күдеріге қарап мұрты жыбырлап біраз отырды да, кілт Тілеуге бұрылды.

– Мына домбыраңды кімге жасаттың?

– Ойбай-ау, бұл кімге жасатушы еді, өзі дағы. Өліге жан бітіруден басқаның бәрі өз қолынан келеді.

– Ендеше, тіптен дұрыс. Ал, құда, осы қу шанағыңды маған қи. Әлімнің ауылынан ала қайтқан қол үздігім болсын. Үйіңнің маңының құмалағы сирек екен. Әлгі жоғалып жүрген жайрағырды саған қидым. О баста осы жақтан келген мал еді. Жерсінбей қойды. Мына күлте сақал табам деп отыр ғой. Тауып әкеліп, сенің белдеуіңе байласын...(Ә. Кекілбаев).

177

1. Мәтін мазмұнының идеясы:

А. Күйшінің орындаушылық шеберлігі Ә. Күй тыңдаушыларының өнерді түсінуі Б. Күй өнерінің құдыреттілігін дәріптеу

В. Домбыра жасаушының шеберлігін мойындау Г. Аруана жануардың жершілдігін мойындату

2.Мәтіннің құрамдас бөліктеріндегі ой реттілігін жүйелеу:

1.Жоғалған қызыл мая туралы баяндалатын бөлігі

2.Домбыра жасаушы шебердің бағалануы

3.Тыңдаушылардың күй құдіретіне еліктеуі

4.Күйшінің домбыраны баптау кезеңі

А. 3, 4, 1, 2

Ә. 4, 3, 2, 1 Б. 1, 3, 4, 2 В. 4, 3, 1, 2 Г. 2, 1, 3, 4

3.Мәтіннен алынған «Мына күлте сақал табам деп отыр ғой» сөйлеміндегі троп түрі (көркемдегіш құрал):

А. Метонимия Ә. Метафора Б. Гиперболла В. Сарказм Г. Синекдоха

4.Мәтіндегі жоқ іздеген жолаушының өнерге деген шексіз сүйіспеншілігін ерекшелейтін тұс:

А. Қамшысының қайысынан ішек жасап, домбыраны баптауы

Ә. Домбыраның жасалу ерекшелігін байқай білуі Б. Күйді орындау кезінде қара тазыға дейін елігуі

В. Жақсы жасалған домбыраға түйесін айырбастауы Г. Күй орындаған кезде бақсылар тәрізді жанындағыларға тесіле қарап,

үрейлендіруі

5. Мәтіндегі «Өліге жан бітіруден басқаның бәрі қолынан келетін» кейіпкер:

А. Домбырашы Ә. Жоқ іздеуші қонақтың құдасы

Б. Күлте сақал Күдері В. Еңгезердей қонақтың жол сұрап, жоқ сұрасаң көзі жайнап кететін жиені

Г. Үй иесі Тілеудің құдасы

Қыран бүркіт не алмайды салса баптап

1. Бүркітке тұлғасы, түр-түсі, үлкен-кішілігі жағынан ұқсап кететін бірталай құстар болса да, кәнігі құсбегілер нағыз бүркітті

178

алыстан таниды. Оның өңі қарақоңыр, тұмсығы көкшіл сары, шұғыл имек, көзі шүңіректеу, қара (кейбіреуінікі ақшегір, сарышегір, құмшегір, қызыл шегір болып келеді), қабағы биік, жанары отты болып келеді. Отырғанда шалғысы айқасып, бірінен-бірі сүйемдей асып тұрады. Аяғы көкшіл сары. Жіліншігінің қыры жыланның қабыршағы тәрізді бедерлі болады. Саусақтары салалы, ір саусағының үстіңгі қырында тізілген маржандай бедері болады. Оны «болат» деп атайды...

2.Қырандық сынына қарай бүркітті бес топқа бөлуге болады: Біріншісі – бас сүйегі ірі, қанды көз, орқызыл балақ, жауырынды, жүні терекжапырақ, жуан қауырсын, құйрық шалғысы қылыш құрмалы түзу келеді. Кең алқалы, қара тіл, қара таңдай. Мұны саятшылар «қанға тоймас қара тіл» деп атайды. Екіншісі – кең тұмсық, кең аяқ, басы көкшіл, тұяғы жазық, түбірлі бұқа мүйіз келеді. Оны «кең ауыз, долы қыран» дейді. Долылығы сол

аңмен алысқанда таяқ жеген сайын беті қайтпай алысып, өшіге береді. Үшіншісі – битті келеді. Екі танауы кең. Саңғырығынан улы құрт түседі. Мұны осы белгілеріне қарай «битті, құртты қыран» дейді. Төртінші топ – белгілеріне қарай «темір саусақ, шеге тұяқ» деп аталады. Бұлардың басы жалпақ, тұмсығы қысқа, тұяғы жазық келеді. Түлкімен көп алыспайды. Салмағы ауыр, ұшып барып, екпіндей құлағанда түлкінің ішін жарып не белін үзіп тастайды. Сол қасиетімен байланыстырып, оны «іш жарғыш қыран» деп атайды. Бесіншісі – бітімі зор, көзі шұңғыл, балапан кезінде жүні қара, балақ жүні шудалы, ақ білек, ақ иық, жүнінің ішінде ақ түс бұршақ-бұршақ болып келеді. Бұл Алтай, Тянь-Шань және Орал таулары секілді биікті мекендейді. Мұндай құстар көбінесе тау ешкі, қара құйрық, еліктермен қоректенеді. Бұларды «Ұлы таудың ақ иық, мұзбалақ қыраны» деп жырға қосады. «Алтайдың ақ иығы» дегендер де – осылар.

3.Құстың бабын жасаған құсбегілер бүркіттің қасиетіне қарап «батыр қыран», «қу қыран» деп те бөледі. «Батырымыз» барлық батырларға тән аңғалдығы бар, албырт, аңмен алысқыш келеді. Қомағайлығынан да болар өзі семіз әрі қоңды болады. Аңға күніне түседі. Жемтігін жеп жатқанда жанына басқа құстар ұшып келіп жағаласса, өлексені тастап, ұшып кете береді. Бұл қорыққандығынан емес, басқа аңды тағы да түсіретіндігіне кәміл

179

сенгендіктен болар. «Қу құстар» жүні жіңішке, сырт жүні жылтыр қара, тұяғы иір, жылан бас, су көз болады. Күшпен алатын аңға көп жоламайды. Қоян, шіл, кекілік сияқтыларға тым құмар келеді. Ұя салғанда тым биік шыңдарға шығып кетеді. Көбінесе, қаршыға, сұңқар сияқты өзінен кішілеу құстардың жемтігін тартып жейді.

4.Бүркіт ыстыққа да, суыққа да төзімді болады. Жемге бір тойып алса, 15-20 күнге дейін аштыққа төзе алады. Жаз күндері шөлдеуік болады. Бүркіт құстарды ауруға шалдықтырмай баптап асыраса, 20-30 жас жасағандары болған. Өте қыран, текті құстар 8-9 жасқа толғанда ғана жұмыртқалап, тек 4-5 жыл ғана балапан ұшырады. Жұмыртқасының саны үштен аспайды.

5.Адамдар қыранды ұядан балапан кезінен алады. Тояттаған сәтінде де ұстап алуға болады. Мұның әдісін білген жөн. Ұстап алған бүркітті қолға көндіру үшін оны байлап-матап тастамай, шарбақ үйшік, темір тор, тым құрығанда жабық үйшікте еркін ұстаған дұрыс. Балапан бүркітті «топқанат» болып қалмауы үшін шыжымдап, ауық-ауық биікте тұрып, еңіске қарай ұшырып тұру қажет. Қолға үйретілген балапанды бос қоя беруге де болады. Өзі қайта ұшып келеді. Ол өзіңіздің әбден дағдыландырып баптауыңызға байланысты. Бұндай бүркітті «қолбала» дейді...

6.Кәнігі құсбегілердің тағы бір сыналар жері – бүркіттің етінің жоғары-төмен болмай, бабында ұстап тұруын дөп басып анықтау. Мұны – «қайыру өнері», «зердесі» бар құстың зердесін алу дейміз. Зерде дегеніміз – бүркіттің ішегінің қуаты төмендегендіктен, жеген тамағынан тоқтап байланған зат. Бүркіттің асқазаны басқа жануарларға қарағанда ерекше болады. Құс қанды ет, сүйек, майды сіңіре береді. Жеген тамағына тас, таза топырақ, аң-құстың жүні, шөп сияқты заттардың араласуынан ешқандай зиян тимейді. Керексіздерін еттің тарамысы мен шандырына шырмап, шандырды жалқаққа айналдырып, құсып тастайды. Бұның бүркіттің ішінде «зерде» қалмауына көмегі тиеді.

7.Тағы бір есте сақтайтын мәселе – қолдағы құсты мезгілмезгіл терлетіп тұру керек. Құс қалай терлейді? Бүркіт етінен арылған сүйекті алысып-жұлқып, мүжіп жеп, тұмсығынан ілікпей құмарланған сайын шаршап, терлей бастайды. Сонда екі танауынан су ағады. Мұны құсты «тартынақ» беріп терлету дейміз.

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]