Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

ОН ЕКІНШІ НҰСҚА

Арқадағы алып Манас мүсіні хақында

Мыс қорытудағы Беғазы-Дәндібай өркениетінің өндірісті істерін атап өткен жөн. Арқаның беліндегі Қызыларай-Беғазы тауларын бауырына тылсым сыр тығып жатқан тарихы терең аймақ дер едік. 1946 – 1953 жылдары академик Әлкей Марғұлан археологиялық зерттеулері арқылы Беғазы қорымындағы қола дәуірінің құпия сырын ақтарды. Аталған өркениеттің кіндігі саналатын Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Қызыларай деген үлкен тау бар. Ерте замандарда соның жаман Қызыларай деп аталатын бөлігінде мыс қорытқан. Әлкей Марғұлан 1954 жылы «Советтік Қарағанды» газетіндегі мақаласында ол жерде мыстан құйылған атты адамның мүсіні бар деп жазған. 1967-1969 жылдары Қарағанды облысын басқарған Мәлік Имашев деген азамат біраз жігіттермен сол таудың басына шығады. Бірақ атты мүсінді кезіктірмесе де, мыс қорытқан жерді табады. 15-20 метрге дейін аққан мыс әлі күнге дейін сай боп жатыр. Ду аршамен өртеп қорытқан мысқа суды сол маңайдағы тоғыз шұңқыр апаннан алған. Ғалымдардың айтуынша, ол уақытта үлкен руда тастарды сонау биіктен алып түсу мүмкін болмай, қорытылған дайын металды ғана алып түссе керек («Егемен Қазақстан» газеті, 19.02.2019).

1. Ерте заманда мысты төменде емес, биік таудың басында қорыту себебі:

А. Тау басында аршаның мол болуы Ә. Тау басында су қорының жеткілікті болуы

Б. Руданы тау басынан төмен түсіруге мүмкіндіктің болмауы В. Мыс қорытуға лайықты шұңғыл сайлардың болуы Г. Мыс қорыту өндірісінің құпия сақталуы

2. Мәтіндегі мыстан құйылған адам мүсіні бар дейтін жер атауы:

А. Ақтоғай ауылы Ә. Қарағанды облысындағы Қызыларай тауы

Б. Қызыларай Беғазы таулары В. Жаман Қызыларай тауы Г. Ду арша өңірі

101

Қатпар-қатпар Қаратау

(Қатынқамал үңгірі)

Ертесі тауға Бірлік ауылының тұсынан сұғына кірдік. Бірліктен соң тауға дейін біраз аумақ жап-жазық екен. Осы жазыққа бұрындары егістік салыпты. Суды қайдан, қалай әкелген дейміз ғой... Со заманның адамдары ерінбей-жалықпай он құдықты қатар қазатын көрінеді. Әрқайсысы бірінен кейін бірі төменге қарай орналасады. Содан құдықтың әрқайсысынан шыққан су бір-бірі- не құйылып, ақырында жердің бетіне шығып, бұлақ сияқты ағады. Аса білгір мұраптардың өткенін білетінбіз. Солардың арық қазу әдісін сұрап жатырмыз. Бір есекке белі қайысардай жүк басып, жібере салады екен. Есегіңіз ылди-ылдимен қайқаңдай басады да, мұрап соның соңынан кетпенін сүйретіп жүріп отырады. Артындағылар арық қаза береді. Осындай әңгімелермен Қатынқамал үңгіріне жеткенімізді байқамай қалыппыз. Үңгірдің дәл алдынан көтерілуге болады. Бірақ алдында сарқырап Ақүйік өзені ағып жатыр. Күздің күні суық суды кешіп жүруге аса зауқымыз соқпады. Бір бүйіріндегі таудан асып түсетін жалғыз аяқ жол бар екен. Сол арқылы баруды жөн санадық. Төбеге көтерілгенде төңіректің сұлулығы ғажап еді. Сөредегі кітапты көз алдыңызға елестетіңізші. Таудың тастары солай қаз-қатар орналасқан. «Қатпарқатпар Қаратау» деп тақырып қойғанымыз да сондықтан. Тап бір адам қолымен қаланған сияқты. Жаңағы жүрістен тынысымыз ашылды ма, әлде таудың самалы кеуденің сарайын күмбірлетіп жіберді ме, биікте тұрып бір барақат күй кештік. Оның үстіне, етектегі сылдырап аққан су, жағасында жайылған жылқы, бұ- жыр-бұжыр таудың сілемдері, сәл секірсең басың тиердей болған бұлт, бәрі-бәрі адам жүрегін елжіретпей қоймайды екен. Құзды қиялай төмен қарай түсу керек. Таяқ тастам жерде Қатынқамал тұр. Кібіртіктеп, табанымыздың астындағы тастар тайғанақтап, қадамымызды санап басып үңгірдің қасына келдік. Үңгірдің аузын табиғаттың өзі жартылай таспен қалап тастаған. Бұрындары шеңгел, жыңғыл секілді ағаштар өскен. Сондықтан үңгірдің баржоғы білінбеген. Түлкінің ініндей саңылау бар. Бұрын адам сиятындай болған. Үңгір неге Қатынқамал атанды? Жаугершілік заманда ер азаматтардың бәрі бес қаруын асынып дұшпанмен

102

шайқасқа аттанғанда қатын, бала-шағасын осы үңгірге жасырып кететін болған. Сондай аласапыран кезінде үңгірдің ішіндегі бір бала шырқырап жылайды. Дауысы тау мен тасты жаңғыртып, аза бойыңды қаза қылады. Жаңғырықты жаудың әскері естиді. Дыбысты қуалап отырып, үңгірді тауып алады. Бірақ ішіне кіргенімен, дәлізден әрі қарай өте алмай, шыққан дауысты елеске балап, кері қайтады. Құр кетпей, үңгірдің аузын бітеп кетеді. Майдан бітіп, жау жеңіліп, азаматтар айдарынан жел есіп үңгірге келеді ғой. Үңгірдің аузы бітеулі. Жалма-жан аша бастайды. Қараса, дәлізде қырық келіншектің өлі денесі жатыр екен. Барлығын ауылға апарып, арулап көмеді. Содан бері бұл үңгір Қатынқамал атанады («Егемен Қазақстан», 09.10.2017).

1.Мәтін бойынша кейіпкеріміздің Қатынқамал үңгіріне тікелей көтерілмеу себебі:

А. Айналма жолды ыңғайлы санады Ә. Ақүйік өзені кедергі жасады Б. Суық суды кешкісі келмеді

В. Төбеге шығып, табиғатты тамашалағысы келді Г. Қатпар-қатпар тастарды көргісі келді

2.Мәтін бойынша адам жанын елжірететін көрініс:

А. Тастардың қатпарлана қалануы Ә. Таудан қиялай түсетін жалғыз аяқ жол

Б. Табиғаттың сұлу көріністері мен құбылыстары В. Үңгірде қаза болған келіншектердің тағдыры Г. Жауды жеңіп келген азаматтардың қайғысы

3.Берілген мәтіннің тақырыбы еліміздегі қандай идеяға сай таңдалған:

А. Әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына кіру Ә. Ел бірлігі – жер бірлігі Б. Рухани жаңғыру В. Елі байдың жері – бай

Г. Қойнауы толы қазына, Қаратауым!

4.Кәсіби сөзі бар сөйлем:

А. Дыбысты қуалап, үңгірді тауып алады Ә. Сөредегі кітапты көз алдыңызға елестетіңізші

Б. Солардан арық қазу әдісін сұрап жатырмыз В. Аса білгір мұраптардың өткенін білеміз Г. ...биікте тұрып бір барақат күй кештік

103

Шөл бүркіті қайда екен?

1.Соңғы кезде, «Егемен Қазақстан» газетінде қазақ құсбегілі мен аңшылық туризмі жайлы, жақсы материалдар жарық көруде. Бұл қуанарлық бастама. Осы орайда, көңілге түйіп жүрген, әлі зерттеліп, зерделеніп айтылмаған, дүниелерді көпшілікке құлаққағыс жасағым келеді.

2.Бүгінгі әлемде құсбегілікке, саятқа пайдаланып жүрген бүркіттердің барлығы – тау бүркіттері. Демек, айтылып-зерттеліп жүрген қырандар да солар. Ал әлі күнге нақты зерттелмеген «Шөл қыраны» деген бар. Оның үлкендігі баладай, айрықша зор бүркіт. Тау бүркітінен бұл бүркіттің айырмашылығы, тау бүркіттері жаңа жұмыртқа басып жатқанда, шөл бүркіттері балапандарын ұшыра бастайды. Яғни шілденің ыстығына балапандарын ұрындырмайды. Шөл бүркіті ұясын биік шың-құзға емес, биік шағыл құмға немесе аласа жабындыға сала береді. Бірақ ұясын қатты қорғайды. Оның ұясының жиегіне жағалай ұсақ торғайлар ұя салады. Шөл бүркіттің қауырсындары қара ала болғандықтан, оларды көбіне «Ала қозы қыран» деп те атайды. Денесі ірі осы қырандар шөл жануары құмдағы қарақұйрықтар, ірі жыртқыштар мекендейтін аймақта болады екен. Ұясында көбіне қарақұйрық, қасқыр сынды ірі аңдардың сүйегі жатады.

3.Менің әкем Тілеужан, тек осы бүркіттің балапанын алып, баулып, аңға салған. Қолға ұстап отырғанда үлкен кісінің денесімен бірдей. 1920 жылдары Сәкен Сейфуллин Омбыдан қашып шығып, Әулиеатаға бара жатып, жолай құмда бүркіт салып жүрген әкеме жолығып, «ырым болсын» деп шөл құсының бір тал қауырсынын сұрап алған екен... Соңғы жылдары шөл бүркітін еш жерден көрмедім. 2011 жылы Астанада өткен халықаралық «Бүркітші» фестиваліне шетелден келген құсбегілерге шөл бүркітінің суретін көрсетіп, сұрау салдым. Дәл осындай қыранды көрдік дегендер табылмады.

4.Өткен жылы ақпан айында Маңғыстау облысы, «Отпан» тауында құсбегілердің республикалық турнирі өтті. Осында келгендерден «Шөл бүркіті жайлы тағы да сұрау салдым. Маңғыстаулық бір азамат түрікмендермен шекаралас қалың құмда дәл сондай «Ала қозы қыран» бар екендігін айтып қуантты... Демек, дүние жүзінде сирек, әлі зерттелмеген айрықша «Шөл бүркіті»

104

қалың құмда әлі де бар екен. Оны кең насихаттап, көпке құлағдар етіп, тауып, қазақ жерінің ерекше бір табиғат байлығын, өз жетістігімізді әлемдік аренаға шығаруға тиіспіз.

5. Сүйінбай мен Қатағанның айтысында Қатаған:

Шөл бүркіті секілді сары жігіт, Сұрайын руыңды қайдан келдің. Сойылмен соққандайын сөздеріңнен, Отырмын арыла алмай қалың ойдан, –

деп жырлаған болмысы бөлек бүркіт – осы. («Егемен Қазақстан» газеті, 10.04. 2018. Жапар Сатылғанов, құсбегі).

1.Мәтін бойынша шөл бүркітінің тау бүркітінен айырмашылығы:

А. Дене тұрқының екі есе үлкендігі Ә. Балапанын ерте ұшыруы Б. Шөл далада мекендеуі

В. Қауырсындарының қара ала болып келуі Г. Қазақстанда сирек кездесуі

2.Мәтін бойынша автор «Ала қозы қыран» туралы жағымды ақпаратты қайдан алады?

А. Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан Ә. Астанадағы «Бүркітші» фестивалінен Б. Маңғыстаудағы құсбегілер турнирінен В. Әкесі Тілеужаннан Г. Белгілі ақын Сәкен Сейфуллиннен

3.Мәтіндегі «шөл бүркіті секілді сары жігіт» кім еді?

А. Ақиық ақын Сәкен Сейфуллин Ә. Айтыскер ақын Қатаған Б. Автордың өзі

В. Жамбылдың пірі Сүйінбай ақын Г. Маңғыстаулық азамат

4. Шөл бүркітінің ұясын жиектей ұсақ торғайлардың ұя салу себебін пайымдау:

А. Бүркіттің балапандарынан қалған азықтың молдығы Ә. Шөл бүркіті ірі аңдармен қоректенгендіктен, қауіптенбейді

Б. Бүркіттің ұясының жиегінен торғайға да орын табылып, жеке ұя салып әуреленбейді

В. Ұясын басқа аң құстардан қорғау үшін Г. Шөл далада бүркіттің ұясы балапандарына көлеңке болады

105

5. Мәтіннің қай бөлімдерінде шөл бүркітіне тән ерекшеліктер сипатталғанын айшықтау:

А. 1, 2, 4, 5-бөлімдерінде Ә. 2, 3, 4-бөлімдерінде Б. 3, 4, 5-бөлімдерінде В. 1, 3, 4, 5-бөлімдерінде Г. 2, 3, 4, 5-бөлімдерінде

6. Құрамында ауыспалы мағынадағы сөзі бар сөйлем:

А. Сұрайын руыңды қайдан келдің? Ә. Отырмын арыла алмай қалың ойдан

Б. Дәл осындай қыранды көрдік дегендер табылмады В. ...Шөл құсының бір тал қауырсынын сұрап алған екен

Г. Қолға ұстап отырғанда үлкен кісінің денесімен бірдей

Ұбықтан қалған бір боздақ

Отаның сені жоғалтып алуы мүмкін, бірақ сен ешқашан Отаныңды жүрегіңнен жоғалтпа.

Б. Шинкуба атты абхаздық жазушының «Ұбықтан қалған бір жалғыз» кітабынан түгел бір халықтың жер бетінен қалай жойылып кеткенін оқыдым. Автор Кавказды мекендейтін, мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар ұбық деген халықтың соңғы өкілінен сұхбат алып отыр. Ресейдің қанды қылышына ілініп, аяусыз күрескен ұбықтар түгел дерлік қырылады. Кемпір-шалдар мен азғантай тобы Осман сұлтанының жарылқауына сеніп, Анадолының құмында азапталып, үйсіз-күйсіз тентірейді. Өз отандары – қайсар Кавказды тастап, Түркияға келген ұбықтарды ешкім басынан сипамады. Аштыққа шыдамағандары сол жерде жан тәсілім етеді. Заурхан Золак – сондай қырғыннан өз халқының қалай жойылғанын көзімен көрген жер бетіндегі соңғы ұбық... Әбден қартайып, қалжыраған қарттың журналистке берген сұхбатынан үзінді келтірейік. Қалай десек те жойылған ұлттың соңғы тұяқ серпуі ғой:

... тілдің жайдан-жай жойылып кетуі мүмкін емес, себебі ол адамның ішкі жан дүниесінде емес-ау, судың, жердің, тастың ішкі дүниесінде өмір сүреді. Қазір де сол ұбықтар елінде бұтақ пен бұтақ, тас пен тас, бұлақ пен бұлақ әлі де сол тілде, яғни менің тілімде сөйлесіп жатқанына кәміл сенемін.

106

... мен абхаз тілін естігім келеді. Отаныңнан алыс жүргенде ана тіліңнен басқа ештеңе ем болмайды екен. Өзен – теңізге, темір – магнитке, адам – туған жеріне ұмтылады.

Мен – Заурхан Золак – осы кемеліне жетпеген дүниедегі соңғы ұбықпын.

Кітап жаныңды ауыртатын осындай сөздермен аяқталады. Қазір әлемде 6500-ден астам тіл бар. Ғалымдардың зерттеуі

бойынша әр15 күн сайын бір тіл жойылады екен. Себебі сол тілде сөйлейтін халық жойылып немесе өзге халықтың құрамына сіңіп, «өз тілінен тірідей айрылып» жатыр. Біздің солтүстігімізде орыс тілінің ықпалынан 47 тілдің тек алтауы ғана аман қалған екен.

Араларыңызда 1995 жылы 5 қараша күні дүниеге келгендерің бар ма? Дәл осы күні «касаба» атты тіл ресми түрде жойылды деп жарияланды. Себебі 4 қараша күні Камерун елінде осы тілде сөйлейтін Богон есімді соңғы адам қайтыс болды. Ойлап қараңызшы, бір халық жер бетінен жоғалады. Енді оның салт-дәстүрі, мыңдаған жылдар бойы сөйлеп келген ана тілі, сол ұлтқа ғана тән мінез бен ерекшелікті енді сіз ешқашан көрмейсіз. Қазір біз жойылып кеткен аң-құстар туралы қалай әңгімелесек, біздің ұрпақтарымыз Жер планетасында осындай халық өмір сүрген, олардың ерекше салт-дәстүрлері болған екен деп әңгімелейтін болады. Ол халық қуанған кезде осылай секіріп қимылдаған, ал мұңайып, көңіл күйі түскенде осындай судың жағасында тұрып көздеріне жас алған. Ол халықтың ер жігіттері ұнатқан қызына осындай зат сыйлап, ұсыныс жасаған. Енді ол халық ешқашан қуанбайды. Бақытсыз болса да мұңаймайды. Төменде өзен анасы ағып жатыр. Бірақ оның жағасында тұрып мұңын ақтаратын перзенті жоқ. Жас жігіттердің сүйгендеріне сыйлайтын дүниесі енді музейде экспонат болып тұр. Себебі оны тағар арулар енді жоқ. Енді оны тек ғалымдар мен туристер қызықтайды. Енді оның ұрпақтары «біздің ата бабамыз кезінде осындай болған, осындай жер үшін, ел үшін соғысқан» деп ешқашан мақтана алмайды. Олардың тарихы енді тек айналдырған бірнеше ғалымға ғана қызық. Егер ол ғалым сол халықтың тарихын бұрмалап, қаралап жазса, ешкім оны қорғап шырылдамайды. Себебі ол халықтың өткенін қорғайтын ешқандай төл перзенті жоқ.

...Астанада (Нұр-Сұлтанда) осындай жер бетінен жойылып, мүлде құрып кеткен жүздеген халықтың, біз айтқан жоқтаушысы

107

жоғалған тілдердің үлкен аллеясы немесе ашық аспан астындағы үлкен мұражайын ашса деген ұсыныс бар. Әрбір қазақ өзі секілді екі аяқты пенденің қалай жер бетінен жоғалғанын көзімен көріп, жүрегімен сезінер еді.

Бәзбіреулер бірнәрсе айтып қалғысы келіп: «Бөкейханов немесе өзге арыстардың ескерткішін тұрғызбай жатқанда, мұның керегі не?» – деп балаққа жармасқан күшіктей шабалаңдайтын болар. Әлекеңдердің арманы – өзіне ескерткіш тұрғызу емес, қазақ тілінің, қазақ халқының мәңгі жасауы. «Ойбай, қазақ тілі құрып жатыр», – деп газет-журналдарда кеңірдегімізді жыртып айғайлай бергенше, көзбен көріп, жүректі қозғайтын дүние жасасақ, тауда ойнап жүрген кейбір «шала қазақтарымыздың» өзі ойланар еді («Қазақ әдебиеті газеті», Рысбек Рамазанұлы, 19.04.2019).

1.Мәтін мазмұны бойынша жер бетінен жоғалған тіл:

А. Ұбықтар тілі Ә. Касаба тілі Б. 15 тіл В. 47 тіл

Г. Касаба мен ұбықтар тілі

2.Тілдің жойылу себебі:

А. Сол тілде сөйлейтін халықтың жойылуы Ә. Басқа елдің күшпен жоюы

Б. Халықтың өз тілін менсінбей, басқа тілде сөйлеуі В. Ұлттың жойылуы

Г. Технологияның дамуына байланысты бір тілдің үстемдік етуі

3. Мәтін бойынша халықпен бірге жоғалатын құндылықтар:

А. Ана тілі, салт-дәстүрі Ә. Ұлттық ерекшеліктер, ұлттық тіл, ұлттық салт-дәстүр, туған жер

Б. Салт-дәстүр, ана тіл, сол халыққа тән ерекшеліктер, ұлттық мінез В. Отан деген ұғым, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер

Г. Ту тігетін туған жер, қадір тұтар ана тіл, ұлттық мінез бен ұлттық ерекшелік

4. Мәтін бойынша қанша қаралап жатсаң да қарсылық көрсетпейтін, өзін ақтамайтын халық:

А. Бодандықта өмір сүрген халық Ә. Ұлттық қасиетін жоғалтып, ұлттық тілінен айырылған халық

Б. Отаны жоқ, жері жоқ, ұлттық ұлағаты жоқ халық В. Жер бетінен жойылған халық Г. Аталғандардың бәріне сай келетін халық

108

5.Жер бетінен жоғалған халықтың тарихын қызықтаушылар (мәтін бойынша):

А. Тарихшылар мен ғалымдар Ә. Туристер мен сол халықтың ұрпақтары

Б. Тарихшылар мен мұражай қызметкерлері В. Тарихшы ғалымдар Г. Санаулы ғалымдар мен санаулы туристер

6.Мәтіндегі «Егер ол ғалым сол халықтың тарихын бұрмалап, қаралап жазса, ешкім оны қорғап шырылдамайды» сөйлеміне қатысты құрмаластың түрі:

А. Аралас құрмалас сөйлем

Ә. Сабақтас құрмалас сөйлем Б. Салалас құрмалас сөйлем В. Жайылма жай сөйлем

Г. Көп басыңқылы құрмалас сөйлем

7. Мәтіннің стилі:

А. Публицистикалық стиль Ә. Ауызекі сөйлеу тіл стилі

Б. Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль В. Ғылыми стиль

Г. Ауызекі және публицистикалық стильдер аралас

8. Ауыспалы мағынадағы сыңары жоқ сөз тіркесі:

А. Кеңірдегімізді жыртып айқайлай бергенше Ә. Жүректі қозғайтын дүние жасасақ Б. Екі аяқты пенденің жоғалғаны В. Ұлттың соңғы тұяқ серпуі ғой

Г. Кейбір «шала қазақтарымыздың» өзі ойланар еді

109

ОН ҮШІНШІ НҰСҚА

Бесқонақтың мінез көрсетуі – оң құбылыс

Халқымыздың ежелгі күнтізбесінде «бесқонақ» деп айдар тағылған уақыт белдеуі бар. Ол неге бұлай аталған? Ел ішіне таралып кеткен әңгіме төркініне құлақ түрсек, көктем келіп, сәуірдің ақ таңы айналасына нұрын шашып, көк шыға бастағанда бес адам көрші ауылға қонаққа жиналады. Көздеген жеріне жақсы жетіп, о жақтағы ағайындар қуана қарсы алып, қазан асылып, ет желінеді. Әңгіме-дүкен айтылып, тағы да бірқыдыру уақыт өтіп, күн екіндіге таянады. Осы уақытта қонақтар жолға жиналады. Олар жаяулап қара жолға бағыт алған кезде жадырап тұрған ауа райы аяқ астынан күрт бұзылып, оның арты алағай да бұлағай ақ түтек боранға айналады. Соның салдарынан қарға адым жер мұң болған бес қонақ бағыт-бағдарынан айырылып, ауылдарына жете алмай, жол үстінде мерт болыпты. Бұл мерзім сәуірдің сегізі мен он сегізінші жұлдызы аралығына сәйкес келеді. Осы кезде күн кенеттен суытып, жаңбыр мен қар жауса, халқымыз оны жақсы ырымға балаған. Алдағы жылдың берекесі мол болып, астық бітік шығады деп есептеген. Ал, керісінше, бұл уақытта аспаннан нәр тамбаса, «Апырмай, құрғақшылық болып кетпесе жарар еді»,деп қауіптеніпті...(«Егемен Қазақстан» газеті, 16.04.2020).

1. Бесқонақтың халық жақсы ырымға балайтын мінезі:

А. Күн аяқ астынан суытып, дауыл тұрса Ә. Қар аралас жаңбыр жауып, күн лезде суытса

Б. Күн бұлттанып, мұнарланып, түнеріп тұрса В. Сәуір айының жайма шуағы бесқонақты байқатпай жіберсе

Г. Бесқонақ мезгілінде жаңбыр жаумай, құр ызғар сезілсе

2. Қазіргі уақытта бесқонақтың ызғарлы суығы мен қар аралас жаңбырының зардабын пайымдау:

А. Көктемгі астық мезгілінде егілмей қалады Ә. Алыс жолға шыққан жолаушылар зардап шегеді Б. Өрістегі мал оралмай қалады В. Ерте гүлдеген жеміс ағаштары өнім бермейді Г. Жазда қуаңшылық болады

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]