Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

ЖИЫРМА ЕКІНШІ НҰСҚА

Кодекс Куманикус

Атауы «Кумандар кодексі» деген мағынадағы түркілердің грамматикалық және сөздік туындысы Қара теңіздің солтүстігіндегі Дешті Қыпшақ даласында жазылған. Бұл еңбектің екі нұсқасы бар: итальяндық және германдық. Жазу таңбалары көне Гот әріптерімен бірдей. «Кодекс куманикустың» екі нұсқасы 1303 жылдың жазында бір кітап болып біріктірілді. Бірақ кітаптың нақты қай кезде толық аяқталғандығы беймәлім. Кітапты Флоренциялық Петрарка деген ақын Антониус Вон Финальден сатып алып, 1362 жылы Венеция Республикасына сый ретінде жөнелткен. Еңбек шамамен 1303 – 1362 жылдар аралығында жазылуы мүмкін.

Елу бес беттен тұратын туындының алғашқы нұсқасы «Итальян кодексі» деп аталған. Онда 1560 сөз бар. Сонымен қатар латын тіліндегі кіріспеден кейін үш баған болып тізілген латын, парсы, түркі тілдеріндегі грамматикалық ерекшеліктерді қамтиды. 1120 сөз дін, көңіл-күй, сауда, заттар, хайуанаттар, мамандықтар, шен түрлері тәрізді топтарға бөлініп жазылған. «Кодекс куманикус» сөздігінде 2680 түркі сөзі бар. Жиырма жеті беттен тұратын екінші нұсқасы «Немісше кодекс» деп аталады. («Ана тілі» газеті, 12.05.2017).

1. «Кодекс куманикус» сөздігінің жазылған жері:

А. Италия жерінде алғашқы нұсқасы жазылған Ә. Германия жерінде жазылу үдерісі аяқталды Б. Венеция Республикасында

В. Грекиядағы теңіз жағалауын мекендеген қыпшақтар жазған Г. Дешті Қыпшақ даласында жазылған

2. «Кодекс куманикус» сөздігінің «Итальян кодексі» және «Немісше кодекс» нұсқаларындағы бет айырмашылығы:

А. Елу бес бет Ә. Жиырма сегіз бет

Б. Жиырма жеті бет В. Отыз екі бет

Г. Үш бағаннан тұратын жиырма екі бет

191

Шиден жасалатын бұйымдар

Бұл бұйымдарды әйелдер жасайды. Жасайтындары – шымши, ас ши, есік ши, өре... Бұлардың ең қиыны – шымши. Ол үшін алдымен еркектер қалың шидің ішінен ұзындығы мен жуандығы біркелкілерін таңдап, іріктеп кесіп әкеледі. Әйелдер оны аршиды. Бас-аяғын біркелкі етіп кеседі. Одан соң екі басына тас байланған қызылды-жасылды жіппен кілем тәрізді тоқиды. Жіпті ауыстыру, аттату арқылы неше түрлі көз сүрінтетін өрнектер түскен шымши өте қиындықпен, асқан шеберлікпен, көз майын тауысып, бармақтың басы қанағанда әрең бітеді. Бұны тоқитындар – кәсіби мамандар. Оларды ат сабылтып, еңбегін төлеп, үй көтеретіндер зорға әкеледі. Шымши керегенің сыртына ұсталады. Бұл сәнге де, жылылыққа да, мықтылыққа да керек. Өре – құрт кептіруге арналған бұйым. Өре тоқитын шилердің арасына біркелкі саңылау қалдырып, құрт кебетіндей желдеткіш бөліктер қалдырып отырады. Өреден басқа жерге кептірілген құрт бәрібір көгеріп кетеді. Өрені адамның қолы жетпейтін биіктікке орналастырып, үстіне жаңа жасалған құртты жаяды. Ас ши мен есік ши де өре секілді тоқылады. Өзгешелігі: үлкен-кішілігі, жасалуы. Атқаратын міндеті: есік ши жаңбыр суын киізге сіңірмей ағызады. Ас ши босаға жақтағы ыдыс-аяқты төрдегілерге көрсетпейді (А. Жүнісов, Бабалар дәстүрі).

1. Шиден жасалатын бұйымдар:

А. Шымши, маңдайша, өре, есік ши, ас ши Ә. Ас ши, есік ши, кереге ши, өре ши Б. Өре, ас ши, шымши, есік ши В. Шымши, кереге ши, ас ши, өре

Г. Бас ши, ас ши, шымши, өре, есік ши

2.Шымшиді кәсіби мамандардың ою-өрнектермен ерекшелеп тоқу

себебі:

А. Киіз үйдің жылы болуы үшін Ә. Киіз үйдің мықтылығы үшін Б. Үйдің ішіне әр беру үшін

В. Киізді түріп қойғанда керегенің сыртынан құлпырып тұруы үшін Г. Дәстүрлі ұлттық нақыштарымызды дәріптеу үшін

3.Қазақта адамға қатысты жиі айтылатын «Өресі – биік» теңеуінің

мәні:

192

А. Адамның бойшаңдығы Ә. Жігіттің серілігі мен өнерлі келуі

Б. Адам бойындағы менмендік, өзін жоғары ұстауы В. Алғыр, шапшаң, шешен, өнерлі адам Г. Білімді, парасатты, ойы жүйрік адам

4. Өренің адам қолы жетпейтін биіктікте орналасу себебін пайымдау:

А. Биік жерде жайылған құрт жылдам кебеді Ә. Жайылған құртқа ит-құс тимеу үшін

Б. Биікте жайылған құртқа самал жиі соғады әрі ойын балаларының шұқып жеуінен сақтандыру

В. Шаң-тозаңнан қорғап, бетін ашық қою үшін

Ақ шағыл

...Талжібек бірінші пернеден бастап, асықпай теріп отырып, сағадағы ең соңғы пернеге жетіп бір-ақ тоқтады. Сонсоң қақпаққа тигізбей, жидірмелете қағып-қағып жіберді.

Жаным-ау, мынау...Тесіктамақтың өз үні ғой?! Әуелі Құрманғазының «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Серпер» секілді бұл өлкеге көп тараған күйлері тартылды. Домбыраның бұрауын түсіруден әріге бара алмайтындардың өздері де жас күйшінің қол алысында әлденендей бір тың дыбыс, соны мінез бар екенін аңғармай қала алмады. Әр саусағының астында бөлек бір діріл, бөлек бір сезім бар. Керекті, шешуші пернеге қадала кеткенде, адамның жүрегін шымырлатып, жанын суырады. Оң жақ қолтығына қысқан домбыраның үлкен шанағы бүйіріне сіңіп, жоғалып кетіпті. Бауырына қысқан сайын күй үні домбырадан ғана емес, күйшінің өз көкірегінен де шыққандай, күңірене күмбірлейді. Құрекең күйлерінен кейін Дина, Салауаткерей кетті. Даланың сирек кездесетін күйшілерінің қай-қайсысы да қолына домбыра алғанда, алдымен, Жалды Құрманғазыдан бастайтын. Қай жерде болсын қарттар жағы: «Ұлы әруақ қой, аттап кетпе, шырағым, сонан баста!» – дейді. Талжібектің де жаңа «Қайран шешемнен» бастауы сол ұлы әруақтан әрі қарай тартылатын күйлеріне сәт сапар, медет тілегені іспетті еді. Жалдының тентек, адуын күйлерінен гөрі қыз жанына соңғы екеуі жақынырақ-ты. Мұны әккі тыңдаушылар бірден түсінді. Күйші домбырасының алдыңғы, Құрекең күйлерін тартқандағы бұрауын бір саты төмендетіп, босатып алды. Шешен домбыраға тағылған қой ішегіне бұдан

193

артық «жақсылық» жасау мүмкін емес-ті: домбыра бұрынғыдан да қоңыр, бұрынғыдан да мұңды сөйледі. Жас қыздың онсыз да сұлу жүзі, тіпті құлпырып, гүл-гүл жайнап сала берді. Иегінің ұшы мен екі қасының арасындағы әйнек үгіндісіндей ұсақ-ұсақ тер тамшылары жылтырайды. Әдемі, мүсінді мұрны қусырылып барады. Сүйсінуден гөрі таңданудан жарыла жаздап отырған жұрт шу ете қап, тез тынды. Өзі жап-жас, өзі қысқаяқты адамның осынша күйді біліп, орындағаны өз алдына, талғап, танып тартуы, әр пернеге, әр дыбысқа өзін сарқып беріп, жүрек жылуының соңғы тамшысына дейін тыңдаушы құлағына сығып тамызып отырған қыз күйшіге сүйсіну де, таңдану да артық емес-ті. Алдарындағы осы бір бүлдіршін кереметтің бүкіл ішкі сарайы лап етіп, бір-ақ күйіп кететін сияқтанды... Талжібекті күй өнеріне шын мәнінде баулыған Тесіктамақ – Сабыр-ды. Қыз ақырында Сабырдың «Алпыс екі Науайынан» «сары Науай», «Қара Науайды» шертті де, домбыраны Қарашашқа беріп, тұрып кетті...

(Ж. Нәжімеденов).

1. Мәтіндегі адуын әрі тентек күйдің иесі:

А. Дина әжеміз Ә. Құрманғазы атамыз

Б. Тесіктамақ Сабыр күйші В. Салауаткерей күйші

Г. Сүйсінуге де, таңдануға да тұрарлық Талжібек күйші

2.Талжібектің күй тарту өнерін Құрманғазының «Қайран шешем», «Серпер», «Қызыл қайың» күйлерін орындаудан бастау себебі:

А. Көпшілікке таныс күй болғандықтан Ә. Халықты бір серпілтіп алудың амалы

Б. Ұстазы жалды Құрманғазы болғандықтан В. Келесі тартар күйлеріне сәт сапар болу үшін аруақты Құрманғазының

күйінен бастау дәстүрге айналған Г. Шабытын шақырып, ұзаққа шабар сонар күйлерді жалғастырудың бел-

гісі ретінде

3.Күйші қыздың Құрманғазы күйлерінен кейін домбырасының бұрауын бір саты төмендетуінің мәнісі:

А. Домбыра ішегінің шірене тартылуын шектеу үшін

Ә. Нәзік саусақтарының босаңси қозғалуы үшін Б. Өзінің жанына жақын Дина мен Салауаткерейдің күйлеріне ауысудың

белгісі В. Күйшілікке баулыған Тесіктамақ Сабырдың күйін тартар алдында

Г. Тыңдаушылардың назарын өзіне аудару мақсатында

194

4.Күй орындау барысындағы адамның жүрегін шымырлатып, жанын суыратындай құбылыс:

А. Күйші қыздың ішкі сарайының лап етіп, бір-ақ күйіп кететіндей сипаты Ә. Сезім мен дірілге толы әр саусақтың керекті, шешуші пернеге қадала

кету сәті Б. Күйдің домбырадан емес, күйшінің көкірегінен күңірене күмбірлеп

шыққандай болу сәті В. Жас қыздың күймен бірге құлпырып, гүл-гүл жайнап сала беруі

Г. Күйші қыздың өзін әр пернеге, әр дыбысқа сарқып беріп, тыңдаушысының құлағына жүрек жылуын тамшылата құюы

5.Күйші қыздың қол алысында әлденендей тың дыбыс, соны мінез барын аңғармай қала алмағандар:

А. Әккі тыңдаушылар Ә. Құрманғазының күйін құдірет санап үйренгендер

Б. Күй десе ішкен асын жерге қоятындар В. Күйшісіне қарап күйді бағалайтындар

Г. Домбыраның бұрауын түсіруден әріге бара алмайтындар

6.Мәтіндегі домбыраның «бұрынғыдан да қоңыр, бұрынғыдан да мұңды сөйлейтін сәті:

А. Құрманғазының күйлерін тартып болып, домбыраның бұрауын бір саты төмендетіп, босатқан соң

Ә. Қақпаққа тигізбей жидірмелете қағып-қағып жібергенде Б. Сабырдың «сары Науайы» мен «қара Науайын» шерткен тұста В. Дина мен Салауаткерейдің күйлеріне ауысқан мезгілде Г. Құрманғазының «Қайран шешемін» бебеулеткен сәтте

Қан майданда қажымаған Қарагер

Жылқы жайлы жазып жүргендіктен, ұнамды дүние көзге шалынса, оны көңілге түйіп, көпшіліктің алқауына ұсынатын әдетіміз бар. Жуырда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Федосеевич дегеннің естелігін оқыдым. Қазақ жылқысы жайлы айтылыпты. Табиғи болмысынан айрылмай, қатаң, һәм ауыспалы ауа райына көндігіп, түп түйсігі мен ақылы аман сақталған дала жылқысы қан майданда осы қасиеттерімен жауынгерлерді қайран қалдырған екен.

– Жан баласы төзбейтін қақаған қыс болатын. Командир «Майданға келген жылқылардан мініс ат алыңдар» деп бұйырды. Барып көрсек, бұл жылқылардың бойы аласа, дала жылқылары екен, деп әңгімесін бастаған қарт майдангер әрі қарай, тұрқы

195

қысқа аттарға солдаттардың көңілі толмады. Мен қалың жылқының ішінен қарагер атты таңдап міндім. Рота солдаттары мені «Есек мінген Дон Кихот» деп әжуалайтынды шығарды. Біздің ротаның міндеті барлаушылық болғандықтан, ит тұмсығы өтпейтін ну орман мен адам баласы аяқ баспаған ми батпақты жерлермен көп жүретін едік. Бір күні неміс әскерінің тосқауылына тап болдық. Қайран Қарагерім мені қарша бораған оқтың астынан аман алып шықты. Жарықтықтың қос құлағын жымпитып, бұта-бүр- генді жастанып, ұра-жыраны паналап, қарағай-қайыңды саялап жер бауырлап шапқанын көрсеңіз ғой...Барлауға шыққанда Қарагерді бірге алып жүреміз. Ол ми батпақты иіскеп көреді де, адам батып кетпейтін таяз өзекті қуалап жүріп отырады, біздің міндетіміз – одан қалмай, ілесіп отыру. Басқа жігіттер таңдап мінген биік аттар ми батпақта болдырып, ақыл-есінен адасып, жүрісінен жаңылып, шаршағанда серейіп-серейіп жатып қалатын. Қол тоқпақтай Қарагерді солдаттар «моңғол» деп атайтын болды. Оның атағы күллі дивизияға жайылды. Кезекті бір шайқаста майдандас досымның атына оқ тиіп, өзі жараланып, оқ пен оттың ортасында қалып қойды. Оны құтқару үшін кері бұрылып шаптым. Терең қазылған окоптардан ырғи шапқан Қарагер жаралы солдатқа жеткенде, оның дәл қасына жартылай жамбастап жата қалды. Қолым солдаттың жағасына ілігіп, оны өңгеріп алдым да, Қарагер екеуміз келген ізімізбен кері шаптық. Бертінде бір кітаптан «дала жылқылары иесі қасқыр қуғанда бөріні соқтыру үшін жантайып жағдай жасайды» дегенді оқыдым да, Қарагердің далалық түйсігін түсінгенгендей болдым. Оның иіс сезуі иттен де артық еді. Қалтама тәтті мен нан тығып қасына барсам, дереу иіскеп біле қоятын. Уақыт өте келе мені «Сиқырлы атқа мінген Илья Муромец» дейтін болды. Солдаттар қақаған қыста аттарына шөп іздеп қиналса, Қарагерім қасат қарды тұяғымен тарпиды да, астындағы шөпті үңгіп жеп алады. Сөйтіп, Қарагер менің ең жақын майдандас серігіме айналды. Талай рет өлімнен құтқарды. Соғыс біткен соң Мәскеу маңындағы жылқы шаруашылығына өткіздім. Сондағы менің еңірегенімді көрсеңіз ғой, жарықтық Қарагер де жылап тұрды. Естелік болсын деген ниетпен жалынан бес тал қыл жұлып алдым да, кете бердім... («Егемен Қазақстан» газеті, 14.04.2020. Бекен Қайратұлы).

196

1. Мәтін бойынша жауынгерлердің Қарагерді барлаудан қалдырмау себебі:

А. Қаруларын артып алады Ә. Жараланғандарын мінгізіп алады

Б. Батпақты жерден өткел таба алады В. Жауды алыстан сезіп, белгі береді

Г. Иісшілдігінің арқасында қайтар жолдан адаспайды

2. Дала жылқысының майдандағы жауынгерлерді таңғалдырған қасиеттері:

А. Табиғаттың қатаң мінезіне шыдап, түйсігі мен ақылын сақтай білуі Ә. Түп түйсігін сақтау арқылы ауыр жүктерді тартуға бейімділігі Б. Иісшілдігі мен сезімталдығы В. Иесінің ойын түсініп, қажетті қимыл жасай алуы мен жүйріктігі

Г. Бойының аласалығы мен ақылды болып келуі

3. Алғаш ат таңдауда солдаттардың келген жылқыларды жақтырмау себебі:

А. Дала жылқылары болғандықтан Ә. Еуропалық жылқыны ұнатқанынан

Б. Алғашында тұрқылары әлсіз, ашаң көрінгендіктен В. Сыртқы пішіндері аласа келгендіктен Г. Атқа мінуге дағдыланбағанынан

4. Қарагердің үстіндегі жауынгерді жауған оқтың арасынан аман алып шығудағы қасиеті:

А. Жылдамдығын лезде үдете алуы Ә. Орманды жердегі ептілігі Б. Иесінің айтқанын түсінуі В. Тұрқының қысқалығы Г. Ми батпақты тани білуі

5.Мәтіннің жазылу стилі:

А. Көркем әдебиет стилі Ә. Шаруашылық стилі Б. Ресми іс қағаздар стилі

В. Ауыз екі сөйлеу тіл стилі Г. Публицистикалық стиль

6.Қарагердің дала жылқысы екендігін білдіретін әрекеттерінің бірі:

А. Орман ішінде адаспауы Ә. Батпақты жерге салмақ түсірмей өтуі

Б. Қыстыгүні қар астынан шөп аршып жеуі В. Төрт аяғын тең басқан жорғалығы Г. Жауға қарсы шапқанда қаймықпайтыны

197

7. Мәтін бойынша Қарагердің соғыстан кейінгі тағдыры:

А. Иесімен бірге сенімді серігі ретінде еліне оралды Ә. Соғыстан кейінгі тағдыры белгісіз Б. Өзінің еркін даласына оралады

В. Жылқы шаруашылығына тапсырылады Г. Майдан шебінде иесімен қоштасып қалады

8. Жауынгердің Қарагермен қоштасарда жалынан бес тал қыл жұлып алғаны несі екен?

А. «Есімде сақталады» деген ырым Ә. Жан серігі болғандығының белгісі Б. «Жалың күзелмесін» деген ырым В. «Естелік болсын» деген ниет Г. Жануарға деген құрметтің белгісі

198

ЖИЫРМА ҮШІНШІ НҰСҚА

Абылай

Қаршадай дегеннен шығады, жалбыр тонды жылқышы бала қан майданда қалмақ ханының хас батыры әрі күйеу баласы Шарышпен жекпе-жекке шығып, жауының жанын жаһаннамға жіберген ғой. Кек қайтарғалы Абылайды қолға түсірген қалмақ ханы Қалдан Серен оны алдына алғызып: Шарыш сынды батырдың орнына сені өлтіремін, не арманың бар? – дегенде Абылай:

Менің үш арманым бар: әуелі мен Шарышты қазақ пен қалмақтың қан майданында өлтірдім, сіз мені ұйқыда ұстап алып өлтіргелі отырсыз. Қазақ пен қалмақтың қан майданында өлсем арманым жоқ. Екінші – қазақ көшіп-қонып, орнықпай жүрген ел ғой, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім. Үшінші – төрт атадан бері жалғыз едім, дәл қазір өліп кетсем не балам, не бауырым жоқ, дүниеге келмегендей боламын ғой, – дейді. Сонда Қалдан хан төмен қарап отырып, қасындағы уәзіріне айтқанының бәрі дұрыс деп, кешірім жасапты (Көкбай ақын, «Абылай»).

1.Мәтін бойынша Қалдан Сереннің Абылайға кешірім жасауының басты себебі:

А. Абылайдың батырлығын мойындағаны Ә. Шарыш сынды батырының Абылайдан әлсіздігін мойындаған соң

Б. Абылайдың ұрпақсыз қалуына жаны ашығандықтан В. Абылайды майданда емес, ұйықтап жатқанда қолға түсірген әлсіздігін

мойындағаннан кейін Г. Абылайдың болашақта қазақ хандығын басқаратындығына көзі жеткен

соң

2.Абылайдың үшінші арманы – «не балам, не бауырым жоқ» дегендегі меңзегені:

А. Үйленбегенмін, ағайын-туысым жоқ Ә. Жаспын, атадан жалғызбын Б. Төрт атадан жалғызбын, балам да жоқ

В. Отбасын құрған жоқпын, атадан жалғызбын Г. Өліп кетсем жоқтаушым жоқ, жалғызбын

199

Отқа шақыру

Той-томалақ аяқталған соң жас келінді маңайдағы үлкен үйлер отқа шақырады. Барған үйіне құр қол бармайды. Әкелген жасауынан бір зат апару шарт. Отқа шақыру – ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ырым. Оның мәнісі: «Бүгіннен бастап келіп жүр. Бұл да бір үйің. Мұндағы бала-шағалар жақын екенін біліп жүрсін, араласып жүрсін» дегені. Келін бұл үйлерге барғанда өзінің өн бойындағы барлық әдептілігін, көргенділігін көрсетуге тырысады. Отқа шақыру аяқталған соң ел ішінде келінге баға беру басталады. Жастар жағы оның ажар-көркін көбірек сөз етеді де, кәрілер пысықтығын, қағылездігін, келешекте қандай әйел болатындығын мөлшерлейді. «Бағы бар жігіт болды. Келіншегінің ай десе аузы, күн десе көзі бар екен. Нағыз бота тірсек, ителгі иек, өрт көздің өзі! Шіркіннің көзі тым жайнап тұр! Мұндай бақыт құсы кез келгеннің маңдайына біте бермейді. Не бір сұлу дегенді де көріп жүрміз ғой» дегенді естігендер келінді көру үшін арнайы келеді. Егер өзі көріксіз, өзі шуаяқ болса, «Е, жерде қалмайтын тесік моншақтың бірі екен» деп сырт айналады. Ал кәрілердің сөзі көбінесе «қатын алма, қайын ал», «Шешесіне қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш» дегеннің төңірегінде болады. Ұнатса: «Тұяғынан от жанып тұр. Алтын асықтай бала» деп мақтайды. Былайша айтқанда, отқа шақыру – келіннің сынақтан өтетін кезеңі (А. Жүнісов, Бабалар дәстүрі).

1.Жаңа түскен жас келінді отқа шақырушылар:

А. Келін түскен үйдің ағайын-туыстары Ә. Келін түскен үйдің маңайындағы үлкен үйлер Б. Жас келіннің абысындары

В. Келіннің өзі қатарлы жас қыздары бар үйлер Г. Келінге ақыл-кеңес беретін үлкені бар үйлер

2.Мәтін бойынша отқа шақыру ырымы:

А. Жас келінге жол көрсету Ә. Жаңа түскен келіннің жасауынан сыбаға алу

Б. Келінді болған әулетке құрмет көрсету В. Жаңа түскен келінді сыннан өткізу Г. Келінді ауыл салтымен таныстыру

3. Отқа шақыруға барған келіннің басты міндеті:

А. Шақырған үйге жасауының бағалы бөлігін апарып беру

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]