Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Айтөре мына сөзге қатты толқып, оның жүзіне тұңғыш рет көз тоқтата қарады. – Сіз ақылды әйелсіз, – деді ол ақырын ғана. Сіз тұнып тұрған қазынасыз... (Дулат Исабеков).

1.Әңгіме кейіпкерінің иттің етінен жек көретін сөзі:

А. Өтірік сөздер Ә. Жылаңқы сөз Б. Жалған сөз

В. Жылтырақ сөздер Г. Ұялатын сөздер

2.Кейіпкердің көп кінәлайтын адамы:

А. Өтірік айтатын адам Ә. Өтірікке сенетін адам

Б. Өтірік сөзден ұялмайтын адам В. Ұялмайтындардан ұялатын адам

Г. Өзеуреп, өтіріктің майын тамызатын адам

3.Жалған сөздің қажет болмай қалатын кезі:

А. Ұят жеңген кезде Ә. Жылаңқы сөздер тыйылған тұста

Б. Шындық үстемдік құрған кезде В. Ешкім сенбеген кезде

Г. Майын тамызып шұбыртатындар азайған кезде

4.Барақат шалдың жаратқан иесіне тәуба қылуының себебі:

А. Мейірім шапағатының түскеніне Ә. Құрт-құмырсқа етіп жаратпағанына Б. Адам етіп жаратқанына

В. Он сегіз мың тіршілік иесінің бірі болғанына Г. Кедей болса да тірі жүргеніне

Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп...

Дана халқымызда «Келген жеріңнің биігіне шық, еліңнің үлкеніне жолық» деген нақыл бар. Аузының дуасы бар, ақылдың қаймағына ие ізгілікті, мейірбан, әділетті өмір-тіршілік, келешек жайын, дүние құбылыстарын салиқалы көзқараспен дұрыс безбендеп шешімпаздық танытатын ақсақал – ауыл-аймақтың айбары, құты.

Жапон мақалына жүгінсек, «қарт кісінің тәжірибесі – тасбақаның сауытынан берік». Ол – өкпешіл, міншіл, көңіліне кір сақтағыш, біреудің іс-әрекетін жоққа шығарғыш емес, «арыстан

31

артына қарап ақырмас» дегендей, келешектің тұлғасын тәрбиелейтін кемел ақылман, көреген көшбасшы. Демек, Абайдың «хикмет кеудесі», ғұламалық зердесі елді дұрыс жолға бастаушы өрі-қыры бірдей даналықпен, ізгілікпен, өмірлік тәжірибесімен мұздай қаруланған ақсақалдың шынайы тұлғасын сипаттайды. Сондықтан да:

Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық, – деуі халық тағдыры-

на, ел болашағына, оның бірлік-тұтастығына, ауызбіршілігіне зор жауапкершілікпен қарағандығынан туындаған. Задында, Абайдың әрбір өлеңінің шығу тарихы бар. Хакімнің әрбір сөзі – сол бір дәуірдің суреті, тұтас бір кемеңгерлік кеңес. Ол асыл жұртының алға басуын, биіктен көрінуін, көсегесі көгеріп, толысып-же- тілгенін көксейді. 1886 жылы жазылған «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» дейтін намыс әрі сөгіс толғауында:

Ақсақалдың, әкенің, білімдінің Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек, – дейді де, бұл ойын

одан сайын «Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек», «Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек», – деп өнерсіздерді, құлықсыздарды әшкерелейді, ақсақалдың тілін алмағандарды айыптайды. Он төрт жасынан әкесіне қолқанат болған, ел басқару ісіне еркін араласқан, дау-шарларда мінсіз төрелік айтқан, заманды, қоғамды хас тамыршыдай таныған, адам баласының тұңғиық сырларын қапысыз меңгерген Абай:

Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып өтті қарт, Көнбеді жұрт, не ылажы? –

деп қазыналы қарттың еңбегі еш болғанына өзегі өртене өкінеді...

Асылы, «ақсақалдық», «үлкендік» ұғымына ұшан-теңіз тәжірибе, кемел көзқарас, мақсаткерлік, кеңпейілділік, елшілдік-мемлекет- шілдік, еңбекшілдік, имандылық, жақсылықты қорғау, жамандықты әшкерелеу тәрізді қасиеттер енеді.

Данагөй, сыншыл, алысты болжағыш Абай «тірі болып төрде жоқ, өлі болып көрде жоқ», «қартаң бай», «қартаң шал», «кезбе шал» дейтін көзбояушы сұрпақпайлардың шаңын қағады, шаяндай шағады. Мәселен:

32

...Байбайшыл тартып, баға жоқ, Жастарға жаппас жала жоқ. Жат қораны күзеткен, Қартаң шалда сана жоқ.

(«Туғызған ата, ана жоқ»)

...Басалқа сөз сенде жоқ, Айтқан сөзің – «малың шаш». Итше індет тілемей, Жат үйіңде, өлсең де аш! Ойлап-ойлап қарасам, Осындай шал қайда жоқ.

Қозғау салып қоздырғыш, Кезбе шалдан пайда жоқ.

(«Қайғы шығар ілімнен»)

(«Егемен Қазақстан» газеті, 26.02.2020.)

1. Мәтін бойынша ауыл-аймақтың айбары, құты болатын қария:

А. Салиқалы, аузының дуасы бар, ізгілікті, мейірбан Ә. Аузының дуасы бар, ақылдың қаймағы, әділетті, шыншыл, берекелі Б. Ақылды, ізетті, салиқалы, мейірім нұры жауған

В. Ақылдың қаймағы, әділетті тіршілік иесі, көсем, мейірбан, аузының дуасы бар

Г. Ізгілікті, әділетті, мейірбан, салиқалы, кішіпейіл

2. Данагөй Абайдың пайдасы жоқ «шалы»:

А. Тірі болып, төрде жоқ шал Ә. Кезбе шал Б. Өлі болып, көрде жоқ шал В. Қартаң шал Г. Қартаң бай

3. Абай сипаттаған шынайы ақсақалдың тұлғасы:

А. Даналықпен, тәжірибемен, ізгілікпен, зерделілікпен қаруланған ақсақал Ә. Өмірлік тәжірибемен, даналықпен, даңғыл жолға бастаумен, парасатпен

қаруланған ақсақал Б. Даналықпен, ізгілікпен, өмірлік тәжірибемен қаруланған ақсақалдың

бейнесі В. Мансапты жек көру, әділеттілік, мол тәжірибемен қаруланған ақсақал

Г. Зерделі даналық, шексіз ізгілік, мол шынайылық, әділеттілікпен қаруланған ақсақал

4. Мәтін бойынша «ақсақалдық» ұғымына тән қасиеттер:

А. Шексіз тәжірибе, кемел көзқарас, елшілдік-мемлекетшілік, енбекшілдік, шыдамдылық, жақсылықты қорғау

33

Ә. Имандылық, еңбекшілдік, жамандықты әшкерелеу, кеңпейілділік, кемеңгерлік, мақсаткерлік

Б. Жақсылықты қорғау, шексіз тәрбие, кемел көзқарас, мақсаткерлік, мол тәжірибе, жамандықты әшкерелеу

В. Шексіз тәжірибе, кеңпейілділік, жақсылықты қорғау, еңбекшілдік, мақсаткерлік, кемел көзқарас

Г. Кемел көзқарас, жамандықты әшкерелеу, жақсылықты дәріптеу, еркіндікті қолдау, елшілдік-мемлекетшілік

5.Ұлы Абайдың санасы жоқ «шалы»:

А. Кезбе шал Ә. Қартаң бай

Б. Қозғау салып қоздырғыш шал В. Байбайшыл шал Г. Қартаң шал

6.Мәтін бойынша Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жазған кездегі жас мөлшері:

А. Елуге таяған шағы

Ә. Қырыққа таяған шағы Б. Алпысты алқымдаған кез

В. Қырықтан енді асқан тұсы Г. Қырықтың орта тұсына жеткен шағы

Сәтбаевтың рухани әлемі

Сірә, жер бетіндегі пенде біткен шынайы зиялылық пен парасаттылықты бағалар санасын жоғалтып алмаса, Сәтбаев есімінің және гуманизмінің де адамзат жадынан ұмытылмасы анық.

...Жылдар жылжып, ғасырлар айналған сайын Сәтбаевтың да ұлттық мәдениетіміздің, күллі адамзат өркениеті тарихының өн бойындағы қадау-қадау тұлғалар қатарынан орын алары ақиқат. Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуын 1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүние жүзі халықтары атап өткені – осы пікіріміздің айғағы.

... Біз, қоғамтанушы ғалымдар енді ғана зерттей бастаған рух мәселесі туралы әңгіме қозғала қалса, менің есімнен 1947 жылғы Лондонда өз заманының ірі саяси қайраткері Уинстон Черчилльдің КСРО Жоғары Кеңесі өкілдерін қабылдаған кездесудегі сұхбат шықпайды.

Қазақтардың бәрі сіз секілді биік пе? – деп сұрайды У. Черчилль Сәтбаевтан оның қай ұлт өкілі екенін білген соң. Сол сәтте Сәтбаев:

34

О не дегеніңіз, менің халқым менен де биік! – деп жауап берген еді ғой.

Сірә, бұл сөз Сәтбаевтың тіліне табан астында оралмаған болар. ...Мұншама мұқалмас ұлттық рух пен сенімнің, ұлттық намыс пен қайраттың қайнар көзі қайда жатыр?! Осы сұрақтарға жауап іздей отырып, мен кейде өзімнің есімде қалған Сәтбаев бейнесін көз алдыма қайта елестетіп, әкемдей қамқорлық жасаған ұлы ұстазыммен болған жүздесуді жиі-жиі ой елегінен өткіземін. ...Ол кезде академияда жай қызмет істеудің өзі ең бір қадірлі де қастерлі лауазым іспетті еді. Ертелетіп ғылыми кітапханаға жетуге тырысатынбыз. Себебі сәл кешіксең, кітапханадан орын жетпей қалуы мүмкін. Ат шаптырым оқу залдарының қаңырап бос тұратыны қазір ғой, ол кезде ғылым мен білімге деген құштарлық бөлек еді. Іздеген кітабымызды алып, орнымызды белгілеп болған соң өңкей қылқандай жігіттер сыртқа асығатынбыз. Сондағы мақсат – сағат дәлме-дәл тоғызда академияның алдында машинасынан түсетін Қаныш ағаға сәлем беру. Жоқ, бұл жалпақтау да, жарамсақтану да емес еді. Есімі әлемге әйгілі ұлы тұлғаның қолын алып, хал жағдайымызды сұрағанына төбеміз көкке жеткендей мәз болып қалатынбыз.

...Баянауыл ауданында халық соты болып қызмет атқарып жүрген жиырма төрт жастағы Сәтбаевты 1923 жылы Томск қаласындағы Технология институтына оқуға шақырған белгілі Алашорда қайраткерлері Әлімхан Ермеков пен Әбікен Сәтбаевтың досы Михаил Антонович Усов болатын. Қаныш Имантайұлының өзі де көрнекті орыс ғалымдары В.А. Обручевтің, М.А. Усовтың пікірлерін ілгері дамыта отырып, кен байлықтарды металлогениялық болжау әдістері тұрғысынан ашты. Сөйтіп, әлемдік геология ғылымында соны саланың негізін қалады. Сәтбаев жаңалығы дүние жүзі ғалымдары тарапынан қызу қолдау тапты. Қаныш Имантайұлы қашанда отандық ғылыми қауымды әлем зиялыларымен жалғастыруға ұмтылған. Оның Англияға, Қытайға барған сапарлары да, тіпті өзі қатысып үлгере алмай кеткен Делидегі әлем геологтарының бірінші халықаралық конгресіне қалай дайындалғаны осы ойымызды айғақтай түседі.

...Қаныш Сәтбаев – жиырмасыншы ғасырдың басында өсіп жетілген жаңа толқын қазақ зиялыларының өкілі. Жаңа толқын қазақ ғалым-ағартушылар, олардың арасында Сәтбаев та, Әуезов

35

те бар, туған халқын өнер-білімге кенелту арқылы әлемдік өркениет көшіне ілестіруге ұмтылды. А. Байтұрсынұлының жаңа әліпби жасауды қолға алуы, Х. Досмұхамедовтің «Медицина», М. Жұмабайұлының «Педагогика», Ж. Аймауытұлының «Психология», М. Әуезовтің «Құрылыс материалдары», Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулықтарын жазуға отыруы осы ізгі мақсат жолына бағытталған әрекеттер еді.

Бозбала Қаныштың (Ғабдул – Ғани) Семей қаласындағы Абай кешін ұйымдастыруға белсене араласуы, А. Затаевичке қазақтың 25 әнін айтып беріп, нотаға түсіртуі, Баянауыл тауының бөктерінде «Еңлік – Кебек» спектаклін қойып, өзі де рөлде ойнауы, Мәскеуден «Ер Едіге» дастанын кітап етіп бастыртуы, қазақтың тұңғыш театры туралы мақала жазуы – бәрі-бәрі атақ-даңқ қуғаннан емес, еліме, халқыма пайдам тисін деген елгезек ниеттен туған ізгі істер болатын. ...Бұның бәрі – Қаныш Имантайұлының жасынан бойына сіңірген дүниетанымдық-фәлсафалық және ағартушылық-гуманистік мұраттарының көрінісі. Өмірлік ұстынға айналған осы асқақ мұрат оның өзін де шырқау биікке көтерді. Ағылшын премьер-министріне «менің халқым менен де биік» деп айтқызған да сол асыл мұратының мәңгілік өшпейтініне, кейінгі ұрпақтарының жүрегінде жалғасатынына деген сенім еді («Егемен Қазақстан» газеті, 10.04. 2019, Әбдімәлік Нысанбаев, академик).

1. Мәтін мазмұнындағы түйінді идея:

А. Қаныш Имантайұлының ғалымдық әлемі Ә. Ұлы ғалымның дүниетанымдық және ағартушылық еңбегін дәріптеу

Б. Ғалымның халық өркениетін жетілдірудегі мақсатын айшықтау В. Сәтбаевтың рухани дүниесіне үңілу Г. Сәтбаевтың рухына бағытталған мерейтойлық мақала жазу

2. Қ. Сәтбаев бойындағы ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық қайраттың қайнар көзі:

А. Қазақ зиялыларының ықпалында Ә. Ұлттық тәрбиеде Б. Халқына деген сүйіспеншілікте В. Асқақ мұратында

Г. Дүниетанымдық көзқарасында

3. Мәтін бойынша Ұлттық Ғылым Академиясының ат шаптырымдай оқу залдарының қаңырап бос тұру себебі:

А. Ол кезде кітап қоры аз болды

36

Ә. Соғыстан кейінгі жылдарда оқырман аз болды Б. Ғылыми кітаптардың аздығынан, оқырман басқа кітапханаларға кетті

В. Қазір интернетке жүгінген оқырман кітапханадан не алсын!? Г. Қазір кітап оқитын оқырмандар жоқтың қасы

4.Қаныш Имантайұлының ғылыми зерттеу жүргізген саласы:

А. Металлургия, түсті металл Ә. Геология, кен орындарын айқындау

Б. Қазақ жеріндегі пайдалы қазбалардың көзін табу В. Металлогениялық болжау әдістері Г. Ғылымның барлық саласы

5.Мәтін бойынша жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының басты мақсаты:

А. Халқының өнері мен мәдениетін көтеру Ә. Елінің ғылымы мен білімін жоғарылату

Б. Халқын ең қажетті оқулықтармен қамтамасыз етіп, өркениетке көтеру В. Жұртын әлемдік өркениет көшінен қалдырмау Г. Өркениеттілікті мәдениет пен өнерден іздеу

6.Мәтін бойынша саралағанда, Қ. Сәтбаевтың неше жылдық мерейтойы аталып жатыр:

А. 115 жылдық Ә. 120 жылдық Б. 130 жылдық В. 125 жылдық Г. 110 жылдық

7.Ұлы ғалымның «менің халқым менен де биік» дегендегі айтпақ ойы:

А. Халқының асқақ рухы

Ә. Еліне деген сүйіспеншілік Б. Қазақ халқының намысшыл, ер жүректігі В. Елінің, жерінің кеңдігі

Г. Халықтан шыққан ойшыл тұлғалардың көп болуы

8. «Қаныш Сәтбаев – жиырмасыншы ғасырдың басында өсіп жетілген жаңа толқын қазақ зиялыларының өкілі» сөйлеміндегі сөйлем мүшелерінің түрі:

А. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш Ә. Бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, анықтауыш

Б. Бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш В. Бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш Г. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш

37

БЕСІНШІ НҰСҚА

Таңғажайып дүние [1]

...Мейлі, адам жаны дара болсын, не әркімге ортақ дүние болсын, әйтеуір, соның осынау қара құрттай қаптаған жан иесінің арасынан саған келіп қонуы, сенің жоқтан бар болуың – таңғажайып нәрсе! Басқасын былай қойғанда, адамзат көшінің сапырылысқан ұлы дүрмегінде осынау дүниеге бір мезет соғып кетудің өзі неге тұрады?! Өмірде кемдік, қорлық көрдім деп өкінбе, Алланың аманат жанын ауырсынба. Тірліктен мезі болсаң, алдыңда ақ өлім тұр, ол сені бар бейнеттен құтқарады. Адам пендесі дүниеге келгенде болашақ ата-анасын таңдай алмайтыны секілді, туатын мерзімін, мекен жайын, қарасты мемлекетін де таңдап жатпайды. Ол жағы – тағдырдың ісі. Қандай рухтың бойыма дарығанан кім білсін, күндердің күнінде дүниеге келу бақыты менің үлесіме де тиген екен. 1936 тышқан жылы, көкек айының 24-жұлдызында, өзімнің тіршілікке келгенімді әлемге әйгілеп, шыр етіп жерге түсіппін. Туған жерім – Тарбағатай тауының күнгей беті, қазір Қытайға қарасты Шәуешек шаһарынан елу шақырым жердегі Малдыбай бұлағы. Көк қаулап, қой қоздап жатқан тоқшылық кезі екен. «Жұмаділ шаңырағына тағы бір ұл келді» деп, ауыл-аймақ жиналып, дүрілдетіп той жасапты. Шілдеханаға жиналғандар қалжаға байланған бордақы қойдың жас етімен қоса, сары ала сүрге, көктемгі сары уызға тойып, разы-хош- тықпен тарасыпты. «Солай болыпты» деп сәл бұлдырлау айтып отыран себебім, мен ол кезде мұның бәрін көріп, сезіне алған жоқпын ғой. Қалай еңбектеп, қаз-қаз басқаным, табалдырықтан қалай аттағаным, жер шарын айналған Магелландай, сол жер шарынан аумайтын киіз үйдің белдеуінен ұстап, оны алғаш рет қалай айналып шыққаным да есімде жоқ. Үлкендердің айтуынша, тілім ерте шығыпты. Ешкімді жатырқамай, тақылдап сөйлесе беретін көрінем...(Қ. Жұмаділов)

1. Мәтін бойынша автордың бала кезінен есінде қалғаны:

А. Алғаш еңбектеп, қаз-қаз басқаны Ә. Тіршілікке келгенін дүниеге әйгілеп, шыр етіп жерге түскені

38

Б. Жер шарынан аумайтын киіз үйді белдеуінен ұстап, алғаш айналып шыққаны

В. 1936 жылдың 24 көкегінде дүниеге келгені Г. Ештеңе есінде қалмапты

2. Мәтін бойынша таңғажайып нәрсе дегеніміз:

А. Ата-ананың «ұл келді» деп қуануы Ә. Баланың тілі ерте шыққаны Б. Осынау дүниеге бір мезет соғып кету В. Сенің жоқтан бар болуың

Г. Өмірден қорлық көрдім деп өкінбеу

Таңғажайып дүние [2]

Тегінде, сенің жарық дүниеге келуің өзің үшін қандай ұлы оқиға болса, сол айнала қоршаған әлемді жадыңда сақтап, қабылдай бастауың – ол да бір елеулі нәрсе. Қазақ мұны «ес кіру» дейді. Оның елеулі болатыны сен үшін тіршіліктің қызығы мен шыжығы енді басталмақ. Ал менің әлемге алғаш рет таңдана қарап, санама сәуле түсуі, яғни сыртқы дүниені қабылдауым мына бір сәттен басталады. Күн шайдай ашық, бірақ ауада бет қарыған қызыл шұнақ аяз бар еді. Сол жылы Тарбағатайдың күнгей бетіне қар қалың түскен-ді. Айнала – аппақ, тап-таза. Тал-теректердің бұтағына дейін мысық құйрықтанып, қолың тиіп кетсе сау ете түскелі майысып зорға тұр. Аязды қыстың осынау шаңқиған, ашық сәскесінде, есік алдындағы қары күреліп, сыпырылған кең аулада ауыл адамдары қарбаласқа түсіп, бір сүттей аппақ, боз биені жабыла жығып жатты. Бұл – біздің үйдің соғымының басы еді...Бір мезетте білегін сыбанып, әлекедей жаланған жігіттердің бірі төрт аяғы буылған ақ боздың ноқталы басын арқанмен соза тартып тұрды да, екіншісі «сенде жазық жоқ, бізде азық жоқ, Аллаһу акбар!» деп, үлкен лөкет пышақпен кеңірдектен орып жіберді. Сіз енді осы тұста манадан бері есіктің кіреберіс басқышында бір кішкентай қара баланың осы көріністерді қалт етпей бағып тұрғанын да еске алып қойыңыз. Бірақ дәл осы сәтте күтпеген жағдай болды. Кенет ышқына бұлқынған боз бие үстіндегі адамдарды тарыдай шашып, жартылай бауыздалған күйі орнынан атып тұрды. Жігіттер жаңа қарбаласып жүріп, аяғын буған арқанды тым бос байласа керек. Әлі жұлыны қиылмаған ақбоз тұсаулы қалпында көкке шапшып, қорқырап, тулап жүр. Ақ

39

қардың беті лезде қызыл шұбар қан болды. Бейне уыс-уыс қызғалдақты біреу айналаға шеңгелдеп шашып жатқандай... Бір тәуірі, биенің басына ие болған жігіттер арқаннан айрылмапты. Жұрттың үсті-басы қызыл ала қан. Айнала абыржыған айғай-шу.

Жіберме...Артқы аяқтан қайта шалыңдар!

Сені не қара басты? Қолыңа май жаққансың ба?!

Жануар-ай, мал төркініне обал болды-ау!

Ештеңе етпейді... Бұл да бір жақсылыққа шашылған ырыс қой! – деген дауыстар естіледі.

Бір мезетте жігіттер жанұшыра жабылып жүріп боз биені қайта жықты. Манағы кішкентай қара баланың мынадай сұмдықтан қорқып, шошынғаны сонша, қасында тұрған анасының бауырына тығылып, шырқырап жылап жібергені есімде... Міне, алғаш рет менің есім осылай кірді! Сол кезге дейін іске қосылмаған сана қақпағы сарт етіп ашылды да, сыртқы дүниені ми таспасына жаза бастады (Қ. Жұмаділов).

1.Мәтін бойынша «ес кіру» дегеніміз:

А. Алғаш рет шошыну, қорыққан сәтті есте сақтап қалу Ә. Алғаш рет жан-жағыңа таңдана қарау Б. Сананың сарт етіп ашылуы

В. Қоршаған дүниені жадыңда сақтап, қабылдау Г. Ерекше құбылыстарды ми таспасына жазу

2. Тал-теректердің бұтағын көтере алмай майысуының себебі:

А. Жемістерінің мол болуы Ә. Қыс ерте басталып, жапырақтарының түспей қалуы Б. Тұтасқан қардың салмағы В. Қатты аяздың құрсауы

Г. Тұтасқан қыраудың бусануы

3. Мәтіндегі қызыл ала қанға боялған боз биенің жартылай бауыздалса да тулап, аспанға атқылауына қуат беруші:

А. Тағылық асаулығы Ә. Қаумалап қоршаған адамдардың үрейлі айқайы

Б. Тұсау мен байлаудан босанған аяқтары В. Үзілмеген жұлыны Г. Жылқыға тән төзімді мінезі

4. «Сол жылы Тарбағатайдың күнгей бетіне қар қалың түскен» сөйлеміндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркесі:

А. Сол жылы түскен

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]