Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

ОН БІРІНШІ НҰСҚА

Кестемен тігілетін қыз жасауы

Қазақтың кестемен тігілетін тұрмыстық заттары жеткілікті. Қазақ халқы «қыздың жолы жіңішке», «қыз жат жұрттық» деп, олардың жасау-жабдықтарына ерекше көңіл бөлген. Әсіресе кестемен тігілген қыз жасаулары: тұскиіз, сырмақ, киім жапқыш, төсек көз, кестелі орамал секілді бұйымдар құнды саналған. Тұскиіздің өзі бірнеше түрге бөлінеді: тұтас матаны әр түсті жіппен шымқай кестелеу, маталарды бір-біріне ойыстырып кестелеу, маталарды кестелеп, киіз бетіне оюлап жапсыру немесе барқытқа маржан мен меруеттен кестелеу... Сырмақ екі түрге бөлінеді: кестелі және оюлы сырмақ. Оларды негізінде төсеніш ретінде пайдаланады... Қапшық дорба сыңар ауызды және қос ауызды болып бөлінеді. Қапшық дорба қыз-келіншектер төсегінің бас жағына, керегенің басына ілінеді. Оған айна-тарақ, ине-жіп тәрізді бұйымдар салынады... Аяққап та төзімді матадан өрнектеліп кестеленеді. Аяққапқа таза тұру үшін ыдыс-аяқ салынады. Ұзындығы елу бір, ені қырық см болады... Жүк жабу атына сай, жиылған жүкті шаң-тозаңнан сақтау үшін кестеленеді. Сонымен қатар «қыздың жиған жүгіндей» демекші, оған әдемі көрініс береді. Ұзындығы бір жарым, ені бір метр болады.

1. Кестемен тігілетін қыз жасаулары:

А. Төсек жабу, аяққап, кестелі орамал, кестелі жеңсіз, тұскиіз Ә. Сырмақ, тұскиіз, аяққап, төсеніш, төсек жабу Б. Төсек тұс, тұс киіз, кестелі орамал, сырмақ, төсек көз

В. Қапшық дорба, сырмақ, төсеккөз, тұскиіз, жүк жабу Г. Төсек жабу, сырмақ, аяққап, қапшық дорба, киім жапқыш

2. Үйге сән беріп, қыз төсегінің жанына, керегенің басына ілінетін кестелі бұйым:

А. Тұскиіз Ә. Сырмақ Б. Төсек көз

В. Қапшық дорба Г. Киім жапқыш

91

Үш құдық атауында не сыр бар?

Қазақтың кең даласында үш санымен келетін жер атаулары көптеп кездеседі. Мәселен, Үшарал (қала), Үшбұлақ (өзен), Үшаша (ауыл), Үшқоңыр (ауыл), Үштау (тау), Үшқара (тау), т.б.

Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтары үшін тіршілік көзі саналатын су көздері аса маңызды. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақ үшін судың маңыздылығы тіпті арта түседі: тіршілік етумен қатар, малды суаруға біраз су мөлшері керек. Суы аз, қуаң жерлерде мал-жан басын шөлден аман алып қалу үшін құдық қазылған. Құдық қазу барысында оның аз уақытта сарқылмау жолы ескерілген. Ол үшін жерасты су көздерінің бірбіріне ұласып, толықтырылуы көзделген. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде құдық атаулары жүздеп саналады. Солардың бірі – Үшқұдық атауының нақты санға қойылғанын аңғаруға болады. Үшқұдық гидронимінің аталымында және оның семантикалық аясында біраз этномәдени ақпарат, халық өміріне қатысты деректер жатыр. Нақтырақ айтқанда, үш құдық қатар, астыңғы су қоймасы бар қабаттары бір-бірімен байланысып жататындай етіп қазылады. Оның суы мал суаратын науаға құйылады. Бірінің суы сарқылғанда, екіншісінің суы арқылы толықтырылып тұрады. Өйткені мал басының санына қарай бір құдықтың суы жетпеуі мүмкін. Мұны құдық қазудың халықтық технологиясы, озық тәжірибесі деуге болады. Сондықтан кейде үш, бес құдық қатар қазылады да, олардың сулары жер бетіне жақын болғандықтан, бірінің суы сарқылғанда, мал екінші, үшінші құдықтан суарыла береді. Соған орай тілімізде Қосқұдық, Үшқұдық, Төртқұдық, Бесқұдық атаулары сақталған. Бұдан өзге тіліміздегі Балқұдық, Тұщықұдық, Ащықұдық атаулары су дәмінің сапасын білдіруден туындаған («Ана тілі» газеті, 18.04.2013).

1. Үш құдық атауындағы «үш» сан есімінің беретін мәні:

А. Құдықтың суын сарқымайтын киелі сан Ә. Қатар қазылған құдықтардың сан мөлшері

Б. Ауылдағы құдықтардың саны, сондықтан ауылға аты берілген В. Құдық суының жылмен өлшегендегі мөлшері Г. Үш үйге ортақ қазылған құдық атауы

92

2. Қатар қазылған құдықтар санының беске дейін бару себебі:

А. Жер асты суларының көптігінен Ә. Құдықтың терең қазылатындығынан Б. Ұзақ жылға шыдауы үшін В. Мал-жанның көптігінен

Г. Белгілі адамдардың жеке-жеке құдығы болуы үшін

3. Қатар қазылған құдық суларының жер астынан байланысып жату себебі:

А. Тереңде жиналған судың жер астынан байланыста болуы Ә. Әртүрлі деңгейде қазылған құдық суларының бір-біріне тасып құйылуы Б. Жер асты суларының жер бетіне жақын болуы

В. Қазылған құдықтардың астын арнайы құбырлармен байланыстырып қоюы

Г. Құдықтардың сазды жерден қазылуы

4. Қазақтың құдыққа қатысты «Ұзын құйрық сауысқан, бір көлдің суын тауысқан» жұмбағының шешуі:

А. Қауға мен шелек (көнек)

Ә. Құдықтан су тартатын шығыр Б. Құдықтан шығарылған суды құятын ұзын науа

В. Түс кезінде құдық басына жиналған мал Г. Құдықтан су тартатын арнайы құбыр

Ақбөкен

Ақбөкендердің түгінің түсі күздің соңы мен қыс мезгілдерінде ақшыл бозғылт түске өзгеретіндіктен жергілікті тұрғындар оларды «ақ киік» немесе «ақ бөкен» деп атаса, ал жаз бен күз айларында түгі сарғыш-қызғылт түске ауысатындықтан «жезкиік» деп аталады. «Ақбөкен аямаған ажалына асығады» деген сөз тіркесінің де мәні зор.

Қазақ халқының дүниетанымында ақбөкен түз даланың киелі аңы деп саналады. Өйткені дүниеден өткен адамның жаны киіктің денесіне барып тұрақтайды деген ежелден сақталып келе жатқан аңыз бар. Олай болса, киіктің денесінде адамның жаны сақталады деген ұғымында терең мағына жатыр. Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары... Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетбақдала – Арыс, Үстірт

93

және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126-150 см, салмағы 37-49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты. Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдайды. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді. Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Жас туған киіктер лақтарын он-онбес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір, бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.

Мамыр айының екінші онкүндігінде (17-25) ақбөкендердің жаппай төлдейтін мезгілі басталады. Бұл кезді халқымыз «құралайдың салқыны» деп атайды. Құралай – ақбөкен лағының атауы

(«Ана тілі» газеті, 07.06. 2018).

1. «Ақбөкен аямаған ажалына асығады» тіркесінің мәні:

А. Ақбөкеннің жүргіншінің жолын кесіп өтуі Ә. Ақбөкен текесінің жалғыз жүріп, аңшыға кездесуі

94

Б. Ақбөкен атушылардың ажал құшуы В. Киіктің киесі ұрады Г. Киіктің аңшыны алдап орға жығуы

2.Мәтінде стильдік бояуы солғындап берілген тіркес:

А. Ақшыл бозғылт түске өзгергендіктен Ә. Мүйізі қайқылау Б. Үстіңгі ерні салбырап В. Қоңыр бұйра терісі

Г. Текелерінің дене тұрқы

3.Мәтін бойынша киіктердің жан сақтауға бейімделген ерекшелігі:

А. Тұмсықтарының етті келіп, жүгіруге жеңілдік жасауы

Ә. Лақтарының екі-үш сағатта аяқтанып кетуі Б. Лақтарын он-он бес күнге дейін суатқа апармауы В. Жетім қалған құралайды емізіп, ертіп кетуі Г. Аталғандардың барлығы

4.«Құралайдың салқыны» дегеніміз:

А. Ақбөкендердің төлдеуі Ә. Жаңбыр жауып, лақтаған ешкілердің жуынуы

Б. Киіктің құралайы тез жетілуі үшін салқын жел соғуы В. Текелердің үйір бөлісіп, айқасқа түсу мезгілі

Г. Төлдеген киіктердің шөлге ұрынбауы үшін ауа райының салқындауы

5.Ақ бөкен мен жезкиіктің басты айырмашылығы:

А. Мекен еткен аймақтары өзгеше Ә. Мүйіздері қайқы және иір Б. Терілерінің түсі екі түрлі болады

В. Бірі жалқы, бірі егіз төл әкеледі Г. Текесі – ақбөкен, ешкісі – жезкиік

6. Мәтіннен алынған баяндауышы күрделі етістіктен болған сөйлем:

А. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді Ә. ...құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын

сездірмей, жыбырламай жатады Б. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты

В. ...ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды Г. ... дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары

Бақыт министрлігі...

Бақыт деген министрлік те болады екен. Алдымен, ол Бутанда, одан кейін Үндістанда құрылған. Кейін кейбір араб елдері мен

95

Оңтүстік Америка мемлекеттері де осы үрдісті қолға алып жатқан көрінеді. Сонда «Бақыт министрлігі» деген не? Бұл ведомство немен айналысады?

Біздің түсінігімізде министрлік деген – бір саланы басқару сатысының ең жоғарғы органы. Ал қолға ұстауға болмайтын, көзге көрінбейтін бақытты басқаруға, ол үшін министрлік құруға бола ма? Болады екен. Бутанның Бақыт министрлігін ойлап тауып, құру себебін көптеген басылымдар олардың Будданың тантра тармағын тұтынуынан деп жазды. Алайда Бақыт министрлігін мұсылман əлемінің, христиан дінін тұтынатын Латын Америкасының да кейбір елдері қолдап отыр. Демек, бұл үлгі ешқандай дінге қарамай жалпы адамзаттың жүрегіне жол тапқан. Бақытты қазақ даналығы «қолға қонған құс» деп бағалап, оның ұшып кету қаупінен үнемі сақтандырады. Ал бутандықтар бақытты адамның материалдық, моральдық тұрғыдан толық қанағаттанып, сонымен бірге бойындағы қандай да бір өнердің, дарынның дəнін қаулатып өсіру деп ұғады екен. Бақыт министрлігі осыған қызмет етеді. Бутанда ішкі жалпы өнімді де жұрт секілді айтпай, «жалпы ұлттық бақыт» деп атайды. Бұл – жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі артқан сайын халықтың бақыты да арта түседі дегенді білдіріп тұр. Мұнымен келіспеуге болмайды. Бутанның Бақыт министрлігінің іс-əрекеті Конституцияның 9-бабында қарастырылған. Бұл баптар министрліктің түрлі əрекеттерге байланысты құқықтары мен міндеттерін бекіткен. Соның ішінде министрлікке халық сұранысын зерттеп, оның өмірге қанағаттану деңгейін анықтау құқы берілген. Ал халық санағын жүргізгенде қолданылатын сауалнамада əрбір адамның қаншалықты бақытты екендігі жəне соған жету үшін не керектігі сұралады. Жауаптар кейіннен сарапқа салынып, бақытты болуға кедергі келтіретін мəселелер анықталып, оны еңсеруге болатын жолдар мен тəсілдер түзіледі. Әрине, бізде мұндаймен ішінара айналысатын халықты əлеуметтік тұрғыда қолдайтын министрлік бар. Бірақ ол тек материалдық қолдау жағымен ғана айналысады. Адамдардың бақытты болуына материалдық игілік қана емес, адамгершілік сұраныстардың да қанағаттандырылғаны керек. Ондайды зерттеумен аталған ел елдерден басқа əзірге ешбір мемлекет айналыспайды. Егер біздің елде осындай министрлік құрылып, халық

96

арасында «бақытты болуыңыз үшін не керек?» деп сұраса, адамдарымыз еңбекақының жоғарылығы, тұрғын үйдің болуы сияқты материалдық игіліктерден басқа əділеттің орнап, соттардың əділ шешім шығарып, мемлекеттік қызметтердің сапасы артып, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан адамдарға қарсы қысастық болмағанын, адами құқының бұзылмағанын т.т. қалайтынын білдірер ме еді? Кейде түрлі келеңсіздіктерден біздің адамдарымызды тек БАҚ қана қорғап, шырылдап жатады. Алайда оның сөзін тиісті атқарушы немесе сот билігі кейде тыңдаса, кейде құлаққа ілмей жатады. Ал Бутанда Бақыт министрлігі атқарушы билікке олардың орындалу қажеттігін ресми түрде ұсынып, жол картасын жасатады. Сөйтіп, халықты бақытқа жеткізуге тырысады. Бутанның тəжірибесін Үндістан да қолдап, бірнеше штатында осындай министрліктер құрыпты. Мұндағы Бақыт министрліктері жоғарыда аталған адамгершілік тұрғысындағы сұраныстарды ғана емес, йогомен айналысу, рухани даму, өнер курстарын ашу, тіпті кəрі адамдардың қасиетті діни орындарға барып, мінəжат етуін ұйымдастыру сияқты 70-тен астам əлеуметтік бағдарламаларды іске асырады. Біріккен Араб Әмірлігінде де бұл бастама қызығушылық тудырып, əлемдегі бай қалалардың бірі Дубайдың мэрі шейх Мұхаммад қоғамға пайдалы істермен айналысуда жəне халықтың сұранысын қанағаттандыруды көздейтін осындай министрлік құруды қолға алған. Ал Оңтүстік Америкадағы Венесуэла, Эквадор секілді мемлекеттерде бастама қолдау тауып, Бақыт министрліктері құрылған. Бірақ олардың қаншалықты тиімді жұмыс істейтіндіктері туралы ақпараттар өте аз. Азиялықтардың жаңа бастамалары мен бұрыннан келе жатқан үлгілері Еуропаның жоғары дамыған елдерінде де қолдау тауып жатыр. Мысалы, Англияда қарт адамдарға қатысты азиялық үлгілерді қабылдау керек деген ұсыныстарды қоғам белсенділері ғана емес, ресми тұлғалар да айтуда. Адамдары бір-біріне жақын араласа қоймайтын бұлардың қоғамында кейбір жалғызілікті кəрілер жақын жанның қарауынсыз қалады екен. Үйі-күйі болғанымен, отырыптұруы ауыр жандар келген адамдарға есік ашуға да жарамай, жан тапсырған оқиғалары жиілей түсуде. Оның үстіне бұларда қыстың күні жылу үйден қосылады. Үнемшілдік ежелден қалыптасқан бұл елде біраз қариялар суық пен дерттен көз жұмған. Осы

97

мəселені алғашқы болып Денсаулық сақтау министрі Дж.Хант көтеріп, отандастарын кəрі адамдарды Азияның үлгісімен асырап алуға шақырды. «Бұл тамаша үлгі болып, балаларымыз қарт адамдарға деген қамқорлықты көріп өседі», – деді ол. Қазір бұл елде 800 мыңнан артық адам жалғыздық қасіретін тартуда. Әрине, қарттар үйі бар, бірақ адамдармен араласуды қаламайтын үйікүйі бар жандар оған барғаннан гөрі жалғыздықты қалайды екен. Алла бетін аулақ қылсын, əзірге бізде мұндай проблема жоқ. Бірақ кейбіреулердің ұлы мен қызы басқа жұртпен жұптасып, жаттан туған немере-жиендерін бір иіскей алмай жүргендерін көргенде қазір бауырына баспаған ата-əжені олар өскен соң тіпті керек қылмай, мұрындарын шүйіре ме дейміз... Қарттарының мəселесін ескеріп, былтыр Британия өкіметі «Жалғыздық істері министрлігін» ашты. Қалай десек те, жоғары дамыған өркениеттің адамгершілік қатынастарды сырып тастауы ақырында өмірлік қайшылыққа ұрындыратынының бір көрінісі осы сияқты. Әрине, Ұлыбританияның бақуатты қарттарының өздеріне күтуші жалдауға мүмкіншілігі бар. Бірақ күдікшіл жандар бөтен адамды үйіне кіргізуге қорқатын сияқты. Бұл жалғыз Англия ғана емес, басқа елдердің адамдарына да тəн дүние. Қазақтар арасында да бүгінгі болып-толға- нына мəз болып, ағайын-туғанын керек қылмайтын жандар көбейіп келеді. «Ертең өзің қайдасың, білемісің» дегендей, өлер шақ жақындағанда жалғыз қалу қаупінен осы күннен бастап қорқу керектігін ұмытпаған жөн. Сондықтан барыңды бағалап, туысшыл, бауырмал болғанға не жетсін!? («Egemen Qazaqstan» газеті, 11.03.2019).

1.Бақыт министрлігі құрылған мемлекеттер:

А. Үнді, Араб мемлекеттері Ә. Англия және Бутан мемлекеттері

Б. Бутан мен Үндістан, Эквадор, Венесуэла мемлекеттері В. Латын Америкасы мен Біріккен Араб Әмірлігі

Г. Бутан, Үндістан, Венесуэла, Эквадор, Оңтүстік Америка мемлекеттері

2.Британия үкіметінің «Жалғыздық істері министрлігін» құрудағы мақсаты:

А. Неке саясатын жолға қою

Ә. Жас ұрпақтың ата-анасына қамқор болуын көздеу Б. Жалғыз басты қарияларды «Қарттар үйімен» қамтамасыз ету В. Жалғызілікті қарттарына қамқорлық жасау

Г. Азия үлгісімен «қарттарын асырап алу» саясатын жетілдіру

98

3. Мәтін бойынша бақытты болудың шарты:

А. Материалдық игілік пен материалдық сұраныстарының қамтамасыз етілуі

Ә. Адамгершілік сұраныстары мен рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы

Б. Тұрғындардың материалдық және адамгершілік сұраныстарының қанағаттандырылуы

В. Қарттардың материалдық және адамгершілік тұрғыда қорғалуы Г. Адамдардың жалғыздықтан жапа шекпеуі

4.Мәтін бойынша Еуропа елдерінде қартайғанда қараусыз қалудың басты себебі:

А. Бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы Ә. Адамгершілік қасиеттің жоғалуы

Б. Қарттардың өз қалауы бойынша жалғыз тұруы В. Қоғамның қарт адамдарға қамқор бола алмауы

Г. Мемлекеттердің экономикалық дағдарысқа жиі ұшырауы

5.Біздің еліміздегі Халықты еңбек және әлеуметтік қолдау министрлігінің адамды бақытты етудегі кемшін тұсы:

А. Адамдардың құқықтық қорғалуын ғана жүзеге асыруы

Ә. Еңбекпен ғана қамтамасыз етіліп, әлеуметтік тұрғыда қорғалмауы Б. Тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуді ойлап, адамгершілік құн-

дылықты қорғауды назарда ұстамауы В. Халық қиналған кезде ғана олардың бақытты болуын ойлауы

Г. Адамгершілікке баулитын жолдарды материалдық игіліктен жоғары қоюы

6.Мәтіндегі «Бақытты қазақ халқы «қолға қонған құс» деп бағалаған» сөйлемінің стильдік тұрғыдан дұрыс нұсқасы:

А. Бақытты қазақ халқы «басқа қонған құс» деп бағалаған Ә. Бақты қазақ халқы «қолға қонған құс» деп бағалаған Б. Бақты қазақ халқы «басқа қонған құс» деп бағалаған В. Бақты қазақ халқы «қолға қонған бақыт» деп бағалаған Г. Бақытты қазақ халқы «қолға қонған бақ» деп бағалаған

7.Мәтіннен алынған «Қазір бұл елде 800 мыңнан артық адам жалғыздық қасіретін тартуда» сөйлемінде неше сөз тіркесі барын анықтау:

А. 5 тіркес

Ә. 4 тіркес Б. 6 тіркес В. 7 тіркес Г. 8 тіркес

99

8. Бутан мемлекетінің Ішкі Жалпы Өнімді (ІЖӨ) «жалпы ұлттық бақыт» ретінде есептеу себебі:

А. Мемлекеттің экономикасы дамиды Ә. Қарттардың әл-ауқаты жақсарады

Б. Бақыт министрлігінің ықпалы күшейеді В. Жан басына шаққанда адамдардың жағдайы жақсарады Г. Аталғандардың барлығы

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]