Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

тораңғы өсетін алқаптар «әулиелі жерлер» деп аталады. Мысалы, «Бес тораңғыл әулие», «Үш тораңғы», «Желтораңғы» атаулары – солардың айғағы. Елімізде өсіп келе жатқан тораңғы ағашының 2 млн жылдық тарихы бар. Оның тамыры торланып өсетіндіктен «тораңғы» деп аталады. Тораңғы ағашы топтанып өсетін алқапты «тораңғыл» деп атайды. Елімізде тораңғының үш түрі – қара тораңғы, ақ тораңғы және Литвинов тораңғысы өседі. Қара тораңғының биіктігі 15-20 метрге дейін жетеді.

Арал маңындағы шөлейтте, Балқаш, Алакөл ойпаттарында кездеседі. Ақ тораңғы да осы мекендерде өседі. Олардың биіктігі 1-ден 6 метрге дейін, ал жуандығы 1 метрдей болады. Тораңғының тамыры 10 метрден астам тереңдікте, бойына 25 литр ылғал жинайды. Қазақстанның қызыл кітабына сирек кездесетін ағаш ретінде тіркелген. Шөлді аймақтарға төзімді болғандықтан, құм көшкінінен, аптап ыстықтан, жерді тұзданудан қорғайды. Ол көптеген өсімдіктер өсе бермейтін өңірлерде өседі және кез келген табиғат қаталдығына төтеп бере алады («Ана тілі» газеті,

07.11.2013).

1. Шөлді далада өсетін өсімдік пен ағаштардан Тораңғыны ерекшелейтін белгісі:

А. Қысы-жазы жасыл қалпында болуы Ә. Топталып өсуі Б. Тамырының тереңде жатуы В. Биік діңгегі Г. Әулиелік қасиеті

2. Тораңғының шөлді аймақтарға тигізер пайдасы:

А. Көлеңкесі мол, құмды көшкіннен сақтайды, басқа өсімдіктерді тамыры арқылы қоректендіреді

Ә. Отынның мол көзі, мал шаруашылығына қолайлы Б. Табиғат қаталдығына төзімді, ұзақ жыл өмір сүреді

В. Жерді тұзданудан қорғап, үнемі ылғал бөліп, ауаны құрғатпайды Г. Құм көшкінінен, ыстықтан, жерді тұзданудан сақтайды

3. Шөл далада жеке дара діңгекті болып өсетін ағаштың «тораңғы» аталу себебі:

А. Топтанып өседі Ә. Торлана өскен қабығына қызыл түсті сөл жинайды

Б. Діңгегінің қабығы тор көзденіп, әдемі көрініс бейнелейді В. Тамыры тереңде торланып өседі

Г. Жапырақтары торланып байланысып, сабағына оралып өседі

151

4. Мәтіндегі «тораңғыл» сөзінің мәні:

А. Тораңғының топтанып өсетін алқабы Ә. Үш, бес түптен бірігіп, жайқалып өскен тораңғы

Б. Халықтың киелі санаған тораңғы ағаштары В. Қара тораңғы өсетін алқап Г. Ақ, қара тораңғылар аралас өсетін алқап

Жорғаның бабы, сыны және түрі

1. Жорға – жүрісі жайлы жылқы. Оны көп жағдайда сәндік үшін мінетін болған және ертеде хан-билер құрметті қонақтарына сый-сияпат ретінде ұсынған. Дәулетті адамдар жорғаның жіліншігіне алтын, күміс білезік салдырып, ұзатылған қыздарына енші ретінде мінгізіп жіберетін болған. Жорғаның жүрісі ырғақты, тыныш келетіндіктен жаугершілік заманда ат үстінен садақ тартатын сайыпқыран мергендерге де мінгізген. Негізінен, топырағы жұмсақ, сазды жердің жылқысынан жорға көп шығады.

2.Жорғаның да жүйрік ат секілді сыны болады. Қазақ әу баста жорға табатын биені сынайды. Жорға құлын туатын биенің сыны: белі бүкір, орақ бас, қамыс құлақ, бота тірсек, үлкен көзді, кең танау және сырт бейнесі итіңкі келеді. Осындай бие буаз кезінде мес қарын болмайды, бірақ пошымы ебедейсіздеу келеді. Жорға болатын тай-құлынның сыны: белі бүкір, орақ бас, теке ерін немесе салпы ерін, марал көз, бөкен қабақ, қу бас, дөңгелек тұяқ, бұқа мойын, орташа жал-құйрықты, кекілді, қоян қарын болып келеді.

3.Жорғаның бабы. Жорғаны алдымен жүрісінен жаңылмайтындай жорғалатып үйретеді. Оны жас кезінде үнемі қолға ұстап, жорғасын жетілдіріп отырмаса, тез айниды. Жасы жетіп, жорғасы әбден толысқан шақта жылқы қанша жүрсе де, жорғасы бұзылмайтын болып қалыптасады. Жорғаны жүрісі толық жаттыққан соң баптайды. Алдымен үйірге жіберіп, тойындырады. Ақжіліктенген кезде ұстайды. Етін қатырады. Бірнеше дүркін арам терін алады. Кейбір жорғалар ұшқыр болса, кейбір жорғалар еті қыза келе жүрісі түзеледі. Жорға жарысының ұзақтығы жүйрік аттар жарысатын қашықтықтың үштен біріне сай келеді. Сондай-ақ жорғаның жүрістері сәнді, мәнді, ырғақты келетіндіктен, барлық көрермен көріп, сүйсінетіндей көз алдарында, биік төбені айнала жорғалап жарысады. Жорғаны жаратушы кәнігі атбегілердің

152

айтуына қарағанда, жорғаны бар-жоғы он күн баптайды. Осы уақыттың ішінде үш дүркін терін алады, төрт дүркін қашықтыққа жорғалатып жүрісін қанықтырады. Жорғаны тек өз иесі ғана мініп жарысқа түседі. Себебі жорғаның жүрісі көп ретте иесіне қатысты. Басқа адам мінсе, жорға жатырқап, жүрмей қояды.

4. Жорғаның түрі көп. Оларды жорғалау екпіні мен аяқ тастасына қарай екі топқа бөледі. Жүріс екпініне қарай: қой жорға, жол жорға, кеңірек жорға (жортақы), шапқын жорға, түйе жорға, бес құлаштық жорға, он құлаштық жорға, су жорға, су төгілмес жорға, табақ тартар жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға, тайпалған жорға, аяң жорға, т.б. деп атайды. Аяқ тастасына қарай: екі аяқты жорға, шалдыр жорға, үш аяқты жорға, төрт аяғы тең жорға, шапшуыр жорға, тұсамыс жорға, өре жорға, т.б. деп атайды. Су жорға – жорғалардың ішіндегі ең маңыздысы. Ол сүйретіп жіберген арқан, шылбырды жерге тигізбей, жұлдызша ағады және үстіндегі адам қолына су құйған ыдыс ұстағанда оның суы төгілмейді. Қазақта «Су жорғаның сауырына тостағанға су құйып қойса, төгілмейді» деген нақыл сөз бар. Мұндай жорғалармен үлкен ас-тойларда табақ тартып, қымыз тасиды. Қой жорға – түзу және еңіс жерлерде аяңнан жорғаға ауысып отыратын жорға. Түйе жорға – денесін ауыр қозғап жорғалайтын жылқы. Жол жорға – жай жүрсе жорғалап, тез жүрсе жорғасынан жаңылатын жылқы. Үш аяқты жорға – үш аяғымен ғана жорғалап, бір аяғын таба алмайтын жорға. Оны төрт аяқпен жорғалауға жаттықтыруға болады. Тайпалған жорға – төрт аяғы тең жорға. Төкпе жорға – еш уақытта жорғасынан жаңылмайтын жылқы. Оның жүрісіне басқа аттар шауып ілеседі. Жорға жарысына осы төкпелерді ғана қосады. Басқа жорғаларды күнделікті мініс үшін қолданады. Құлын жорға – енесінен жорға болып туған құлын. Болашақтағы су жорға мен төкпе жорғалар осы құлын жорғадан шығады... («Егемен Қазақстан» газеті, 10.01.2020).

1. Мәтін бойынша мергендерге жорғаны мінгізу себебі:

А. Жауын тез қуып жетеді Ә. Жауынгерге жайлы, ырғақты

Б. Мергеннің садақ тартуына қолайлы В. Сайыпқыран мерген садақ тартқанда сүрінбейді

Г. Жорғаның жүрісі тыныш, ырғақты болғандықтан, жебе түзу ұшады

153

2. Жорға жылқы шығатын аймақтың топырағы:

А. Жұмсақ, құмды болып келеді Ә. Сазды, батпақты болып келеді Б. Сазды, жықпыл болып келеді

В. Әрі жұмсақ, әрі сазды жер болып келеді Г. Жұмсақ, сазды, құмдауыт жерден жорға жылқы көп шығады

3. Жорға туатын биенің сыны:

А. Бүкір бел, қамыс құлақ, үлкен көзді, қыл мойын, кең танау, бота тірсек Ә. Бота тірсек, кең танау, үлкен көз, қамыс құлақ, орақ басты Б. Орақ басты, үңгір көз, бота тірсек, қамыс құлақ, кең танау, сыртқы тұл-

ғасы итіңкі В. Бота тірсек, мес қарын, орақ бас, қамыс құлақ, белі бүкір, үлкен көз, кең

танау Г. Сырт тұлғасы итіңкі, пошымды, бота тірсек, қамыс құлақ, орақ бас, белі

бүкір, мес қарын емес

4.Жылқының жорғасынан жаңылмау себебі:

А. Жас кезінде қолға ұстап, жорғалатып үйрету Ә. Мойнына шылбыр сүйретіп, жүгіртіп үйрету Б. Жылқының жасы жетіп, толыққанша үйрету

В. Құлын-тай кезінде жұмсақ жерде жорғалатып үйрету Г. Бабын табатын нағыз атбегіге тапсыру

5.Жорға туатын бие мен жорға болатын тай-құлынның сынындағы сәйкестік:

А. Бота тірсек, қамыс құлақ, бүкір бел Ә. Бүкір бел, орақ бас Б. Орақ бас, марал көз, бөкен қабақ В. Орақ бас, бота тірсек

Г. Орташа жал-құйрықты, белі бүкір, орақ бас

6.Мәтіндегі жорға жарысы мен жүйріктер жарысын сипаттайтын

бөлім:

А. Төртінші мен бірінші Ә. Екінші бөлімі Б. Үшінші бөлімі

В. Екінші мен төртінші бөлімдерінде Г. Төртінші бөлімде

7.Жорға жарысына қосатын жорғаның түрі:

А. Төкпе жорға Ә. Төрт аяғы тең жорға

Б. Тайпалған жорға В. Шапқын жорға Г. Су жорға

154

8. Құлын жорғаның шарықтау шегі, жетер биігі:

А. Тайпалған жорға мен төкпе жорға Ә. Шапқын жорға мен су жорға Б. Аяң жорға мен жол жорға

В. Төкпе жорға мен төрт аяғы тең жорға Г. Төкпе жорға мен су жорға

9. Жорғалардың жүріс екпініне қарай түрленуі:

А. Су жорға, тайпалған жорға, төкпе жорға, шайқалған жорға, өре жорға, шапқын жорға

Ә. Кеңірек жорға, табақ тартар жорға, су төгілмес жорға, төкпе жорға, төрт аяғы тең жорға, аяң жорға

Б. Су жорға, тайпалған жорға, түйе жорға, қой жорға, шалдыр жорға, бес құлашты жорға

В. Айдама жорға, он құлашты жорға, аяң жорға, су жорға, су төгілмес жорға

Г. Тұсамыс жорға, төрт аяғы тең жорға, тайпалған жорға, желден жүйрік жорға, табақ тартар жорға, аяң жорға

10. Мәтін бойынша жер бедеріне қарай аяңы мен жорғалығын ауыстыра алатын жорғаның түрі:

А. Аяң жорға Ә. Су жорға Б. Түйе жорға

В. Үш аяқты жорға Г. Қой жорға

11. Жорға жылқыларды төбені айналдыра жарыстырудың себебі:

А. Жорғалар алыс қашықтыққа шаба алмайды Ә. Төбені айнала жорғаласа, жүрісі ырғақты, сәнді болады

Б. Көрермендер қай жорғаның озық шығатынын көріп тұрады В. Көрермендер жорғаның сәнді жүрісін көріп тұру үшін Г. Көрермендер жорғаның түрлерін ажыратып тұру үшін

155

ОН СЕГІЗІНШІ НҰСҚА

Сәлемнің сәті [1]

«Сәлем – сөздің анасы!» – депті, өткендегі қазақ рухының ерен көрінісі Бұқар жырау. «Сәлемнің де сәті бар», – деген дана халқымыз. Сірә, ықылас-пейіл ғана емес, мекен, мезгілі, кісісіне қарай «Иіліп сәлем берді», «Ізетпен сәлем берді», «Сәлемді жақсы құптап алды», «Сәлемді ықыласпен қабылдады»... – тек әдепкі сәлемге ғана байланысты қаншама игі сөз бар. Сірә, сәлем қазақ үшін жай ғана амандық-саулық жөні емес, ерекше рәсім болғанға ұқсайды: кішінің үлкенге құрметі, бастас, тұстас жандардың сыйластық, ағайыншылық пейілі – түптеп келгенде, алғыс-бата, мейір-тілектің бір көрінісі.

Бүгінгі сәлем – кәдімгі амандық жөні ғана. Барлығыңды білдіру. Қым-қуыт, быж-тыж заманда, бұдан артықты талап етудің өзі қиын. Енді байқасақ, күн озған сайын сол, жұпыны, жадағай сәлемнің өзінің өңі қашып, сұйылып, тіпті, жоққа айналып бара жатқаны көрінеді. Біліс, таныс кісімен, әрине, кездесе қалған жерде амандаспай тұра алмайсың. Ал бейтаныс ... құжынаған көшедегі қаптаған қазаққа қатарынан сәлемдесіп шығу мүмкін емес қой. Өз еліміз, өз қаламыз, өз ортамызда. Ешқандай әбестігі жоқ. Ал енді сол қазақпен бөтен бір аймақ, еліңнен жырақта ұшырассаң ше? ...Ол да қазақ, сен де қазақ. Сен де танып тұрсың, ол да біліп тұр...Осы екі кісі немесе екі топ бірін-бірі танып, амандаса ма? Амандаса қалса, алдымен ықылас кімнен болуы керек? Сырттан қарағанда, тым елеусіз кеп емес. Сіздің ұлттық болмысыңызға тікелей қатысты, мәнді іс (М. Мағауин).

1.Қазақ үшін сәлемнің мәні:

А. Амандық білдіру Ә. Бар екеніңнен хабар беру

Б. Қым-қуыт, быж-тыж заманда сәлемдесу В. Кішінің үлкенге құрметі мен мейір тілегі

Г. Адамның адамға деген қайырымдылығы, қазақи қалпы

2.Бүгінгі сәлемнің мәні:

А. Алғыс-бата, мейірім-тілек

156

Ә. Ықылас-пейіл Б. Тұстас жандардың сыйластығы

В. Үлкенге құрмет, кішіге ізет Г. Амандық сұрап, барлығыңды білдіру

Сәлемнің сәті [2]

Айттық, республикадан жырақта, алыс шет елде әлдеқалай кездескен екі қазақ, аса сирек жағдай болмаса, ешқашан бас изеп амандаспайды. Мен әуелде бұл шетін мінез – кешегі партноменкулатураның көлденеңнен байыған арам әулетіне тән мінез бе деп ойлағам. Анау бір жылдары әлемге алдымен шыққан, жалғанды жалпағынан басып, Еуропаны еркін аралаған солар еді ғой. Көбінесе байтақ әуежайларда ұшырасасың. Мынау қайдан жүр дегендей, түйіле қарап, кекірейіп өте береді. Қазақ емес дейін десең, тілдері орысша мұндай қара орыс болмайды, әрі сен күткен Алматы ұшағын тосып отырғаны байқалады. Қарайсың да, таңырқайсың да қоясың. Түрі ұқсас болғанымен, діні алыс, жаңа, қазақ емес, қазақтан садаға кетсін, жаңа бір бұралқы қауым. Еліңнің бүгінгі болмысына айрықша ықпал етіп отырған – осы, өзгеше нәсіл. Жүр, әне, сенің ұлттық сана, ізгі жүректі, оқуы да артық, талабы да зор, асыл текті, таза қазақ әулетің маңдайынан тері сорғалап, табанынан таусылып, әдепкі, адамдық тіршілік, күнделікті бір жапырақ нан үшін қатал күрес астында. Жаңа бастаған балаңды айтасың, ғұмыр бойы туған жұртымның мұраты мен мерейі жолында еңбек еттім деп ойлаған, пәленбай, түгенбай сенің өзің шетке қағылған көтеремге жақынсың, тәуелсіздік аталатын жаңа құрылымда жоқсың, күні кеше қазақты сатумен күн көрген замандасыңның бүгінгі бар байлық, бар билікті иеленген дүмше-топас әулеті сені кісі қатарына санамайды. Қазір жасыңның үлкенін ұмытып, кішірейіп тұрып сәлем берші, ернін жыбырлатар ма екен?! Сөйтіп, шет аймақта көлденеңнен ұшырасқан қазақта сәлем жоғын көрдік. Қайткенде де кейінгі дүбәралар деп көңіл жұбаттық. Бұдан соң... жағдайы көтеретін жабайы қазақтар шыға бастады. Жабайы болғанда, шақа жас емес, өмір көрген, ақыл тоқтатқан, сырттай қарағанда тіл де, жөн де білетін, қазақтың кейпі ай даладан аңғарылып тұрған. Ежелгі қауым. Бірақ манағы ахуал. Амандық атымен жоқ... Жарар, амандық ишара-

157

тын жасамады, сен ыңғайлана бастағаннан өзінің өлшеусіз артықшылығын әйгілеп, одыраңдай берді, несі бар, сен де елеме, балпаңдай бас та жүре бер. Алайда біздің іздегеніміз жай ғана ишарат, әдепкі сәлем емес еді ғой. Қазақтың жұқанасы болатын. Сондықтан да алыстағы әрбір безер қазақты көрген сайын көңілің ортайып қала береді (М. Мағауин).

1.Мәтін бойынша шет аймақта кездескен қазақтардың амандасу

түрі:

А. Бас изеп, ишара білдіру Ә. Алыстан қол бұлғау Б. Амандаспай, өте шығу

В. Күлімсіреп қолыңды алу Г. Жай ғана ернін жыбырлату

2.Сенің бүгінгі болмысыңа ықпал етіп отырғандар:

А. Қазақ, бірақ өзгеше нәсіл Ә. Жабайы қазақтар Б. Ежелгі қауым В. Безер қазақ

Г. Бір жапырақ нан үшін күресіп жүргендер

3. Сәлемнің қадірін білмеудің басты себебі:

А. Жастайынан тәрбиенің дұрыс болмауы Ә. Қазақша амандаса алмауы Б. Менсінбеушілік В. Астамшылық Г. Бейтаныстық

4. Мәтін мазмұнының негізгі идеясы:

А. Үлкенге құрмет көрсету Ә. «Сәлем» сөзінің мәнін түсіндіру

Б. Амандық сұраудың қасиетін дәріптеу В. Ұлттық сананың саңылауын іздеу Г. Біреуді сәлем үшін басыңнан асырмау

Сәлемнің сәті [3]

Демалыс-суықтыру орны. Сонымен, мәртебелі депутаттар. Бұл мырзалардың өзім сайлаған қалаулы екенін мен білмеймін, түстеп таныған емеспін, саясатқа менен бір табан жақын, яғни күн ұзаққа үй-ішілік тыпыр-тыпырдан соң кешкілікте теледидар көретін бәйбішем ұғындырды. Анау дөкей – депутат, мынау

158

мығым – депутат, әлгі мықты да – депутат, тек бірлі-жарымы болмаса, басым көпшілігінің аты-жөнін білмейді... Хош. Мен көрмегем, білмеймін. Бірақ ел-жұртымды басқарып, халқымды оң жолға бағыттап отырған қауым ғой. Тар сайда қарама-қарсы беттескенде немесе арасан шүмекке тостағаныңды тосып, шекең түйісе жаздап тұрғанда қалай дәтің шыдар. Амандастық. Ол емес, біз. Міне керемет! Үдірейе, таңырқай қарайды. Бас иземей, безірейіп қалады. Үлкен мемлекеттік шаруалардан мыйы ашып кеткен, шаршап-шалдыққан, кім екенімізді есіне түсіре алмай дағдарып тұр-ау деп ойлайсың. Еріксіз жымиясың. Ал сенің әмірші қожаң...

Түйіле қабақ шытады. Сәлемнің жеткен жері осы болды. Екі-үш реткі жасқаншақ талаптан соң жалпы адамзатқа тән амандақсаулық рәсімінен айнуға тура келген. Жасым үлкен бола тұра кішірейіп жасаған бірнеше сәлемнен соң бар талаптан бас тарттым. Бірақ бар сырын ұқпаппын. Іс мәнісі мынада екен. Ол халықтың... емес, заманның қалаулысы. Сен шетке шығарылған ескіліктің қалдығы. Ол биліктің тұтқасында, сен кіріптар жағдайдасың. Ол бай, үстем тап, сен кедей, езілуші ...емес, есесі кем бейбақ. Соған орай, құлдық ұрып сәлем бердің, ықыласпен болмаса да сүлесоқ қабылдаса...сені өзіне тең санағаны.

Айтпақшы, бір күні...көлденеңнен өтіп бара жатқанбыз, әлдебір әңгүдік қазақ, әңгүдік емес, жалбаңбай, дәл өзімдей жадағай қазақ анадайда, ашық ресторанның шеткі орындығында отырған қалпында қолын көтеріп, басын изеп, бой жазып, алақанын кеудесіне басып тәжім етіп, жік жапар болды да қалды. Мен қалыптасып бекіген шартты рефлекс бойынша, бұл жолы өзім, кекірейе түйіліп өте бердім. Әйтеуір, мұндайда сабыр салттан жаңылмайтын бәйбішем, ол да амандық ишаратын жасап, жымиып күліп, ризашылық білдіріп жатты. «Бұл кім, қайдан адасып келген шіркін?» – деп сұрадым, былай шыға бере. О, ғажап! Депутат екен! «Сондай жақсы жігіт, сөйлеп жатады ғой теледидардан, аты ... есімде қалыпты, Бақыт болса керек.

Осының бәрін несіне айтып отырмыз? Ал, амандаспады, бойларына шақ көрмеді, одан кеміп қалған жерің кәне? Кеміп қалдым. Пенде ретінде емес, қарапайым қазақ ретінде.

1. Мәтін бойынша амандасудан бас тартудың себебі:

А. Көңілінде менмендік қылаң беріп, өзінің дәрежесін ойлағандықтан

159

Ә. Сәлемін алмағаннан кейін Б. Депутаттарды танымаған себепті

В. Елдің билеушілерінен жасқануы Г. Кедей, езілуші болғандықтан

2. «О, ғажап!» деп қалудың мәнісі:

А. Танитын депутаты Ә. Ерекше шешендігіне таңдана қарауы Б. Сәлем бергеніне

В. Сәлемін тағзым етіп алуына Г. Депутаттың ашық ресторанда отырғанына

3.Мәтін бойынша халықтың қалаулысы:

А. Жазушы Ә. Депутат

Б. Сауықтыру орнында демалушылар В. Қарапайым халық, кедей Г. Халық қалаулысы көрсетілмеген

4.Мәтін бойынша депутаттардың сәлемге берген жауабы:

А. Бас изеу

Ә. Тағзым етіп, бас изеу Б. Үдірейіп қарау В. Жымия күлімдеу

Г. Ағылшынша амандасу

5.Мәтін бойынша «ғажап» депутатпен амандасқан тұлға:

А. Жазушы Ә. Жазушының әйелі

Б. Депутаттың бәйбішесі В. Демалушы бейтаныс Г. Ресторан даяшысы

6.Мәтін бойынша депутаттардың сәлем алмау себебі:

А. Үлкеннің сәлемін кіші болып ала алмауы Ә. Күнде көріп жүрген соң мән бермеуі Б. Өздерін зор санауы В. Депутат екенін білдіргісі келмеуі

Г. Танымаған адаммен амандасуды ыңғайсыз санауы

Сәлемнің сәті [4]

Бағзы бір заман, өткен ғасырдың 89-жылы, осы ұзақ өмірден ең алғаш және ең соңғы рет үкіметтік деңгейдегі үлкен бір ресми

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]