Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Б. Күн мен оның сәулесі В. Дүниенің төрт тарабы мен күннің шапағы

Г. Қол жетпес биіктік пен төгілген күн сәулесі

Сары ала тон

...Үш ақ үй қатар тігулі, оған таяу жапырайған қараша үй. Қараша үйдің сыртында күбідей болып, бетін құбылаға бұрып Сейпен отыр. Басы салбырап, еңсесі түсіп кетіпті. Беті-көзі ісік. Сирек сақалының арасында жас тамшысы көрінеді. Қараша үйге арқасын сүйеп, үрген торсықтай болып тырсылдап бәйбіше отыр. Беті – жара, айғызданған тырнақтың ізі...Өткен күй, ұшқан «бақ», аспаннан түскендей болған оқиғаны есіне алып, сең соққан балықтай мең-зең қылып жіберген. Оқтын-оқтын күрсініп, «аһ» дегенде жүрегі қарс айырылады.

...Ақ үй жағы базардай қайнап жатқан адам: біреуі шығып, біреуі кіріп жатыр; сампылдасып сөйлеседі, сақылдасып күліседі.

– Ал, Арыстан сөйле! – Не сөйлейтіні бар: тыққан малдарын, бұйымдарын тегіс таптық. Тұтқыштың айтқандары тура шықты. Өкіл Тұтқыштың арқасынан қақты. Жұрттың басы қосылған соң біртіндеп сандықты ашып, асыл бұйымдарды есепке алу басталды. Бір сандықтың ішінен Сейпеннің әкесі Жантай бидің патшадан сыйға алған сары ала тонын Несібелі (Тұтқыштың әйелі) суырып алды да, жерге бірден тастап жібермей, жағасынан ұстап таңырқап тұрды. – Сары ала тон! – үйде отырғандар шу етті. Тұтқыш тонды жағасынан ұстап, өкілге қарады: – Осы тонды киіп, ауылды бір қыдырып келсем, – деймін. – Ки, байдың іші бір күйсін! – деп үйдің ішіндегілер ду күліп, көтермелеп кетті. Тұтқыш сары ала тонды киіп, алтын медальді төсіне қадады. Аяғында жыртық етік, басында жалбаланған құлақшын. Аяғын керіле басып, қараша үйдің жанында отырған бай мен бәйбішенің алдынан кесе көлденеңдей жүрді. Бай бір рет қарады да, басын төмен салды. Бәйбіше жанын тартып сұрланып, көзімен Тұтқышты атып жібергендей қарады. – Неге қарадың? – деді Тұтқыш. – Келіскеніңе қараймын. – Сендерге келіскенде, маған келіспес дейсің бе? – Ки, киетін заманың, – деп бәйбіше жүрегі жарылардай болып күрсініп, теріс қарап бұрылды.

21

Тұтқыш сары ала тонды киіп ауылды аралағанда, бала-шаға, қатын-қалаш соның соңынан ерді. – Бәтір-ай, би атамның патшадан сыйға алған тоны осы екен-ау! – деді бір кекселеу келген сары қатын... – Бәтір-ай, мына сап-сары не десем, алтын екен ғой,

– деді бір әйел...

Жұрт бірінен бірі хабарланып, тайлы-таяғына шейін қалмастан сары ала тон киген Тұтқыштың маңына жиналды. Боз үйдің жанында ұршық иіріп отырған сары кемпір ауыр күрсініп, көйлегінің жеңімен көзінің жасын сүртті. – Шеше, неге жылап отырсың? – деп Қуандық жанына жетіп келді. – Әй, шырағым-ай, не жақсылығы бар дейсің, аруақтың иеленген тоны еді ғой, отанымызға бір зияны тиіп жүре ме деп қорқам, – деді кемпір.

Қуандық шек-сілесі қатып күлді. Ауылдың сол күнгі кеңесі: cары ала тон, медаль, байдың жасырған малы, бәйбішенің жоқтауы болды... Түн қараңғысы әлемді бүркеп, жан біткен демалысқа шомды. Жалғыз-ақ Жамал бәйбіше қараша үйдің босағасына сүйеніп, екі бүйірін таянып жылаумен болды... (Б. Майлин).

1.Мәтіндегі оқиғаға қатысты тарихи кезең:

А. Ұжымдастыру саясаты Ә. Тәркілеу саясаты Б. Қазан төңкерісінің кезеңі

В. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Г. Алашордалықтардың теңдігі

2.Жазушының жанды, жансыз зат есімдерге ортақ қолданатын сапалық сын есімі:

А. Ақ Ә. Сары Б. Сұр

В. Қараша Г. Боз

3.Тұтқыштың сары ала тонды киюге құмар болу себебі:

А. Байдан өшін алу Ә. Жұртқа мақтану

Б. Қымбат дүниеге қызығу В. Кедейдің теңдігін жарнамалау Г. Бәйбішені жылата түсу

4. Бәйбішенің «Ки, киетін заманың» дейтіні қай заман еді?

А. Кедейлердің теңдік алған заманы Ә. Қазан төңкерісінің жеңісі

22

Б. Әйел мен ерлердің тең құқық иелену заманы В. Азамат соғысының аяқталған кезі Г. Бай мен кедейдің теңескен заманы

Ақиректе – Арыстан баб...

Сыр өңірінің Арал теңізі маңайындағы көнекөз қариялардың ақжолтай іске тілек қосып, бата бергенде лебізін «Ақиректе Арыстан баб...» деп бастайтыны бар. Ұлы далаға мұсылман дінін таратушы Арыстан баб кесенесінің тарихы қатпары қалың Отырар жерінде жатқанын білеміз. Ал Ақирек деген қай тұс? Әйгілі Қожа Ахмет Яссауиге ұстаз болған бабтың батада айтылатын Ақирекке қандай қатысы бар? Осы сауалдың тіні соңғы жылдары тарқатыла түсіп, Арыстан бабқа қатысты тағы бір көне сөздің сорабы айқындалды.

Ақирек – Қазалы мен Арал ауданы шекарасындағы жатаған тау. Анталаған жаудан елін қорғаған Жанқожа батырдың атойлап кірген талай майданына куә болған қасиетті өңір. «Осы тауда әйгілі Арыстан бабтың жұмыр жердегі жеті жайының бірі орын тепкен» деген аңыз айтады жергілікті жұрт. Осы дерек қызықтырып, Аралға барған сапарымызда тауға арнайы соқтық. Сырттан қарағанда жайдақ көрінетін Ақиректің төбесі жеткізер емес. Сәлден соң алдымыздан ескі қорым көрінді. Қорым басына осы елден шыққан кәсіпкер азаматтар түнеухана салып, келетіндерге қолдан келгенше жағдай жасап қойыпты. Әлемде «Арыстан бабтың кесенесі орналасты» деген жерлер баршылық. Солардың қатарында Иран, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Израиль және біздің еліміз бар. Аңыз бойынша Арыстан баб дүниеден өткен уақытта оның денесін өз жеріне қоймақ болған мұсылман баласы арасында келіспеушілік болған деседі. Дау-дамайдың оңайлықпен оң шешім таба қоймайтыны анық болып, бабаның мүрдесін түйелер керуеніне артып жолға шығады. Олардың барлығының түр-түсі бір-бірінен аумайды екен. Мүрде қай түйенің үстінде екенін ешкім білмейді. Түйелер керуені Арабия, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан аймақтарын басып өтеді. Оның әрқайсында бір-бір түйеден шөгіпті. Соңғы екеуі қазақ даласына дейін жеткен көрінеді. Бірі Отырар алқабындағы қазіргі Арыстан баб кесенесі орын тепкен жерге шөксе, соңғысы Арал топырағындағы осы Ақирекке дейін келіпті.

23

Ескі қорым басында оның мемлекеттік қорғауға алынғанын білдіретін тақтайша орнатылыпты. Мұндағы бұлақ та есте жоқ ескі заманнан бері ағып жатыр. Тау басынан етекке жылғаланып түскен суы кей жылдары әжептәуір көлге айналады. Әулие басындағы тасқа түскен сәбидің ізі, тарақ таңбасы көзге тайға таңба басқандай анық көрінеді. Осы өңірде Бала әулие, Қыз әулиеге қатысты айтылатын аңыз бен қойылған белгі тау төбесінде талай қазына көміліп жатқанын айғақтайды. Осының өзі бұл өңірдегі қариялар батасында айтылатын «Ақиректе Арыстан баб» сөзінің тектен-тек шықпағанын дәлелдеп тұрғандай...

Арал ауданындағы Ақбай елді мекеніне небары 9 шақырым жердегі тау төбесіне заманауи кесене тұрғызып, жол тарту, су жеткізіп, жарық жүргізу баба рухына көрсетілген үлкен құрмет қана емес, туризмді дамытудың бастауы болар еді. Бұл көне заман күмбіріндегі болған аңыздың кейінгіге арқауы үзілмей жетуі үшін керек («Егемен Қазақстан» газеті, 09.04.2020.).

1.Арыстан бабқа қатысты Ақиректегі нақты дерек:

А. Жанқожа батырдың қалдырған естелігі Ә. Ақирек басындағы ескі қорым

Б. Ақсақалдардың батасындағы Арыстан баб атауы В. Арыстан баб мәйітін артқан түйенің шөккен орны Г. Ауыл адамдарының аңыз-әңгімелері

2.Мәтін бойынша Арыстан бабтың өлі денесін артқан түйелер керуені басып өткен елдер:

А. Қазақстан, Иран, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан Ә. Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Арабия, Қазақстан

Б. Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан В. Қырғызстан, Иран, Әзірбайжан, Арабия, Өзбекстан, Қазақстан Г. Қырғызстан, Израиль, Арабия, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан

3.Арыстан баб әулиенің мүрдесіне ұқсас бірнеше мәйітті түйелер керуеніне артып, ел кездіру себебі:

А. Әулиенің өлер алдындағы өтініші

Ә. Әр елдегі әулие болған жерлерге тағзым еткізу Б. Әулиенің шәкірті Қожа Ахмет Яссауидың тілегі

В. Мұсылман қауымының ислам дінін уағыздаудың тиімді жолы ретінде қабылдауы

Г. Мұсылман қауымының әулиенің денесін өз елінде жерлегісі келуі

24

4.Қазақстандағы Арыстан баб әулиенің дәстүрлі кесенесі орналасқан

жер:

А. Ақирек тауы Ә. Қазалы мен Арал аудандарының шекарасындағы Ақбай ауылы Б. Түркістан кенті В. Отырар кенті

Г. Арыстан баб қаласы

5.Ақиректегі Арыстан баб ескі қорымын абаттандыру мақсаты:

А. Көнеден жеткен аңызды ақиқатқа айналдыру Ә. Ескі қорымды мемлекет қорғауына алу

Б. Арыстан бабтың мұсылман қауымына деген еңбегін дәріптеу В. Елімізге туристерді тарту, ислам дінін дәріптеу Г. Әулиенің рухына құрмет көрсету мен ел туризмін дамыту

6. Мәтін бойынша Арыстан бабтың жұмыр жердегі жеті жайының ең соңғысы орналасқан жер:

А. Ақирек тауының басы Ә. Түркістан облысындағы Арыстан баб кесенесі Б. Өзбекстан аймағы В. Сауд Арабиясы жері Г. Әзірбайжан өлкесі

Ақсақалдықтың жүгін аудармай алып жүру – үлкен сын

...Жалпы білім, ғылым, ілім деген үш деңгей бар. Білімді мектептен алады, ғылым жоғары оқу орнында оқып, одан әрі сонымен айналысқан адамда болса, ілім деген бар ниетімен білімнің соңына түскенге беріледі. Нютоньға, Менделеевке, Эйнштейнге, Нобельге және басқа адамдарға ілім көктен түскен. Олар ілім үшін жаратылған ерекше адамдар, осы жолға шынайы беріліп ұмтылған жандар. Өзінен-өзі ештеңе келмейді, талпыну керек. Ашылатын дүниелер адамға кейде кездейсоқ аңғарылғандай көрінеді. Сол кезде ұстап қал, ал байқамасаң кетіп қалады. Жарылқаушының таңдауы түсу үшін таза пейіл, ниет, өзің зерттейтін салаға, жалпы не нәрсеге адал болу керек, сонда бәрін береді, тылсымның да сыры ашылады. Аңдап қарасаң, ниеттер кірленсе, адамдар бейбіт шешуге болатын дүниеден шатақ шығарып, соза берсе сол жерде табиғи апаттар орын алады, жер сілкінеді, тасқын су басады. Тегіннен тегін бе? Жоқ. Сондықтан жеке адамдар ғана емес, тұтас халық тазалыққа, оң ниетке ұмтылуы тиіс. Сонда

25

Иеміз мейірленеді, барын төгеді. Қазақ: «Алла беріп те сынайды, қысып та сынайды», – дейді. Бұл – рас, егер осы екеуінде де ниет тазалығы болса, пенделерін жарылқайды. Біздің бабалардан жеткен халықтық дүниетаным – осы.

Әлемдегі ежелгі халықтардың жалғызы біз демеймін, бірақ санаулы халықтың бірі екеніміз рас. Біз Батыспен де, Шығыспен де тайталасып келген елміз, оның бәріне ықпал жасап, үлгі болған жұртпыз. Мәселен, Түркі жұрты Еуропаға үш рет жорыққа шығып, олардың өміріне із салған, тәртіп енгізіп, жуынуды, тазалықты алып барған. Христофор Колумбтың мұхит асып, жаңа жерлер ашуын қаржыландырған королева Изабелла Кастильскаяның өмірінде екі-ақ рет суға түсіп, жуынғаны жайлы дерек бар. Әріні қозғамағанда, орта ғасырлардағы еуропалық патшалардың сарайларында жуынбаған адамдардың жағымсыз иісін кетіру үшін әтір себу шыққан.

Әлемде екі мыңнан астам халық бар екен. Солардың ешқайсысы да бүгін бармыз, ертең жоқ боламыз деп өмір сүрмейді. Біздің арғы түбімізде көк пен жердегі өмірді байланыстыра білген, соны таныған адамдар басқарған. Бабаларымыздың Еуропаға, алғаш рет Римге барғаны тарихта жазылған. Қажыахмет Асабидің қолбасшысы Аспар батырдың Римді алғаны туралы адамзат тарихын зерттеуші неміс ғалымы Гельмонт жазған. Меркі ауданында Аспар деген асу бар. Аспар деген өзен, Аса деген жерлер бар. Түркістанның алғашқы атауы да Аса, Сол Асабидің туған жері, бар түркінің зиярат етер қасиетті орны...

Негізі осы үлкендіктің мезгілі ауырырақ. Ақсақалдықтың жүгін аудырмай алып жүру – үлкен сын. Өйткені ақсақал бәрін көріп, түсініп отырады. Өзінің басына түскенге емес, адамдардың басына түскен ауыртпашылықтың бәріне қиналады.

Өз пайдасын ойлар пенделіктен ада болуды бұйырып, Алла жүрегімізде болса деймін. Менің білерім, мейір, пейіл, ниет – үшеуі бар адамға бақ қонады. Қазақ ең алдымен өзінің қасиетті дүниелерін сақтау керек. Мәселенің басы санада, рухта жатыр. Сондықтан сана мен рух тірілуі тиіс. Ақсақал үшін кейінгі буынның осы құндылықтарды игеруінен асқан бақыт та, мақсат та жоқ деп ойлаймын («Егемен Қазақстан», 14.05.2019. Өмірбек Бәйгелді).

26

1. Мәтін бойынша ата-бабамыздың Еуропа халқына жасаған өркениеттік ықпалы:

А. Тазалыққа үйрету Ә. Білімпаздыққа баулу Б. Тәртіп пен тазалық

В. Жуыну мен демалуға мәжбүрлеу Г. Ізгі өмір мен мейір-ниетке дағдыландыру

2. Мәтін бойынша жаратушы Иеміздің мейірленетін кезі:

А. Адал ниет пен мейір болғанда Ә. Оң ниет пен тазалық болғанда Б. Адалдық пен оң ниет болғанда В. Таза пейіл, оң ниет болғанда

Г. Халық пендешіліктен ада, ниеті оң болғанда

3. Мәтін бойынша адам басына бақ қонатын сәт:

А. Сана мен рух жоғары болғанда Ә. Көкпен тілдескен білім, адал көңіл, шексіз тазалық болған кезде

Б. Ниет пен пейіл, мейір мен рух бір болғанда В. Ниет, пейіл, үстем мерей – үшеуі бір болғанда Г. Ниеті таза, мейірімі мол, пейілі оң болғанда

4. Мәтін бойынша тылсымның сыры ашылатын тұс:

А. Бәріне адалдық, таза пейіл, оң ниет болған кезде Ә. Ілім мен ғылымды меңгеріп, ғұлама атанған тұста Б. Көкпен тілдесетін дарын иесі болған кезде В. Ниеті түзу, мейірімі мол, пейілі кең адамға

Г. Адалдық, адал ниет, таза көңіл ұштасқан тұста

5. Мәтін бойынша Асабидің туған жері:

А. Түркістан Ә. Аспара

Б. Меркі ауданы В. Аспар өзенінің бойы

Г. Қазіргі Аса өзенінің бойы

6. Мәтіннің идеясы:

А. Рух пен сананы ояту Ә. Тәлім-тәрбие Б. Туған жерге тағзым

В. Бабалар рухына тағзым Г. Жаратушының құдіретін мойындау

7. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қатар:

А. Ол: «Толқын мына жерге дейін жете ме?», деп сұрады. Ә. Ол – Толқын мына жерге дейін жете ме? – деп сұрады.

27

Б. Ол «Толқын мына жерге дейін жете ме?» – деп сұрады. В. Ол: «Толқын мына жерге дейін жете ме»? – деп сұрады. Г. Ол: «Толқын мына жерге дейін жете ме?» – деп сұрады.

8. Тек бастауыш пен баяндауыштан (қиысудан) тұратын сөйлем:

А. Алла жүрегімізде болса деймін Ә. Мәселенің басы санада, рухта жатыр Б. Аспар деген асу бар

В. Сондықтан сана мен рух тірілуі тиіс Г. Тегіннен тегін бе?

28

ТӨРТІНШІ НҰСҚА

Дала кемесі

Шөл даланың аптаған ыстығына қатты қызған құммен кез келген жануар сапар шеге алмайды. Құмды боран көзге ұрып, құм ауызға толып кеткенде адамның тыныс алуы да қиындайды. Алайда табиғаттың осындай дүлей күшіне түйе төтеп бере алады. Оның қалың сүйелді табанынан қызған құмның ыстығы, қақаған қыстың ызғары өтпейді десе де болады. Ал ұрып тұрған құм бораны да түйе үшін қорқынышты емес. Оның кеңсірігі құм қиыршықтарын ішке жібермей, жартылай жабылып қалады. Жалпақ табаны алып денені қалың құмда қар бетіндегі шаңғыша көтеріп кетеді. Түйе 40-50 шақырым жолды нәр татпастан-ақ жүріп өтеді. Құмды шөлге қолайлы көлік – түйе ғана. Сондықтан халық түйені «дала кемесі» деп атап кеткен. Шөл даланың өсімдіктерге тапшы болатындығы түсінікті. Онда суды аз буландыратын тікенекті өсімдіктер ғана өседі. Мұндай өсімдіктерді сиыр, жылқы тәрізді жануарлар жей алмайды. Ал түйе тікенекті өсімдіктерді сүйсініп жейді. Оның азығы – теріскен, жантақ, шеңгел, т.б. Өйткені түйенің таңдайы, ұрты, тілі өте жақсы жетілген бүршіктермен қапталған. Шөл далада тіршілік ету энергияны дұрыс үнемдей білуге негізделген. Түйе қоректік затты өте ұқыпты жұмсайды. Мысалы, демалып жатқан жылқыға қарағанда, демалып жатқан түйенің энергияны 40 % аз жұмсайтыны белгілі («Ана тілі» газеті, 09.08.2018.).

1. Мәтін бойынша түйенің «дала кемесі» аталу себебі:

А. Ұзақ жолға ұзақ уақыт нәр татпай шыдауы Ә. Кеңсірігінің құм қиыршықтарын өткізбей, жартылай жабылып қалуы

Б. Ыстық құмда жалпақ табанымен шаңғыша жүріп, шыдас беруі В. Шөл далаға қолайлы болып жаратылуы Г. Төзімділігі, қос өркешіне су жинап, сонымен сусындау

2. Түйе жануарының шөл далаға бейімділік қасиетінің негізі:

А. Басқа жануарлар қорек ете алмайтын тікенекті өсімдіктерді азық қылуы Ә. Дене бітімінің құмды далаға бейімделіп жаратылуы

29

Б. Бойындағы қоректік затты үнемдеу қасиеті В. Күндіз оттап, түнде күйіс қайыруы

Г. Кеңсірігінің ыстық ауа мен қиыршық құмды ішке жібермеуі

Өкпек жолаушы

... Иә, өмір деген осы! Сол жыбырлап өтіп жатқан тіршілік жолында сіздің кездескеніңіз мен үшін өмірлік өшпес сәуле сияқты. – Қойыңызшы, сіз не деп кеттіңіз, тәйірі! – Осындай жылтырақ сөздерді мен де иттің етінен жек көремін. Біреуді қанша жақсы көріп тұрсам да айта алмаймын, айта бастасам болды, тілім ағашқа айналып қатады да қалады. Ал өзгелердің өзеуреп, майын тамызып шұбыртып жатқандарын көргенде, телевизордан неше түрлі жылаңқы да жалған сөздерді естігенде жұрттың өтірік сөзден ұялмайтынына ұяласың. Мен сондай кезде өтірік айтып тұрған адамнан гөрі соған сеніп тұрған адамды көп кінәлаймын. Егер ешкім сенбесе өтіріктің қажеті де болмай қалар еді. Бұл жолы білмеймін, аузымнан қалай шығып кеткенін өзім де байқамай қалдым... Зейнеп әлдене дегелі оқтала беріп еді, Айтөре қолын сәл ғана көтеріп оны сөйлетпей қойды. – Білем, білем, тым артық кеттіңіз демексіз ғой. Ештеңе етпес. Осы өмірімде бір адамға бірекі ауыз сөзді ақтарыла айтсам айып болмас. Сіз ондай сөзге лайық жаралғансыз... Ойлап отырсам, менің де, сіздің де мына өмірден алған сыбағаларымыздың ащысы молдау екен. Несі бар, ол да жаман емес, ол да өзінше сыбаға деп аталады.

... – Біздің бала кезімізде Барақат деген шал болатын, – деді Зейнеп аздап көңілді қалыпқа түсіп. – Өзі сіңірі шыққан кедей, жалаңаш денесіне жүн шекпенін киіп жүре беруші еді. Жеке меншік мал бағатын. Сол шал таяғына таянып тұрып былай дейтін: «Мына дүние әлемде он сегіз мың жанды тіршілік бар. Сол он сегіз мың жанды тіршіліктің бірі етіп жарату үшін де Алла тағаланың мейірім шапағаты түсуі керек екен. Мені сол он сегіз мыңның бірі етіп жаратқаныңа шүкір, Құдай! Ит қылам, шошқа қылам, маса, шіркей, құрт-құмырсқа қылам десең де қолыңда еді, бірақ айрықша ықыласың түсіп, қолыма таяқ ұстатып, мал бақтырып, Адам етіп жаратқаныңа тәуба, жаратқан ием!» – деп тұрушы еді. Бәлкім сол шалдың сөзінде көп мән жатқан шығар. Тереңге ұмтыламыз деп саязда жатқанды, әріге ұмтыламыз деп беріде тұрғанды көруден қалған шығармыз.

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]