Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

1. Еңбекқор, батыл, айлакер құмырсқаларды жаппай бағындыратын

күш:

А. Тіршілік ету заңдылығы Ә. Ұжымдық түйсік Б. Темірдей тәртіп

В. Нәзік талшықты жүйке Г. Жауынгерлік дайындық

2. Құмырсқалардың ұрпақтарына тамақ беріп, қарайтын:

А. Аналары Ә. Тек әкелері

Б. Ұжым басшылары В. Аспаздар

Г. Кез келген ұжым мүшелері

3. Құмырсқалардан бірнеше есе үлкен жәндіктердің оларға шыдас бере алмай, жеңілу себебі:

А. Құмырсқалардың көп болуы Ә. Құмырсқалардың жауынгерлік даярлығы

Б. Жабылып тістелегенде денесін бөлшектеп тастауы В. «Қақпан үйшікте» тұншықтырып өлтіруі Г. Жабыла тістелегенде жәндігін улап өлтіруі

Ұсталық – киелі кәсіп

Ұсталық – көнеден келе жатқан киелі кәсіп. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деген халқымыз темірден түйін түйген, ағаш жонған ісмерді «темірші», «дархан», «ұста» деп төбесіне тұтып қадірлеген. Әйгілі Махмұд Қашқари «ағашты ұзын кес, темірді қысқа кес» деп ұсталық нақылды өсиет етіпті. Бағзыдан жеткен сақ әшекейлері де, мыңдаған жылдар мызғымай тұрған балбал мүсіндер де осы ұсталардың көз майының жемісі...Көне фольклорлық деректерге сүйенсек, теміршілік сақ, ғұн, түркі дәуіріндегі кен қазу, металл өндіру ісімен, сондай-ақ тәңірлік сенімдегі бақсылық культімен байланысты пайда болған және алғаш ұсталық кәсіппен бақсылар айналысқан. Мәселен, Бумын қағанның арғы атасы Надолу шад темірші ұста әрі бақсы болған деген деректер бар. Ұстаның теміршілік пен бақсылық қатар дарыған тұлға болғандығы кейінгі түркі халықтарында да сақталған. Қырғыздың әйгілі жырында Манастың жорыққа шығар алдында міндетті түрде темірші ұстаға барып, батасын алып, қару-жарағын сайлайтындығы айтылады...

131

Халық танымында ұста мен оның құралдары киелі саналып, түрлі жамандықтан сақтайды деген сенім пайда болған. Ұстаның жұмыс істейтін ұстаханасы немесе дүкенінде арнайы рәсімдер өткізілген. Мәселен, ұсталар жыл сайын дүкен құрып, іске кірісер сәтінде:

– Әуеден көмір түсірген, От жақпай темір пісірген, Балға, төсі шақылдап,

Ер Дәуіт, пірім, сен қолда!

деп, Дәуіт пайғамбарға арнап құрбандық шалып, құран бағыштайды. Бұны «дүкен майлау» рәсімі деп атаған. Бұл рәсім көктем мезгілінде орындалған. Яғни наурызда ұстаның саймандары майланып, «төс майлар» деп мал сойылып, ақ бүркіліп, ас берілген. Бұл рәсімдердің атқарылуы түркі дәуіріндегі «Ергенеқон» дастанымен байланысты болса керек. Дастанда Ергенеқонды мекендеген түркілер ұзақ жылдардан соң тау қапталын ерітіп, жазыққа шыққандығы баяндалады. Сол күннен бастап әр жылы наурыз айында ұсталықты, теміршілікті ырымдап, балғамен төс соғу дәстүрге айналыпты («Егемен Қазақстан» газеті,17.04.2020 ж.).

1. Халық ұғымындағы ұста мен оның құралдарының киелік қасиеті:

А. Жаудан қорғайды Ә. Жамандықтан қорғайды

Б. Адам бойына бақсылық өнер дарытады В. Балға мен төсті ұру арқылы пірлерге сыйынады

Г. Сақ дәуірінен бері ұлттық өнерді жалғастыруы

2. Мәтіндегі «төс майлар» рәсімі негізделген іс-қимыл:

А. Пайғамбарға құрбандық шалу Ә. Мал сойып, ас беру

Б. Ұсталық құрал-саймандарды майлау В. Ескі ырымға табынушылық Г. Ұстаның көктемдегі ісіне сәттілік тілеу

3. Мәтін бойынша ұсталық өнердің пайда болуына қатысты металл өндірісінің дәуірлері:

А. Сақ, көне түркі дәуірі Ә. Ғұндар мен сақ дәуірі Б. Түркі қағанаты кезеңі В. Сақ, ғұн, түркі дәуірі

Г. Ежелгі дәуір, сақ дәуірлері

132

4.Қазақтың дәстүрлі мақал-мәтеліндегі «ағашты ұзын кес, темірді қысқа кес» нақылының себеп-салдарлы толық нұсқасы:

А. Ағашты ұзын кес, сырық болады, темірді қысқа кес, бәрібір төске ұрады Ә. Ағашты ұзын кес, уық жасайсың, темірді қысқа кес, тасқа қашайсың Б. Ағашты ұзын кес, кемітуге жеңіл, темірді қысқа кес, ерітуге жеңіл В. Ағашты ұзын кес, сұлатуы – оңай, темірді қысқа кес, жұмсартуы – оңай

Г. Ағашты ұзын кес, қысқартуы – оңай, темірді қысқа кес, ұзартуы – оңай

5.Мәтін бойынша ұстаның дүкені дегеніміз –

А. Ұстаның жұмыс істейтін орны Ә. Ұсталардың жиылып, әңгімелесетін орны

Б. Ұстаның өз құралдарын саудаға салатын орны В. Бақсылардың түрлі рәсімдер өткізетін жері

Г. Көктемде Дәуіт пайғамбарға арнап құрбандық шалатын орын

Пілмен күресу [1]

... Жанның биологиялық сапасы – тек көрінеді. «Тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан» деген сөздер, бәлкім, ілкіден келе жатқан көне ұғым.

Оразгелді қиналған, я болмаса қапаланған кезде ескі бір әңгіме есіне оралады. Әкесінен естігені жадында тасқа басқандай жатталып қалыпты. Әкесі құйқылжытып айтып берген оқиға төмендегіше:

Оразгелдінің нағашы атасы жігіт шағында тарамысына ілінген арық, абажадай сүйекті, жаурыны жерге тимеген балуан болған көрінеді. Отызға дейін үйленбепті. Алдына мал бітпеген, мініс атын, үстіндегі киімін ғана түзеген, ел-елді аралап серілік құрған, той-жиын десе ішкен асын жерге қойған, морт мінезді, біртоға жігіт болған көрінеді. Жаз ауа, күзге салым малдың жілігіне май бітіп, толысқан шағында елдің үлкендері Бұхарға мал айдайтын үзілмейтін үрдіс салт бар көрінеді.

Бір жағы сауда жасап, айдап барған малын пұлдап, елдегі бала, әйел, жұрағатына киім, қысқа жетер азық-түлік алады, екінші жағынан, сол заманда батыс пен шығыстан ағылып келіп өнер көрсетіп, халықты қызығына қарық етіп жататын түстігі Әнді, Мысыр, терістігі Бұлғар, Алтын Орда хандығының қызығын көріп қайтуға ұмтылады білем. «Мал айдас, Бұхардың қан базарынан қызық көресің» деген ауылдастарының сөзін жерге тастамай, Құдайберген нағашысы көлігін сайлап, жол азығын қамдап, жер-

133

лестеріне ілесіп, күндердің күні жолға шығады...Бұхарға дейін алты қонып, ат тұяғы күйген шөлді басып, құс қанаты талған тауларды айналып өтіп, жетінші тәулікте үлкен қаланың қақпасына маңдай тірейді. Қалаға төрт түлік малдың неше атасын айдап келгені болмаса, бұлар – Қазығұрт қойнауынан сіңірін созып шаршапшалдығып жеткен қазақтар былайғы жерде шөп басын сындырмады десе де болады. Жаланып тұрған делдал дегені малын айдасты, базарына жөн сілтеді, сатып алушымен мәміле жасады, тіпті қона жататын тәкия жайды солар тапты, жамбас пұлына дейін солар келісті.

Қалада үлкен дүрлігіс бар. Көшені керней шалған ала тақиялар басына көтеріп, даңғазалап еш ұйықтатпайды. Әрісі Мысыр, берісі Бағдат, түстігі Үнді, шығысы Қашқар жұртынан мына Бұхарға жауырыны жерге тимеген, білегіне сенген, айтулы балуандар жиылып жатыр деп естіді. Үш жылда айналып келетін балуандық сайысы осы екен. Жұрттың аузына қарасаң ас батпайды, делебең қозады, сүйегіңе қорғасын құйылғандай сезіледі. Несін айтасың, ұйғырдың түйе балуаны Мысырдың жолбарыс алған балуанын басынан асырып, шырқ үйіріп, жамбасқа алып тастап жібергенде, ақ топырақ лайға айналды деседі; қала әмірі төрткүл дүниеден жиналған жампоздардың бағы жанып, бас балуан атағын алған кісіге... Исфахан аруын бас етіп, жасауымен тоғыз түйе тігіпті деп даурығысады.

Қазығұрттан мал айдап жеткен, бұлшық еті білеуленген Құдайберген әлгіні естіп, «бағымды сынап көрсем қайтеді» деп іштей толғанады. «Болмас, болмас, әдейілеп ат арытып жеткенде, жамбасымыз тесіліп жата бермей, барайық, көрейік...кереметін елге айтып жеткізейік!» деседі жерлестері... Бұлар балуан сайыстың соңын ала жетті. Құдай басқа салмасын! Ұйғырдың жалпақ жауырын, балтыры жүнді, жүрек жұтқан балуаны белдескенін шыдатпады. Білегі келсаптай үнді балуаны алаңға ойнақтап шықты. Келсаптай қолын үйіріп ойнап жүрген бала секілді. Ұйғырдың балуаны қапы қалды...Әлгі неме айналып соғып, ұйғыр балуаны жүгі ауып шөккен түйедей тізесін басып тұра алмай, ақырында кескен томарға айналды. Үнді балуаны алаңды айналып, ақырып-шақырып біразға дейін ойнақтап жүріп алды. Кернейші кеңірдектеп, құлақты жарады.

134

Кәнекей, кім бар шығатын! Үндінің әбжылан балуанын жыққан кісі бас жүлдеге ие болады.

Алаң тым-тырыс. Жұлқынып шығар жүрек жұтқан шыға қоймады... Маңай тұнжыраған қалпы. Мына отырған Құдайберген орнынан көтеріліп кетеді, ыза буып, қан құйылған жанары ештеңе көрсетер емес, «Мен шығамын» дейді иығынан түйе жүн шекпенін сыпырып. «Әй, жігітім, қабырғаң күйреп майып боласың!» – дейді жерлестері... Құдайбергеннің құлағы тарс бітеліп қалған, жын иектеді ме, әлде ыза көтерді ме, өзі де білмейді, теңселіп алаң ортасына шығады. Арық атандай сидиып алаңға шыққан ұзынтұра жігітті көріп, әбжіл жыланға ұқсаған үнді балуаны шықылықтап кеп күледі. Бапкер жігіттер Құдайбергенді баптапшаптап, біразырақ бусандырып алып, тізгінін сыпырып, әлгі немеге қарсы қоя береді.

Алла-а-ай! деген Исфахан аруының шыңылтыр үні еріксіз шығып кетеді.

Әуелгіде Құдайберген аңысын аңдып біраз жүрермін деп ойлаған, допша домалап үнді балуаны бірде оң жағынан, келесіде сол жағынан шығады. Үйіріп соғар жұдырыққа түсіп қалмауды ойлады. Есіне құба жонда бәйге атымен қасқыр қуып, тобылғы сойылмен соғып алғаны есіне түсті... Оң жағынан зу етіп өтіп бара жатқан қарсыласын қармап әуре болудың қажеті жоқ, шырқ айналып, сол қолымен тұзақ жасап, бүгіліп қап, үндістің балтырынан шап берді. Шалқасынан түсірді. Әлгі неме іштен перді. Кіндік тұсы түйіліп, тізерлеп барып бойын қайта түзеді, қарсыласы бұлт етіп шығып кетті... Ойнақтаған орға түсер дегендей, ойнап жүрген әбжіл неме қайыс білекке қайта қармалды. Құдайбергеннің қара күші жамбасында болатын, ойда жоқта жамбасқа түскен үнді балуаны шырқ үйіріліп, шәңбірек атып аяғы аспаннан келді. Бойын тіктеп түрегелген мезетте жойқын жамбасқа және түсті және жер құшты, аяқ астынан есеңгіреп қалды. Жеңіс Құдайбергенге бұйырды. Терістіктен, шығыстан келген қазақтар «а, құдайлап!» өре түрегелді.

Түстіктен келіп жеткен қазанның түп күйесіндей үндістер, ауғандар, пұштындар уәж сөзге тоқтамай, ерегісе көтерілді: «Жоқ, жеңісті қолдан бермейміз!» десті...» Қазақ палуаны күшпен жеңген жоқ, қайдағы-жайдағы тәсілді қолданып, айла асырды» десті... «Өлсек те, тыриған арық қатпаға бәйгені бере ал-

135

маймыз» десті. Дау ушықты, жұрт дүрлікті. Төбелес туып кете ме деп қала әмірі қобалжыды.

Сонда не қыл дейсіңдер?

Қазақ балуаны мықты болса, пілмен күрессін. Әлгі үнді балуаны белін ала алмай жатыр. Соның үйретілген үйдей пілі бар,

сол пілді жеңсе, сөзге тұрамыз, деседі қарсыластар, жеңе алмаса, бәйге бізге бұйырады.

Ендеше, қазақ балуаны пілмен күрессін, – деп қала әмірі пәтуа жасайды, – күні ертең осы алаңда кездесетін болайық, сәске түсте белдесуге шықсын! Қала әмірінің айтқаны – заң. Әп-сәт- те күні ертең, сәске түсте қазақ балуаны үйдей үлкен пілмен күреседі екен деген сөз күллі қаланы шарлап жөнелді. Естіген жұрт қарадай үрейленіп, тәубаға келді... (Досжанов Д. «Пілмен күресу» әңгімесі // «Жалын» журналы. – №12. – 2005) (жалғасы келесі нұсқада).

1. Мәтін бойынша қазақ балуаны үнді балуанын қандай тәсілмен жең-

ді?

А. Аяғынан қайыс білекпен іліп түсті Ә. Оң аяқпен шалып түсіп, шалқасынан гүрс еткізді Б. Іштен шалып, етпетінен түсірді

В. Жақсы көретін жамбас әдісіне түсіре алмаса да, шалқалай лақтырды Г. Екінші рет жамбасқа түсіріп, аяғын аспаннан келтірді

2.Оразгелдінің нағашысы Құдайбергеннің ұйғырдың жүрек жұтқан балуанын жеңген сәті:

А. Шырқ айналдырып, үйіріп түсірді Ә. Жалпақ жауырынына жер искетті

Б. Ұйғыр балуаны жамбасына түскен кезде жалп еткізді В. Түйедей балуанды қайыс білегімен шыр айналдырып, тізе бүктірді Г. Ұйғыр балуанымен белдескен емес

3.Мәтін бойынша Бұхар шаһарына мал айдап баратын қазақтардың мақсаты:

А. Сауда жасап, азық-түлік алу, жан-жақтан келетін жолаушылармен танысу, өздеріне қалыңдық таңдау

Ә. Мал сатып, ақшасына азық-түлік, киім-кешек алу, түрлі мекендерден келгендердің небір өнерлерін қызықтау

Б. Сауда жасап, қысқа жететін азық алу, бала-шағасына, әйелдеріне киімкешек сатып алу және түрлі өнер үйреніп, еліне алып қайту

В. Балуандар күресін қызықтау, өздерінің мықтыларын қатыстыру, қызықтап, демалып қайту

136

Г. Бұхар базарынан асыл тұқымды мал таңдау, тұрмысқа қажетті керекжарақтарын алу, үлкендердің тапсырмасын орындау

4. Мәтін бойынша Құдайберген балуанға «Әй, жігітім, қабырғаң күйреп, майып боласың!» деп жанашырлық білдіруші:

А. Исфахан аруы Ә. Қаланың билеушісі Б. Ұйғыр балуаны В. Жерлестері

Г. Үнді балуанның жақтастары

5. Мәтіннен алынған сөйлемдердегі тұрақты сөз тіркесі бар қатар:

А. ...үнді балуаны шырқ үйіріліп, шәңбірек атып, аяғы аспаннан келді Ә. Әп-сәтте үйдей үлкен пілмен күреседі деген сөз күллі қаланы шарлап

жөнелді Б. Есіне құба жонда бәйге атымен қасқыр қуып, тобылғы сойылмен соғып

алғаны түсті В. Кіндік тұсы түйіліп, тізерлеп барып бойын қайта түзеді

Г. Өлсек те, тыриған арық қатпаға бәйгені бере алмаймыз

6. Құдайбергеннің үнді балуанын жеңгенін мойындамаған базаршылар:

А. Терістіктен келген базаршылар Ә. Шығыстан келген базаршылар

Б. Алтын орда хандығынан келген базаршылар В. Түстіктен келген базаршылар Г. Құдайбергеннің жеңісін қызғанған жерлестері

7. Оразгелдінің балуан нағашысы туралы жазылған әңгіменің басты идеясы:

А. Күшті алып та жығады, шалып та жығады Ә. Қазақ халқының балуандық өнерін дәріптеу

Б. Тектілік, «жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» В. «Жаманнан жақсы туады – адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туа-

ды – бір теріге алғысыз Г. Не болса да, сыбағаңнан құр қалма!

8. Мәтін бойынша Құдайбергенді қолы келсаптай үрейлі үнді балуанымен күресуге алаңға алып шыққан күш:

А. Сенім мен ызақорлық Ә. Ызақорлық пен жерлестерінің дем беруі

Б. «Жығылсам, жер көтереді» деген қазақы ұғым В. Намысқойлық пен көрермендердің қошеметі Г. Ата-баба аруағына сыйынуы мен сенімділік

9. Мәтіндегі Оразгелдінің нағашы атасы Құдайбергеннің Бұхар базарына келу себебі:

137

А. Мыңғырған малын саудалап, қызық көріп қайту Ә. Мал саудалап, өзіне қажетті сәнді киім, жүйрік ат алып қайту

Б. Отызға келгенше бойдақ жүргендіктен, Исфаханның аруын алып қайту В. Серілікпен серуендеп, өнер үйреніп қайту Г. Ауыл үлкендері мен жерлестерінің сөзін жерге қалдырмау

10. Бұхар шаһарындағы жұрттың қарадай үрейленіп, тәубаға келуіне не себеп болды екен?

А. Қала әмірінің үнді балуандарының жақтастарынан сескенуі Ә. Қазақ балуанының пілмен күресетіні Б. Піл мен адамды күрестіруге болмайтындығы

В. Қазақ балуанның жерлестері шығарған шу Г. «Не бел, не белбеу кетеді» деген Құдайбергеннің сөзі

138

ОН АЛТЫНШЫ НҰСҚА

Ақ ірімшік

Ақ ірімшік – сиыр сүтін ашыту арқылы алынатын диеталық тағам. Майы алынбаған сүттен, сондай-ақ майы ішінара немесе толық алынып пастерленген сүттен жасалады. Ақ ірімшік сыртқы түріне қарап, сары суы алынған және диеталық жұмсақ ірімшік деп бөлінеді. Майлы ақ ірімшік сүт майы және ақуыз қоспасынан тұрады. Ақ ірімшік қоспасында адам өміріне қажетті амин қышқылының бәрі бар, сондықтан барлық жастағы адамдар үшін өте қажет тағам. Ақ ірімшік сүйектің жетілуіне, қанның жақсаруына, жүрек қызметі мен жүйке жүйесіне қажетті кальций және фосфор тұздарына өте бай. Ақ ірімшікті үйде де дайындауға болады. Үш-төрт литр қайнатылған жылы сүтті және бір стақан қатықты араластырып, әбден ұйығанша ұстайды. Ұйыған соң үлкен кесектерге бөліп, ол салынған ыдысты су құйылған тегешке салып, баяу жанған отқа қойып қыздырады (қайнап кетпеуі керек), жоғары қабатын қасықпен араластырып тұрады. Араластырған кезде жоғары қабаты төмен аударылып, сарысудың біркелкі бөлінуіне жәрдемдеседі. Сарысуы әбден сорғыған кезде ақ ірімшікті суытып, дәке немесе мата дорбаға салып, үстіне салма қойылған тақтаймен бастырады («Ана тілі» газеті, 20.02.2020).

1.Ақ ірімшіктің негізгі қоспасы:

А. Ақуыз, амин қышқылдары Ә. Кальций, фосфор Б. Ақуыз, сүт майы В. Сарысу, сүт майы

Г. Фосфор тұздары, амин қышқылдары, ақуыз

2.Ақ ірімшік құрамындағы кальций мен фосфор тұздарының пайдасы:

А. Жүйкені жұқартып, қан қысымын реттеп, сүйекті жетілдіреді.

Ә. Қан құрамын жақсартып, жүйке жүйесін реттеп, жүрек соғуын жиіле-

теді.

Б. Жүрек соғуын реттеп, сүйектің беріктігін нығайтып, бойды сергітеді. В. Қан құрамын жақсартып, жүйке жүйесін реттеп, сүйекті жетілдіріп, жү-

рек қызметін қалпына келтіреді.

139

Г. Адамның жас ерекшелігін ескермей, сүйегін жетілдіріп, жүрек соғысын күшейтіп, жүйке жүйесін реттеп, қан қысымын қалыпқа келтіреді.

Саят атын таңдау

Саят атының дене бітімі кесек, сауыры шығыңқы, аяқ-қолы жуан болғаны ләзім. Жүрісі нық, қозғалыс үстінде сүрініп-қа- бынбайтын, яғни қартаймаған, тізесі кетпеген, мініске көнбіс, жүрісі шапшаң, елпек болуы қажет. Шабысты болса да артық емес. Себебі құс олжаны ұстаған соң артынан тез, жедел жету керек. Көп жағдайда саятқа ұшқыр, жүрдек, елпек жылқы таңдалады. Себебі бүркіт аңға түскен сәтте құс иесі оған тез жетуі керек. Бүркіт қасқыр немесе түлкіге түскен соң иесі жеделдетіп келмесе, қыранның жазым болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар өлкенің табиғи өзгешелігіне байланысты саят атын таңдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жері сазды немесе құмдауыт, топырақ қыртысы жұмсақ жерлерде күрек табан, кесе тұяқ, жүрісі жайлы әрі жылдам, сергек жылқы таңдалады. Таулы аймақтарда тұяғы шымыр, алды-арты тең, тұрпаты жатаған, биік қыратты жерде туыпөскен, күдірден жол тауып жүретін жылқы қолайлы. Саятқа әбден дағдыланған жылқы аңды адамнан бұрын сезеді. Пысқырып, құлағын қайшылап белгі береді. Сол кезде құсбегі бүркіттің томағасын сыпырып, жан-жағын шолдыра қояды. Кейбір жағдайда құс аңды адам көрмейтін таса жерге барып басады. Оны ат құсбегіден бұрын сезіп, солай қарай өзі алып барады. Саят атының аяғындағы жүрекшесі бүтін болуы керек. Сосын қайырма немесе бүршік тағамен тағаланады. Өйткені тау-тасқа, тік еңіске салғанда аттың аяқ жүрекшесі тез мұқалады. Осы жағдайдан сақтау үшін көбінде қайырма тағамен тағалайды («Егемен Қазақстан» газеті, 24.02.2020. Бекен Қайратұлы).

1. Саят атының жүрдек, шабысты, шапшаң болу шарты:

А. Аңды жазыққа қуып шығару үшін Ә. Аң аулайтын жерге тез жету үшін

Б. Құс аңға түскенде тез жетіп, жазым болудан сақтау үшін В. Бүркіттің алған аңын жұлмалап, жарамсыз қылып тастамауы үшін

Г. Аңшының саят құрғанда құсы мен атының жақсы қасиеті үндесуі үшін

2. Тұрпаты жатаған саят атының қолайлы аймағы:

А. Сазды, топырағы жұмсақ жерлер

140

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]