Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Ә. Жан-жағы жынысты, құмдауыт жерлер Б. Жазық, бұтасы аз, алыстан аң көрінетін аймақ В. Биік қыратты, таулы аймақ Г. Биік жоталы, тік қабақты, борпаң жерлер

3. Мәтіндегі «мініске көнбіс» тіркесінің мәні:

А. Момын, жуас Ә. Қозғалысы баяу, жайлы

Б. Жүрісі нық, сенімді В. Шыдамды Г. Сүрініп-қабынбайтын

Амал – ауызбіршілік мерекесі

...Еділден Ертіске, Оралдан Қазығұртқа дейін созылған қазыналы ұлан-байтақ дала кеңістігін игерген дана халқымыз ұлы жіңгір уақытты да ұтымды меңгеруге қол жеткізіп, жұлдыз бағып, ай санап, күннің райын, аспанның шырайын бақылап, шаруашылығын үйлестіріп, мыңғырған малын өргізіп, қара қазанын шүпілдетіп қайнатып, сары баласын желкілдетіп өсіріп келген. Әлбетте, Ұлы дала халқы үшін уақыт санауының басы, алғашқы күннің жаралып, тұңғыш арайдың таралып, табиғат түлеп, күллі ғалам өмірге келген мезет – Ұлыстың ұлы күні.

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деп ақжарылқап сәтте төс түйістіріп, құшақ айқастыра көрісіп, сағына сәлемдескен Алаш жұрты үшін Ұлыс деген – көне түркі сөзі Жаңа жыл деген мағынаны, сонымен бірге ел деген мәнді де қатар беруі бекер емес.

Ұлы Абайдың: «Сонымен, бұлар өзін-өзі де, өзге жұрттар да қазақ атап кетіпті, бұрын өздерін «ұлыс» дейді екен де, жүре береді екен. Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні дейді екен», – деп жазуы көп сырды аңғартады.

Ақ кіреуке сірескен қарды Наурыз келгенде аспанға көтерілген Қызыр – күннің қызуы балқыта елбіретіп, бауыры түкті Жер

– ананың балбырап тоңы еріп, малдың сүмесіне сүйенген батыс пен шығыстағы, Сарыарқадағы малшы қауым үшін алғашқы төлдің тууы, уыздың шығуы, тұңғыш ақтың таңдайға тамуы – зор қуаныш. Ал түстіктегі егіннің мәуесін емген диқан халқымыз үшін алғашқы жауқазынның бүр жаруы, миуалы жеміс-жидек

141

ағашының гүл атуы, Наурызек торғайдың сайрауы – көктемнің келуі, жылдың енуі, құт-берекенің молаю белгісі болып саналған. Жалпы, әлемнің Шығысы мен Батысындағы көптеген халықтың дәстүрлі мәдениетінде Жыл басын әдетте көктемде қарсы алуы, баршасының Күнге маңдайын тосып табыну рәсімін жасауы осы мерекенің тарихи тамыры, сабақтастық салты желілес екенін танытады. Осы мерекеде өтетін сан алуан салттардың түрі іліктес, мазмұны бай, таралу аумағы аса ауқымды болуына ежелгі Тұран мен Иран мәдени мирасының тоғысуы, көшпенді мен диқаншы дәстүрдің бір-біріне ұласуы байтақ жол ашқан. ...Бес мың жылдан бері Ұлы дала төсінде ізгіліктің шұғыласын шашып, табиғатпен үндесе мерекеленіп келе жатқан Наурыз мейрамы – адамдарды ешқашан нәсілдік, діндік, ұлттық сипаттармен бөлектемей, керісінше, барша халықты ұйыстырып, қоғамды топтастыратын, өзара сыйластық пен түсіністікке жол бастайтын ұлық мереке. Арайлы күннің шуағы төгіліп, табиғат түлеген әз Наурызда халқымыздың мейірбандығы мен ырысы тасып, ынтымағы артып, мемлекетіміздің күш-қуаты кемелдене берсін! Ұлыс оң болсын, халқымыздың басына бақ қонып, Қыдыр дарысын! («Егемен Қазақстан» газеті, 25.02.2020. Қырымбек Көшербаев, мемлекеттік хатшы).

1.Ұлыстың ұлы күнін уақыт санаудың басы, күллі ғаламның өмірге келу мезеті санайтын халық:

А. Шығыс халқы Ә. Бүкіл түркі әлемі Б. Ұлы дала халқы

В. Ежелгі Тұран мен Иран халқы Г. Батыс халқы

2.Алаш жұрты үшін Ұлыс деген көне түркі сөзінің мағынасы:

А. Тіршілктің бастауы, жаңа жыл Ә. Жаңа жыл, ел

Б. Молшылықтың басы, ақжарылғап тұс В. Жылдың еніп, сірескен қардың еруі Г. Жыл басы, молшылық бастауы

3. Әлемнің Шығысы мен Батысындағы көптеген халықтың мәдениетіндегі жыл басын қарсы алуға қатысты сабақтастық:

А. Олардың жыл басын көктемде қарсы алуы Ә. Салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтар

142

Б. Діні мен діліндегі сәйкестік В. Айтылатын тілектеріндегі сабақтастық

Г. Күн мен тіршілікті жыл басымен байланыстыруы

4. Еліміздің батысы мен шығысы, Сарыарқа төсіндегі қауымның Ұлыс күніндегі қуанышы:

А. Бәйшешектің бүр жарып, егін алқабының бусануы Ә. Миуалы жеміс ағашының гүлдеп, жауқазынның бүр жаруы

Б. Наурызек торғайдың сайрауы, Жер ананың бусануы, көктемнің келуі В. Малдың төлдеуі, уыз шығып, ақтың таңдайға дәмі тиюі Г. Ақтың мол болуы, жердің жібіп, егіс даласының бусануы

5. Мәтіндегі «Еділден Ертіске дейінгі» тіркесінің мәні:

А. Еліміздің батысынан шығысына дейінгі аралық Ә. Еліміздің орталығынан батысына дейінгі аралық Б. Ел орталығы мен шығысы аралығы В. Батысымыз бен оңтүстігіміздің аралығы

Г. Батыстан солтүстігімізге дейінгі аймақ

Пілмен күресу [2]

Тәкия жайға келіп, көк шай ішіп, кірпігі қимылдап отырған Құдайбергенге ақыл айтушылар табылды. «Қала сыртында, пәлен деген жерде, түгенше деген жүз жастағы қария бар, өмірінің жартысын Үндістанда жалшылықта өткізген, бір білсе – сол біледі, барып кеңес сұра», деп әлгілер жол сілтейді. Құдайберген орнынан тұрып, түйе жүн шекпенін киіп, көше-көшені кезіп, әлгі шалды іздеуге шығады. Іңір үйіріле қала шетінде, жертөледе үңірейіп отырған әлгі шалды тауып алады. Сәлемдеседі. «Осылай да осылай, өмірден көргеніңіз көп, ертең сәске түсте «пілмен күресесің» деп қала әмірі ызғарын төгіп отыр! Не істеймін? Қандай ақыл бересіз, ата», – дейді. Әлгі шал ұзақ ойланып қалады... Әлден уақытта барып көмекейі бүлкілдейді, жер астынан сөйлегендей үні күңгірлеп естіледі.

Балам, пілдің күші тұмсығында, – дейді тамсанып отырып,

үйретілген піл тұрған орнында шырқ айналып тұмсығымен соғады. Соққан кезде жан баласы шыдап тұра алмайды...

Бұхар бегі: «Өл, тіріл, күні ертең пілмен күресесің», – дейді, айла-амал бар ма сол нәубетке?

143

Шал ұмытқаны жаңа есіне түскендей, жанарының оты жанды, қызыл иегін көрсетіп, үнсіз күліп алды, көзін жымсита қысқаны.

Алла-ай, – деді қарлығыңқы үнмен әзер сөйлеп, – күреске, жауға қарсы шапқызыр үйретілген піл маңайын жапырып қарап қып кетеді, алдына көлденең тұруға болмайды, үйіріп соғатын қара құйын секілді. Тұмсығымен үйіріп соғып жан шыдатпайды. Дәлдеп тисе, қара ағаштың өзін опырып түседі.

Құдайберген нағашысы кәрі қақсалдың ұсқыны жаман сөзіне күйіп сөйлейді.

Жаман сөздерді үйіп-төге бергенше, айласын айтпайсыз ба? – дейді...

Жалғыз амал, – дейді үкідей үлбіреп отырған үлкен кісі, – үйіріп соғатын тұмсықты қапысын тауып шап беріп ұстап, соққысын денеге дарытпай, бұрып қалып, құлата аласың. Тұмсығын қайырып қана жыға аласың.

Құдайберген жертөледен шығып, еңсесін тіктеп, терең тыныстады. Шынымен ғой, қайда қашып құтылады, маңдайға жазғаны пілмен күресу болса – я бел кетер, я белбеу кетер, аруақтарға сыйынып көреді дағы...

Аз айт, көп айт, күн шыға қалың ел күрес өтетін алаңға жиналды. Ине шаншар жер жоқ...Сай табанынан қарабарқын шымылдық серпіліп ашылып, арғы жағынан қара сирақ қос үндіс үйдей алып пілді жетелеп алаңға алып шықты. Жұрт қарадай үрейленіп, қоғаша жапырылды. Не кереметінің барын кім білген, әлгі алып хайуан ұзын тұмсығын алай-бұлай сілтеп, жолында көлденең жатқан бөренені іліп ап, аспанға бір-ақ ырғытты.

Мына тұстан белуарына дейін жалаңаштанып, шекесін ақ орамалмен шарт түйген, аяғына әміркен былғары мәсі, бұтына ақ сұрып дамбал киген Құдайберген шығады. Жүрісі жай, тақап кеп кібіртік қағады. Алып хайуан алдына қалбиып шыққан балуанға қара жерді солқылдатып қарсы шабады. Құдайберген тайқып үлгереді. Қайта айналып шапқан дүлейге қару жұмсай алмай, тағы тайқыды. Көзін сатып үңіліп отырған халық «уұ» деп жүрек жара күрсінгендей сезілді. Адуын хайуан қарсы шауып қармап ала алмайтынын білген соң, тақап келіп, кілт тұра қалып, шырқ үйіріледі. Ұзын тұмсық қиып түсер қылышқа айналды. Құдайберген саса бастады. Аз уақыт ішінде жандәрмен деп қармап үл-

144

гермесе, өкпесі өшіп, шалдыға бастайды... Жанап қана өте берген жұмсақ бөрене тұмсыққа жолбарысша ытырылды. Әуелгіде аяғы жерге тимей, күш ала алмады, сүйретіліп сырғанады. Біраздан соң жерге сылқ түсті. Құшағында білектей жуан тұмсық. «Я, аруақ, қолдай гөр өзің!» – деп қайыс білегін қатты қысып тұрыптұрып сұрапыл күшпен қайырып қалды. Үйдей піл жанды жері қайрылған соң аяғы аспаннан кеп гүрс құлады. Қара жер солқ еткендей сезілді. Қарақұрым халық бір мезетте «у-ұ» деп жеңіл демалды, тікесінен тік тұрып дүрлікті. Шыңғырып, тулап, ұзын тұмсығын балуанның қақпанша қысқан білегінен әзер босатып алған алып хайуан тұра сап домалаңдап, құлдыраңдап безіп жөнелді.... Бұхар бегі орнынан жеңіл көтеріліп, жылдам басып еңіске түсті. Құдайбергенді баласындай көріп құшағына қысты. «Бәрекелді! – деді, бас байге, тоғыз нар бастатқан, жасауы бүтін Исфахан аруы сенікі!.. Абыройың аспандап жет еліңе!». Мына көрініске куә боп көзін сатып үңіліп тұрған жұрттың күңіренісі бөтен. Пілмен күрескен балуанның қолын алып, шалғайын ұстап, тәбәрік алып қалуға ұмтылысы сұмдық. Түйе жүн шекпенін тәбәрік қып жыртып, әп сәтте қиып, бұтарлап бөлісіп әкетті.

«Осы мезетте аспантаудың өзі аласарып кеп аяғымның астына түскендей сезілді», дейді кейінше әңгімесінде Құдайберген балуан – осы Оразгелдінің түп нағашысы. Өзі тым әңгімешіл емес еді. Тоғыз нар бастатқан үлде мен бүлде жасауы мол Исфахан сұлуын алып қайтқалы мүлде өзгереді. Не кереметінің барын кім біледі, Құдайберген Исфахан аруын алғалы бері күресті қойған деседі. Құдайбергеннің кіндігінен кілең қасы-көзі қиылған, белі қылдырықтай, үріп ауызға салғандай қыздар дүниеге келеді. Соның бірі мына Оразгелдінің әжесі көрінеді. Оразгелдінің айрықша сұлу әжесі баяғыда, Қазығұртқа келін боп түскенде...

күйеу жігіт пен жас келіннің некесі қиылады... Ақын жігіт өлең сөзін дестелеп айтып-айтып келіншектің ақ жаулығын жайлап көтеріп... дидарына көз салып... сол – сол-ақ екен... сөзінен жаңылып... есеңгіреп «ой, Аллай!» деп шалқасынан құлап қалыпты. Мына Оразгелдінің шапшаң сөйлеп, кісінің жүзіне тіктеп қарап, адам аңғарын айна-қатесіз танып-біліп отыратыны, өзім дегенге өзегін жарып беретіні – баяғы бір осы елге күң боп түсіп, көкжиегінен күн боп шығып, қадірлі кісіге айналған ару келіннің кепиетқасиетінен болар, бәлкім, деседі. Нағашы атасының пілмен күрескен жойқын күшінің ұрпақтан ұрпаққа ауысқан жұрнағы,

145

самал желдей екпіні, бәлкім. Бәлкім, ірінің ірілігі – заманнан заманға ауысқан болар! (Досжанов Д. Әңгіме // «Жалын» журналы.

– №12. – 2005).

1. Мәтін бойынша қазақ балуанының алып пілді құлату әдісі:

А. Ұзын тұмсығын қолтығына қысып, ұзақ ұстап тұрып, жібере салғанда омақаса құлады

Ә. Пілдің тұмсығын қолына орап алып, ауа жеткізбей, тұншықтырып құлатты

Б. Пілдің бөренедей тұмсығын қайыс білегімен қайырып қалып, жерге гүрс еткізді

В. Пілдің жұмсақ тұмсығына жолбарысша атылып, бір орап жібергенде, алып хайуан жерге гүрс етті

Г. Пілді тұмсығынан ұстап алып, сүйрелей жүріп, діңкелетіп құлатты

2.Мәтіндегі «Өл, тіріл, күні ертең пілмен күресесің!» деуші тұлға:

А. Қаланың әміршісі Ә. Түстіктен келген үндістер

Б. Үнді балуанның жақтастары В. Қазақ балуанның жерлестері Г. Жүзге келген қария

3.Мәтіндегі «үкідей үлбіреп отырған» кім болды екен?

А. Исфахан аруы Ә. Қала әмірінің әйелі

Б. Құдайберген балуанның қалыңдығы В. Жүзден асқан қарт кісі Г. Пілді үйретуші қос үндіс

4.Мәтін бойынша Оразгелдінің адам танығыш және өзім дегенге өзегін жарып беретін қасиетке ие болу себебі:

А. Тектілерді қадірлей білетін әкесіне тартқандығынан Ә. Пілмен күрескен нағашы атасы Құдайбергенге тартқандығынан

Б. Сұлулығымен бетін ашқан ақынды есінен тандырған ару әжесіне тартқандығынан

В. Жанына дем беріп жүретін жерлестеріне еліктеуден Г. Баяғы Исфаханның қас сұлуы үлкен нағашы әжесіне тартқандығынан

5.Мәтін бойынша Құдайбергеннің пілмен тайсалмай күресіп, жеңуіне дем беруші:

А. Жерлестерінің тілегі Ә. Аруақтарға сыйынуы Б. Бұхар шаһарының әмірі

В. Исфахан аруының қиыла қараған көзқарасы Г. Жүзге келген қарияның батасы

146

6.Мәтін бойынша Құдайбергенді жеңісімен құттықтап, құшағына қысушы:

А. Жерлестері Ә. Исфахан аруы Б. Қала әміршісі В. Үнді балуаны

Г. Жүзден асқан ақылгөй қария

7.Көрермен халықтың «у-ұ» деген одағаймен дүрліккен сәті:

А. Қос үндіс алып пілді алаңға алып шыққанда Ә. Пілдің алдынан қалбиып шыққан қазақ балуанына қарсы шапқан тұ-

сында Б. Құдайбергеннің піл тұмсығына жармасып, сүйретілгенінде

В. Пілдің аяғы аспаннан келіп гүрс құлағанында Г. Қазақ балуанының уысынан шығып, қашып бара жатқан пілді көргенде

8. Мәтіндегі «Алла-ай!» және «ой, Аллай!» көңіл-күй одағайларының

иесі:

А. Қазақ балуаны кеңес сұраған қария мен ақын жігіт Ә. Бөренені аспанға лақтырған пілді көрген Құдайберген мен әжесінің

бетін ашқан ақын жігіт Б. Құдайберген пілге жармасқан сәттегі жерлестерінің бірі және Исфахан

аруы

В. Құдайбергенді шошыта әңгіме айтып отырған кәрі ақсақал Г. Оразгелдінің әңгіме айтып отырған әкесі мен ақын жігіт

9.«Бұхар бегі орнынан жеңіл көтеріліп, жылдам басып еңіске түсті» сөйлемі сабақтас құрмаластың қай түрі екенін анықтау:

А. Шартты бағыныңқылы сабақтас Ә. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас Б. Себеп бағыныңқылы сабақтас В. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Г. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

10.Мәтіндегі «я бел кетер, я белбеу кетер» тұрақты сөз тіркесінің ұғымына сай қатар:

А. Күш атасын танымас

Ә. Күшті алып та жығады, шалып та жығады Б. Жазған құлда шаршау жоқ В. Жүректіден дүлей қашады Г. Шешінген судан тайынбас

147

ОН ЖЕТІНШІ НҰСҚА

Жанқожа батыр (1774 – 1860)

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі – қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Сонау XVIII ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қатығыстары тұсында бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпежекте жеңген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен көкжалдай алысып, қыранша тұғырынан таймай, фәниден өтті.

– Тарихшы М. Тынышбаевтың: «Жанқожа үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті, хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі оның кім болғанын айшықтайды. Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосысып, атақты Созақ қамалын қоқандықтардан азат етуге тікелей атсалысты. Хан әскеріне он сегіз күн алдырмаған бекіністі Кенесарының соңғы үміті – Жанқожа бастаған Шекті батырлары атойлаған шабуылдарымен шеп бұзып алған дейді көнеден жеткен куәгерлердің айтуы. Бұдан кейін батыр мен ханның жолы екіге айырылады. Екеуінің де көздеген өз мақсаттары бар еді. Батыр артында қалған Сыр халқының қамын ойлады. Өйткені Жанкент жеріне қай- та-қайта қамал салып, Қызылқұмдағы Дәуқараның үстінен дүрбі салып, Хиуа сарбаздары: өзбек, қарақалпақ, түрікпен жасауылдары тұрды. Жанқожа сол 1842,1843,1845 жылдары оларға үш дүркін тойтарыс беріп, қамалдарын қиратты.

Жанқожа – жай, қатардағы қазақ батырларының бірі емес, алаш жұрты үшін жанын да, жақынын да аямаған нағыз ер, бекзат мүсінді баһадүр. Жанқожа батыр жайында оннан аса тарихи жырдастандар шығарылып, ел арасына кең тараған. Белгілі ақын әрі жазушы Зейнолла Шүкіров Жанқожа батырдың көркем әдебиеттегі қаһарман келбетін «Сыр бойы», «Жанқожа батыр» романдарында шынайы сомдаған («Ана тілі» газеті, 04.02.2010).

148

1.Жанқожа батырдың Кенесарымен тізе қосысып, ұрысқа шығатын

тұсы:

А. Жоңғар шапқыншылығының ақырғы айқасында Ә. Патша әскерлерін Сыр бойынан ығыстыруда Б. Хиуа әскерін Қызылқұмнан қуып шыққан тұста В. Жанкент қамалы мен бекінісін алар тұста Г. Созақ қамалын қоқандықтардан азат етер тұста

2.Тарихшы М.Тынышбаевтың бағалауынша Жанқожа:

А. Бекзат мүсінді баһадүр Ә. Алаш жұрты үшін өзін де, жақынын да аямаған батыр

Б. Қас жауларымен қасық қаны қалғанша алысқан қыран тұлға В. Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірі Г. Сыр халқының қамын ойлаған сарабдал қолбасшы

Амандасудың мәні неде?

...Сәлем – сөздің басы, ұлттық мәдени дәстүріміздің ажырамас бір бөлшегі. Шындығында, тіршіліктің басы дұрыс сәлемдесуден басталады. Егер жекелей тоқталып, тереңнен талдайтын болса, сәлемдесу – үлкен ғылым. Мәселен, көшпелі халық көріскенде: «Мал-жан аман ба?» – деп амандық сұрасады. Әрине, жаннан қымбат болмағанымен, малдың да адам өмірінде өз орны бар. Бірақ қазақ үшін қашан да ар, намыс, ұят деген ұғымдар үлкен мәнге ие. Содан болса керек, қазақ бір-бірін көргенде: «Армысың!» – деп те амандасқан. Яғни «Армысың!» – деп есендесу арқылы «Өміріңді адал сүріп жатсың ба, халқыңның алдында жүзің жарық па?» – деген сауал қойған. Бұған сәлем алушы тарап «Бармысың!» деген жауап қайтарған. Яғни «Біз арлымыз, өзің ше? Адалдықтың ақ жолынан айныған жоқсың ба?» – деген ұғымды қайырған. Міне, қысқа ғана амандықтың астарына халқымыз осынша кең мағына сыйдырған. Бұдан түйетініміз: қазақтың амандығы оның ар, намыс, ұятымен өлшенген. Ұлы дала мәдениетіне ислам дінінің келуі байырғы амандасу дәстүріне «Ассалаумағалейкум!» сөзін алып келді. Тарқатып айтар болсақ, «Ассалам алейкум уа рахматуллахуа баракатух – Алла және оның Елшісінің рахымы мен мейірімі жаусын!» деген ізгі ниет. Бұл амандасудың да қазақ үшін мәні зор...Қазақта жасы кіші адам бірінші болып амандасады. Хал-жағдайын сұраған адамға міндетті түрде ілтипатпен жауап қайтару – әдептіліктің белгісі.

149

Сәлем алмау – тәрбиесіздік нышаны. Сондықтан адамдардың бір-біріне көріскен сайын күлімсіреп қарап, жылы жүзбен амандасуы ләзім («Егемен Қазақстан» газеті, 04.04, 2020 ж.).

1.Мәтін бойынша қазақ халқының амандық өлшемі:

А. Ар, ождан, ұят Ә. Намыс, саулық, ұят

Б. Ұят, ар мен намыс В. Арлылық, барлық, ұяттылық

Г. Намыс, жігер, адалдық

2.Мәтіндегі «Армысың!» мен «Бармысың!» сөздерінің ишарат белгісі:

А. Сәлем беру мен сәлем салу

Ә. Сәлем беру мен жауап қайтару Б. Амандық сұрау мен көрісу

В. Хал жағдайын сұрап, адалдығын білу Г. Арының тазалығын сұрап, тілекші болу

3. Үлкенге сәлем беріп, кішінің сәлеміне ілтипатпен жауап беру әдебінің негізі:

А. Арлылық пен ұяттылықтан Ә. Намысын жоғары санаудан

Б. Діні мен ділінің табандылығынан В. Тәрбиеден Г. Кішіпейіл көңілден

Тораңғы

Тораңғы еліміздің шөлді өңірлерінде ерте замандардан бері өсіп келе жатқан қасиетті де, киелі ағаштардың бірі саналады. Ол

– көбіне құрғақ далалы аймақтардың тақырлы, тұзды, борпылдақ сортаңды, құмдауытты, шөлді алқаптарындағы өзен аңғарларында, бұйратты құм жоталарының арасындағы ойпаңдау жерлерде өсетін бірден-бір биік діңгекті ағаш. Қазақ халқы оны «шөл даланың падишасы» деп қастерлеп, отын ретінде жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге де болмайды деп есептеген. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртынан қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы, кескен адамды киесі ұрады деген сөздермен тыйым жасап, ұрпақтан ұрпаққа көзінің қарашығындай сақтауды өсиет етіп қалдырған. Кей өңірлерде жеке-дара

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]